Дәріс: Ауыз қуысы шырышты қабатының анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері.терминология, АҚШҚ ауруларының жүйесі. Зақымдаушы бөртке
1.АҚШҚ анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері 2.Терминология, жүйесі 3.АҚШҚ зақымдаушы бөрткендер. 4.АҚШҚ орын алатын патологиялық үде
Тақырыптың өзектілігі
АҚШҚ құрылымы
Эпителий қабаты
Нағыз кілегей қабық пластинасы
Анатомо-гистологиялық құрылымы
Кілегей қабықтың қызметтері
АҚКҚ ауруларының жүйесі
Зақымдаушы бөрткендер
Бөрткендер
Біріншілік зақымдаушы бөртпелер
Қан тамырлар әсерінен туындайтын дақтар
Дақ
Түйіншек
Түйін
Төмпешік
Көпіршік
Күлбіреуік
Іріңдік
Жылауық -киста
Еіншілік бөртпелер
Қабыршақ
Экскориация -жырым
Эрозия –жұқа жара
Ойық жара –язва-ulcus
Тілік
Афта
Ауыз қуысы шырышты қабық та кездесетін патологиялық үрдістер
Паракератоз
Паракератоз
Дискератоз
Гиперкератоз
Гиперкератоз
Вакуольді дистрофия
Спонгиоз- кеуектену
Акантоз
Акантолиз
5.22M
Category: medicinemedicine

Ауыз қуысы шырышты қабатының анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері.терминология, АҚШҚ ауруларының жүйесі

1. Дәріс: Ауыз қуысы шырышты қабатының анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері.терминология, АҚШҚ ауруларының жүйесі. Зақымдаушы бөртке

Дәріс: Ауыз қуысы шырышты қабатының
анатомо-гистологиялық құрылым
ерекшеліктері.терминология, АҚШҚ
ауруларының жүйесі. Зақымдаушы
бөрткендер. АҚШҚ орын алатын
патологиялық үдерістер.
Доцент Абдикаримов С.Ж.

2. 1.АҚШҚ анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері 2.Терминология, жүйесі 3.АҚШҚ зақымдаушы бөрткендер. 4.АҚШҚ орын алатын патологиялық үде

Дәрістің жоспары
1.АҚШҚ анатомо-гистологиялық
құрылым ерекшеліктері
2.Терминология, жүйесі
3.АҚШҚ зақымдаушы бөрткендер.
4.АҚШҚ орын алатын патологиялық
үдерістер.

3. Тақырыптың өзектілігі

Ауыз қуысын жауып тұратын шырышты қабық
басқа бөліктерге қарағанда көптеген ерекшеліктері
бар. Шырышты қабық термиялық, физикалық,
химиялық тітіркендіргіштерге төзімді болып келеді
және инфекцияның енуіне жол бермейді, сонымен
қатар қандай да бір жағдайда тез қалпына келу
қасиеті жоғары. Бұл қасиеттер оның анатомотопографиялық ерекшеліктеріне, қоршаған ортаға
және морфофункциональды ерекшеліктеріне
тікелей байланысты.

4. АҚШҚ құрылымы

Ауыздың шырышты
қабығы (tunica
mucosaoris) 3
қабаттан тұрады:
эпителий,
нағыз кілегей
қабық пластинасы
кілегей қабықасты
қабаттары.

5. Эпителий қабаты

Шырышты қабық көпқабатты эпителиймен жабылған. Ауыздың
әртүрлі аймағында оның құрылысы бірдей емес. Еріндерде,
ұрттарда, жұмсақ таңдайда және ауыз табанында (түбінде)
қалыпты жағдайда мүйізгектенбейді және базальді (өскін)
қабатпен тікенекті қабаттан тұрады.
Қатты таңдайда және қызылиекте қалыпты жағдайда эпителий
мүйізгектенуге ұшырайды. Осыған байланысты мұнда аталған
қабаттармен қатар түйіршікті (дәнді) және мүйізгекті қабаттар
бар. Эпителийдің мүйізгектенуін оның әртүрлі тітіркендіруші
ықпалдарға олардың ішінде механикалық тітіркеніске жауабы
деп санайды.

6. Нағыз кілегей қабық пластинасы

Нағыз кілегей қабық пластинасының (lamina mucosa
propria) ауыз жақ беті эпителий қабатымен жабылған
және эпителиймен шекарада эпителийге әртүрлі
тереңдікке енетін көптеген өсінділер немесе бүртіктер
құрайды. Дәнекер тін талшықты құрылымдардан
(коллагенді және ретикулярлы талшықтар) және
жасушалық элементтерден – фибробластар, толықша
және плазматикалық жасушалар, сегментядролы
лейкоциттерден тұрады.
Ұрттар мен еріндердің нағыз дәнекертін пластинасы
жасушалық элементтерге бай.

7. Анатомо-гистологиялық құрылымы

Мүйізгектелетін көпқабатты
жалпақ эпителий Х90.
1 — мүйізді қабат; 2 — дәнді; 3 —
тікенекті; 4 — базальді;5—
өзіндік шырышты қабат
пластинкасы.

8.

Мүйізгектенбейтін көпқабатты жалпақ
эпителий Х90.
1 — жалпақ жасушалар қабаты; 2 —
тікенекті; 3 — базальді; 4 — өзіндік
шырышты қабат пластинкасы.

9. Кілегей қабықтың қызметтері

Кілегей қабық өзінің анатомиялық-гистологиялық
ерекшелеріне сай бірнеше қызмет атқарады:
қорғаныс
пластикалық
сезімталдық
сіңіру.

10. АҚКҚ ауруларының жүйесі

Е.В.Боровский және А.Л.Машкиллейсон1984 жылы анықталған
ауыз кілегей қабығының
патологиялықжағдайларын(ауруларды)дәлелдеді және оларды
төмендегідей етіп топтастырды.
I. Зақымдық жарақаттар (механикалық факторлар,төменгі
температуралар,сәулелер,химиялық заттар,ауа райының тиімсіз
әсерінен дамыған (еріннің метеорологиялық қабынуы,еріндер
тіліктері).
II. Жұқпалы аурулар

11.

III. Аллергиялық және токсико-аллергиялық аурулар.
IY. Аутоиммунды компонентті патогенезді аурулар:
Y.Тері- кілегей қабық реакциясы(қызыл жалпақ
теміреткі).
YI.Экзогендік уыттану кезіндеауыз кілегей қабығының
өзгеруі.
YII.Организмнің әр түрлі ағзалары және жүйелері
аурулары мен зат алмасу үрдістері бұзылған кездеауыз
кілегей қабығы мен еріндер жиегінде болатын
өзгерістер:

12.

YIII.Туа дамыған және генетикалық қалыптасқан аурулар: Невустар мен
эпителиальдық дисплазиялар:қантамырлық невустар, Стердж-Вебер
синдромын қоса,сүйелді және пигменттік невустар,эпидермоидты
киста(жылауық),Фордайс ауруы, ақ кеуекті невус, (жұмсақ
лейкоплакия,ұртты тістелеу және т.б),тұқым қуалайтын қатерсіз
эпителиішілік дискератоз;
Қатпарлы тіл және тілдің ромбыға ұқсас қабынуы;
Еріннің гландулярлы қабынуы;
Ауыз кілегей қабығы мен еріндерді жарақаттайтын
дерматоздар,буллезді эпидермолиз,терінің атопиялық қабынуы (еріннің
қабынуы) ,псориаз,ихтиоз,Дарье ауруы,Пейтц –Егерс-Турен
синдромы,туа дамыған паронихия,ангидрозды эпителиальды дисплазия.
IX.Обыралды аурулар,қатерсіз және қатерлі құрылымдар;

13. Зақымдаушы бөрткендер

Шырышты қабықта пайда болатын бөрпелерді бақылай
отырып олардың әртүрлі элементтердің тұратыны және
оларды бірнеше топқа біріктіруге болатыны анықталды.
1) шырышты қабықтың түсінің өзгеруі
2) беткей рельефінің өзгеруі
3) шектелген сұйықтықтың жиналуы
4) қыбық бетіне жабынды пайда болуы
5) шырышты қабық ақаулары
Барлық зақымдаушы бөртпелерді шартты түрде біріншілік
(өзгермеген шырышты қабықта пайда болатын) және
екіншілік (біріншілік бөртпелердің тасымалдану нәтижесінде
немесе алғаш рет зақымдаушы).

14. Бөрткендер

Шырышты қабықта жеке дарапайда болған біріншілік
бөрпелерді мономорфты деп қараса, ал әртүрлі бөртпелерді
полиморфты деп қарау керек. Бөртпелерді білу шырышты
қабатта пайда болатын көптеген ауруларды анықтай білуге
мүмкіндік береді. Ал сонымен қатар оның клиникалық
көрінісін, жалпы организмдегі өзгерістерді сыртқы
фактордың әсерімен байланыстыра білу ауцруға толық
диагноз қоюға бірден бір дәлел болып табылады.
Біріншілік бөртпелерге дақ,түйін,күлбіреуік,
көпіршік,төмпешік, іріңдік, киста -жылауық жатады.
Екіншілк бөртелерге –қабыршық, қабық, эрозия- беткей жара,
ойық жара-язва, тілік, афта, тыртық және т.б жатады.

15. Біріншілік зақымдаушы бөртпелер

Дақ (пятно – macula) – кілегейлі қабық пен терінің
және ерін жиегінің шағын аймақта түсінің
өзгеруімен сипатталатын бөрткен.
Дақтың бір ерекшелігі сипап тексергенде
сезілмейді (кілегей қабықтың рельефі өзгермейді).
Дақты бөрткендердің түсі әртүрлі болуы мүмкін.
Даму ерекшеліктеріне қарай дақтар қабынбалық
(воспалительное пятно) және қабынбалық емес
(невоспалительное пятно) болып бөлінеді

16. Қан тамырлар әсерінен туындайтын дақтар

Қабынбалық дақтар қабыну кезінде әр түрлі қан тамырларының
(артериолардың, веналардың) кеңеюі (артериальная, венозная гиперемия)
нәтижесінде дамиды және түстері қан тамырларының түстеріне сай шымқай
қызыл немесе көкшіл-қызыл түсті болады.
Эритема —көлемді қабыну дағы эритема (қызарма) деп аталады.
Розеола — Диаметрі 1,5 см-ге дейін домалақ пішінді қабыну дағы .Розеола
көптеген инфекциялық аурулар кезінде кездеседі (корь, скарлатина, тиф,
мерез).
Геморрагия —Кілегейлі қабық және тері қан тамырларының өзгеріске
ұшырауы (өткізгіштігінің жоғарылауы және қабырғаларының бүтіндігінің
бұзылуы) нәтижесінде тіндерде қан құйылу ошақтарының пайда болуынан
дамитын дақтар геморрагиялық дақтар
Телеангиэктазии —Беткей орналасқан қан тамырлары қабырғаларының
салданып кеңеюінен дамыған дақтар

17. Дақ

1-жабынды
эпителий, 2 –нағыз
дәнекертін қабаты,
3 — қан
тамырларының
кеңейуі.

18. Түйіншек

Түйіншек (папула) –ұртағы шарашты
қабықта оранласқан (а), кестелік
бейнелеу (б).
1 - эпителий,
2 — өзіндік шырышты қабық
пластинкасы;
3 — эпителийдің өсіндісі.

19. Түйін

Еріннің шырышты қабығындағы түйін (а),
кестелік бейнелеу(б).
1 — эпителий;
2 —өзіндік шырышты қабық пластинкасы;
3 — тіннің өсуі.

20. Төмпешік

Үстіңгі ерінде орналасқан
төмпешік (а), кестелік
бейнелеу (б).
1 — эпителий;
2 — өзіндік шырышты
қабық пластинкасы
3 — инфильтрат.

21. Көпіршік

Астыңғы ерінде орналасқан көпіршік (а), кестелік бейнелеу(б).
1 — эпителий; 2 — өзіндік шырышты қабық пластинкасы ; 3 – эпителий ішінде
орналасқан қуыс

22. Күлбіреуік

Тілдің бүйір бетінде орналасқан күлбіреуік (а), кестелік бейнелеу (6).
1 - эпителий; 2 — өзіндік шырышты қабық пластинкасы; 3 — эпителий
астындағы қуыс.

23. Іріңдік

Бет етріде орналасқан іріңдік (а), кестелік бейнелеу(б).
1 — эпителий; 2 — өзіндік шырышты қабық пластинкасы; 3 —
іріңді жалқыққа толған қуыс.

24. Жылауық -киста

Ауыз қуысы шарашты қабықта орналасқан жылауық -киста(а),
скестелік бейнелеу (б).
1 — қуыс; 2 — эпителий жабындысы.

25. Еіншілік бөртпелер

Эрозия –жұқа жара
Жұқа жара (эрозия – erosio) –
кілегей қабық пен терінің
жабынды эпителий
қабатының бүтіндігінің
бұзылуынан пайда болатын
екіншілік бөрткен,
тыртықтанбай жазылады,
көлемі әр түрлі болады.

26. Қабыршақ

Қабыршақ -(чешуйка–
squama)-жабынды эпителий
қабатының шамадан тыс
мүйізгектенуінен немесе
толық мүйізгектенбеyінен
пайда болған, қалыпты түлеу
үрдісінің бұзылуы құрылысы
нәтижесінде астындағы
тіндерден толық ажырамаған
құрғақ мүйізгекті эпителий
пластинасы
Төменгі ерін жиегіндегі
қабыршақтар және олардың
схемалық
1- жабынды эпителий,
2- нағыз кілегейлі қабық қабаты,
3- қабыршақтар

27. Экскориация -жырым

Екіншілк зақымдаушы бөртпе жырым экскориация.
Жарақаттаушы жара қалыпты шырышты қабықтың
механикалық, әсіресе тістің өткір қарларымен
немесе протездер мен пломбалық материалдық
өткір қараының зақымдануы нәтижесінде немесе

28. Эрозия –жұқа жара

Жұқа жара (эрозия –
erosio) – кілегей қабық
пен терінің жабынды
эпителий қабатының
бүтіндігінің бұзылуынан
пайда болатын екіншілік
бөрткен, тыртықтанбай
жазылады, көлемі әр
түрлі болады.
Тілдің бүйір бетінің кілегейлі
қабығындағы жұқа жараэрозия және оның схемалық
құрылысы.
1- жабынды эпителий,
2- нағыз кілегейлі қабық қабаты,
3- эпителийдің бүтіндігі
бұзылуынан пайда болған
беткей ақау

29. Ойық жара –язва-ulcus

Ойық жара немесе жара
(язва – ulcus) - кілегей
қабық пен терінің
барлық қабаттарының
бүтіндігінің бұзылуынан
пайда болған ақау (10сурет).
Тілдің бүйір бетінің кілегейлі
қабығындағы ойық жара және оның
схемалық құрылысы.
1-жабынды эпителий,
2- нағыз кілегейлі қабық қабаты,
3-жабынды эпителий және нағыз
кілегейлі қабық қабатының бүтіндігінің
бұзылуы нәтижесінде пайда болған
терең ақау.

30.

Қабықша (корка –
crusta)әртүрлі жалқықты
сұйықтықтардың кеуіп
құрғауынан пайда болатын
бөрткен
Жоғарғы ерін жиегіндегі сарысулы
қабықшалар және оның схемалық
құрылысы.
1- жабынды эпителий, 2- нағыз кілегейлі
қабық қабаты, 3- қабықшалар

31. Тілік

Тілік (трещина – fissura,
rhagades) – кілегейлі
қабық пен терінің
созылымталдық қасиеті
(эластичность)
төмендеуінен түзу
жыртылуы нәтижесінде
пайда болатын тереңдігі
әртүрлі сызатқа ұқсас
ақа
Тілік және оның схемалық
құрылысы.
1-жабынды эпителий,
2-нағыз кілегейлі қабық қабаты,
з-эпителий қабатының түзу
жыртылуы.

32. Афта

Гиппократ ойық жара терминін әртүрлі зақымдаушы
бөртпелерге қолданған. Осыған қарағанда ол үшін бұл
сөздің мағанасы грек сөзінен алғанда aphtein, «сжечь»
күйдіру деген мағана білдірген және бұл кеңінен
тарағандықтан бүгін де сол терминді қолданады.

33. Ауыз қуысы шырышты қабық та кездесетін патологиялық үрдістер

Патологиялық үрдістер шырышты
қабықта өзгерістер туындатады
соның ішінде эпителийдің
мүйізгектену үрдісін бұзады
Олар: акантоз, паракератоз,
гиперкератоз, акантолиз, спонгиоз,
вакуольді дистрофия, және т.б

34. Паракератоз

Паракератоз —тікенекті қабатта ядроларының сақталуымен
сипатталатын жасуша беттерінің толық мүйізгектенбеуімен сипатталатын
патологиялық үрдіс. Бұл кезде кератогиалин және элейдиннің түзілу
фазасы жойылады, сондықтан дәнді және жылтыр қабық болмайды.
Мүйізді қабат жасушаларынан жабысқақ –кератин жоғалады. Осының
нәтижесінде эпидермисте жақсы дамыған түлеу байқалады. Пайда
болған қабыршақтар тез оңай алынады. Осы ратологиялық үрдіске әсер
ететін аурулар:
А, С, В гипо- и авитаминоздар;
Қызыл жалпақ теміреткі;
эксфолиативті хейлиттің құрғақ түрі;
атопиялық хейлит;
Қызыл жегі.

35. Паракератоз

36. Дискератоз

Дискератоз — Дискератоздану – мүйізгектену
үрдісінің бұзылуы. Бұл кезде мүйізгектенуге
ұшыраған жасушалар кез келген эпителийдің терең
қабаттарында (көбінесе тікенекті қабатта) жарық
жасушалар түрінде (Дарье жасушалары-светлые
клетки Дарье) кездеседі.
Дискератоз кәрілік,обырлы Боуэн ауруы, жалпақ
жасушалы обыр ауруы кезінде байқалады.

37. Гиперкератоз

Гиперкератоз — Гиперкератоздану – мүйізгекті қабаттың
қалыңдауына әкеліп соғатын шамадан тыс мүйізгектену үрдісі.
Кератоздану-мүйізгектенбейтін аймақта мүйізгекті қабаттың
пайда болуымен сипатталатын патогистологиялық үрдіс. Бұл
үрдіс келес і аурулар кезінде орын алады:
сухую форму эксфолиативті хейлиттің құрғақ түрінде;
лейкоплакия;
Қызыл жалпақ теміреткі;
Сынап, қорғасын, висмут, алюминий, мырыш және т.б
уыттану.;
Қызыл жегі;
актиномикоз.

38. Гиперкератоз

39. Вакуольді дистрофия

Вакуольді дистрофия — Вакуольді дистрофиялану (вакуольная
дистрофия) – базальды және тікенекті қабат жасушаларының
ішінде сұйықтықтың жиналуы нәтижесінде олардың бұзылысқа
ұшырауымен сипатталатын патогистологиялық үрдіс
Причиной вакуольді дистрофияның пайда болуы –эпителиальді
жасуша цитоплазмасындағы дегенеративті өзгерістер деп
саналады. Бұл үрдістің пайда болуымен сипатталатын аурулар.
Тұрпайы күлбіреуікше;
Қарапайым герпес;
Қазал жегі;
Эндокриндік жүйелер әсерінен шырышты қабықтағы өзгерістер
(жүктілік кезіндегі қызыл иек қабынуы, синдром Иценко—Кушинг
және т.б..).

40. Спонгиоз- кеуектену

Спонгиоз —Кеуектену немесе спонгиоздану (3-сурет)
(spongiosis) –жабынды эпителийдің тікенекті қабат
жасушаларының арасында сұйықтықтың жиналып,
жасушааралық кеңістіктерді керіп кеңейтуі.
Үрдістің нәтижесі –домбықпа, күлбіреуік, көпіршіктің пайда
болуы.
Спонгиоз келесі аурулар кезінде жүреді:
Қарапайым герпес;
Түрпайы күлбіреуікше;
Қызыл жалпақ теміреткі(буллезді түрі);
Көптүрлі жалқықты эритема;
Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит; экзема.

41. Акантоз

Акантоздану – тікенекті қабат жасушаларының
қатарларының көбеюі (5-6 қабаттан 40-қа дейін),
дәнекер тін бүртіктері аралық эпителий
өсінділерінің дәнекер тінге
қарай ұзаруымен
сипатталатын
патологиялық
үрдіс.

42.

Баллонирующая дистрофия — Баллонды
дистрофиялану(баллонирующая дистрофия,баллонная
дистрофия)тікенекті қабат жасушаларында
сұйықтықтың
жиналуынан олар домалақ шар пішіндес болып үлкейеді
және жасушааралық байланыстың үзілуі әсерінен
жиналған жасушааралық сұйықтықта жүзіп жүреді.
Жасушалар көлемі ұлғаяды (шар, баллон) және олар
сұйықтықта қалқып жүреді.
Бұл патологиялық үрдіс қарапайым герпес, көптүрлі
жалқықты эритема, қызыл жалпақ теміреткі кезінде
кездеседі.

43.

Баллонды дистрофия

44. Акантолиз

Акантолиз
Акантолиздену – (acantolysis)
тікенекті қабат
жасушааралық заттың
лизиске (ыдырауға) ұшырауы
нәтижесінде олардың бірбірімен байланысы үзіліп,
араларында жалқыққа толған
кеңістіктің пайда болуы
English     Русский Rules