Similar presentations:
Сан есім және оның түрлері
1.
Сан есім және оныңтүрлері
Жұмағалиева Аяулым
2.
Сан есім дегеніміз не?• Заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан
есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы
болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарымқатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында
айқындалады.
3.
Сан есімнің мағыналық түрлеріЕсептік сан есім
Реттік сан есім
Жинақтық сан есім
Топтау сан есім
Бөлшектік сан есім
Болжалдық сан есім
4.
Есептік сан есімЕсептік сан есім
заттың нақты, дәл
санын білдіреді.
Қанша? неше?
.Мысалы: үш мың
төрт жүз елу алты
оқулық, он көше,
отыз екі қала т.б.
5.
Реттік сан есімРеттік сан есімдер есептік
сандарға -ыншы (інші) жұрнақтарын қосу
арқылы жасалады да, белгілі
бір заттар мен құбылыстардың
сандық ретін білдіру үшін
қолданылады.
Нешінші?
Тамара
атты жетінші класта
оқып жүрген жалғыз
қызым бар (Сәбит
Мұқанұлы Мұқанов)
6.
Жинақтық сан есімЖинақтық сан есімдер
бірден жетіге дейінгі
есептік сан есімдерге -ау
(-еу) жұрнақтарын
қосылуы арқылы
жасалады.
Нешеу?
Түйе біреу,
ат екеу,
қасқыр бесеу (І.
Жансүгіров)
7.
Топтау сан есімТоптау сан есімдер есептік,
жинақтық, болжамдық сан
есімдерге, қазіргі кезде шығыс
септікке тән грамматикалық
мағынадан біржола қол үзген дан (-ден, -тан, -тен)аффиксін
қосу арқылы жасалады.
Біркелкі заттар мен
құбылыстардың сан
мөлшердің топтап
көрсетеді.
Бір түн отырып ел
адамдарын төрттен,
бестен жиып алып,
барлығына бір түрлі іс
тапсырған (Мұхтар
Омарханұлы Әуезов)
8.
Болжалдық сан есімдерБолжалдық сан есімдер белгілі бір заттар мен
құбылыстың сан
мөлшерін дәл атамай,
тұспалдап қана шамамен
атайтын сөздер.
Қанша?
Неше?
Салтанатты
басқосуға үш
жүздей мейман
келеді деп күтілуде;
9.
Бөлшектік сан есімТаза математикалык
ұғымға негізделген
сөздер. Бөлшектік сан
есімдер құрамы
жағынан тек күрделі
ғана болады.
Қанша? Неше?
үштің екісі,
жүздің жиырмасы,
тоқсанның
отызы т.б.
10.
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі• 1. Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. Мысалы, Сегіз қызым – бір төбе,
Кенжекейім – бір төбе. Сегіз (қанша?) қызым. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып
та анықтауыш болады. Қазақ ұғымында жетінің өзіндік орны бар. Жетінің (нешенің?).
• 2. Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш болады. Келген
адамдар алтау екен. Алтау екен (нешеу екен?). Біз бәріміз тоғызбыз (нешеуміз?).
• 3. Сан есім атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау
ала болса, ауыздағы кетеді (кім түгел болса? кім ала болса?). Жетеуі де өнерлі екен (кім
өнерлі?).
• 4. Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауыш болады: Тоғызда басталады (қашан
басталады?), бес-бестен бөліну керек (қалай бөліну керек?), алтыдан (қалай?) топтадық.
• 5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын
меңгерсе, толықтауыш болады. Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті
(нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі.
• 6. Сан есім зат есіммен не қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі
мүшесі болады. Жарысушылар он түрлі тапсырма орындайды (қандай тапсырма – он түрлі
тапсырма). Сағатына 70-80 км жылдамдықпен жүреді. (қанша жылдамдықпен? – 70-80 км
жылдамдықпен).
11.
Пайдаланылған әдебиеттер• А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.