1.34M
Category: medicinemedicine

Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу

1.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу.
Орындаған Қонысбек А.
Тобы 901F
Қабылдаған

2.

Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алудың мақсаты
Мұрын микрофлорасын зерттеу.
Процедураға көрсеткіш Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары.
Зерттеуге қалай дұрыс дайындалу керек? Мұрыннан жағынды алудан 3-4 сағат бұрын
тамшы/спрей тамызбау және мұрынды шаймау қажет. Жағындыны таңертең алу
қолайлы.
Қажетті құралдар: резеңке қолғап, бет перде, құрғақ мақтаоралған таяқшалар,
пробиркалар 2 шт, пробиркаларды қоятын штатив, лотоктағы залалсыздандырылған
шпатель, жолдама, қағаз, стеклограф

3.

Процедураға дайындық.
1. Науқасқа зерттеудің мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алу.
2. Мұрын қуысын қарап, оның тазалығына көз жеткізу. Қажет болған жағдайда мұрынды тазалау
(науқастың сіңбіруін сұрау), қабыршықтарды тазалау, стерильді вазелинді маймен жұмсартып,
мақта фитилдерімен тазалау.
Мұрынды сумен жууға болмайды,өйткені алған жағындымыздан дұрыс нәтижеала
алмаймыз. Жағынды таңертең науқас дәретханаға бармай, жуынбай тұрғанда жүргізілген дұрыс.
З. Қолды сабынмен жуып, стерилді қолғап пен маска кию.
4. Пробирканы стеклографпен нөмерлеу керек: пробирканы штативке орнатамыз.
Пробирканың реттік нөмері науқастардың аты – жөндерімен сәйкес келуі керек.

4.

Іс - әрекеті:
- қажетті құралдарды дайындайды;
- зертханаға жолдама жазады;
- қолды жуып,кептіреді;
- бет перде, резеңке қолғап киеді;
- үстелге оң қол жаққа қажет құралдарды қояды;
- пробиркаға стеклографпен «М», «Т» (мұрын, тамақ) деп белгілейді;
- баланың бетін жарыққа қаратып отырғызады, қажет болса көмекші ұстайды:
1. баланың аяқтарын көмекші аяқтарымен қысып отырады;
2. денесі мен қолын баланың маңдайына қойып басын ұстайды;
- «М» белгісі бар пробиркадағы мақта оралған таяқшаны оң қолға алады;- сол қолдың бас
бармағымен мұрын ұшын көтереді;
- тампонды айналдыра отырып еппен бір жақ мұрын қуысының, одан кейін екінші мұрын
қуысының қабырғаларынан жағынды алады;
- тампонды пробирканың жан жағына тигізбей ішіне салады;
- баланың аузын ашуын сұрайды, шпателмен тілдің түбінен басады.

5.

Ескерту:- жас балалардың ауызын шпателмен ашқанда сол қолмен шпателді қаламша ұстап,
ауыз қуысына тістерге дейін қырынан кіргізеді де, тістердің соңына жеткенде шпателді
жалпағынан бұрады,тілдің түбіне басады;- сол қолдың IV және V саусақтарымен пробирканы,
қалған үш саусақтармен шпателді қаламша ұстайды;- баланың тілін шпателмен басып,аузын
ашады;- оң қолмен «Т» белгісі бар пробиркадағы мақта оралған таяқшаны алып, доғашықтан,
тілшіктен, көмей бездерінің шырышты қабығынан жағынды алып ұртына,тіліне тигізбей
шығарып алады да пробиркаға салады.

6.

Ескерту:егер дифтерияға күдікті қабыршақ болса материалдысау және зақымдалған
ұлпаның арасындағы шекарадан алады;- қолды жуып, қолғапты сыртынан
залалсыздандырылған ерітіндімен сүртеді;- бет пердені, қолғапты шешеді;- қолды жуып
кептіреді;алынған материалды жолдамамен зертханаға жөнелтеді

7.

Қолданылған әдебиеттер:
http://sestrinskoe-delo.ru/
http://kazmedic.kz/
Google фото
English     Русский Rules