9.94M
Category: chemistrychemistry

Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер,микроэлементтер және олардың маңызы

1.

Ақтау қаласы «№20 М. Әуезов жбб мектебі» КММ
Тақырыбы:
Адам ағзасының химиялық құрамы
Макроэлементтер,микроэлементтер және
олардың маңызы
9Ғ сынып

2.

Үй тапсырмасын қайталау
«БОУЛИНГ» ойыны

3.

Сабақтың мақсаты
-Адам ағзасының құрамына кіретін элементтердің тізімін және олардың пайыздық
құрамын біледі;
-Адамға қажетті элементтер ағзаға қалай түсетіндігін анықтайды;
-Заттар ағзада
қандай түрде
орындайтындығын талқылайды;
болатындығын
-Макро-және микро-элементтерді ажыратады;
және
қандай
функцияны

4.

Адам – химиялық қосылыстардың
органикалық және
бейорганикалық заттардан
құралған
Адам ағзасының 60% судан,
34 %-ы органикалық
қосылыстардан, 6%-ы
бейорганикалывқ заттардан тұрады
Органикалық заттар:
Көміртек,сутек,оттек, және
фосфор күкірт
Бейорганикалық
қосылыстардың құрамында 22
элемент:
Ca,P,O,Na,Mg,S,B,CL,K,V,Mn,
Fe,Co,Ni,Cu,Zn,Mo,Cr,Si,I,F,Se

5.

Организмнің минералды құрамы
• Адам жасушасында шамамен 70 химиялық элемент кездеседі

6.

Адам ағзасындағы химиялық элементтер
Өкпеде-литий, натрий
Қандатемір,кальций,натрий,калий,литий
Қалқанша безде - йод,мырыш,барий
Тісте- кальций,фтор,фосфор
Көз сұйығында-натрий
Көз торында- барий
Мида- натрий, калий,
магний
Шашта-альюминий,хлор,мышьяк
Жүректекальций,калий
Ұйқы безінде-магний
Жұлын сұйығынданатрий
Сүйек ұлпасынданатрий,кальций,калий,
фосфор, магний
Бұлшық еттерделитий,магний,калий
Сүт безінде-магний,кальций

7.

Макроэлементтер және микроэлементтер
Макроэлементтер
(F,K,Ca,Na, S ,Mg Cl )
организмде көп мөлшерде
болатын элементтер
Микроэлементтер
(Mg,Fe,I,Cu,Zn,F,Co)
қажеттілігі аз мөлшерде
болатын элементтер

8.

Кальций
Кальций жасуша құрамына еніп, сүйек
құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына
қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.
Кальций –сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік,
сүзбе, сүтсірнеде мол. Қара бидай наны мен
жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзада
кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек
ұлпасының дұрыс емес дамуына, орталық жүйке
жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

9.

Магний
Магний - макроэлементтердің құрамына жатады. Адам ағзасының құрамында магний 25г-дай.
Магнийдің адам ағзасында көп кездесетін орны сүйек жасушаларында. Егер адам ағзасында магний
жетіспесе белгілі аурулар пайда болуы мүмкін:
1. Депрессия, апатия
2. Бұлшық ет аурулары
3. Сіңірлердің тартылуы
4. Жүрек айну, құсу, іштің өтуі, диарея,иммунитеттің төмендеуі.
5. Қан айналым жүйесінің бұзылуы және т.б

10.

Темір
Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға
белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Адам қанында 3 г жуық темір
бар.Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандагы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе
темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады.

11.

Йод
Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша безі үшін қажетті элемент, адам оны тек ас, тағам
арқылы алады. Сыртынан қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі
ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық және ақыл
– ой кемістігі. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тіршілік үшін күнделікті йоды бар
тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.

12.

Мырыш
Мырыш. Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе,
құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы
мырыш.Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ
дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады.
Мырыш жетіспеген кезде: бой өсуінің тежелуі, тәбеттің болмауы, дәм сезу бұзылуы
туындайды.

13.

Мыс
Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда
қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе
көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе
жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның
нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі.

14.

Кім жылдам?
Тапсырма №1
● Қан құрамына кіретін гемоглобин азайса адам
анемияға ұшырайды.Қандай элемент
жетіспегендіктен?
● Тіс жиегі ауруына шалдығу қай элементтің
жетіспеуінен?
● Сүйектің бекем болуы қай элементке
байланысты?
● Алғашқы көмекке пайдаланатын элемент?

15.

Кестені толтыр
Элемент
Кальций
Йод
Магний
Темір
Мырыш
Мыс
Пайдасы
Зияны

16.

ПАЙДАСЫ
ЗИЯНЫ

17.

Қорытынды:
Адам организмі үшін макро және микроэлементтердің маңызы өте зор. Олардың адам
организмінде жетіспеуі әр түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Макро және микроэлементтер
адам ағзасына күнделікті рационда белгілі Мөлшерде түсуі қажет. Олардың жетіспеуінің
алдын алу мақсатында дұрыс тамақтану, рационның әр түрлілігі, элементтерге бай
тағамдарды пайдалану қажет

18.

Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Rules