Литосфера және оның беткі қабаты – топырақ
Топырақ микрофлорасы
Топырақтың ластану көздері:
Топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
1. Жамалбеков Е.У. Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы топырақтану. Алматы 2001 2. Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы.
Назарларыңызға рахмет!
3.90M
Category: ecologyecology

Топырақ қоршаған орта нысаны ретінде. Топырақтың ластануы

1.

Тақырыбы: Топырақ
қоршаған орта нысаны ретінде.
Топырақтың ластануы.

2. Литосфера және оның беткі қабаты – топырақ

• Литосфера немесе жер қыртысы – жердің
сыртқы
қатты
қабаты.
Ал
топырақ

атмосферамен жанасатын литосфераның үстіңгі
борпылдақ қабаты. Тіршілік осы қабатта
шоғырланады. Топырақ абиотикалық және
биотикалық
факторлардың
әсерінен
тас
жыныстардан пайда болған. Ол пайда болу
уақыты, құрамы мен құрылысы бойынша
ерекшеленетін
бірнеше
генетикалық
горизонттардан тұрады.

3.

Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті
ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады.
Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде
адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта
болып саналады, ол энергетикалық сыйымдылығы
жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы
тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап
тұра алатын өздігінен тазару процестерінің
механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады.
Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру
үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана
жасалыныды.

4.

• Топырақтану ғылымының
негізін салушылардың бірі
В.В.Докучаев ХХ ғ басында
топырақты өзіне тән өзара
байланыстары, тіршілік ету
заңдылықтары мен өзін - өзі
реттеуге қаблиетті табиғи –
тарихи дене деп қарастырады,
топырақтың планетаның
тарихы мен тау жыныстармен,
климатымен, өсімдіктерімен,
тығыз байланысты
болатындығын атап көрсеткен.

5.

Топырақ кұрамы жағынан
негізгі үш қабаттан тұрады.
Олар бір-бірінен
морфологиялық және химиялық
құрамына қарай айырма
жасайды.
1. Перегнойлы
аккумалятивті - шөгінді
шіріндіге бай қабат. Бұл
қабатта пайда болған
органикалық
заттардың біразы судың
шаюымен төменгі
қабатқа өтеді.
2. Шайылу горизонты мұнда жоғарғы қабаттан
шайылып келген заттар
жиналады. Бұл қабаттағы
топырықтың құрамы да
түрлі-түрлі болады. Сазды
күлгін, қарашірікті,
алюминий мен темір
тотықтары да араласады.
Сондықтан бұл қабат беткі
қабаттан гөрі қаттылау,
тығыздау болады.
3. Топырақ пайда болған
ең негізгі қабат
(материнская порода)
яғни аналық жыныс.

6.

Топырақ түрлері
Сазды топырақ
Құламаларда
тұрақты жэне су
бұзып кетуіне
қарсы келе
алатын топырақ;
жолдың негізі
үшін жақсы
материал болып
табылады.
Құмайт топырақ
Ылғалды және
құрғақ күйінде
байланысы
жақсы топырақ:
құрғақ және тым
ылғалды
жерлерде жолға
себуге
пайдаланады.
Шым тезекті
топырақ
Ылғалдылықтың
тұрақсыздану
кезінде көлемдік
өзгерістерге зор
бейімі бар, қатты
сығылатын
орамды грунт, жол
себуге
қолданылмайды.

7.

Топырақта
тіршілік ететін
ағзалардың
экологиялық
топтары.
Мезофауна – недәуір
ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3
мм – ге дейінгі)
жиынтығы, негізінен
буынаяқтылар
(кенелер,алғашқы
қанатсыз жәндіктер мен
қанаттылардың ұсақ
түрлері, қырықаяқтар
және басқалар).
Микрофауна –
топырақтағы өте ұсақ
ағзалар
(қарапайымдылар,колор
аткалар,тихоходтар мен
нематодтар және т.б.).
Олар үшін топырақ –
микросу тоған жүйесі.
Макрофауна – 2-20 мм.-ге
дейінгі көлемдегі денелі
жәндіктер
(құрттар,қырықаяқтар,жәндікт
ер,шаянтәрізділер).

8. Топырақ микрофлорасы

Топырақ табиғатта микроорганизмдердің тіршілік етуінің
шынайы ортасы және бастапқы резервуары болып табылады
(азот, көміртек, күкірт, темір және т.б.). Олар топырақтың
түзілу және өзіндік тазару процесіне белсенді қатысып,
табиғаттағы зат алмасуға қатысады. Топырақ таулы ортадан
желдің, судың тірі организмдердің және олардың
органикалық
қосындылардың,
яғни
өсімдіктермен
жануарлардың өңімінен пайда болуынан түзіледі. Топырақ
микрофлорасының сапалық құрамы өте әртүрлі: әртүрлі
бактериялар, актиномицеттер, спирохет, архебактериялар,
микоплазм, саңырауқұлақтар, вирустар.

9.

• Топырақтың сапасы морфологиялық,
генетикалық, химиялық және физикалық
қасиеттеріне байланысты болады. Осы
қасиеттерге сәйкес топырақтың сапасын
анықтауға қажетті негізгі табиғи диагностикалық
белгілерге мыналар жатады: қарашірік қабатының
қуаты (қалыңдығы); қарашіріктің, тұнбаның және
саз балшықтың проценттік мөлшері; топырақтың
қарашірінділігі; топырақтағы қозғалмалы қоректік
элементтердің (фосфордың және калцийдің) қоры
(запасы); топырақтың механикалық құрамы,
қышқылдығы және тағы басқалары.

10.

Бүгінгі күні адам баласы 98%-н астам азық-түлікті
жерді пайдалану арқылы алады. 21 ғасырдан
бастап топырақ, табиғи және антропогендік
факторлардың қарым-қатынасының ерекше жүйесі
ретінде, қоғам және табиғат өмірінде үлкен орын
алады.Азық-түліктік қауіпсіздікті орындаудағы
басты шарт топырақ құнарлығын көтеру және
ауыл
шаруашылық
мәдениеттер
мен
жануарлардың өнімділігін арттыру болып
табылады.
Өткен
ғасырдан
басталған
топырақтың
антропогендік деградациялануы топырақты қорғау,
құнарлығын көтеру және ұдайы өндірісті жаңарту
өзекті проблема болып отыр.

11.

Деградация (латынша degradatio – біртіндеп
нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды
қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе
жойылуы, құлдырауы.
Топырақ деградациясы- кері әсерлі химиялық
және физикалық жағдай салдарынан топырақтың
әрбір қасиеттерінің нашарлауы.

12.

Деградацияға ұшырау сатысы
2
• Әлсіз
• Бір қалыпты
3
•Қатты
1
БҰҰ қоршаған орта және тұрақты даму конференциясының (Рио-деЖанейро, 1992) құжаттарында жер аумағының топырақ қабатының
деградациялануы дәрежесі бойынша келесі мәліметтер берілген:
деградацияның шеткі дәрежесі-1%, күшті-15%, орташа-46% және
жеңіл-36%. Топырақтың деградациялану процесі әлемдегі гумидті
және аридті зоналарда кеңінен таралған.

13.

• Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес
физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы
және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған
мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың
ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік,
микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың
ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді, түсімді бірден
азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың)
қорлануына себеп болады.

14.

• Химиялық ластаушылар үлкен екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі
бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық
заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды
тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және
т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде
болса топырақты ластаушылар болып шыға
келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты,
газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен
химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал
шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеусанитариялық және малдәрігерлік мекемелерден
ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан
қалдық суларды жатқызуға болады.

15.

Техногендік ластанған жерлер барлық табиғат
белдеулерінде кездеседі және олар жерлерді
ұзақ уақыт пайдалану барысындағы
жайылымдардың дегумификациясымен, сор
және сортаңдануымен, жел және су
эрозиясының дамуымен, топырақтың ластануы
мен техногендік бұзылуымен, шамадан тыс
жайылымға қолданылғандығымен байланысты.
Жер бедерінің түзілу үрдістері – эрозия және
дефляция үрдістерінің әсерінен жерлердің
деградациясы жүреді. Халықтың тығыздығы да
қоршаған ортаға және шөлденуге әсерін
тигізеді.

16. Топырақтың ластану көздері:

• Топырақты негізгі ластаушыларға
пестицидтер (улы химикаттар), минералды
тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары,
ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді
ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері
және т.б. жатады.

17.

Топырақтың ластану факторлары
Эрозия
Кеберлену
Батпақтану
Тұздану

18.

Республиканың табиғи және антропогендік
экожүйелерінің бұзылуын интегралды бағалау
әсер ету факторлары мен деградация дәрежесімен,
типімен сипатталады. Биологиялық табиғи өзінөзі реттеу түрлі дәрежеде бұзылған барлық
экожүйелерге тән. Бірақ табиғи белдеулік
жүйелердің толық қалпына келу үрдісі өте сирек
кездеседі. Қалпына келу үрдісі жылдам (10 жылға
дейін) немесе ұзақ (50-100 дейін және одан көп
жыл) мерзімді болуы мүмкін. Олардың ұзақтығы
олардың бұзылу дәрежесі мен сипатына,
пайдалану нұсқасына, бірлестік мелиорациясын
қолдану нұсқаларына тәуелді.

19.

ҚР 14 облысы ішінен тек бес облыста ғана (Ақтөбе,
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және
Қостанай) кері белгілер (яғни шөлдену) жемдік жерлердің
30% құрайды. Басқа облыстарда деградация 30-50% және
одан жоғары.
Жыртылған жерлерде топырақ эрозиясы мен дегумификация
үрдісі күшейген. Қарашіріктің мөлшері 25-30% азайған.
Осыған байланысты топырақтың құнарлығы нашарлап, астық
дақылдардың өнімділігі төмендеген. 17 млн. га жыртылған
жерлер тыңайған, жайылымға шығарылды. Бірақ ұзын шөпті
арамшөптермен қаптаған тың жерлер егістердің
зиянкестерінің санының артуына ықпал етеді. Топырақтың
сортаңдануы, су және жел эрозиясы, қарашіріктің азаюы,
суарудан қалған сулардың қайтадан жібергенде жерлердің
сортаңдануы республикада топырақтық 90% астамын
қамтиды.

20.

Топырақтың ластануы шөлейттенуді алып
келеді, бұл Қазақстандағы басты
проблема. Ластану қарқынды жүруде,
соңғы жылдары 30 есеге өсті.

21.

Шөлдену- жердің деградацияға ұшырап,
биологиялық қоры азайып, табиғи
экологиясы нашарлап , халықтың
денсаулығына кері әсер етеді. Орталық
Азияда Қазақстан шөлденуден 1 орында.
Бізде шөлденудің барлық түрі кездеседі.
1.Жердің техногенді бұзылуы
2.Өсімдіктің өнімділігінің азаюы
3.Дебуфикация
4.Жел,су эрозиясы
5.Топырақтың жер асты суларының
химиялық, радиоактивті ластануы

22.

Қазақстан аудандарының шөлдену дәрежесі
бойынша таралуы

23.

Қазақстанда 12 млн жер жел эрозиясына,
5млн су эрозиясына ұшыраған. 6,5 млн га
жайылым әртүрлі деградацияға ұшыраған,
жалпы 10 млн га деградацияға ұшыраған.
Қазақстан Республикасының топырағының
деградациялануының ең басты проблемасы
жердің жеке меншікке өтуі.

24.

Топырақтан сынама алу әдістері.
Топырақ белгілі бір учаскеге тән болуы керек. Бүкіл учаске
бойында біртекті топырақ болса, шахмат ретімен орналасқан
әртүрлі жерден бірнеше ойық немесе учаскенің ортаңғы
сызығымен әртүрлі тереңдікте алады.
Топырақ сынамасын арнайы бұрғымен немесе таза күрекпен
алады. Салмағы 2-3 килограмм болатын әрбір сынаманы
үйкелген қақпақты шыны ыдыстарға, таза қапқа немесе тығыз
орама қағаздың қос қабатына салады да, мерзімі үлгіні алған жер
мен алу тереңдігі көрсетілген жапсырма қағазбен қамтамасыз
етеді. Зертханада топырақтың таңдалып алынған сынамаларын
қағаз беттерге жұқа қабат етіп себеді, кесектерін ұсатып, ауада
кептіреді. Талдау үшін 0,5-1,0 килограмм топырақ алынады.
Зертханалық зерттеулер алдында топырақтан тамырлар және
басқа да тән емес қоспаларды тазартады да, пайыздық қатынасын
анықтау үшін оларды өлшейді

25.

• Гигиеналық нормативтерді әзірлеу топырақты
санитарлық қорғау жүйесіндегі аса маңызды
буындардың бірі болып табылады. Қазіргі
уақытта топырақ құрамында ондаған мың заттар
кездесетін болса, олардың ішінде тек 200 астам
заттарға бекітілген нормативтер бар. Олардың
қауіпсіз деңгейі, биологиялық әсер ету механизмі,
болашақтағы салдары, топырақ биоценозына
әсері, басқа орталар арқылы жанама әсер ету
мүмкіндіктері жөніндегі мәліметтердің болмауы,
топырақтың химиялық ластануын гигиеналық
бағалауды және ұтымды алдын алу жөніндегі ісшараларды әзірлеуді едәуір қиындатады.
Топыраққа түскен экзогенді химиялық заттар мен
радионуклидтер әр түрлі орталарға
миграцияланып, әр түрлі жолдармен ағзаға түсе
алатындықтан, топырақтағы ластаушы заттарды
гигиеналық нормалаудың маңызы арта түседі

26. Топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

• табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
• қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін
мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
• топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу
тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
• зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
• қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып,
кейбір түрлерінің қолданылуын шектеу;
• ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам
шөптермен күресу үшін химиялық әдістердің орнына
биологиялық әдістерді қолдану және т.б.

27.

Қорытынды
Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр
түрлі климатта, аймақ рельефі мен адамның шаруашылық
әрекетінің қарым-қатынасының ерекше полифункциональды
жүйесі.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен
жоғарғы өнім алу мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды,
пестицидтерді интенсивті пайдалану топыраққа қосымша кері
әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер
жасауда.

28. 1. Жамалбеков Е.У. Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы топырақтану. Алматы 2001 2. Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жамалбеков Е.У. Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы
топырақтану. Алматы 2001
2. Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы. Алматы 1999

29. Назарларыңызға рахмет!

English     Русский Rules