Тақырыпбы: Атриовентрикулярлық (АВ) блокада
Жоспар
І дәрежелі АВ блокада
876.50K
Category: medicinemedicine

Атриовентрикулярлық (АВ) блокада

1. Тақырыпбы: Атриовентрикулярлық (АВ) блокада

Орындаған:Тұрғанбекова Г
Исабекова Д
ЖМ-007
Түркістан 2013ж

2. Жоспар

Атриовентрикулярлық
(АВ) блокадаға түсінік
Этологиясы
Патогенезі
ЭКГ-дағы өзгерістері

3.

Атриовентрикулярлық (АВ)
блокада - импульстің
жүрекшелерден қарыншаларға
өтуінің баяулануы немесе үзілуі.

4.

Этиологиясы:
ЖИА
ревмокардит
миокардит
кардиосклероз
миокард инфаркті
гликозидтер, хинидин,
верапамил, bадреноблокаторлар дозасының асырылуы,
гиперкалиемия

5.

АВ блокаданың жіктемесі
1. Блокаданың өткізу жүйесінде орналасуына қарай:
1) проксимальді:
Жүрекшелік
Түйіндік
Діңгектік
2. Ауырлық деңгейіне қарай:
І дәрежелік
ІІ дәрежелік
а) Мобитц І тип
ә) Мобитц ІІ тип
б) Мобитц ІІІ тип
ІІІ дәрежелік (толық блок)
3. Тұрақтылығына қарай: өтпелі және тұрақты.

6.

АВ блокаданың ЭКГ-дағы басты белгілері:
1) І дәрежеліде -РQ (R) аралығының 0,2с ұзаруы.
2) ІІ дәрежеліде – бірқатар қарыншалық комплекстерінің
түсіп қалуы
3) ІІІ дәрежеліде – жүрекшелік (P) және қарыншалық
(QRST) комплекстерінің бір бірінен толық ажырасуы және
қарыншалық комплекстерінің санының мин. 60-30 және
одан да сирек болуы.

7. І дәрежелі АВ блокада

8.

І дәрежелі АВ блокаданың жүрекшелік түрінде РQ
аралығының 0,20с артық ұзарады және Р тісшесі 0,11с
артық кеңейеді.(а)
І дәрежелі АВ блокаданың түйіндік түрінде Р
тісше қалыпты импульстің АВ түйінінде кідіру
уақытының ұлғаюынан, РQ аралығы РQ сегментінің
ұзаруынан үлғаяды. (б)
І дәрежелі АВ блокаданың дистальдік
түрінде РQ аралығының ұзаруымен бірге QRS
комплексі Гис будасының оң немесе сол аяқшалық
блокадасы секілді деформацияланады. (в)

9.

10.

ІІ дәрежелі АВ блокада (Венкебах- Самойлов
кезеңдері бар ІІ дәрежелі толық емес АВ блокада).
Бұл кезде импульстар қарыншаларға өтпейді, ЭКГ-ға Р
тісше ғана тіркеледі, ал қарыншалық комплекс
болмайды. Р тісшелерінің саны QRST комплексінің
санынан артық.
ІІ дәрежелі АВ блокаданың 3 типін айырады:

11.

1. ІІ дәрежелі АВ блокаданың І типі (Мобитц І
тип). Бұл жағдайда жүректің әрбір соғуы ауырлап,
импульс өтпей қалады. ЭКГ-да қарынша комплексі түсіп
қалғанға дейін PQ аралығы әр цикл сайын ұзарады.

12.

2. ІІ дәрежелі АВ блокаданың ІІ типі (Мобитц
ІІтип). ЭКГ-да QRS комплекстері деформацияланған
және жалпақ болады.

13.

3. ІІ дәрежелі АВ блокаданың ІІІ типі (ауыр
деңгейлі толық емес АВ блокада). ЭКГ-да әр екінші (2:1)
немесе одан да көп қарыншалар комплекстері түсіп
қалады. Жүрекшелердің ырғағы қалыпты бола тұра
қарыншалық брадиаритмия пайда болады.

14.

ІІІ дәрежелі АВ блокада (толық АВ блокада). Бұл
жағдайда импульстер жүрекшелерден қарыншаларға
мүлдем өткізілмейді. Жүрекшелер мен қарыншалардың
қозуы бір-біріне тәуелсіз. Қарыншалардың жиырылуы
ырғақты, бірақ сирек (мин. 60-30), RR аралықтары тең. Р
тісшелері QRST комплекстерімен жұптаспаған, PQ
аралықтары әртүрлі.

15.

16.

Толық АВ блокаданың проксимальді түрінде
қарыншалар ырғағының жетекшісі – АВ түйін. Бұл
жағдайда қарыншалардың қозуы қалыпты жүреді,
QRST комплексінің пішіні дұрыс, бірақ жиілігі
мин. 35-60-тан аспайды.
Толық АВ блокаданың дистальді түрінде (үш
тармақтық блокада) қарыншалар ырғағының
жетекші орталығы Гис будасында орналасқан. Гис
будасы тармақтарының автоматизмдік қасиетінің
төмендігінен, қарыншалар ырғағы өте сирек, мин.
15-40-тан аспайады, бірақ ретті (RR аралықтары
тең).
English     Русский Rules