4.25M
Category: historyhistory

Европалықтардың отарлауы

1.

Европалықтардың
отарлауы
Орындаған:
Ақтаева Дильназ &Құратан Ботакөз

2.

Жоспар:
Кіріспе
2. XV-XVIғғ. аралығындағы экспансия;
3. Отарлаудың бастапқы мақсаты;
4.Колумбтың ашылуынан кейінгі Еуропа;
5.Отарлық сауда тауарлары;
Қорытынды.

3.

Еуропа елдерінің Шығыстағы отаршылдық
экспансиясын 5 дәуірге бөліп қарастыруға болады:
1. ХҮІ ғ басынан ХҮІІ ғ. ортасына дейінгі кезең – теңіздің
арғы бетіндегі отарлар мен отарлық форпостардың
құрылуы;
2. ХҮІІ ғ. ортасы – ХҮІІІ ғ. ортасы – негізгі
империялардың қалыптасуы мен эволюциясының
бастапқы кезеңі
3.
ХVIII —
ХIХ
- отарлаудың шектері мен
шекараларының одан әрі кеңеюі;
4. ХІХ ғ. ортасы – ХХ ғ. басы – белсенді отарлық басып
алулар кезеңі.
5. Бірінші д ж соғыстан кейінгі отарлық тәуелділіктен
азат етілудің басталуы, екі дүние жүзілік соғыс
аралығындағы
отаршылдыққа
қайта
оралу
тенденциялары және ХХ ғ. екінші жартысында
деколонизация процесінің аяқталуы.

4.

Сонымен, Батыстың Шығыстағы отарлық сауда экспансиясы ХҮХҮІ
ғғ.
межесінде
басталды.
Испандықтар
мен
португалдықтардың, кейінірек голландықтар, ағылшындар мен
француздардың Латын Америкасындағы, Үндістан мен
Индонезиядағы, Африканың жағалаулық аймақтарындағы
отарлық экспансиясы ғасыр өткен сайын біртіндеп кеңейе түсті.
Ол Шығыстың басқа елдеріне тарап, бірте-бірте бүкіл еуропалық
емес әлемді толық қамтыды. Отарлаудың ерте кезеңін, яғни сауда
отарлауын ХҮІ ғасырдан баста. Ол дәуірде отарлау дәстүрлі
Шығыс елдерінің құрылымын бұза алмады және бұл елдерде
капитализмнің қалыптасуына ықпал ете алмады, (бұл кезде
капиталистік қатынастар Батыс Еуропаның өзінде де толық
жеңіске жетпеген болатын), алайда ол Шығысқа айтарлықтай
жаңа нәрсе де әкелді.

5.

Сауда экспансиясының ерте кезеңінде белгілі
бір басып алулар, территориялық аннексиялар,
форпостардың құрылуы, жекелеген елдерде
(Үндістан,
Индонезия)
шаруашылықтың
бағынуы және деформацияға ұшырауы, сондайақ адамдарды жаппай құлдыққа түсіру (Африка,
ішінара Индонезия) орын алғанына қарамастан,
алайда белсенді түрдегі отарлауға Шығыстың
тек бірқатар елдері ғана түсті. Оның үстіне,
отарлық сауда экспансиясы дәуірі дәстүрлі
Шығыс қоғамдарының түбегейлі өзгеруіне және
экономикасының
айтарлықтай
деформациясына алып келген жоқ.

6.

Отарлаушылардың мақсаты бастапқыда тек Шығыстың таңсық заттары, ең алдымен
дәмдеуіштеріне ие болу болды, содан кейін ғана құлдарды түсіру болды. Бір айта кететін
жағдай, бұл тауарлар үшін еуропалықтар аз төледі, бірақ бәрібір төледі, күштеп тартып
алу болған жоқ. Күміс теңге Шығыстан Батысқа емес, Батыстан Шығысқа судай ақты.
Басқаша сөзбен айтқанда Батыс пен Шығыс арасында сауда орын алды, әрине, кейде
күштеулермен жүруі, эквивалентті емес, тең емес сауда болуы да мүмкін еді, бірақ бұл екі
жақ үшін де тиімді сауда болғаны даусыз. Мұндай сауда айырбасы Шығыс үшін бұрыннан
үйреншікті болатын. Шығыс үшін әділетсіздіктер де, адамдарды жаппай құлдарға
айналдыру да, шетжерліктердің басып кіруі де әдеттен тыс жағдай болмаған еді.

7.

Бұл тұста моңғол жаулаушылықтарын, Әмір Темір жорықтарын еске
түсірсек те жеткілікті. Айта кететін жағдай, еуропалықтардың сауда
отаршылдығы бұрын Шығысқа белгісіз болған жалғыз ғана нәрсені әкелді,
бұл тұрақты түрдегі күнделікті ауыр еңбекпен айналысу, әсіресе, африкалық
құлдар үшін еңбек нағыз каторгаға айналды.
Отарлаудың бастапқы кезеңі ең алдымен португалдықтардың қызметімен
байланысты болды, сандық жағынан бұл қызмет ең алдымен африкалық құл
саудасымен байланысты болды, алайда, португалдықтар сонымен бірге
шығыс дәмдеуіштерімен және басқа да таңсық тауарлары саудасымен
айналысты, және Үндістандағы, Индонезия мен Цейлондағы, Қытай
жағалауларындағы алғашқы сауда факторияларын солар негіздеді. Африка
мен Азиядағы португал отаршылдығы сипаты бойынша саудагерлік болды,
мұның өзі уақыт өте келе еуропалық отарлауының афроазиялық нұсқасының
қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Алайда, Шығыспен сауда, тіпті
Африкамен болсын, қаражатты қажет етті. Дәмдеуіштер аса қымбат болды,
ал оларды тасуға одан да көп қаражат жұмсалды. Осындай жағдайда асыл
металды қайдан табуға болады деген мәселе туындады. Алтын мен күміс
Америкадағы испан-португал конкистодорларының ашкөздігін туғызуы
осыдан еді, мұның өзі Американың ежелгі өркениет орталықтарының
толықтай қиратылуына түрткі болды.

8.

Колумбтың ашылымынан кейін Еуропаға ағылып келген
қымбат металл ағыны бір жағынан баға революциясына
ықпал етсе, екінші жағынан, европалықтардың Шығыспен
саудасын қамтамасыз етті.
Алайда,
отарлық
афроазиялық
саудадағы
португалдықтардың үстемдік етуі ұзаққа созылған жоқ.
Еуропалық отаршылдардың Африкадағы және әсіресе
Азиядағы үнемі кеңейіп жатқан территориялық сауда
экспансиясындағы португалдықтардың үлесі қарқынды
түрде төмендеп, ХҮІ ғасырдан кейін тіпті түкке тұрғысыз
болып қалды. Енді бірінші орынға голландықтар шықты.
ХҮІІ ғасыр, әсіресе оның бірінші жартысы – Шығыстағы
Нидерланды ғасыры болды. XVII ғ. екінші жартысынан
бастап, ағылшындар үшін табысты болған бірқатар
ағылшын-голланд соғыстарынан кейін Голландиямен бір
қатарға, кейде оны тіпті ығыстыра отырып, Англия шықты.

9.

Голландықтар капиталистік даму жолымен жүрген
Еуропа державаларының алдыңғы қатарында
тұрғаны және Солтүстік Американы отарлауда
белсенді кәсіпкерлікпен айналысқаны белгілі.
Алайда, Шығыста олар португалдықтарды тек
ауыстырып қана қойған тәрізді, немесе солармен
бірге отарлық саудагерлер функциясын атқарды.
Олардың әдіс-тәсілдері де португалдықтардан
рекшеленбеді – сол африкалық және индонезиялық құлдардың саудасы,
дәмдеуіштерді сатып алу, оларды өндіру үшін плантациялар ұйымдастыру болды.
Сонымен бірге, голландтықтар1602 жылы метрополияның саяси қамқорлығында
болған әкімшілік-экономикалық қуатты ұйымды, яғни біріккен Ост-Индия
компаниясының негізін қалай отырып, отаршылдықтың жаңаруына ықпал етті.
Компанияның мақсаты Шығыстағы барлық голландтық отарларды табысты түрде
қанау үшін тиімді жағдай қалыптастыру болды.

10.

Кейінірек, ағылшындық Ост-Индия компанясы Үндістандағы ағылшын отаршылдығының
әкімшілік тірегіне айналды, XVIII ғ. бастап оны үкімет пен парламент қырағы түрде бақылауында
ұстайтын болды, ал 1858 ж. оның қызметі мүлде тоқтатылды, ресми түрде оны вице-король
бастаған Ағылшын өкілеттілігі алмастырды.
Голландтық және ағылшындық Ост-Индия компанияларының мысалында ХҮІІ ғасырда бұл
капиталистік сипаттағы сауда компаниялары болғандығы, олардың әкімшілік құқықтары
шектеулі болғандығын көреміз. Алайда, бұл құқықтардың өзі ағылшындар Үндістанда, ал
голландтықтар Индонезияда өздерін іс жүзінде қожайын сезінуі үшін жеткілікті болғандығын
практика көрсететі. Франция бұл қатынаста біраз артта қалып қойды, ол отарлық зкспансияға сәл
кешірек, ХҮІІ ғасырда ғана кірісті, оның үстіне 1789 ж. революция оның белсенді жүруіне
кедергісін келтірді. Жалпы алғанда, XVII және XVIII ғасырлар еуропалық отарлық сауданың
белсенді болған дәуірі болды, бұл саудадан Еуропа көп пайда тапты.

11.

Үндістаннан жоғары сапалы жүн және мақта
маталары, Кашмир орамалдары, индиго, қант,
тіпті апиын әкетілді, ал Африкадан құлдар.
Оның орнына Батыстан не келді? Бұл ең
алдымен қару-жарақ, аз көлемде бірқатар басқа
да тауарлар, алайда бұл тауарлар дамыған
Шығыс елдерінде еш сұранысқа ие болмады.
ХҮІІІ ғ. басында Еуропаның Шығыспен
саудасында батыс тауарларының үлесі бестен
бірін ғана құрады, ал бестен төртін металл
құрады.
Бұл жағдай отаршылдардың құрған
компаниялары мен жалпы отарлық сауда тек
шығынға батып отырды дегенді білдірмейді,
олар шығындарын еселеп пайдамен жауып
отырды, олардың саудасы ерекше табысты
болды. Бірақ бұл шынында да сауда болған еді,
испан-португал конкистодорлары Америкада
іске асырғандай тонау болған жоқ.
Отарлық сауда барысында қатыгездіктер,
адамдарға күш көрсетулер болғандығы рас,
әсіресе құл саудасы кезінде. Еуропалық
саудагерлердің жергілікті көпестерден
ерекшелігі, олар метрополияның белсенді
қолдауының арқасында әкімшілік жағынан
ұйымдасуға, және Шығыста бекініп алуға
тырысты, өзінің ықпал ету аймағын және ісәрекет еркіндігін үнемі кеңейтуге тырысып
отырды.
Дәл осы динамика отарлық сауданың саясиэкономикалық сипаттағы отарлық экспансияға
трансформациясына маңызды негіз қалады, ол
кейбір жерлерде (әсіресе Үндістанда) XVIII ғ- ақ
байқалды, ал негізінен, Шығыста ХІХ ғасырда
ерекше күшпен көрініс тапты.

12.

Сонымен, дәстүрлі Шығыста, соның ішінде Африкада да отаршылдық
отарлық саудадан басталды, сауда экспансиясының бұл дәуірі
айтарлықтай ұзаққа созылды, дәуірдің аяғына қарай ғана бірқатар
аудандарда территорияларды басып алулар орын алды. Осы XVI –
XVIII ғғ. әлемде көп өзгерістертер орын алды. Ең алдымен Еуропаның
өзі өзгерді. Американы отарлық тонау Еуропаның айтарлықтай
баюына ықпал етті, ол капиталдық алғашқы қорлануына негіз қалады.
Капитал кең көлемде транзиттік отарлық сауда айналымына салынды,
оның өзі әлемдік рыноктың қалыптасуына және оған барлық елдердің
тартылуына ықпал етті. Айналым мен рыноктың қалыптасуынан
түскен табыс Еуропаның капиталистік дамуы қарқынының өсуінде
маңызды роль атқарды.

13.

Жағдай ХІХ ғасырда, әсіресе оның екінші жартысында өзгерді. Бұл батыстық индустралды капиталдың
отарлық экспансиясы дәуірі болатын. Метрополиядан ағылып келе бастаған фабрика тауарлары ағыны
Шығыстағы отарлар тәуелді елдерді тез-ақ еуропалықтар үшін қажетті азық-түлік пен шикізат көзіне ғана
емес, еуропалық капитализм үшін құнды әрі маңызды тауар өткізу рыногына айналдырды. Рыноктық
байланыстар енді бұрынғыдан айтарлықтай тығыз бола түсті, және оның бойымен тауарлар мен қаражаттар,
екі бағытта бірдей ағылды. Кейде бұл дәстүрлі Шығыс қолөнері мен саудасының құлдырауы, әдеттегі өмір
салтының қирауы және онымен қатар жүрген саяси дағдарыстар, мемлекеттік биліктің әлсіреуі, және басқа
да дағдарысты жағдайлармен қатар жүрді. Оның есесіне, Батыстан басқа әлем де, өнеркәсіп тауарларын
өткізу рыногы, темір жолдардың және басқа да жолдардың құрылысы, телеграф желіліреі, батыстықбуржуазиялық типтегі ірі қалалар қалалар құрылысы қарқынды жүріп жатқан аймақтарға айнала отырып,
түбегейлі түрде өзгере бастады.

14.

Қолданылған әдебиет:
https://emirsaba.org/deris-kirispe-derisbirneshe-fasirlar-shireginde-otarliielikt.html?page=2

15.

Наза
р
мет!
ах
ы
з
ң
ғ
ы
а
р
р
а
л
English     Русский Rules