Similar presentations:
Фариза Оңғарсынова
1.
ФаризаОңғарсынова
Қазақ ақыны,халық жазушысы,журналист
2.
Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан.Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғалиев (1891-1940)оқыған, елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі.
Ал анасы Халима Иманғалиева (1893-1976) арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Ақын қыз үйдің
кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-жылдары
дүниеден өткен. Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең
шығаратын болған.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы
«Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың
бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным»,
«Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.
Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған.Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі»
кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде»
өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің
жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
3.
Фариза мен Мұқағали арасындашынайы сезім болған ба?
Қос ақын қалай танысты? Ең алғаш Фариза апамыз
алмалы қаладағы өмірін «Қазақстан пионері» газетіне
редактор болудан бастайды. Бұған дейін «Лениншіл
жас» газетінің Атыраудағы тілшісі қызметін
Фариза мен Мұқағали арасында шынайы сезім
абыроймен атқарады. Мұқағалимен алғаш таныстығы
ба?Ақпарат
дереккөзі:
да ерекше.болған
Ақын-апамыздың
кітабының
редакциялық
https://massaget.kz/blogs/1274/
талқылауында Сағи ағаның (Жиенбаев) ащы сыны
жас қыздың жігерін біраз осқылып өтеді. Талқылауда
Фариза жырлары нәзік табиғатты қыз балаға жат
қылықты жырлар деп сыналса керек.
4.
""
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?.
5.
Қазақ поэзиясының падишасы, әдебиеталаңындағы ең танымал муза, ақын әрі қайреткер.
Иә, мұның барлығы жалғыз адам. Жалғыз. Бұл –
Фариза Оңғарсынова.
Авторы:Белгісіз