Similar presentations:
Теміржетіспеушілік анемия
1. Теміржетіспеушілік анемия
2.
ТЖА -темірдің организмдежетіспеушілігіне байланысты
эритроциттердегі гемоглобин
синтезінің бұзылуынан болатын
гипоксия мен сидеропениялық
белгілермен көрінетін
клиникалық-гематологиялық
синдром.
3. Теміржетіспеушілік анемия
-әлем халықтарының 20%кездесетін, жер бетінде кең
тараған аурулардың бірі. Бұл
аурумен көбінесе ерте жастағы
балалар мен жүкті әйелдер
ауырады.
4.
Қан сарысуындағы темірді жәнеқандағы трансферриннің қанығу
пайызын зерттеу кезіндегі
анықталатын темір
жетіспеушіліктің латентті түрі 2-4
есе жиі кездеседі.
5.
Темір алмасуыТемір барлық тірі ағза үшін өте маңызды
элемент болып табылады және оның
органикалық –бейорганикалық
әлемдердің арасында орналасуының да
маңызы зор. Жердің қыртысты
қабатында темірдің мөлшері 4,7 % болса,
ал адам организмдегі мөлшері өте аз дене салмағының 0,0065% құрайды.
6.
Ересек адам ағзасында темір мөлшері 4,57 г, ал жетіліп туған нәрестеде 300-400 мгқұрайды.
Адам ағзасындағы өте аз мөлшеріне
қарамастан темірдің ағза үшін маңызы
зор, ол ағзадағы әрбір жасушаның
тіршілігін қамтамасыз етеді.
7.
Тіндердегі темір қызметіТыныс алуға қатысуы;
Тотығу-тотықсыздануға қатысуы;
Порфириндер метаболизміне қатысуы;
Коллагендердің синтезіне қатысуы;
Лимфоциттердің жұмысына қатысуы;
Макрофаг жұмысына қатысуы;
Нейтрофилдердің жұмысына қатысуы;
Жүйке талшықтарының өсуіне
қатысуы;
8.
Адам ағзасындағыбарлық темір
әртүрлі белоктардың құрамдық бөлігі
болып табылады және гемдік, гемдік
емес деп екіге бөлінеді.
Темірдің бір бөлігі ферменттік емес түрде
болып, ферритин немесе гемосидерин
түрінде темірдің ағзадағы қосымша
қорын құрайды.
9.
Ал темірдің негізгі бөлігі гемоглобинқұрамына гем түрінде (60%),
миоглобин түрінде (9%), бауырда
ферритин мен гемосидерин түрінде
(17,8%) енеді.
10.
Ферритин- айналасын темір атомдарықоршаған, құрамында апоферритин
белогы бар қан сарысуының белогы.
Қалыпты жағдайда ағзадағы барлық
клеткаларда, әсіресе бауыр мен бұлшық
етте басым болады, ал плазмадағы
мөлшері төмен болады.
11. Гемосидерин
- құрамында темірконцентрациясы жоғары
ферритин туындысы.
12.
ЭтиологиясыТЖА мен латентті темір
тапшылығының негізгі себептеріне
темірдің алиментарлық
тапшылығы және өсіп келе жатқан
ағзаның темірге деген жоғары
қажеттілігі жатады.
13.
Темір жетіспеушілігінің себептерінетемірдің ішекте сіңірілуінің
бұзылуы, инфекциялық аурулар,
жедел және созылмалы қан
жоғалтулар, және сирек себептерінетемір тасымалының бұзылуы
жатады.
14.
Сонымен қатар, тамақ рационыныңдұрыс құрылмауы, яғни рационда
темірді тежейтін тағамдарды көп
мөлшерде қолданудың ауру тууына
себебі зор, оған: сүт, май, қою қара
шайды жатқызамыз. Сиыр сүтіндегі
кальций темірдің ішекте сіңірілуіне
кедергі жасайды, оксалат, фитат, фосфат,
таниндер темірмен байланысқа түсіп,
оның сіңірілуін тежейді.
15.
Анемияның дамуына витаминдермен микроэлементтердің
жетіспеушілігі әкеледі. Анемиямен
ауыратын балалардың көпшілігі
жасанды тамақтанатын,
бейімделмеген сүт қоспаларын
қолданатын және көкөніс пен ет
пюрелерін қосымша тамақ ретінде
кеш пайдаланған балалар жатады.
16.
Ал ересектеу балаларда анемияныңдамуына, негізінен: толық құнды
тамақтанбау, рационында құрғақ
сүт және ұннан жасалатын
тамақтарды көп пайдалану және ет
тағамдарын, жеміс-жидектерді,
шырындарды аз мөлшерде
қабылдау әкеледі.
17. ТЖА № 1 қатер тобына-
туған кезде темір деңгейініңжетіспеушілігі бар балалар, яғни
шала туғандар, егіздер жатады.
18.
Шала туған және жетіліп туылғаннәрестелердегі
темірдің жалпы мөлшері.
Нәрес Дене
те
салмағ
лер
ы, кг
Нв
г/л
Нв
Гем-гі
салма темір,
ғы г
мг
Темірдің
қордағы
мөлшері,
мг
Тіндік, Жалпы
темір темір,
мг
мг
Жетілі
п
Туған
3,3
190
55
185
34
23
242
Шала
туған
1,5
190
30
97
15
10
122
19.
Нәресте ағзасындағы темірдің жалпымөлшерінің 75% қан айналымына, яғни
циркуляциялық гемоглобин ретінде
жұмсалады. Ол екі факторға байланысты:
1.Нәрестенің туғандағы пропорциальды
салмағына тән қан көлеміне (15 мл/кг).
2.Туғандағы гемоглобин концентрациясына
(Шала туған балалардың дене салмағының
төмен болуы немесе гемоглобин мөлшерінің
төмен болуы темір тапшылығына әкеліп
соғады). Егіздер мен шала туған балаларда
темір қорлары туғандағы салмағына
пропорциональды төмендейді 75 мг темір (дене
сал.кг.).
20.
ТЖА 2-ші қауіп-қатер тобына бір жәнеекі жас аралығындағы балалар жатады.
Бұл жастағы балаларда темір
гомеостазы тұрақсыз болады және
тіндік темір тапшылығын туғызатын
бірнеше себептері бар. Олардын
бастысы- бір жасқа қарай темірдің
антенатальдық қорының 70-75-тен 35-40
мг/кг дейін төмендеуі, дене салмағының
3 есе өсуі және темірдің қажет мөлшерде
енбеуі, эритроциттердің ферменттік
жүйесінің толық қалыптаспауына
байланысты темірдің нашар сіңірілуі.
21.
ТЖА келесі себептеріне ішектің барлықауруларын жатқызамыз, өйткені темір
негізінен ішекте, яғни жіңішке ішекте
сіңірілетіндіктен, ондағы барлық
патологиялық жағдайлар оның
сіңірілуін бұзады. Темір тапшылығына
әкелетін негізгі ішек ауруларына:
мальабсорбициямен болатын
энтериттер, целиакия, жаралы колит,
жіңішке ішектің резекциясы жатады.
22.
ТЖА-ның сирек кездесетінсебептеріне балалардың қан жоғалтуы
жатады және гипосидероздың жалғыз
себебі ретінде ол 2% құрайды.
ТЖА-ны тудыратын көп кездесетін
себептердің біріне глистік инвазия
жатады.
23. ТЖА патогенезі.
Қорлардың аталуыСипаты және қызметі
Гемоглобиндік
(эритроцитарлық)
Гемнің құрамында темір мөлшері жоғары. Өкпедегі О2
тіндерге тасымалдамауға қатысады.
қосымша
Гемосидерин және ферритин түрінде паренхиматоздық
клеткаларда, көк бауыр, бауыр, бұлшықеттердің,
өкпенің, сүйек кемігінің макрофагтарында
депонирленген.
Тасымалдаушы
30-50% темірмен қаныққан плазма трансфериндердегі
темір белогынан тұрады. Трансферин ішектің шырышты
қабатынан, макрофагтардан, клеткалардан темірді
темірдің қорына, сүйек кеміндегі эритрокардиоциттерге
тасымалдайды.
Тіндік
Бұл қорға ағзаның барлық тіндерінде кездесетін
құрамында темірі бар ферменттер мен белок
катализаторлар жатады. Темір ағзада 13 ферментативтік
жүйенің синтезіне, клетка митозына, ДНҚ биосинтезіне,
иммунитет реакциясына қатысады.
24. ТЖА жіктелуі
ТЖА-ның жіктелуі үрдіс дамуының екісатысын қарастырады:
1-ші саты –латентті немесе анемия
белгілерінсіз жүретін тіндік
жетіспеушілік.
2-ші саты-клиникалықлабораториялық көріністермен
сипатталатын ТЖА
25. Этиологиясына байланысты
1.ТЖА-темірдің бастапқы деңгейініңтөмендігінен (шала туғандар, егіздер
анемиясы);
2.ТЖА-нутритивті (немесе алементарлы);
3.ТЖА-өсіп жетілу үрдісінде темір
шығынының көбеюі;
4.ТЖА-темір резорбциялық кемістігінен
(энтерогенді, мальабсорбция синдромы және
т.б.);
5.ТЖА –генезі инфекциялық немесе
инфекциялық алиментарлық;
6.ТЖА-созылмалы постгеморрагиялық;
7.ТЖА-темір тасымалы бұзылысынан (гипожәне атрансферринемия).
26. ЭРИТРОЦИТТЕР мен ГЕМОГЛОБИННІҢ ДЕҢГЕЙІ
Қанның бірлік мөлшерінде гемоглобин жәнеэритроциттердің концентрациясына байланысты
анемияның 3 дәрежесін анықтайды:
1. Жеңіл анемия – гемоглобин - 110-90 г/л,
эритроциттер- 3,5-3х1012/л.
2. Анемия орташа дәрежелі – гемоглобин -90-70
г/л, эритроцитер- 3-2,5х1012/л
3. Ауыр анемия – гемоглобин- 70 г/л төмен,
эритроциттер - 2,5х1012/л төмен.
27. ТЖА-ның лабораториялық диагностикасы
ТЖА-да жүргізілетін зерттеулерге – гемоглобинді,эритроциттерді, түсті көрсеткішті анықтау (ТК)
жатады.
Қалыпты жағдайда ТК -0,85-1,1 тең
ТЖА кезінде ТК- 0,8 және одан да төмен болады.
Лабораториялық тәжірибеде қазіргі кездің жаңа
анализдерін жүргізу- 1 эритроциттегі гемоглобиннің
орташа мөлшерін анықтауға көмектеседі.
Қалыпты жағдайда 1 эритроциттегі гемоглобиннің
орташа құрамы 27-35 %0.
28.
Анемияның ауырлық дәрежесіне сайэритроциттердің гипохромиясы болады
(сопақша келген, гемоглобинінен
айырылған эритроциттер).
Анизоцитоз құбылысы, эритроциттердің
мөлшерінің әртүрлігі, микроцитоз
диаметрі 6,8 мкмоль/л эритроциттердің
пайда болуы, сирек жағдайда
пойкилоцитоз-эритроциттердің пішінің
әртүрлігі байқалады.
29.
ТЖА кезінде ретикулоциттердің құрамыанемизация дәрежесіне сәйкес келмейді
және қалыпты деңгейде болуы мүмкін.
Қалыпты жағдайда 0,4-1,2%.
Ақ қан түйіршіктерінде өзгерістер
айқын байқалмайды, аздаған
лейкопения дамуы мүмкін.
ТЖА-ның ауыр түрлерінде белгілі
мөлшерде тромбоцитопения болуы
мүмкін. Темір препараттарымен емдеген
соң қалпына келеді. ЭТЖ қалыпты
жағдайда немесе қысқарған болады.
30.
ТЖА-ны диагностикалауда биохимиялықтәсілдерінің ішінде қан сарысуындағы темірді
анықтайтын әдіс кенінен қолданылады. Қан
сарысуындағы темірді анықтау үшін қан
жинағанда келесі ережелерді сақтау керек:
Қанды алдын ала буға стерилизацияланған
немесе дистилденген суға екі қайтара жуылған
немесе күкірт қышқылына
залалсыздандырылған пробиркаға жинау
керек;
Қан сарысуындағы темірді анықтауға қан
тапсыратын науқас зерттеуге 5 күн бұрын
темір препараттарын қабылдамауы керек.
31.
Қалыпты жағдайда қан сарысуында темір-12-30мкмоль/л, темір тапшылығының латентті
түрінде төмен – 2-11. Сонымен қатар, ағзадағы
темір қорын анықтау үшін -сарысудың темірді
байланыстыру қабілетін анықтау керек.
Қалыпты жағдайда трансфериннің 1/3 бөлігі
темірмен қаныққан болады, 2/3 еркін, бос
күйінде жүреді және олар темірдің көп
мөлшерін байланыстырып ала алады.
Қалыпты жағдайда сарысудың жалпы темір
байланыстырушы қабілеті 30-80 мкмоль/л тең.
32.
БДҰ (ВОЗ) ұсыныстары бойыншалатенті темір жетіспеушілігі кезіндегі
лабораториялық көрсеткіштерге
мыналар жатады:
1.темірдің 12 мкмоль/л төмен болуы,
2.сарысудың жалпы темір
байланыстырушы қабілеті 69 мкмоль
төмен болуы,
3. трансфериннің қанығу коэффициенті
17 % тең болуы.
33. ТЖА көрсеткіштері
Гемоглобин деңгейінің төмендеуіТрансфериннің қанығу коэффициенті 15 %
және одан да төмен болуы;
Қан сарысуы темірінің 12 ммоль/л төмен
болуы;
Сарысудың жалпы темірді байланыстыру
қабілеті 78 ммоль/л болуы;
ТБҚ 58 мкмоль/л төмен болуы;
Ферритиннің 30 нг/мл төмен болуы.
34.
Қазіргі кезде ағзадағы темір қорының мөлшерінанықтау үшін иммунорадиометриялық әдіс
арқылы қан сарысулық ферритинді анықтау әдісі
қолданылады. Қалыпты жағдайда ферритин 14400 мкг/л, орташа -34-80 мкг/л болады. ТЖА-да
ферритин мөлшері 1,5-9 мкг/л. Бұл әдіс
реактивтер мен құралдардың жоқтығына
байланысты кең таралмаған әдіс болып келеді.
Балаларда сарысулық белоктың 60 г/л төмендеуі
ТЖА-ның ауыр түрлерінде кездеседі.
35. ТЖА-ның лабораториялық диагностикасын мынадай зерттеулермен жинақтаймыз.
Қанның жалпы анализі (гемоглобин,эритроцит, ТК)
Ретикулоциттер мен тромбоциттерді
анықтау;
ЭГОМ (эритроциттегі Hb-ң орташа
мөлшерін) зерттеу;
Сарысудағы темір деңгейін анықтау;
Трансферрин қанығуының коэффициенті;
Сарысудың жалпы темір байланыстыру
қабілетін анықтау;
Ферритин деңгейін анықтау.
36. ТЖА-ның емін
анемияны туғызған себептердіжоюдан, күн тәртібін қалыптастыру
және тамақтану тәртібін
ұйымдастырудан бастау керек.
ТЖА және латентті темір
тапшылығының негізгі
патогенетикалық емі темір
препараттарын тағайындау.
37.
ТЖА-ның жеңіл түрімен ауыратын балаларамбулаторлы ем қабылдайды.
Орташа ауыр және ауыр түрлерімен
ауыратын балалар соматикалық ауруханаға,
мүмкіндігінше, инфекцияланудан сақтау
үшін кішігірім палаталарға жатқызады. Күн
тәртібін дұрыс сақтап, күндізгі демалыс,
яғни ұйықтау тәртібін сақтау қажет.
38.
Науқас балаларда терморегуляцияныңбұзылуын ескеріп, балаларды жылы
киіндіру қажет және кигізген киім баланың
қозғалысын шектемеуі керек. Екі жасқа
дейінгі балалар далада 15ОС –дан жоғары
температурада серуендеуіне болады.
Баланың физикалық тәртібіне көңіл бөлу
керек, ол гимнастика, массаж, су
процедуралары.
39.
Диетаның рациональды түрде маңызызор, онда 10-15% майды шектейді,
өйткені ол асқазан секрециясын
төмендетеді, темірдің сіңірілуін тежейді,
белогы аз тағам темірдің сіңірілуін
нашарлататындықтан, толық құнды
белоктарды жоғарылатады, яғни, ет,
бауыр, жұмыртқаның сарысын жоғары
мөлшелерде қабылдауды
ұйымдастырады. Тағамның құрамы
көкөніс-жемістер, витаминдер мен
минералды тұздарға бай болуы қажет.
40.
Темір бауырда (100 граммда 6-12 мг),қызыл етте (3,5 мг), жұмыртқада (3 мг),
сояда, горохта жоғары мөлшерде болады.
Орамжапырақ, сәбіз, томатта,
қызылшада, күріш пен нанда да оның
мөлшері жоғары болады. Бірақ темірдің
тағамдардағы мөлшерінің жоғарылығы,
оның сіңірілуінің жоғарылығын
түсіндірмейді.
41.
Fe бай тағамдарСиыр бауыры, талқан, жұмыртқаның сарысы
42.
Темір негізінен өсімдік тектес тағамдарғақарағанда жануар тектес тағамдарғадан
жақсы сіңіріледі. Сондықтан темір
жануар етінен, әсіресе қара мал етінен
22%, бауырдан 11%, балық етінен 10%,
жұмыртқадан 3%, алмадан 3%, күріш,
наннан 1% мөлшерде сіңіріледі.
43. Ережелер
1. Диспепсиялық бұзылыстардыболдырмас үшін емді 3 мг/кг.тәулігінен
бастап, бір аптан ішінде біртіндеп 5-6
мг/кг.тәулігі мөлшеріне өсіреді;
2.Дәрінің дозасын шамадан тыс
жоғарылату, 8 мг/кг және одан жоғары,
жанама әсерлерді арттырып, гемоглобин
деңгейінің өсуіне әсер етпейді;
44.
3.Темірді балаларға негізінентамақтандыру аралығында берген жөн,
бала ағзасына жақпайтын болса,
тамақтандырудан кейін берген жөн;
4.Темір препараттарын дәрінің
абсорбциясын жақсартатын цитрустық
шырындармен ішкізген жөн;
5.Ерте жастағы балаларға сұйық
күйіндегі препараттарды тағайындаған
жөн (актиферрин, ранферон, гемофер
ж.т.б.).
45.
Темір препараттарын пероральдыенгізуге ағзаның жағымсыздығы
Үш аптадан соң пероральді емнен әсер
болмау;
ТЖА-ның ауыр түрлері;
Темір сіңірілуінің бұзылыстары
(мальабсорбция синдромы, т.б.);
46.
Темір препараттарын пероральді қабылдауғақарсы көрсеткіштер: асқазан-ішек
жолдарының жедел аурулары
асқазан-12 елі ішек жарасы
жаралы колит ;
Анемияны жылдам жою (ауыр
геморрагиялар, ауыр инфекциялық
аурулардың қабаттасуы, операция алды
кезең).
47. ТЖА-ның емі мынадай сатылардан тұрады:
Емдеу жоспары1.ТЖА тек диетамен емдеу;
2.Темір препараттарымен емдеу;
3.ТЖА-ны темір тотығын пероральды қабылдау
арқылы емдеу;
4.Гемоглобин көрсеткіші қалпына келген соң,
гемоглобиндік қорды толықтыру үшін ем жүргізу;
5.ТЖА кезінде өмірлік көрсеткіштері болмаса,
гемотрансфузия жүргізілмейді.