Дәрістің тақырыбы: Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары
Жоспар:
Басты қорғау құралдары- каскалар, шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, шляпалар.
Ұжымдық қорғаныс құралдары
Панахана. Бункер
Панахана салыну талаптары
Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)
Бункер Сталина
Панаханалар – Суреттері
Назарларыңызға рахмет!
10.64M
Category: life safetylife safety

Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары

1. Дәрістің тақырыбы: Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті
Дәрістің тақырыбы: Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары
Лектор: Абдрахманова Жадра Бекдаулетовна
[email protected]

2. Жоспар:

1)Жеке қорғаныс құралдары
2)Жеке қорғаныс құралдарына қойылатын
талаптар
3) Жеке қорғаныс құралдарында
қолданылатын анықтамалар
4)ЖҚҚ түрлері және мысал
5)Пайдаланған әдебиет

3.

4.

ЖҚҚ ең басты атқаратын
міндеттері- адам өмірінің
денсаулығын улы заттар шығаратын
өндірістік зиянды факторлардың
әсерінен қорғау.

5.

6.

7.

8.

Жеке қорғану құралдары мақсатына қарай қолданылған кезде,
пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге қойылатын
қауіпсіздік талаптары
адам өмірі мен денсаулығын зиянды және қауіпті
факторлардан қорғаудың қажетті деңгейін
қауіптердің пайда болуына әкелуі мүмкін жағдайлардың
туындау қатерінің болмауын
жеке қорғану құралдарын пайдалану кезінде туындайтын
қауіптерден адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың қажетті
деңгейін қамтамасыз ететіндей әзірленуге және жасалуға
тиіс

9.

Жеке қорғаныс құралдарында қолданылатын анықтамалар
амортизатор – жоғарыдан құлаған кезде ұлғаятын кинетикалық
энергияны бәсеңдетуге арналған сақтандыру жүйесінің компоненті
немесе жеке бөлшек;
биологиялық фактор – бактериялық препараттар мен олардың
компоненттерінің құрамында кездесетін микроағзалар-продуценттер,
тірі жасушалар мен споралар; жұқпалы ауруларды қоздыруы мүмкін
патогендік микроағзалар мен вирустар; ағзаға және тері қабатына әсер
еткен кезде немесе ағзаның ішіне түскен кезде денсаулыққа зиян келтіруі
мүмкін өсімдіктер, жәндіктер, өрмекші тұқымдастар, жануарлар;
зиянды фактор – адамға әсер еткен кезде оның ауруына немесе
денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын фактор;
жеке қорғану құралдарының қорғау әрекетінің уақыты – зиянды
немесе қауіпті фактордың әсер етуі жағдайында пайдаланушы жеке
қорғану құралдарын қолдана бастағаннан бастап зиянды немесе қауіпті
фактордың пайдаланушыға әсер ету деңгейі белгілі бір шарттарда
белгіленген нормативтерден асып кеткен, ал белгілі бір шарттарда
механикалық әсер еткен жағдайда жеке қорғану құралдарының құрамдас
бөліктері тұтастығының бұзылуына әкелген жағдай туындаған сәтке
дейінгі уақыт кезеңі;

10.


жеке қорғану құралдарын газсыздандыру – жеке қорғану құралдарын
зиянсыз ету (бейтараптандыру, сұйылту) немесе олардан қауіпті
химиялық заттарды алып тастау;
жеке қорғану құралдарын дезинфекциялау – жеке қорғану құралдары
мен оларды құраушы бұйымдардан бактериялық ластануды алып тастау
(азайту);
жеке қорғану құралдарын дезинсекциялау – жеке қорғану құралдары
мен оларды құраушы бұйымдардан бунақ аяқтыларды алып тастау
(азайту);
жеке қорғану құралдарын құраушы бұйымдар – дайындаушы іске
асыруға (пайдалануға) дайын күйінде жеке қорғану құралдарымен бірге
немесе олардан бөлек, таңбасымен және пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен
бірге жеткізетін жеке қорғану құралдарының алмалы-салмалы құрамдас
бөліктері;
жеке қорғану құралының құрамдас бөлшегі – жеке қорғану құралын
жинақтауға арналған, оның тұтастығын бұзбай бөлшектене алатын және
жеке қорғану құралын құрастыру үшін қайтадан пайдаланыла алатын жеке
қорғану құралының функционалдық жеке бөлігі (оның ішінде материалы);
жеке қорғану құралдарын зарарсыздандыру коэффициенті – жеке
қорғану құралдарының зарарсыздандыруға дейінгі және одан кейінгі
радиоактивтік ластану деңгейінің арақатынасы;
радиациялық фактор – адам ағзасының ішіне өткен және терісінің
бетіне тиген сыртқы иондаушы сәулеленудің және (немесе)
радиоактивті заттардың әсері;

11.


регенеративті патрон – тыныс алу органдарының жеке қорғану
құралдарының оқшаулаушы үлгідегі, іске қосылған кезде оттегі мен сіңіргіш
көміртек диоксидін және су буын бөлетін, құрамында химиялық заттары
бар құрамдас бұйымдары;
регенеративті өнім - регенеративті патронның іске қосылу
процесінде оттегі бөле отырып, көміртек диоксидін және су буын сіңіруді
қамтамасыз ететін химиялық зат;
дәнекер элемент (карабин) – тұтынушыға өзін тікелей немесе
жанама түрде тірекке жалғау үшін сақтандыру жүйесін қосуға мүмкіндік
беретін құрамдас бөліктерді қосуға арналған ашылатын құрылғы;
тыныс алу органдарының сүзуші жеке қорғану құралы –
пайдаланушы қоршаған ортадан дем алатын ауаны тазалауды
қамтамасыз ететін тыныс алу органдарының жеке қорғану құралы;
сақтандыру жүйесі – сақтандыру арқаны мен сақтандыру үшін
жалғанатын шағын жүйеден тұратын жоғарыдан құлаудан қорғайтын жеке
қорғану құралы;
жеке қорғану құралдарын қорғау коэффициенті – жеке қорғану
құралының адамға зиянды немесе қауіпті фактордың тигізетін әсерінің
деңгейін төмендету есесі;
өту коэффициенті - тыныс алу органының жеке қорғану құралының
беткі бөлігінің астындағы тест-зат концентрациясының сынауышта
айқындалатын сынаудың белгіленген шарттарында сынау камерасының
ауасындағы тест-зат концентрациясына пайыздық арақатынасы арқылы
көрсетілетін көрсеткіш;

12.

13.

МЕСТ 12.4.001-87 бойынша ЖҚҚ
міндетіне байланысты төмендегідей
топтарға бөлінеді:
Айырғыш кастюмдер- пневматикалық,
гидроайырғыш кастюмдер, скафандрлер.

14.

Арнайы киімдер- комбизондар, шолақ
комбизондар, күртешелер, шалбарлар,
халаттар, алжапқыштар, көкірекшелер,
пальтолар, шолақ тондар, тұлып тондар.

15.

Арнайы аяқ киімдер- етіктер, кең
қонышты етіктер, шолақ етіктер,
бәтеңкелер, туфлилер, галоштар, ботиктер,
бахилдер.

16.

Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдаргазқағарлар, респираторлар, пневмотилендер,
пневмомаскалар, противогаздар

17.

Противогаздар
изоляциялық
Изоляциялық
противогаздар
адамдарды
ауа құрамындағы
зиянды заттардан
қорғайды
фильтрлік
Фильтрлік
противогаздар
ауадағы әр түрлі
зиянды қоспалардан
фильтр арқылы
тазалап қорғайды

18.

Бетті қорғау құралдары- қорғағыш маскалар,
қорғағыш қалқандар.

19. Басты қорғау құралдары- каскалар, шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, шляпалар.

20.

Қолды қорғау құралдары- қолғаптар,
биялайлар, саусаққа киетіндер, алақанға
киетіндер.

21.

Көзді қорғау құралдары- қорғағыш
көзілдіріктер.

22.

Есту органдарын қорғау құралдарышудан қорғайтын шлемдер, құлақшындар,
арнайы шуға қарсы қойындылар.

23.

Сақтандырғыш тетіктер- сақтандырғыш
белдіктер, диэлектрлі кілемшелер, қолтық
қармауыштар, манимуляторлар, тізеге киетін
қаптар, шынтақ қаптар, иық қаптар.

24.

Теріні дермотологиялық қорғау
құралдары- жуғыш заттар, пасталар,
кремдер, майлар.

25. Ұжымдық қорғаныс құралдары

Ұжымдық қорғаныс
құралдары- екі және
оданда көп жұмыс
істеушілерді зиянды
және қауіпті өндірістік
факторлардың әсерінен
бір мезгілде қорғауға
арналған арнайы
техникалық құралдар
ҰЖЫМДЫҚ ҚОРҒАУ
ҚҰРАЛДАРЫНА: ҚОРШАУЛАР,
ТЕЖЕГІШТЕР, СИГНАЛДЫҚ
ҚҰРЫЛҒЫЛАР, Т.Б. ҚОРҒАУ
ҚҰРАЛДАРЫ ЖАТАДЫ.

26.

27.

Сақтандырғыш - құлыптау құрылғылары контакт пен
байланыссыз жолдағы сезімтал элементтер арқылы жарақат
алу қаупі туралы ақпарат алынған кезде, машиналардың
жұмыс режимінде немесе қауіпті өзгерістердің қате әрекеттері
орын алған жағдайда жабдықты автоматты түрде өшіруге
арналған.

28. Панахана. Бункер

Панаханалар жан-жақты қымталған құрылғылардың және желдеткіш
құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті
қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі
бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен
шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шыға беріс болуға
тиіс.

29.

30.

Баспаналар — бұл тасаланған адамдарды ядролың жарылыстың
барлық зақымдаушы факторларынан, биологиялық құралдардан,
сондай-ақ өрт кезінде түзілетін жоғары температуралар мен зиянды
газдардан қорғауға арналған арнаулы құрылыстар

31. Панахана салыну талаптары

Панахана онда жасырынған адам үшін қажетті санитарлық
гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс: ауадағы
көмір қышқыл газдың көлемі 1% (шекті жол берілуі —
3%), ылғалдылық 70% (шекті жол берілуі — 80%),
температура 23 °С (шекті жол берілуі — 31 °С) аспауға
тиіс.
Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып
тұрғызылуға тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп
кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге
салынуы, су беру және қысымдық канализация желісінен
алыс болуы, пана-хана арқылы транзиттік-инженерлік
коммуникацияның өткізілуіне жол бермеу.

32.

Панаханалар су баспайтын учаскелерде терендетілген
топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының
төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен
биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты
суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем
болмауға тиіс.
Панаханың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының
ете беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті
радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық
құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған
жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз
ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау
есебінен кол жеткізіледі.

33.

34.

Жасырынуға арналған бөлме бірнеше бөлікке бөлінуге тиіс,
адамдарды орналастыру үшін бір және екі ярусты орындықтар немесе
нарлар қойылады; төменгісі отыру үшін, үстіңгісі жату үшін. Жатуға
арналған орындар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы
орының 20% - ін, ал үш ярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.
Басқару нүктесіне арналган бөлме қорғалған электркөзі бар бөлмеге
орналасады бір жұмыс істейтін алаң нормасы 2м2 болып белгіленген.

35.

Санитарлық нукте (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшалау
мақсатында жасырынатындардың жүріс тұрыстары мен денсаулық
жағдайын түрақты бақылайды. Ғимараттың санитарлық ахуалын,
азық-түлік пен ауыз суының сақталуы мен таратылуына санитарлық
қадағалау жасайды. Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен
жабдықталады (1 тізбе — 100—150 адам; 2 тізбе 400—600 адам үшін).
Звенода (топта) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер
болған жағдайда қосымша фельдшерлік, дәрігерлік қобдишамен
жабдықталады.

36.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.
ДЭС ушін бөлмелер ішкі қабырғаға орналасады және басқа
бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады)
панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай
ашылатын екі қымталған есігі бар тамбур-мен жабдықталады.
Тамбур-шлюз басқа кіреберістер жабылғаннан кейін панаханаға
адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін
сақтайды, сыйымдылығы 300 адам және бірден артық кіреберісі бар
панаханаға орнатылады.
Қорғалған кіреберістер мен шыгаберістер Олардың саны
панахананың сыйымдылығын.а байланысты, алайда екеуден аспауға
тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат
етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру)
шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Кіреберістер
жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып
панахананың қарсы жағына орнатылады.

37.

Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі:
таза жеддеткіш (I режим) және сүзгілік желдеткіш (II режим). Таза жеддеткіш
режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал
сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.
Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан
қорғайтын сүзгіден, сүзгіш-жұтқыштан, жылу үстағыш сүзгіден,
желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан қүралады, өрт
ықтимал панаханаларға ауаны күкірт қышқылынан тазартылатын сүзгілер
мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін
зақымданудан, соққы толқынынан қорғау үшін ауа ұстағыш және сорғыш
каналдарда
жарылыстан
қорғайтын
қондырғылар
орнатылады.

38.

Жылу орталыгынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың
жылыту жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің
түйісіндегі тірек арматурасы панахана шегінде орнатылады. Жылыту
жүйесі жылдың суық уақытында панаханада +10°С температураны,
егер бейбіт уақытында оны пайдалану шарты бойынша бұдан жоғары
температура талап етілмесе, қамтамасыз етуге тиіс.
Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және
объектілік жерлерде жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған
жағдайда судың авариялық қоры, соңдай-ақ сыртқы желілерге тәуелсіз
ағын
жинауға
арналған
қабылдағыштар
жасалуға
тиіс.
Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 л есеппен
жасалады. Ауыз су қоры ыдысына, әдеттегідей, екі тәулік бойында толық
айырбасты қамтамасыз ететін ағын тоған орнатылады. Бейбіт уақытта су
шығыны қарастырылмайтын жеке түрған панаханаларда, сондай-ақ
сыйымды-лығы кемінде 300 адамдық панаханаларда ауыз суы қорын
сақтау үшін панахананы дайындыққа келтіру кезінде толтырылатын
құрғақ ыдысты қолдануға рұқсат етіледі.

39.

Панахананы электрмен жабдықтау қаланың сыртқы желісінен және
қажетті жағдайда қорғалған көзден — ДЭС-тен жүргізіледі. Сыртқы
желілерден электрберу тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шаң
батарея, велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық
қарастырылады.
Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне
қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар
телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс қүрал ретінде
объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

40.

Жылдам тұргызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған
панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл
қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады олар қыска мерзімді
(бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы
құрылғысынан немесе ағаш
материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын
орынды ескергенде) 50- 200 адам.
ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған
бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы
орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық
шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада
санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған
ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

41.

Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)
РҚО ауылды жерлердегі жөне ядролық
соққы беру ықтималдылығы өте төмен
шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі
қалалардан ауылды жерлерге көшіріпқоныстандырылған халықты радиоактивті
зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.

42.

РҚО-ға бір қатар талаптар қойылады. Онын қоршайтын құрылғылары
радиоактивті сәулеленуді талай мәрте әлсірету қажеттігін
қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатьш адам көп келетін
жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең
жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің
биікгігі еден белгісінен бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем
болмауға тиіс. Жертөлені және басқада терендетілген жайларды
панахана ретінде ыңғайластыру кезіңце олардың биіктігі төмендеу
болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің
қорғаныс қабілетін арттыру бөлменің сыртқы қабырғасының сыртына
еден деңгейінен 1,7м биіктікке тас пен кірпішпен қосымша қалқа
немесе топырақ салынған қаптар қою арқылы қамтамасыз етіледі.
Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда
екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс
ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі
тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына
орнатылады.

43. Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке
жарамды бүкіл халық қарапайым панахана — қуыстарды (ашық және жабық) салады.
Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс
ғимараттар мен қамсыздандыруда аралық кезең болып табылады.
Олар халықты адролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және
өткіш радиациядан қорғайды шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды.
Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.
Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады соққы
толқынынан қорғану 2,5—3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200—300 есеге артады
қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай-ақ
қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.
Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін
2—3 есеге, жабық — 40—50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады.
Әдетте оның терендігі 180—200 см, жоғарыдағы ені 110 —120 см және төмендегі ені
— 80 см болады.
Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50—
60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10—15 адам, ал үлкен
қуыстыкі 50 адам.

44. Бункер Сталина

45. Панаханалар – Суреттері

46. Назарларыңызға рахмет!

English     Русский Rules