Similar presentations:
Білім сапасын арттыру жағдайында география пәні бойынша құзыреттілік
1.
Білім сапасын арттыружағдайында география пәні
бойынша құзыреттілік
№71 мектептің география пәні
мұғалімі: Г.Балманова
2.
“ Ұстаз ... Жаратылысынан өзінеайтылғанның бәрін жете
түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселердің бәрін
жадында жақсы сақтайтын,
ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр
да аңғарымпаз ақыл иесі ...”
Әл-Фараби
3.
• Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімімен, ұстаздықшеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.
Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік
аясы соғұрлым кең болмақ.
• “Құзыреттілік” ұғымы педагогика саласында тұлғаның субьектілік
тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған
ұғым.
• Құзыр- бұл адамның бойындағы бар білік пен білім және қабілеттері.
• Құзырет- қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы
ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, жеке және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке
дайындық.
• Құзыреттілік дегеніміз – бұл адамға берілген немесе жүктелген істі
нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның
бойында өзіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты
жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол,
білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгере алатын, ұжымда
жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет – қабілеттердің болуы.
4.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігініңнегізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс;
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық,
адамгершілік, психологиялық аспектілерін
меңгеруі;
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару
шешімін қабылдаудағы дайындығы;
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы
дайындық әлеуеті;
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір
әдістерді пайдалану біліктілігі;
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті