230.50K
Category: financefinance

Заем шарты. Ақшалай талапты бepin каржыландыру (факторинг) шарты. 7-тақырып

1.

7-тақырып. Заем
шарты.Ақшалай талапты бepin
каржыландыру (факторинг)
шарты.

2.

Заем
Заем - мемлекетгің қарыз (заемшы) немесе несие беру
рөлін атқаруына байланысты несиелік қарымқатынастардың бір түрі. Заем қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді, пайызды, ұтыс заемдары болып ажыратылады.

3.

Заем шартынын нысаны
Заем шарты заемшының облигациясы,
қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi
бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр
мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де
құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша
нысанда жасалды деп танылады.

4.

жазбаша нысанда

5.

Заем шартын жасасу
Заем шарты, егер осы Кодексте немесе
тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ақша
немесе заттар берiлген кезден бастап жасалды
деп есептеледi.
Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп
(бөлiп-бөлiп) беру көзделген жағдайларда, егер
шартта өзгеше көзделмесе, олардың бiрiншi бөлiгi
берiлген кезден бастап шарт жасалды деп
есептеледi

6.

Қарыз шарты бойынша сыйақы
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе,
қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы
шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге
сыйақы төлейдi.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті
мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

7.

Заем нысанасын беру
Заем нысанасы шартта көзделген мерзiмде, мөлшерде және
жағдайда берiледi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны
заемшыға берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша
қаражаты есептелген кезден бастап берiлген деп есептеледi.
Тектiк белгiлерiмен айқындалатын заттарды заемға
берген кезде олардың саны, түр-түрi, жинақтылығы, сапасы,
ыдысы және (немесе) буып-түйiлуi туралы шарттарды
орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып
алу-сату шарттары туралы ( Кодекстiң 406-492-баптары)
ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.

8.

Нысаналы заем
заем нысанасыз болады және заемшы алынған заем
нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.
Шарт заемшының заем нысанасын белгiлi бiр
мақсатқа пайдалануы шартымен (нысаналы заем)
жасалған жағдайда, заем берушiнiң заемның
нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға
құқығы бар, ал заемшы заем берушiнiң осындай
бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз
етуге мiндеттi.

9.

Заемшының мiндеттемелерiн
орындауын қамтамасыз ету
Заем нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөнiндегi
мiндеттемелердi орындау Кодексте қамтамасыз етiлген.
Бұл жағдайда заемшы заем берушiге заемның қамтамасыз
етiлуiн бақылауға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Заемшы заем нысанасын қайтаруды және сыйақы
төлеуді
қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамаған
кезде, сондай-ақ заем берушi жауап бермейтiн мән-жайлар
бойынша қамтамасыз етудi жоғалтқан немесе оның
шарттарын нашарлатқан жағдайда заем берушi заем
нысанасының тиiсiнше ұсынылмаған бөлiгiне қатысты
шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем
нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын
қайтаруды талап етуге құқылы

10.

Заем нысанасын қайтару
Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын
қайтаруға мiндеттi.
заем нысанасы оны заем берушiге берген немесе оның банктегi
шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледi.
Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны
заемшы ол туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн
iшiнде қайтаруы тиiс.
Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен
бұрын қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем
нысанасы заем берушінің келісімімен не мерзімінен бұрын қайтарылуы
мүмкін.
Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген
уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.

11.

Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын
қайтару туралы талапты
қанағаттандыру мерзімі
Заем берушi 720-баптың З-тармағында, 721-баптың 2тармағында, 722-баптың 3 және 4-тармақтарында
көзделген негiздер бойынша заем нысанасын мерзiмiнен
бұрын қайтару туралы талаптар қойған кезде заем
нысанасын қайтарудың және ол бойынша сыйақыны
төлеудiң жаңа мерзiмi осы Кодекстiң 722-бабының 1тармағында белгiленген ереже бойынша есептеледi.

12.

Мемлекеттiк заем шарты
Мемлекеттiк заем шарты бойынша заемшы - мемлекет,
ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады.
Мемлекеттiк заемдар ерiктi болып табылады.
Банк заемы шарты
Банк заемы шарты бойынша заем берушi заемшыға төлемділік, мерзімділік,
қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге мiндеттенедi.
1-1. Ислам банкі заем беруші болып табылатын банк заемы шарты бойынша
ақша заемы мерзімділік және қайтарымдылық талаптары бойынша және
ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алынбай жүзеге асырылады.
2. Банк заемы шартына осы Кодекстiң 728-бабында көзделген
ерекшелiктерiмен қоса заем шартына қатысты ережелер қолданылады.

13.

Заем шартын даулау
Заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын iс жүзiнде
алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз
мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып,
заем шартын даулауға құқылы.
Заем шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс жағдайлар
шарт алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың, тараптар
өкiлдерiнiң қаскүнемдiк келiсiмiнiң немесе ауыр мән-жайлар
тоғысуының ықпалымен жасалған жағдайларды қоспағанда
оны куәгерлiк көрсетулер арқылы даулауға жол берiлмейдi.

14.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
(ерекше бөлім) Қазақстан Республикасының 1999
жылғы 1 шілде
2. Идрышева С.Қ. Қазақстан Республикасының
Азаматтық құқығы. ерекше бөлім. Оқу құралы.
Астана 2015ж
3. Жайлин Г.А. Гражданское право. Особенная
часть. Учебник. Том 3. – Алматы, 2013. – 198
4. Сулейменов М.К. Гражданское право Республики
Казахстан: опыт теоретического исследования. Том
2. Часть вторая. Теоретическая. Раздел 1. Общие
проблемы гражданского права. - Алматы, 2016
English     Русский Rules