Similar presentations:
Джордж Гордон Байрон өмірі мен шығармашылығы
1.
Джордж Гордон Байрон өмірі меншығармашылығы
Орындаған: Жұмағалиева Аяулым
2.
Джордж БайронДжордж Ноэл Гордон Байрон — ағылшын
ақыны, романтизм бағытының көрнекті өкілі.
Джордж Ноэль Гордон Байрон 1778 жылы 22
қаңтарда Лондонда ағылшын аристократы
мен шотландық дворян (шешесі) отбасында
дүниеге келген. 10 жасқа толғанда атасы
қайтыс болғанда Джордж Байрон Англияның
пэрі болып «барон Байрон» деген лордтық
титул мен үлкен байлыққа ие болады.
3.
Сөйтіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқанНьюстед аббатын мұрагерлікке алып (Ньюстед
бұрын католиктер шіркеуі болған), шешесімен атабабасының сарайына Ноттингэм графтығына
көшіп келеді. Жартылай бүлінген қорған – Ньюстед
аббаттығы, оның саялы саябағы кейінірек талай
рет Байрон поэзиясына арқау болды.
Байронның алғашқы аты – Бурунь болған. Бұл есім
ортағасырлық рыцарьлық жазбаларда жиі кездеседі. Оның
ата-бабалары Генрих ІІ-нің тұсында фамилияларын
Буруньнан Байронға өзгертеді. Ал ағылшын революциясы
тұсында Байрондар Стюартқа адал болғандықтан, Карл Іші олардың әулетіне барон деген титулды береді.
Анасы Байронды әуелі жекеменшік мектепке береді. Мұнда Байрон нашар
оқиды. Гимназия мұғалімдерінің берген білімінен гөрі, бала Байронға күтушісі
Мэри Грей көп нәрсе үйретеді. Ол жалықпай Джорджға псалмдар мен
Библияны оқып береді.
4.
1799 жылы Джордж доктор Гленнің мектебіне түседі. Мұнда ол 2 жылбойына ауру аяғын емдетумен болады, нәтижесінде аяғына етік кие
алатын жағдайға жетеді. Мектепте жақсы оқымағанымен, доктор Гленнің
жеке кітапханасын түгел оқып тауысады.
1801 жылы жас бала Харроу қалашығындағы Ньюстед аббатының
жанында орналасқан мектепке барады. Мектеп табалдырығын жаңа
аттаған жас бала зеректігімен және ақылдылығымен мұғалімдерінің көзіне
түседі. Байрон мектеп қабырғасында латын және грек тілдерін, антика
тарихы мен ағылшын әдебиетін оқып үйреніп, көптеген үйірмелерге
қатысады.
1805 жылы Харроу мектебін тәмамдаған Байрон жоғарғы оқу орнына түседі.
Кембридж университетіндегі жылдарында Байрон француз ағартушыларының
еңбектеріне ден қоя бастады. Байрон ел танып, жер көріп қайту үшін саяхатқа
аттанады. Сырт көзге өзінің әдеби қарсыластарын ойсырата жеңген жас ақын еш
уайымсыз шетелге қыдырып кеткендей болып көрінгенімен, Байрон Англиядан қатты
түңіліп, еңсесі түсіп, рухы басылып кеткен болатын. Ал Испания, Албания, Грекия,
Түркия, Кіші Азия елдерін аралап көргеннен кейін еліне мүлде түңіліп қайтады. Оның
үстіне ақын жол үстінде анасының қайтыс болғанын естиді. Саяхат барысында көрген,
білгендерін, түйген ойларын Байрон «Чайльд Гарольдтың сапары» поэмасында
келтіреді. Жеке басындағы және елдегі саяси жағдайларға байланысты 1816 жылы
ақын Англиядан шеттетіледі. Отанымен мәңгілікке қоштасып, отбасынан айрылу
ақынға қатты әсер етті. Швейцарияға Гобгаузбен, Шеллимен бірге саяхат жасады;
Италияда карбонарлармен, Венецияда революционерлермен дос болып, олардың
көзқарасын бөлісіп, қаражатпен көмектесті; гректердің түрік басқыншыларына қарсы
тәуелсіздік жолындағы күресін ұйымдастырып қана қойған жоқ, олардың әскери
көсемі де болды.
5.
1805-1815Шығармашылығы
«Демалыс сағаттары» өлеңі
мен «Еврей саздары» циклы,
«Гәвур» (1813), «Абидос
қалыңдығы» (1813), «Корсар»,
«Лара» (1814) поэмалары )
1815-1825
«Шильон тұтқыны» (1816), т.б.
поэмалары жарық көрді.
1816 ж. Манфред бейнесі арқылы
адам тағдырын толғайтын
«Манфред» атты философиялық
поэмасын жазды. «Дантенің
көрегендігі» (1819), «Қиямет елес»
(1822), «Қола ғасыр» (1823)
поэмаларында, аяқталмаған «Дон
Жуан» романында (1818—24) сол
кездегі қоғамды сынға алды.
1816 жылдың аяғында ол Италияның солтүстігіне,
Венецияға көшіп келіп, ол жерден Римге саяхат
жасады. Италияда ақынның өмірі мен
шығармашылығындағы өрлеу кезеңі басталады,
итальян халқының күресімен шабыттанған ол өзінің
ең ірі шығармаларын жазады. «Чайльд Гарольдтың
сапары» (ІУ өлеңі) (1817), «Беппо» (1817, қазан),
«Венецияға арналған ода» (1818, шілде), өлеңмен
жазылған сатиралық эпопеясы «Дон-Жуан» (1818,
қыркүйекте – І өлеңі), «Мазеппа» (1818, қазан), «Дон
Жуан» (1818, желтоқсан – ІІ өлеңі; 1819, қараша – ІІІ-ІУ
өлеңі) сол уақыттың туындылары. Сонымен қатар,
«Моргант Маджиордың бірінші өлеңі», «Дантенің»,
«Франчески да Ремини» (аудармасы), «Марино
Фальеро», «Дон Жуан» (У өлең, 1820), «Сарданапал»,
«Баульске хат», «Екі Фоскари», «Каин», «Соттың
елесі», «Аспан мен жер», «Вернер», «Ирланд
аватарасы» (1821), «Дон Жуан» (УІ-ХІ өлең, 1822), «Қола
ғасыры», «Арал», «Дон Жуан» (ХІІ-ХІІІ өлең, 1823)
туындыларын жарыққа шығарды.
6.
7.
АудармаларыБайрон шығармаларын қазақ тіліне Абай, Қасым Аманжолов,
Қапан Сатыбалдин, Ғафу Қайырбеков, т.б. ақындар аударды.
Қасым Аманжолов- Чайльд Гарольд, Чайльд Гарольдтің елімен
қоштасуы, Романс, Альбомға
КӨҢІЛІМ МЕНІҢ ҚАРАҢҒЫ
(Дж.Байрон — М.Ю. Лермонтовтан — Абай)
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Бейістің үні шығар қоңыр салқын.
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!