110.21K
Category: programmingprogramming

Берілген қасиеттері бойынша элементтерді іздеу

1.

БЕРІЛГЕН ҚАСИЕТТЕРІ
БОЙЫНША
ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ІЗДЕУ
Бір өлшемді массивпен жұмыс

2.

Сабақ мақсаттары
■ бір өлшемді массивте іздеу алгоритмінің орындалу
барысын түсіндіру;
■ берілген қасиеттері бар массив элементін іздеу үшін
алгоритмдік модель құру(блок-схема, псевдокод,
бағдарламалық код)

3.

Бірөлшемді массивтің
құрастырушыларын анықтаңыз
Массив элементі
Массив атауы
Массив индексі

4.

Кілттік сөздер
■ Бірөлшемді массив
■ Массив элементі
■ Элемент іздеу

5.

Берілген қасиеттері бар
элементтерді іздеу
■ Ақпаратты өңдеу кезінде үнемі деректерді іздеу
тапсырмалары кездеседі. Бұлар әртүрлі есептер: телефон
нөмірін немесе анықтамалық деректерді іздеуден бастап
тестерде дұрыс жауапты тексергенге дейін немесе
ойындарда сандарды табу.

6.

Тапсырма
■ Сыныптағы ең жоғары (ұзын) бойлы оқушыны қалай анықтауға
болады. Сынып - массив, массив элементі - оқушының бойы.
Массивті сұрыпталмаған деп қарастыру қажет

7.

Есепті шешудің блок-схемасы
Шешілуі:
■ Бірінші элементті ең үлкен (максималды) деп аламыз.
■ Екінші элементтен бастап бірінші элементпен
салыстыруды бастаймыз. Егер екінші біріншіге қарағанда
үлкен болса, ең үлкен элемент жаңа мәнге ие болады.
Соңғы элементке дейін салыстыруды жалғастырамыз

8.

Ең үлкен массив элементін іздеудің
бағдарламалық коды
var
a:array[1..SIZE]of integer;
max:integer;
i:integer;
begin
for i:=1 to SIZE do
a[i]:=StrToInt(StringGrid1.Cells[i-1,0]);
max:=1;
for i:=2 to SIZE do
if a[i]< a[max]then max:=i;
label2.caption:=Массивтегі максималды элемент:'+IntToStr(a[max])
+#13+Элемент номері:'+ IntToStr(max);
end;

9.

№1 тапсырма. Блок –схема
салу және бағдарлама кодын
жазу
■ Бірөлшемді массив нақты сандар массиві берілген. Массивтің
ең кіші элементін анықтау.

10.

Тапсырма №2. Код жазу
(псевдокод)
■ Мәні берілген алдын-ала берілген мәнге тең массив элементін
табу

11.

№3 тапсырма. Блок-схема
салу
■ Бір өлшемді бүтін сандар массиві берілген. Жұп / тақ
элементтердің санын анықтау және осы элементтердің
индекстерін экранға шығару.
№4 тапсырма. Код жазу
(немесе псевдокод)
■ Символдардан тұратын массив берілген. Массивтегі " * "
символдарын табу, осы символды "+" символына ауыстыру.

12.

Рефлексия
■ Бір өлшемді массив дегеніміз не?
■ Іздеу алгоритмін түсіндіріңіз?
English     Русский Rules