Similar presentations:
Аритмия
1.
Оңтүстік қазақстанМедицина Академиясы
Презентация
Тақырыбы.Аритмия
Дайындаған:Кенжехан Қ
Тобы:С-ЕІҚ-9.02.15
Қабылдаған:
2.
ЖоспарНегізгі бөлім
1.Аритмия туралы түсінік
2.Этиологиясы,патогенезі
3.Сиптомдары,синдромдары
4.Диагностикасы,емі
Пайдаланған әдебиеттер
3.
Аритмия• Аритмия— бұл жүрек жиілігінің, ритмінің және
жиырылуының бұзылуы.
• Қалыпты жағдайда жүрек бірдей аралықта жиырылып,
минутына 60-тан 80-ге дейінгі жиіклікте соғады. Ағзаның
қажеттілігіне қарай жүрек соғысы баяулап немесе
жылдамдайды. Жүректің қалыпты соғысынан
ауытқуын аритмия дейді.
4.
Этиологиясы• Аритмияның дамуына әкеліп соғатын факторлар:
• • стресс, симпатико-адреналды жүйенің шектен тыс
белсенуі (қан құрамында норадреналин деңгейі жоғарлап,
аритмогенді әсер тудыруы);
• • ЖИА (инфарктқа ұшыраған миокардта қозу үрдістерінің
бұзылыстары);
• • токсикалық факторлар (алкоголь, кокаин) немесе кейбір
дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері (дигоксин);
• • туа біткен даму аномалиялары (қосымша өткізгіш
жолдар);
• • қан құрамындағы электролитттер тепе-теңдігінің
бұзылыстары (гипокалиемия);
• • қабыну аурулары (миокардит, перикардит) және жүрек
ісіктері;
5.
• Себептері:• Алкоголь пайдалану, темекі шегу
• Энергетикалық сусындар және басқа да
құрамында кофеині бар сусындарды ішу
• Стресс
• Шамадан тыс физикалық күш, артық күш
жұмсау
• Қалқанша без аурулары
• Бүйрек безі аурулары
• Жүрек-қантамыр аурулары
• Гипертония
• Қант диабеті
• Мидың қатерлі ісігі
• Бассүйек-ми жарақаттары
• Майбасу
• Етеккірдің тоқтауы
• Миокардта және жасушасыз ортадағы
кальция, калия және натрия мөлшерінің
бұзылуы
Симптомдары:
Жүрек соғысының жиілеуі
Жүрек соғысының баяулауы
Жүректің дүрсілдеуі және кеудедеді
шалыс соғу
Кеудедегі ауырсыну мен қысым
Ентігу
Бас айналу
Есінен тану немесе есінен танатын
сияқты сезіну
6.
Патогенезі• Жүйкелік гуморальдық реттеу мен зат алмасу бұзылысы
нәтижесінде кардиомиоциттерде электролиттердің алмасуы
бұзылады. Кардиомиоциттерде май қышқылдарының асқын
тотығуы, фосфолипазаның артық әсерленуі үлкен
бүліністерге әкеледі. Сарколемма, митохондрий мембрана
бұзылыстарынан дамиды. Нәтижесінде диастолалық
деполяризация өзгеріп, тездетіліп, әрекеттік потенциалдың
азаюы болады. Содан жүрек аритмиясы дамиды.
7.
Аритмияның түрлері• Брадикардия
• Бұл жүректің минутына 55 немесе одан кем болатын соғысы.
Брадикардия кезінде жүрек тұсында жайсыздық мазалайды, әлсіздік
пайда болады және бас айналады. Аритмияның бұл түрі дені сау
адамдарда да ұйқы кезінде пайда болады. Сонымен қатар,
брадикардия артериялық гипотензия (қысымның төмендеуі ), жүрек
ауруларында және қалқанша без ауруларында симптом ретінде
пайда болады.
• Синустық тахикардия
• Жүрек соғысының минутына 90-нан артық соғуы. Жүректің
дүрсілдеуін сезіледі. Аритмияның бұл түрі артық күш жұмсағанда,
шаршағанда, дене қызуы көтерілгенде, жүрек ауруларында және
басқа да факторлардың салдарынан болады.
8.
• Пароксизмалды тахикардия• Пароксизмалды тахикардияда жүрек жиі соғады, алайда бұл дұрыс
ритм саналады, Жүрек соғысы минутына 140-240 соғады.
Мұндайда адамды әлсіздік, жүректің дүрсілдеуі, тершеңдік
мазалайды. Аритмияның бұл түрі кенеттен басталып, кенеттен
басылады.
• Ырғақсыз аритмия
• Ырғасыз аритмияда жүрекшелер толықтай жиырылмайды, ал
қарыншалар ырғақсыз минутына 100-150 соғады Жүрекше
тыпырында олар тұрақты жиілікпен минутына 250-300 соғыды.
Науқасты кеудедегі тыпыр, жүректің ауырсыну мен ентігу
мазалайды. Аритмияның бұл түрі жүрек ауруларында және
ақауларында, қалқанша без ауруларында, алкоголизмде пайда
болады.
9.
• Жүрек ритмінің бұзылуының ең ауыр және қауіпті түрі –қарыншалардың ырғақсыздығы мен тыпыры. Бұл жүректің
ауыр ауруларында, электрлі жарақаттарда, кейбір дәрі-дәрмекті
дозадан артық пайдалануында болады. Аритмияның бұл түрі
шұғыл медициналық көмекті қажет етеді!
• Тыныс аритмиясы
• Тыныс аритмиясы- бұл жүректің шалыс жиырылуы. Бұл әдетте
балаларда және жеткіншектерде кездеседі. Аритмияның бұл түрі
емдеуді қажет етпейді және адамға жайсыздық тудырмайды.
10.
• Экстрасистолиялар• Экстрасистолия кезінде жүрек алдын ала, немесе кезектен тыс
жиырылады. Кеудеде ауыр итеріс немесе тына қалу сезімі
мазалайды. Дені сау адамдарда да кездеседі, сонымен қатар
әртүрлі аурулар мен зиянды әрекеттердің салдарынан мазалауы
мүмкін.
• Жүректің құрсауы, бұғатталуы
• Аритмияның бұл түрі жүрек миокарды импульстарының баяулауы
және тоқтауымен байланысты. Бұғатталудың белгісі ретінде пульс
оқтын-оқтын жоғалады. Бұғатталу толықтай немесе жартылай
болады. Мұндай түрінде науқас есінен тануы немесе талма ұстауы
мүмкін. Жүректің толықтай көлденең бұғатталуында жүрек
жеткіліксіздігі мен аяқ-асты өлім болуы мүмкін.
11.
• Диагностика• Аритмияны анықтау үшін төмендегі медициналық
тексерулерден өту керек:
• Электірлі кардиография (экг)
• Эхокрадиография
• Тәуліктік немесе бірнеше күндік ЭКГ мониторингісі
• УДЗ
12.
• Емдеу• Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарында қалыпты ырғақты қалпына келтіру үшін шұғыл
емдеу қажет болады. Бұл емдеу әдістері:
• ·
Электрлік "шокты" терапия (дефибрилляция немесе кардиоверсия)
• ·
Уақытша кардио-ынталандырғышты орнату
• ·
Көк тамыр ішілік немесе ішілетін дәрі-дәрмек.
• Кейде аритмияның пайда болуының алдына алатын үздік әдіс – стенокардия мен жүрек
жеткіліксіздігін тиісті емдеу болады.
• Аритмияға қарсы дәрі-дәрмектер келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:
• ·
Аритмияның қайта пайда болуының алдын алу үшін
• ·
Жүрек ырғағының қалыпты жиілігін қолдау үшін
• Бұл дәрілердің кейбірінің жанама әсері болуы мүмкін. Оларды дәрігердің нұсқауларын дәл
орындау арқылы қабылдау қажет. Дәрігермен кеңескеннен кейін ғана дәріні қабылдауды
тоқтатуға болады.
• Жүрек ырғағының бұзылуының алдын алуға және емдеуге бағытталған емдеу әдістері:
• ·
Жүректің абляциясы, аритмияны туындатуға қабілетті жүректің белгілі бір бөліктерін бұзу
үшін қолданылады.
• ·
кардиовертер – дефибрилляторды орнату кенеттен өлім-жітім қаупі жоғары адамдарға
• ·
Кардиоынталандырғыш (ырғақты жүргізуші) – пульстің ұдайы болмауын, тым тез немесе
баяу болуын анықтайтын құрал. Ол жүрекке сигнал береді және қалыпты ырғақты қалпына
келтіруге ықпал етеді.
13.
Пайдаланылған әдебиеттер• Патофизиология - Ә.Нұрмұхамбетұлы Алматы,2011
• Medkarta.com
• Сумин С.А. Неотложные состояния. — Медицинское
информационное агентство, 2006. — 800 с.
• Внутренние болезни: в 2 т./под ред. А. И. Мартынова.
М.: ГЭОТАР — Медиа, 2005. Т. 1. — с.249
• Gollob MH, et al, 2001, N. Engl. J. Med. 344: 1823-1831.