72.93K
Category: informaticsinformatics

Сұхбатты оқыңыз, келесі тапсырманы орындаңыздар

1.

Сұхбатты оқыңыз, келесі тапсырманы орындаңыздар.
Қайрат: Қайық дайын. Мен Қапшағайға үш күнге барамын. Сендер менімен
барасыңдар ма?
Ескендір: Тамаша! Мен келісемін. Қашан жүреміз?
Карина: О, мен де барамын.
Қайрат: Ал сен ше, Ажар?
Ажар: Егер бәрі барса, мен де келісемін.
Қайрат: Ал сендер ше?
Әсет: Мен жүзе алмаймын. Меніңше, бұл қауіпті.
Мерген: Мен де бармаймын. Мен шаршап жүрмін, бірақ сендерді шығарып саламын.
Карина: Жүрсеңші, Мерген. Мен де шаршап жүрмін, бірақ достарыммен бірге барамын.
Нұрлан: Әрине, болады, бірақ тек қана екі күнге.
Ернар: Мен әлі білмеймін. Менің жұмысым көп.

2.

Бағанды қажетті сөз тіркестерімен
толтырыңыздыр.
Келісуге
байланысты
Келіспеуге
байланысты
Екі ойлы
адамның сөзі

3.

Джек пен Динараның сұхбатын тыңдыңыз,
оқыңыз, қайталаңыз.
Джек: Динара, институтқа күнде барасың ба?
Динара: Жоқ, күнде бармаймын. Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері барамын.
Джек: Сен 1-курста оқисың ба?
Динара: Жоқ, 2-курста оқимын.
Джек: Сен қаржыгерсің бе?
Динара: Жоқ, қаржыгер емеспін. Менің мамандығым – есепші.
Джек: Достарың көп пе?
Динара: Жоқ, достарым көп емес. Ал сенің достарың көп пе?
Джек: Иә, менің достарым көп.
7. Сұхбатты қайта оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Динара институтқа күнде барады ма?
2. Ол 3-курста оқиды ма?
3. Динара қаржыгер ме?
4. Динараның достары көп пе?

4.

Динара туралы ақпаратты оқып, анкетаны
толтырыңыз.
Сәлем. Менің атым Динара. Мен Алматыда тұрамын. ҚБТУ-да 3 курста
оқимын. Менің жасым – 20-да. Мен домбырада ойнаймын. Мен күйді
ұнатамын. Каратэге қатысамын. Қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын
тілінде еркін сөйлеймін. Мен биді ұнатамын. Латын-американ биіне
қатысамын. Теледидарды қараймын. Интернетте жиі отырамын. Музыка
тыңдаймын.

5.

Динара туралы өзара сұрақ қойып жауап беріңіз.
Үлгі: Динара стипендия алады ма?
Жоқ, ол ақылы оқиды.
Әлия – Динараның досы. Оның әңгімесін тыңдаңыз. Ол не істейді?
Пәтерде тұрасың ба?
Жоқ, түнгі клубқа бармаймын
Күнде ерте тұрасың ба?
Иә, жиі кездесемін
Сенбі күні оқисың ба?
Иә, бізде сабақ дүйсенбі, сейсенбі,
сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері
демалыссыз.
Жарысқа жиі барасың ба?
Достарыңмен жиі кездесесің бе?
Домбырада ойнайсың ба?
Университетке күнде барасың ба?
Жақсы оқисың ба?
Түнгі клубқа барасың ба?
Иә, 10 жастан бастап ойнаймын.
Емтиханды жақсы бағаға тапсырамын.
Жоқ, мен ақылы оқимын.
Иә, пәтерде тұрамын.
Жоқ, кейде кеш тұрамын.
English     Русский Rules