69.48K
Category: industryindustry

Кіріспе. Газ және мұнай саласының еліміздің экономикасының дамуындағы үлесі

1.

Кіріспе

2.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Газ және мұнай саласының
еліміздің экономикасының
дамуындағы үлесі.
2. Мұнай және газ кәсіпшілігі
геологиясының мақсаты.

3.

Газ және мұнай
саласының еліміздің
экономикасының
дамуындағы үлесі

4.

Газ және мұнай саласы қоғамның
әлеуметтік мәселелерін шешуде және
басқа да салалардың дамуында
еліміздің экономикасында елеулі
орын алады. Бұл салалардың
дамуында елеулі орынды мұнай және
газ кен орындарын барлау және
игеру алады.

5.

Әр кен орны арнайы ғылыми зерттеу
орындарында құралған жобалы құжатқа сәйкес
игеруге енгізіледі.
Кен орнын игеру жүйесі дегеніміз қабаттан
мұнай, газ, конденсат және ілеспе
компоненттерді шығаруды қамтамасыз ететін
техникалық және технологиялық шаралар
жинағы. Жағымды экономикалық көрсеткіште
қабаттан мұнай, газ, конденсат және пайдалы
ілеспе компоненттерді неғұрлым толық шығарып
алу мүмкіндігі болатын игеру жүйесін тиімді деп
атайды.

6.

Тиімді игеру жүйесі жер
қойнауын және қоршаған ортаны
қорғау, ауданның барлық табиғи,
өндірістік және экономикалық
ерекшеліктерін толық есепке алу,
қажет болған жағдайда қабатқа
жасанды әсер ету әдістерін
қолдану.

7.

Көмірсутек кен орындарын игеру жүйесін таңдау
негізіне технологиялық шешімдерді кәсіптік
негіздеу жатады:
-көп қабатты кен орындарында пайдалану
объектілерін бөлу;
-қабатқа жасанды әсер етуді қолдану қажеттігі
және табиғи энергияны пайдалану арқылы
объектіні игерудің тиімділігі;
-ұңғы торының тығыздығы;
-пайдалану нысанындағы қысым градиенті;
-игеру үрдісін бақылау және реттеу
шараларының кешені.

8.

Пайдалану нысандарын бөлу және игеру жүйесінің
тиімді вариантын негіздеу жобалы жұмыстардың
басында құрылған әр – бір шоғырдың және жалпы
кен орнының геологиялық моделіне негізделген.
Шоғырдың геологиялық моделі кәсіптік
геологиялық карталар мен схемалар, сандық
мәліметтер, әр – түрлі параметрлер арасындағы
тәуелділікті сипаттайтын қисықтар, сонымен қатар
шоғыр ерекшелігінің мәтінді сипаттамасын
көрсетеді

9.

Графикалық карталар мен схемалар
ішіндегі негізгілері: кен орнының
литологиялық – стратиграфиялық қимасы;
нақты сәйкестендіру схемасы; шоғырдың
тектоникалық құрылысын көрсететін
құрылымдық карталар; мұнай мен газдың
орналасу жағдайы көрсетілген
геологиялық профиль; жалпы шоғыр және
бөлек қабаттар бойынша тиімді мұнайға,
газға қаныққан қалыңдылықтар картасы.

10.

Сандық мәліметтермен кеуектілік,
өткізгіштік, коллектор жыныстардың
бастапқы мұнайға (газға) қанығуы;
толық, тиімді мұнайға, газға қаныққан
қалыңдылық; қабат мұнайының,
газының, конденсатының, суының
физикалық – химиялық қасиеттері
сипатталады.

11.

Мұнай және газ
кәсіпшілігі
геологиясының
мақсаты

12.

Мұнай және газ кәсіпшілігі геологиясы
мұнай, газ және конденсат шоғырлары
мен кен орындарын игерудің бастапқы
сатысында және игеру барысында
зерттеумен айналысады. Көмірсутектер
кен орындары мен шоғырларын
зерттеуге мұнай және газ кәсіпшілігі
геологиясы екі жақты көзқараспен
қарастырады.

13.

Біріншіден, көмірсутекті қабаттар қорын
есептеу және қабаттар мен ұңғының өнімділігін
бағалау негізінде игеруді жобалаудың табиғи
геологиялық нысаны ретінде статикалық
жағдайда қарастыру.
Екіншіден, көмірсутек қабаттарын
динамикалық жағдайда қарастыру, себебі
пайдалануға енгізуде оларда өндіру
ұңғыларының түбіне қарай және айдау
ұңғыларының түбінен бастап мұнай, газ және
судың қозғалу процесі басталады.

14.

Игеруге енгізілген мұнай және газ
қабаты біртұтас екі компоненттен
тұрады:
-геологиялық (қабаттың өзі)
-техникалық (қабатты пайдалануға
жобаланған техникалық жүйе).
Екі компоненттің біртұтастығы
геологиялық – техникалық кешен
(ГТК) деп аталады.

15.

Мұнай және газ кәсіпшілігі
геологиясының мақсаты мұнай, газ,
конденсатты өндірудің, жер қойнауын
пайдаланудың, өнімді көтерудің
неғұрлым тиімді әрекетін геологиялық
негіздеу болып табылады. Бұл негізгі
мақсат мұнай-газ қабатының ішкі
құрылымын және олардың игеру
процесінде өзгеруін зерттеу арқылы
жүзеге асады.

16.

Пәннің негізгі мақсаты бірнеше негізгі компоненттер
қатарына бөлінеді:
-қабатты кәсіптік - геологиялық модельдеу (өнімді қабаттарды
құрайтын тау жыныстарының құрамы мен қасиеттерін оқыту;
-зерттеу нысаны аумағындағы мұнай, газ және судың құрамы,
қасиеттері; қабаттың бастапқы құрылымын анықтау);
-мұнай, газ, конденсаттың және пайдалы ілеспе компоненттердің
қорын анықтау;
-мұнай және газ кен орындарының игеру жүйесін геологиялық
негіздеу;
-барлау және игеру үрдісінде бақылау кешенін қалыптастыру;
жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шаралары кешенін
қалыптастыру.
English     Русский Rules