489.61K
Category: managementmanagement

Жас маман

1.

Жас маман
Біздің департаментке жас маман қабылданды.
Қандай қызметке?
Есепші, аты-жөні - Сабина Мұратқызы.
Ол қандай адам?
Сабина ұзын бойлы, әдемі қыз. Шашы бұйра,
қой көзді.
Біздің офиске де жас маман келді.
Оның аты кім?
Оның аты – Дана. Жасы- жиырма екіде.
Былтыр университет бітірген, биыл
магистратура бітіріпті. Тәжірибесі жоқ. Бірақ
ұқыпты, зерек сияқты. Дана білімді, жанжақты қыз екен. Өзі бірнеше тілді меңгерген.
Шет елдерде де болған. Өз мамандығына
қатысты түрлі курстарды да бітіріпті.

2.

Менің жұмыс күнім
Үлгі. Оқыңыз. Осы мәтін үлгісін пайдалана отырып, өзіңіз туралы жазыңыз.
Бүгін - жұма. Ертең- сенбі. Сенбі, жексенбі күндер мен үшін демалыс. Біздің институтта аптаның бес күні ғана
сабақ күндері. Мен сағат алтыда тұрамын. Үйдің қасында, жолдың арғы бетінде стадион бар. Мен күнде таңертең
садионда жүгіремін, жаттығулар жасаймын. Сосын үйге келіп төсегімді жинаймын, таранамын, киінемін. Сағат
жетілерде таңертеңгілік тамақты ішемін. Сағат жеті жарымда өз көлігіммен үйден шығамын. Ертерек шығатын себебім,
көлікті жақында ғана сатып алдым. Сондықтан көшелерде көлік аз кезде институтқа жетіп аламын.
Біздің сабақ сегіз жарымда басталады. Оқытушы дәрісханаға сабақтан 5-10 минут ерте келеді. Ол кіре салып
компьютерді қосады. Біздің аудиториялар жаңа технологиямен жабдықталған. Сенсорлы тақталар, интернетке қосылған
компьютерлік желілер. Сабаққа қажеттің бәрі бар. Институтта сабақтар кешкі тоғызға дейін болады. Біз пәндерді өзіміз
таңдаймыз, кестемізді өзіміз жасаймыз. Мен бұл семестрде бес сабақ алдым. Мен келешекте аудитор болып шығамын.
Бітірген соң «Үлкен төрттіктің» біріне жұмысқа тұрғым келеді. Сабақтан кейін түскі асымды ішемін, сосын,
кітапхананың оқу залына барып, ертеңгі сабаққа дайындаламын. Кітапханаға Надя, Лариса мен Алексей де келеді. Біз
бәріміз қазақ тілінен көрініс қоюға дайындаламыз. Сұхбатты оқимыз. Аударамыз, жаттаймыз. Сосын бәріміз спортзалға
барып, жаттығамыз.
Кешкі сағат жеті-сегіздерде үйге қайтамын. Бұл кезде бәріміз де үйдеміз. Анам мен қарындасым кешкі асты
дайындап қояды. Әкем жұмыстан келе сала диванда жатып газе оқиды немесе теледидар қарайды. Кейде газет немесе
теледидар көріп жатып, қалғып кетеді. Ол таң атпай, ерте тұрады. Күн бойы қатты шаршайды.Жұмысы өте жауапты.
Күн бойы түрлі, күрделі мәселелерді шешеді. Іссапарларға да жиі шығады. Бәріміз кешкі асты ішеміз. Сосын әркім өз
ісімен шұғылданады. Мен кітапханадан алған кітапты оқимын. Бүгін оқып бітіруім керек, себебі, ертең- тапсыратын
күн. Қарындасым биыл мектеп бітіреді. Ол Бірыңғай Ұлттық тест тапсыруға дайындалып жүр және ағылшын тілін
тереңдетіп оқып жүр. Ол да ҚМЭБИ-ге түспекші. Оның дипломат болғысы келеді. Анамның да жұмысы өте жауапты.
Ол-балалар дәрігері.

3.

Бүгін - жұма. Ертең- сенбі. Сенбі,
жексенбі күндер мен үшін демалыс.
Біздің институтта аптаның бес күні ғана
сабақ күндері. Мен сағат алтыда
тұрамын. Үйдің қасында, жолдың арғы
бетінде стадион бар.
Мен күнде таңертең садионда жүгіремін,
жаттығулар жасаймын. Сосын үйге келіп
төсегімді
жинаймын,
таранамын,
киінемін.
Сағат жетілерде таңертеңгілік тамақты
ішемін. Сағат
жеті жарымда өз
көлігіммен үйден шығамын. Ертерек
шығатын себебім, көлікті жақында ғана
сатып алдым. Сондықтан көшелерде
көлік аз кезде институтқа жетіп аламын.

4.

Біздің сабақ сегіз жарымда басталады.
Оқытушы дәрісханаға сабақтан 5-10 минут
ерте келеді. Ол кіре салып компьютерді
қосады.
Біздің
аудиториялар
жаңа
технологиямен
жабдықталған.
Сенсорлы
тақталар, интернетке қосылған компьютерлік
желілер.
Сабаққа
қажеттің
бәрі
бар.
Институтта сабақтар кешкі тоғызға дейін
болады. Біз
пәндерді өзіміз таңдаймыз,
кестемізді өзіміз жасаймыз.
Мен бұл
семестрде бес сабақ алдым. Мен келешекте
аудитор болып шығамын. Бітірген соң «Үлкен
төрттіктің» біріне жұмысқа тұрғым келеді.
Сабақтан кейін түскі асымды ішемін, сосын,
кітапхананың оқу залына барып, ертеңгі
сабаққа дайындаламын. Кітапханаға Надя,
Лариса мен Алексей де келеді. Біз бәріміз
қазақ тілінен көрініс қоюға дайындаламыз.
Сұхбатты оқимыз. Аударамыз, жаттаймыз.
Сосын бәріміз спортзалға барып, жаттығамыз.

5.

Кешкі сағат жеті-сегіздерде үйге қайтамын. Бұл
кезде бәріміз де үйдеміз. Анам мен қарындасым
кешкі асты дайындап қояды. Әкем жұмыстан
келе сала диванда жатып газе оқиды немесе
теледидар қарайды. Кейде газет немесе
теледидар көріп жатып, қалғып кетеді. Ол таң
атпай, ерте тұрады. Күн бойы қатты
шаршайды.Жұмысы өте жауапты. Күн бойы
түрлі,
күрделі
мәселелерді
шешеді.
Іссапарларға да жиі шығады. Бәріміз кешкі асты
ішеміз. Сосын әркім өз ісімен шұғылданады.
Мен кітапханадан алған кітапты оқимын. Бүгін
оқып бітіруім керек, себебі, ертең- тапсыратын
күн. Қарындасым биыл мектеп бітіреді. Ол
Бірыңғай Ұлттық тест тапсыруға дайындалып
жүр және ағылшын тілін тереңдетіп оқып жүр.
Ол да ХБУ-ге түспекші. Оның дипломат
болғысы келеді. Анамның да жұмысы өте
жауапты. Ол-балалар дәрігері.

6.

Хабарландыруды оқыңыз. Үлгіге ұқсатып есепші және бірнеше лауазымдық
қызмет орындарына хабарландыру жазыңыз. Талаптарды түрлендіріңіз
Қаржы департаменті бос тұрған экономист қызметіне конкурс жариялайды.
Үміткерге қойылатын талаптар:
-
жоғары кәсіби білім;
-
кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі;
-
қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік білу.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз:
Алматы қаласы, 3-ші ықшамауданы, 21, телефон: 3542786
English     Русский Rules