112.96K
Category: psychologypsychology

Жаза түсінігі және оның мақсаты

1.

Жаза түсінігі
және оның
мақсаты
ТЫНЫМБЕК АРУЖАН

2.

Жаза туралы тусінік
және оның белгілері
Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы.
Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол
қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі,
қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың
үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу
шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға
қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген
құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу
болып табылады. Жазаның белгілері:
жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,
жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана
қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға
жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған
қылмыскердің ата-анасына);
жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен
бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір
моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір
құндылықтардан айырады.
ef

3.

рудан қуып жіберу;
кінәліні жәбірленушінің
туыстарына беру;
адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар
мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені
үшін құң тағайындау;
өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек
қолданылды;
әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген
балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен
масқаралау жазалары қолданылды
.
XV—XVII
ғасырларда
қазақтың әдетғұрып заңында
жазалардың
мынадай
түрлері болған:

4.

Жазаның мақсаты
Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік
нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге
асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның
мақсаттары мынадай:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол
кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет
жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық
мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу
объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;
ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс
бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа
жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның
сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге
қол жеткізеді;
б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл
мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың
жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның
орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы
қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың
санасы мен әрекетіне әсер етеді.

5.

Жазаның турлері
Айыппұл
жазаның жеңіл түрі
және ол айлық есептік
көрсеткіштің жиырма
бестен жиырма мыңға
дейінгі немесе
сотталған адамның
жалақысының немесе
екі аптадан бір жылғы
дейінгі кезеңдегі өзге
де табысының
мөлшерінде
тағайындалады
Қамау
бұл сотталған адамды қоғамнан
қатаң оқшаулау жағдайында ұстау
болып табылады, олар жазаны
абақтыда өтейді. Қамау бір айдан
алты айға дейінгі мерзімге
белгіленеді. Қамау кезіндегі
оқшаулау, қамаудан да анағұрлым
қатаң жаза — бас бостандығынан
айыру тағайындалуы мүмкін
екендігін еске салуы тиіс. Қамау
үкім шығару кезінде он алты жасқа
толмаған адамдарға, сондай-ақ
жүкті әйелдер мен кәмелеттік
жасқа толмаған балалары бар
әйелдерге қолданылмайды.
Бас бостандығынан
айыру
Бас бостандығынан айыру кезінде
сотталған адамның құқықтық
жағдайына шек қойылады. Ол оған
шек қоюдан көрінеді. Адам жүріптүру еркіндігінен, еңбек қызметін
тандаудан айырылады, өз уақытына
билік етуі шектеледі. Бас
бостандығынан айыру алты айдан он
бес жылға дейін, ал ерекше ауыр
қылмыстар үшін жиырма жылға
дейінгі мерзімге не өмір бойына
белгіленеді.

6.

ef
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдықгуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған
оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова,
С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192
бет. ISBN 9965-36-002-2
English     Русский Rules