280.85K
Category: lingvisticslingvistics

Фонетика

1.

Фонетика
Орындаған: Нұрсейт Самал
Алтынбекова
Аружан
Арыстанбаева
Мадина
Тексерген:Сырлыбаева
Гульнара

2.

Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық)
— тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін
саласы.
Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда
фонетика өз нысанының тілдік қана емес,
материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын
адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни
айтылым базасын, дыбыстың айтылымын
(акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны
ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық),
жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан
қарастырылады.

3.

Фонетиканың зерттеу тәсілдері:
адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін,
дыбыстық бірліктердің акустикалық,
артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін
зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай
таптастырады;
дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын
анықтайды;
дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін,
олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу
заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің
факторын;
сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік
заңын;
сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып
табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін),
қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін,
кідірістерді қарастырады.

4.

Фонетиканың салалары
Салыстырмалы
фонетика
Сипаттамалы
фонетика
Эксперименттік фонетика
Тарихи
(диахрони
ялық)
фонетика
Физиологиялық
фонетика
Фонология немесе функционалды
фонетика

5.

Салыстырмалы фонетика-туыс тілдердің
дыбыс жүйесін салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана
отырып зерттейтін фонетика саласы;
салғастырмалы фонетика. Шыққан тегі әртүрлі
тілдердің дыбьіс жүйесін салыстыруға
негізделген фонетика.[1]
Тарихи (диахроникалық) фонетика -тілдің дыбыс
жүйесін тарихи тұрғыдан зерттейді. Дыбыстардың
түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін
мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба
ескерткіштер материалдары бойынша талданады.

6.

Сипаттамалы (синхроникалық немесе статикалық деп те
аталып жүр) фонетика- тілдің өмір сүріп тұрғандағы
дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық және
сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу
заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі де осы саланың
нысаны (объектісі) болып есептеледі.
Эксперименттік фонетика-белгілі бір тілдің
дыбыстарын түрлі техникалық
Құралдар мен аспаптардың көмегімен зерттеп, тіл
білімі туралы нақты, дәл тұжырымдар жасайды.

7.

Физиологиялық фонетика-тілдегі
дыбыстардың артикуляциялық,акустикалық
қасиеттерін зерттейді.
Фонология-дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын
зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен
бөлігі; Жекелеген тілдің фонетикасы осы мәселелерді
нақты бір тілге қатысты қарастырады.
Жекелеген тілдің фонетикасы сипаттама немесе
синхронды, тарихи немесе диахронды болып сараланады.

8.

Фонетикалық дыбыстаңба
Фонетикалық дыбыстаңба, фонетикалық
транскрипция (лат. латtranscriptio -қайта көшіріп
жазу) — ауызша айтылған сөздің дыбысталуын
неғұрлым дәл беру үшін қолданылатын жазу тәсілі.
Фонетикалық жазу
Фонетикалық жазу — дыбыстық жазу. Емле
ережелерінің фонетикалық принципіне негізден жазу,
яғни сөздерді айтылуы бойынша жазу. Қазақ
жазуында түбір сөздердің көпшілігі айтылуы бойынша
жазылады.
Мысалы: ара, ата, екі, көз, бас, құс, түн.

9.

Фонетикалық заңдар
Фонетикалық заңдар — тілдің дыбыстық материясының
қызметі мен дамуының заңдылықтары. Олар дыбыстық
бірліктердің тұрақтылығын және үздіксіз болып отыратын
өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады.
Күнделікті сөйлеу процесінде болып отыратын
құбылыстарды, аллофондық түрленулерді (варианттарды),
дыбыстардың сөз құрамындағы позициялық алмасуларын
тілдің дыбыстық материясының қызметіндегі заңдылыктар
арқылы түсіндіруге болады. Аллофондық түрленулер көрші
дыбыстардың әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.
Мысалы, қазақ тіліндегі екі дауысты дыбыстың арасындағы
қатаң дауыссыздың ұяңдауы (қап-қабы, тап-табу), көрші
дыбыстардың бір-біріне икемделуі (ерінбеу—ерімбеу, сөзшең —
сөшшең). Тіл дыбыстарының даму заңдылықтарына сай
дыбыстардың қалыптасқан тарихи алмасулары үздіксіз болып
отыратын позициялық өзгерістердің тарихи тұрақтануынын
нәтижесі болып табылады.
де болады.

10.

Дыбыс-кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты
күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде
таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында –
адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен
субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Егер дыбыс
таралатын орта болмаса дыбыс та болмайды.
Фонема (грек. рһопета - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды
бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға
көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік
бірлік, яғни дыбыс типі.
Әріп—дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты
белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ.
Әріп — шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың
санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
Е, ю, я әріптері екі дыбысты, ал ъ — қатаңдықты, ь — жіңішкелікті
белгілейді. Қазіргіқазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 жылы
кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілді.
Әріп қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін
таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Әріпте
құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара
келісімімен оны өзгертуге болады. Қазақ жазуының тарихында
мұндай өзгертулер болған. [1]

11.

Назарларыңызға рахмет!!!
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.
Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9
English     Русский Rules