Қан аурулары
Қан аурулары
Лейкоздың этиологиясы
561.62K
Category: medicinemedicine

Қан аурулары

1. Қан аурулары

ҚАН АУРУЛАРЫ
Орындаған: Болатова Саягуль
2017 Жыл

2. Қан аурулары

• Қан айналымы ағзаларының ауруларына бірнеше
критерийлердегі ауруларды жатқызуға болады.
Солардың кейбірін қарастырып өтейік.
Агранулоцитоз
Анемия
Гемосидероз
Гемофилия
Гемохроматоз
Лейкоздар

3.

• Агранулоцитоз. Шеткері қан тамырларында
түйір лейкоциттердің азаюы. Организмнің дірілге, химиялық
заттарға ерекше сезімталдығынан пайда болады.
Агранулоцитоздың улы, инфекциялық, сәуле энергиясы
әсерінен және қан жасалу органдарының бұзылуынан
пайда болатын түрлері бар.[1]
• Агранулоцитоздың ерекшеліктері:[өңдеу]
• • агранулоцитоз кезінде сүйек миында бластар
табылмайды;
• қан өндірілудің қызыл мен мегакариоцитарлық
өскіншелердің редукциясы болмайды (мегакариоциттер
саны қалыпты);
• көкбауыр ұлғаймайды;
• геморрагиялық синдром болмайды

4.

Анемия (гр. αναιμία, қан аздығы) ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл
аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып
немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар
алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия)
негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін.
Қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы да
анемия дертін қоздырушы болып табылады. Күнделікті тамақ рационында
темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ушықтыра
түседі.
• Анемияның белгілері:
• Терінің бозарып, қуарып өңі қашады
• Қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады:
• Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады.
• Тырнақ ағарып кетеді, әлсіздену, тез шаршау пайда болады
• Анемияның ауыр түрінде бет-аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда
болуы мүмкін.
• Топырақ, бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын
шегеді.

5.

Гемосидероз (Haemosiderosis - қандағы темір)• Гемоглобин ыдырауы өнімінің (гемосидериннің)
шамадан тыс түзілуі және тіндерге жиналуы.
• Гемосидероздың жалпы және жергілікті түрін
ажыратады. Мыс, косжармалы қақпақ ақауында
өкпеде болатын гемосидероз.

6.


• Гемофилия қан ұюына қатысатын плазмалық факторлар жетіспеушілігіне
байланысты болатын, тұқым қуалайтын коагулопатиялар қатарына жатады.
• Гемофилия термині негізінде қан ұйытатын екі ақаудың болуына байланысты:
VIII фактор дефициті (гемофилия А) және 1Х фактор дефициті (гемофилия В).
Гемофилиямен аурушаңдық әр елде әр түрлі 100000 ер адамға шаққанда 6,6дан18 жағдайға дейін кездеседі, осының 87-94% гемофилияның А-түрі.
• Гемофилия А – VIII фактордың жетіспеушілігіне немесе прокоагулярлы бөлімнің
молекулярлы аномалиясына (антигемофильді глобулиннің)байланысты, Ххромосома мен рецессивті байланысып берілетін, кең тараған тұқым қуалайтын
коагулопатия. Гемофилия А этиологиясы және патогенезі. Х-хромосомада
орналасқан гемофилия гені, гемофилиямен ауыратын науқастан оның барлық қыз
балаларына беріледі, олар өз кезегінде бұл генді өз ұрпақтарына береді.
Науқастың барлық ұлдары науқастанбайды, өйткені сау анасынан бір Ххромасама алады.
• Ауру тасмалдаушы болып табылатын әйел адамдар гемофилиямен ауырмайды
өйткені екінші Х-хромасомасы сау болғандықтан, бірақта VIII-фактордың
белсенділігі екі есе төмендеген.Бұл әйел адамдардың ұлдарының жартысы ауру
болып тууы мүмкін, қыздарының жартысы тасмалдаушы болып тууы мүмкін.

7.

• Гемохроматоз (Haemochromatosis -кан+ бояу
пигментті қан) - гемохроматоз. Темір алмасуының
бұзылуымен байланысты туындайтын
ауру. Тканьдерде гемосидериннің
(жайылма гемосидероз), гемофусциннің, меланиннің к
өп мөлшерін табады.Бұл терінің гиперпигментациясы
мен паренхиматозды органдардың склерозды
өзгерістерін- бауырдың пигмент циррозық ұйқы безінің
склерозын (қола түсті диабет) кардиосклероз және т.б.
асқынуларды туғызады.

8.

• Лейкоздар
• Қан жасаушы (сүйек миы, лимфа түйіндері, көкбауыр,
бауыр) жасушаларынан пайда болған ісіктерді
«гемобластоздар» деп атау қабылданған. Міндетті түрде ең
бірінші сүйек миы зақымдануымен, кейін қанға, көкбауырға,
лимфа түйіндеріне және т.б. тіндерге жайылуымен жүретін
гемобластоздарды «лейкоздар» (лейкемиялар) деп атайды.
Сүйек миынан тыс пайда болған гемобластоздарға
лимфоцитомалар және гематосаркомалар жатады.
• Бүгінгі кезде лейкоздардың этиологиясы толық
анықталмаған, барлық патогенездік тізбектері шешілмеген,
болжамы өте қолайсыз, ал аурушылдығы жылдан-жылға
өсуде. Сондықтан лейкоздар – осы замандағы
медицинаның өзекті мәселелерінің бірі. Науқастардың
басым көпшілігінде лейкозға алып келген себепті анықтау
мүмкін емес. Қазіргі кезде лейкоздардың этиологиясында
келесі мутагендік факторлардың атқаратын қызметі туралы
болжамдар талқылануда.

9.

• Иондаушы радиация[өңдеу]
• Лейкоздардың дамуына иондаушы радиацияның әсері
анықталған деп есептеледі. Иондаушы сәуленің 1 Дж/кг не 100
рад жоғары мөлшері лимфомалармен салыстырғанда жедел
және созылмалы лейкоздардың пайда болуын жиілетеді.
Жапонның Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы атомдық
жарылыстардан кейін 5-7 жыл өткен соң, Қазақстанда Семей
полигоны маңындағы тұрғындар арасында жедел миелобласты
лейкоздардың, сондай-ақ әр жерде орналасқан қатерлі ісіктер,
лимфогранулематоз, көптеген миеломаның жиі кездесуі;
анкилоздаушы спондилоартритке байланысты сәулемен
емделген науқастар арасында созылмалы лейкоздардың едәуір
жиіленуі иондаушы радиацияның лейкоздың дамуына әсерін
дәлелдейді. Сонымен қатар, кәсібіне байланысты иондаушы
радиациямен жұмыс істейтін адамдар арасында лейкоз жиі
кездесед екен.

10. Лейкоздың этиологиясы

• Химиялық заттар[өңдеу]
• «Лейкоздардың дамуына бензол және құрамында хош иісті көмірсулары бар
миелотоксикалық химиялық заттар әсер етеді», – деген болжамға жетекші
мән берілген. Хлор ерітіндісі, сыр (эмальданған бояу), метилэтилкетонмен
жұмыс істеген жұмысшылардың балалары арасында лейкозбен аурудың
жоғарғы қаупі анықталған. Сондай-ақ тағам құрамында жоғары
концентрациядағы пестицидтер, гербицидтер қатерлі ісіктердің пайда
болуына әсер етеді.
Қатерлі ісіктерді емдеуінде қолданылатын химиотерапиялық, әсіресе
мелфалан, хлорамбуцин, нитрозомочевина, циклофосфамид, миелосан,
азатиоприн екіншілік лейкоздың дамуына себеп бола алады.
• Вирустық инфекциялар[өңдеу]
• Қазіргі кезде ірі қара малдың, құстардың, тышқандардың, атжалмандардың
лейкозын шақыратын вирустар табылған. Адам лейкозын туындататын
вирустардың ішінде Беркитт лимфомасына алып келетін Эбштейн-Баррдың
вирусы, герпес-вирусы (ұшық) және Т-жасушалы лимфолейкозды шақыратын
HTLV (Human T-cell lymphotropic virus) қызметі дәлелденген. Соның ішінде
ретровирусқа назарды көп аударуда. Себебі бұл вирустың геномында
қалыпты гемопоэздік жасушаның лейкозға айналып кетуіне жауап беретін
спецификалық гені бар. Осы гендерді «онкогендер» деп атайды. Олар
адамның, сондай-ақ, гемопоэздік жасушасының генетикалық локусына ұқсас
болады екен.

11.

• Қан ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды
нәрселерді есте сақтау керек:
Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін
азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ,
өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану,
сарыуызды барынша аз пайдалану;
Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап
отыру;
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарымдәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір
адамның өз тірлігі.

12.

Назарларыңызға рахмет!
Google.kz
http://kazmedic.kz/archives/1046
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
2017 Жыл
English     Русский Rules