Микроорганизмдер-ақуыздар мен майлардың өнеркәсіптік өнімдері
Жоспар
Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:
333.69K
Category: biologybiology

Микроорганизмдер-ақуыздар мен майлардың өнеркәсіптік өнімдері

1. Микроорганизмдер-ақуыздар мен майлардың өнеркәсіптік өнімдері

2. Жоспар

Кіріспе
Ақуыздар мен майлар туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

3.

Ақуыз — молекулалары өте күрделі
болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық
зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі
органикалық қосылыс. Аминқышқылдары
қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық
органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер
тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат
алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды
қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті
түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.

4.

Ақуыз тірі организмнің негізін
құрайды, онсыз өмір жоқ. Карл
Макстің пікір бойынша: «Тіршілік
— ақуыз заттарының өмір сүру
формасы». Ақуыздар органикалық
заттар дамуының ең жоғарғы
сатысы және жер бетіндегі
тіршіліктің негізі, организмнің
тірек жүйесі, бұлшық ет, жамылғы
тканьдері ақуыздардан құралған.
Олар организмде әртүрлі маңызды
қызмет атқарады: химиялық
реакцияларды жүргізеді, дене
мүшелерінің қызметтерін өзара
үйлестіреді, аурулармен күреседі,
т.б.

5.

Ақуыз – азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі
организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын
құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік
құбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену,
қозғалу,тыныс алу процестеріне тікелей қатысады.
Адам тәулігіне, шамамен, 100 г ақуыз қабылдауы керек.
Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі
ферменттердің әсерінен гидролизденіп,
аминқышқылдарына дейін ыдырайды.

6.

Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның
құрамында
50,6 – 54,5% көміртек,
21,5 – 23,5% оттек,
6,5 – 7,3% сутек,
15 – 17,6% азот,
0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы
элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен
байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы
түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол
бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.

7.

Ақуыз туралы алғашқы
мәліметтер XVIII ғасырдан
белгілі. 1745 ж. италиялық
ғалым Беккори бидай ұнынан
лейковина деген ақуызды
бөліп шығарған. 19 ғасырдың
30жылдарында ет, жұмыртқа, сү
т, өсімдік тұқымдарында
ақуыздық заттар бар екені
анықталды. Ғалымдардың
содан бергі зерттеулері
нәтижесінде барлық тірі
организмдер жасушасында
болатын тірі материя –
протоплазма, негізінен,
ақуыздан құралатыны
анықталды.

8. Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:

қарапайым
ақуыздарпротеиндер (альбумин
дер, глобулиндер, гист
ондар, глутелиндер,
проламиндер, протами
ндер, протеноидтар);
күрделі ақуыздар –
протеидтер (гликопрот
еидтер, нуклеопротеид
тер, липопротеидтер,
фосфопротеидтер).

9.

Май — организмге қуат беретін
астың жұғымы. Май
ақуыздарды, минерал тұздарды,
сондай-ақ майды
ерітетін витаминдерді организмнің
қалыпты сіңіруіне қажет.

10.

Тамақтық рационында майдың болуы әртүрлі
тағамдардың дәмділігін жақсартып, тәбетті
арттырады. Тамақтағы майдың біраз бөлігі адамның
денесіндегі май қорын жасауға жұмсалады. Бірақ
адам майлы тамақ ішкеннен ғана семірмейді,
ол көмірсуларды артық қабылдаудан да болады.
Мұны етжеңді тез толуға оңтайлы адамдардың есте
сақтаулары қажет. Организмнің майды қажетсінуін
қанағаттандыру майдың түрі мен сапасына
байланысты.

11.

Мал майы мен өсімдік майының бір-бірін
толықтыра түсетіні белгілі. Биологиялық жағынан
алғанда тәулігіне аспен бірге қабылданатын
майдың 70%-ы мал майы, 30%-ы өсімдік майы
болғаны қолайлы. Тамақ рационындағы майдың
нормасы кісінің /жасына, кәсібіне, ұлттық
тамақтану ерекшелігіне, ауа райының жағдайына
қарай белгіленеді. Тәуліктік тамақ рационындағы
майдың мөлшері әр 1000 ккал-ға 35 г болуы керек.
Майды артық пайдалану жүйе жүйесіне, қан
айналымына кері әсер етеді, тәбетті төмендетіп,
тамақты сіңіруді нашарлатады.

12.

Тамаққа әртүрлі мал майын, сүт майын (сары
май немесе тортасы айырылған май),
сондай-ақ өсімдік майын
(күнбағыс, соя, жержаңғақ, зәйтүн т. б.
майлар) пайдаланады. Май тектес заттар.
Тамақ рационы құрамына май тектес заттар
— холестерин және лецитин кіреді.

13.

Организмнің тіршілік қызметі, атап айтқанда,
жүйке жүйесі үшін холестерин маңызды рөл
атқарады. Ол мал майында, жұмыртқаның
сарыуызында,уылдырықта, бауыр, бүйрек
те едәуір мөлшерде болады. Бірақ мұндай
азық-түліктерді көбірек тұтыну бауырлық
қызметінің нашарлауына әкеліп соғады,
өтке тас байлана бастайды, атеросклероз
ауруын асқындыра түседі.

14.

Лецитин организмнің дамуына, қан құрылымына
жәрдемдеседі, жүйке жүйесінің, бауырлық қызметіне
пайдалы әсер етіп, организмнің уландырғыш заттарға
қарсыласуын күшейтеді, майлардың сіңімділігін
жақсартып атеросклероздың өріс алуына кедергі
жасайды. Лецитин жұмыртқаның сарыуызыңда,
балықтың уылдырығында, қарақұмық ботқасында,
салатта едәуір мөлшерде болады Соя, асбұршақ,
басқадай бұршақ дәнді өсімдіктерде де лецитин көп.
English     Русский Rules