Similar presentations:
Экзогенді улану кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек және диагностикасы
1. Қ.А Яссауй атындағы қазақ түрік халықаралық университеті Медицина факультеті Хирургия кафедрасы
СӨЖТақырыбы: Экзогенді улану кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек және
диагностикасы.
Орындаған:Салыбек А
Тобы: ЖМ-131
Қабылдаған: Мусабекова Ф
Түркістан 2015
2. Жоспары:
Кіріспе:Негізгі бөлім:
Экзогенді
Тамақтан улану
Қорытынды:
Қолданылған әдебиетер:
3.
Экзогенді улану дегеніміз сыртқыортаның факторларынан болатын
улануды айтамыз.
4.
Улану - ағзаға улы заттың кіруінің себебінен болатын ағзақызметінің бұзылуы немесе ауруға шалдығуы.
Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың
арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен
алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын
жасаңыздар:
Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және
улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз
ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз.
Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.
5.
Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесеөсімдіктермен (мәселен планктон саңырауқұлақтармен, паразиттермен
немесе уыттармен зақымдалған шикі өнімдерді адамдар пайдалану
салдарынан болуы мүмін). Алайда барлық жағдайда осындай өнімдерді
пайдаланған адамдар ауру болады деп санауға болмайды. Бір адамдар ауруға
тұрақты болып келсе, кейбіреулері аурумен зақымдалып, аурудың ауыр
түрімен ауырыды. «Тағамдық улану» гастроэнтерит терминімен синоним
ретінде жиі қолданылады, алайда екеуі бірдей ұғымды білдіре бермейді.
Гастроэнтерит түрлі факторлардың әсерінен, сонымен қатар тағамдық
уланулар салдарынан болатын асқазан мен ішектің қабынуы.
6.
Уланудың себептері. Бактериялар және басқа датағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен
тағам өнімдеріне түседі, мәселен олар өнімді сатып алып
жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған
өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас
қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы
жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде
термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі)
сонымен бірге тоңазытқышта немесе бөлме
температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын
тағамдар қауіпті.
7.
Тағамдық уланулардың симптомдары. Ішекжұқпасының симптомдарына жүректің айнуы,
құсу, диарея, іштің жиі ауруы мен түйіліп ауруы
жатады. Кейде бұл сипаттар бір екі күнге
созылып, арнайы терапияны қажет етпеуі мүмкін.
Егер бірнеше күн бойы аталған белгілер кетпесе,
(ауыз қуысы құрғаса, бас айналса, несептің түсі
сарғыштау болса немесе оның көлемі үлкен
болса, жиі дәретке бара берсе) дәрігерге қаралу
қажет.
Келесі жағдайларда жедел жәрдем қызметін
шақырыңыз немесе ауруханаға барыңыз:
- балада, жүкті әйелде, созылмалы аурулары
бар адамда немесе егде адамда тағамдық улану
болған жағдайда;
- көздің көруі анық болмаса, жұтынуға,
сөйлеуге қиындық туса (бұл ботулизмнің
өнімдерді дұрыс консервілемеу салдарынан
болатын өте бір сирек түрі болу мүмкін)
8.
Асқынулар:- кейбір дене мүшелерінің құрғақ тартуы (ерін мен тілдің құрғауы, теріні
бүктеуге болатындай жағдайға келуі, соның салдарынан кейін олар ақырын
жиналады, көз шүңірейеді, қатты шөлдейді, жиі демалады және несеп шығаруы
әлсірейді);
- ботулизм жағдайында респираторлы жолдардың салдануы болады;
- ботулизм салдарынан өлу жағдайлары өте сирек кездеседі.
Ол үшін сіз не істей аласыз?
Сізге аз тамақтану керек. Үйде қалып, демалу қажет. Сұйықтықты көп
пайдаланыңыз, спирттік ішімдіктер, кофе, сүт, шай және газдалған сусындарды
мүмкіндігінше ішпеңіз.
Егер, сізде симптомдар үш немесе одан көп уақыт бойы сақталынса, аурудың
барысы барған сайын күрделене бастаса, ішіңіз ұзақ уақыт бойы түйіліп ауырса
дәрігерге тез арада қаралыңыз. Диареяға қарсы дәрі қабылдамаңыз, себебі олар
сіздің организміңізден бактериялардың шығуын тежеуі мүмкін. Егер бала
ауырса, онда уақытты жіберіп алмай, тез дәрігер шақырыңыз.
9.
Дәрігер не істеуі мүмкін?Тағамдық уланудың себебін анықтайды, сонымен қатар осындай симптомдарды ұқсас ауыр аурулар
диагнозын тізімінен алып, сіздің жазылуыңызға әсер ететін тиімді ем тағайындайды.
Алдын алу шаралары:
- тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап
сабынмен жуыңыз;
- көкөністерді және жемістерді жақсылап жуыңыз;
- шикі еттерді кесу үшін және басқа да өнімдерге оларды пайдалану үшін тақтайлар мен аспаптарды
жуыңыз;
- дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз,
себебі суық бактериялардың көбеюін тоқтатады;
- ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
- шыбындар мен егеуқұйрықтардан, таракандардан қорғау үшін тамақтың бетін жабыңыздар;
- етті және құс етін балықпен бірге бір ыдысқа салмаңыз және оларды дайындағанға дейін бөлек
сақтаңыз;
- Асханаларда, буфеттерде және кафелерде тамақтанған кезде өте сақ болыңыз;
- Желінбей қалған тамақты тоңазытқышта, ал көкке шыққанда өнімдерді тасымалданатын тоңазытқыш
камераларында сақтаңыз;
- Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.
Бактериялар 4,4-тен 60 градусқа дейінгі температурада тез көбейеді. Мұндай температуралық интервалда
өнімдерді сақтауға жол бермеңіз:
- өнімді тоңазытқышта сақтаңыз;
- өнімді 60 градустан төмен емес температурада дайындаңыз және жылытыңыз.
10.
Улы газ – иісі жоқ уландырғышгаз, оны көру немесе иісі арқылы
тану мүмкін емес және одан адам
бірнеше минут ішінде-ақ өліп
кетуі мүмкін.
Улы газ кез келген отынды,
мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш
отын немесе көмірді жаққанда
шығады. Әдетте, от жағатын
құрал (мысалы, пеш) дұрыс
жұмыс істеп және пайдаланылып
тұрса, қауіпті емес.
11.
Адамдарды, жануарларды жаппай уландыру жағынан және топырақты,суаттарды уландыру мүмкіндігі жағынан қауіп төндіретіндер көбінде
газдар, булар және аэрозольдар. Түрлі апаттар нәтижесінде қоршаған
атмосфераға шығып, олар улану аймағын құрайды, оның мөлшері мен
қауіптілігі заттың түріне, ауа райының жағдайына (желдің болуы,
ылғалдылық пен ауа температурасы) байланысты болады. Бұл заттардың
көбі ауадан ауырырақ болады да бұлт ретінде төмен жерлерде, жер асты
қоймаларында шоғырлануы мүмкін. Уланған бұлт орнынан қозғалып
жаңа жерлерді уландыруы мүмкін. Қатты жел бұлттың тез тарқауына
ықпал етіп, улы заттың шоғырлануын азайтады, ал жаңбыр удың жерге
сіңуіне ықпал етеді. Күштіәсерлі улы зат (КӘУЗ) деп әдетте шоғырлану
мүмкіндік шегі (ШМШ) асып кеткен жағдайда, белгілі мөлшерде
адамдарға, ауыл шаруашылығы малдарына, өсімдіктерге зиян келтіріп,
оларға түрлі деңгейде зақым келтіретін химиялық қосындыларды
атайды.
12.
Өндірістің түрлі саласында бүгінгі күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауыпайдаланылады. Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын немесе
өндіретін химиялық өнеркәсіптер, апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер
мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында тұрғындарға да қауіп төндіреді.
Хлор –тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5
есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында
кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен
қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында
залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады.
Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу
барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ
түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі
мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор
ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді.
13.
Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты ауыруы, құрғақ жөтел, құсу,қозғалыс координациясының бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу.
Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі
бар. Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В»
немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық
газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында –
айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге
шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа
немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет.
Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі
қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу
қажет: жылы сүт, шай, кофе.
14.
Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықтықамтамасыз ету керек. Аммияк – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан
жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде,
тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда
қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде
жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан
шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммияк
буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді.
Аммиякпен улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі, тамыр
соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу, көздің ашуы мен
жасаурауы, дем алудың қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек
айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы, сандырақтау.
Аммиякпен уланған жағдайдағы көмек.
15.
Аммиякпен уланған адамға «КД» немесе«М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары
концентрация жағдайында – айырғыш
газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған
жерден таза ауаға шығару қажет. Ластанбаған
жерде уланған адамға су буымен дем
алдырады. Дем алысы нашарласа немесе
тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем
алдыру қажет. Аммияк асқазанға енген
жағдайда бір стақан суға бір шай қасық
сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп
құстыру қажет. Аммияк көзді зақымдаған
кезде, мол сумен шаю қажет.
16.
Е. А. Лужников бойынша этильдік спиртпен уыттанудың(интоксикацияның) жеңіл дәрежесінде оның қандағы концентрациясы – 11,5%, орта дәрежеде – 1,5-3%, ауыр дәрежеде – 3-5%, алкогольдік комада 5% және одан да жоғары болады. Бір реттік қабылдаудағы (ішудегі)
этанолдың өлім тудырар мөлшері дене массасының кг-на / 4-12 г құрайды
(толеранттық болғанда орташа 96% спирттің 300 мл-і), балаларда – 3,0 г/кг.
Нейротоксикалық әсер тереңдегі этанолмен және оның метаболиті
ацетальдегид концентрациясымен анықталады. Этиль спирті торшалық
мембранаға әсер етіп, фосфолипидтердің майлы қышқыл тізбегін үзеді және
орталық нерв жүйесінің тежеу функциясын бұзып, психомоторлық қозу,
қозғалыс үйлесімділігінің және өзін бақылаудың бұзылуын шақырады. Одан
соң ОНЖ мен өмірлік маңызды орталықтардың күшін сарқылтады.
17.
Жедел алкогольдік уланудың токсикогендік сатысындағы негізгі симптомдармынадай:
- психоневрологиялық ауытқулар – токсикалық кома;
- тыныс алу бұзылыстары;
- жүректік-қан тамырлық бұзылыстар
– қан қысымының төмендеуі және терінің бозаруы;
- қанығу үдерістерінің бұзылуы
– ферменттік жүйе белсенділігінің өзгеруі, қандағы май қышқылдарының және
глицериннің, ал тканьдерде - сүттік және пирожүзімдік қышқылдардың жиналуы.
Алкогольдік уланудың қауіптілігі ацетальдегидтің бауырдың уытсыздандыру
функциясын төмендететіндігінде. Сондай-ақ сулық-электролиттік бұзылыстардың пайда
болуы мүмкін. Бұл гиповолемиямен, гематокриттің артуымен, қанның
микроайналымының және реологиялық қасиеттерінің бұзылуымен байқалады.
Уланудың соматогендік сатысында тыныс алу ағзаларының қабынулық зақымданулары
(бронхит, пневмония); алкогольдік амавроз (көрудің уақытша баяулауы мен оны
жоғалту); уыттық психоз; бауыр функциясының бұзылуы; құрысу және абстиненттік
синдром; миореналдық синдром байқалады.
18.
19.
ДӘРІМЕН УЛАНУ:Белгілері:
1. Құсық (тошнота и рвота).
2. Қарашықтың
тартылу
немесе
кенейуі (сужение или расширение
зрачков).
3. Ұйқы келу (вялость и сонливость).
4. Санадан айыру (потеря сознания).
5. Жүректің
дұрыс
соқпауы
(нарушение сердечного ритма).
20.
Сіздің әрекетіңіз:1. Егер уланған адам есінде болса, оған көбірек
жылы су ішкізіп, құстыру арқылы, асқазанды
тазалау керек.
2. Егер уланған адам санасыз болса, онда оны жақсы
демалу үшін ішіне жатқызыныз.
3. Дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін, адам қай
дәрімен уланғаның тауып қойыныз.
4. Жедел жәрдемді шақырыныз.
21.
У БАР ЗАТТАРМЕН УЛАНУБелгілер:
1. Өткір іштің ауруы.
2. Аузында күйік және ауру пайда болады (Боль и ожоги во рту).
3. Ішөту.
4. Құсық.
5. Қозғалыс координацияның бұзылуы.
6. Демалуының қиындауы.
7. Санасынан айырылу (потеря сознания).
22.
Сіздің іс-әрекетіңіз:1. Тездетіп ауруға көбірек (бірнеше стакан) су, шәй
немесе сүт ішкізіңіз. Содан соң жұтқыншаққа (глотку)
екі саусақты тығып құстырыңыз. Егер ауру ауыр
жағдайда болса, оның басын бір жағына бұрып,
құсығына шашылып қалмайтындай (не захлебнулся)
етіп жатқызыңыз.
2. Сосын активированный көмірді (уголь) майдалап,
үгітіп ішкізу керек.
3. Қышқылмен (кислотой) немесе щелочпен уланған
жағдайда адамды құстыруға болмайды. Бұндай
жағдайда оған сүтті немесе шикідей жұмыртқаны беру
қажет.
23.
УГАР ГАЗЫМЕН УЛАНУБелгілер:
1. Бас айналу.
2. Бас ауруы, алқыну (одышка).
3. Журек айну, құсу.
4. Есінен айырылу.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Уланған адамды тездетіп таза ауаға шығару керек.
2. Басына салқын компресс қою керек.
3. Демалуы әлсіреген немесе жоқ жағдайда жәбірленушіге
нашатыр спиртін иіскету керек.
4. Қолдан дем беру керек (искусственное дыхание).
24.
Қорытынды:Жүйелер мен ағзалардың жылдам зақымдануымен сипатталатын
қатты улану жағдайының барлық кезеңі, ауруханаға жатқызуға дейінгі
кезеңнен бастап бірден жедел интенсивті медициналық көмекті қажет
етеді. Бұл пікір кез келген қиын жағдайға (жарақат, ауру, бақытсыз
оқиға) келеді десек те, улану жағдайында уақытымен көмек көрсету
өте маңызды. Бұл токсиндердің фармакокинетикалық ерекшеліктері
мен олардың зат алмасу үрдісіне араласуына байланысты, сонымен
қоса көмектің кешеуілдеуі ағзадағы гомеостаздық кері айналмайтын
өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан медициналық көмек
көрсетудің қарапайым ұстанымдарын нақты білу, зардап
шегушілердің өмірін құтқарып, денсаулығын сақтап қалу үшін өте
маңызды.
25.
Әдебиет:1.Будагян Ф.Е. Пищевые токсикозы, токсикоинфекции и их профилактика. —М.:
Медицина, 1972. —216 б.
2. Козярин И.П., Слободкин В.И. Неотложная помощь при пищевых отравлениях
// Скорая и неотложная медицинская помощь. Под ред. Зозули И.С. и Чекмана
И.С. —К.: Здоров'я, 2002. —С. 699—720.
3. Мельникова И.П. Оказание первой помощи при химических отравлениях.
2009 ж.
«Көліктің медициналық қызметі» АҚ ПФ
Анестезиолог-реаниматолог дәрігері: Ганюкова О.В. Хирург дәрігері: Глухов
Л.В.