Similar presentations:
Патан бож 2
1.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ :НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАТЕРЛІ
ЖӘНЕ ҚАТЕРСІЗ ІСІКТЕРІ.
Қабылдаған:Ирисметова Д
Орындағандар:Мирахматов Д
2.
Жоспар:Кіріспе
Негізгі бөлім:
Бүйрек ісіктері
Аталық безінің ісіктері
Аналық безінің ісіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Бүйрек ісіктеріБүйрек
ісіктері
Бүйрек ісіктері жалпы ісіктердің 3%-ын құрайды.
Ісіктердің бастапқы кезені ешқандай белгісіз өтетіндіктен,
ерте диагноз қою осы күнге дейін қиын мәселе болып отыр.
Ісіктің негізгі белгілері бар науқастардың 50%-да ісік
метастаздары кездеседі.
Бүйрек ісігі әйелдерге қарағанда еркектерде екі есе жиі кездеседі.
Олардың ішінде аденома, лиома, фиброма, ангиомиолипома және
гемангиомалар негізгі орын алады. Бүйректің қатерлі ісігіне
жататындар рак (аденокарцинома), фибросаркома, липосаркома.
ангиосаркома, Вильмс ісігі
4.
Бүйректің қатерлі ісігіКарцинома - ісік жасушаларының микроскопиялық
құрылыстары бойынша: ашық реңді жасушалы (классикалық
«гипернефроидты карцинома»), түйіршікті (гранулярлы)
жасушалы, ұршық тәрізді жасушалы және безді
варианттарға бөлінеді.
Бүйрек-жасушалық карцинома – гипернефроидты карцинома –
бүйрек өзекшелері эпителиінен өсетіндігі дәлелденген.Ісіктің
гипернефроидты карцинома деп аталуы оның сыртқы
көрінісіне (ісіктің реңі сары) және оның микроскоптың
құрылысына (ісік жасушалары бүйрек үсті безінің
жасушаларына ұқсас) қарап қойылған. Ісік жасушалары ірі,
цитоплазмасы, гликоген, май жиналып қалуына байланысты,
ашық реңді, ядролары майда. Олар бүйректің қатерлі
ісіктерінің негізгі түрі болып саналады (70-80%).
5.
Ісік сары түйін түйрінде өсіп көлденеңі 8-10 см жеткенде онда ақшылсары түсті некрозошақтары, қызыл реңдегі қан құйылу ошақтары пайда болады, сондықтан ала-бұла болып
көрінеді. Бүйрек-жасушалық карцинома бүйрек түбекшесіне, несепағарға қарай немесе
бүйректің айналасына өсіп кіреді, кейде бүйрек веналары бойлап, төменгі қуыс венаға,
жүректің оң бөлімшесіне дейін жетеді. Сондықтан, ісіктің алғашқы метастаздары
өкпеде табылады, әріқарай сүйектерде, бауырда, бүйрекүсті бездерінде, мида
метастаздар пайда болады.
6.
Бүйректің қатерлі ісігінің ерекше түріне нефробластоманемесе Вильмс ісігі
Эмбриогенездің бұзылуынан пайда болатын ісік. Көбінесе 2-5 жастағы
балаларда жиі кездеседі және балаларда кездесетін жалпы ісіктің
25%-ын құрайды. 5% жағдайда екі жақты болып кездеседі. Вильмс ісігі
тез өседі және метастазданады. Алдымен маңайдағы лимфа
түйіндері, одан соң өкпе, бауыр т.б. мүшелер зақымданады. Ісікті
ерте анықтау науқас өмірін ұзартуға көп себебін тигізеді. Ісіктің ерте
сатысында клиникалық белгілерінің болмауына байланысты ісік кеш
анықталады. Алғашқы сатыларда ісік томограммадан жұмыр пішінді,
біртекті құрылым ретінде көрінеді. Кейде қалың капсуласы табылады.
Ісіктің шеткері өсуі және паренхиманың сақталған қалдықтарының
болуы кесіндіде «тұмсық» белгісі ретінде байқалады. Ісіктің кеш
сатыларында көлемі үлкейіп, бүйрек паренхимасы жіктелмейді.
Құрылымының әртектілігі, киста қуысының болуы және көптеген
кальцинаттар ісіктің ала-құла болып көрінуіне әкеп соғады. Ісіктің
жиегі анық емес, бұдырланып, қоршаған құрылымдарға ұласып
жатады
7.
Бүйрек түбекшесінен папиллома немесе карцинома өсіп шығады. Жасушалыққұрылысына қарап карциноматың: өтпелі жасушалы, жалпақ жасушалы және
аденокарцинома түрлерін ажыратады. Негізінен бұл карциноматар өтпелі
жасушалардан түзілген болып, ісік папиллома тәрізді бүртіктене түбекшенің
ішіне қарай өсіп тез некрозға ұшырайды. Жиі жағдайда ісік түбекше ішін
толтырып, несепағарды тығындап, оның айналасындағы тіндерге өсіп кіре
бастайды. Осыған байланысты пиелонефрит, гидронефроз, егер инфекция
түссе пиенефроз дамиды. Ісік қуыққа имплантация (жабысу) жолымен
таралады. Ісіктер негізінде гематогендік жолмен бауырға, өкпеге, сүйектерге
метастаз береді, лимфогендік метастаздар аймақтық лимфа түйіндерінде
табылады. Бүйрек карциномасының дамуында бүйрек тасы ауруының, кейбір
химиялық заттардың (аналин) маңызы зор.
8.
Бүйректегі сирек кездесетін ісіктерЛ и п о м а. КТ диагностикасы кезінде қиындық туғызбайтын, сирек кездесетін ісік.
Томограммада бүйректің қыртыс затынан жиегі тегіс, жұмыр пішінді, тығыздығы
май клетчаткасына ұқсайтын түзілім табылады.
А д е н о м а — баяу өсетін, орташа көлемді эпителийді ісік. Жиегі анық, 20
құрылымы бір текті, тығыздығы шамамен паренхиманың тығыздығымен бірдей.
А н г и о м и о л и п о м а бірыңғай салалы бұлшық ет, май клет- чаткаларынан және
өзгерген тамырлардан тұрады. Қай компонентінің басым болуына қарай КТ май
және бұлшық етке сәйкес көрініс береді. Әдетте түзілімнің жиегі айқын, тегіс
болады.
Л и п о с а р к о м а . Томограммада қыртысты қабатында бұйрек паренхимасынан
шекарасы анық, бүйрек маңы клетчаткасына тараған көптеген ақау түрінде
анықталады. Май тканьдерінің арасында жұмсақ бұлшық етті аймақтардың
болуынан ісік құрамы бөлікті және кұрылымы әр текті болып келеді.
9.
Аталық бездің қатерлі ісігіҚатерлі ісіктердің 15-35 жас аралығындағы ерлерде кең таралған түрі. Егде
жастағы ерлерде де болуы мүмкін, ұлдарда сирек кездеседі. Ақ нәсілді ерлер
азиялық нәсілді ерлерге қарағанда бұл аурудың пайда болуына бейім келеді.
Аталық бездің қатерлі ісігі мен вазэктомияның (шәует түтінгін алып
тастау) арасында ешқандай байланыс жоқ.
Аталық бездің қатерлі ісігінің екі негізгі түрі бар: семиномдық және
семиномдық емес. Бұл ісіктер шәует өндіретін жыныстық жасушалардан
өседі.
10.
Семиномдық түрі: бұл аталық бездің қатерлі ісігінің баяу өсетінтүрі, көбінесе, 30-40 жастағы ерлерде жиі кездеседі. Қатерлі ісік,
әдетте, тек аталық безде шоғырланады, бірақ, лимфа түйіндеріне
таралуы мүмкін. Семиномдық ісіктер сәулелік емдеуге аса сезімтал.
Семиномдық емес: бұл аталық бездің қатерлі ісігінің кең таралған,
тез өсетін түрі. Семиномдық емес ісіктер жасушалардың бірнеше түрінен тұрады, және осыған байланысты келесідей ажыратылады: -Хориокарцинома (сирек)
-Эмбрионалдық карцинома
-Тератома
-Сарыуыздық қаптың ісігі.
Сирек жағдайда аталық бездің ісігінің арқаулық (стромалық) түрі
кездеседі. Бұл ісіктер, әдетте, қатерсіз болады. Олардың екі негізгі
түрі бар: Лейдиг және Сертоли жасушаларынан ісіктер. Олар
әдетте, балалық шақта пайда болады
11.
Эмбриональды карцинома. Жылдам өсіп келе жатқан және агрессивтіісік, ол семиноматозды емес жыныс жасушалы ісіктердің шамамен 40
пайызында кездеседі.
Сарыуыздық қаптың ісігі. Балалардағы аналық без ісіктерінің ең көп
таралған түрі, бірақ ересектерде сирек кездеседі. Ол химиотерапияға
жақсы жауап береді.
Хориокарцинома. Ісіктердің өте сирек кездесетін және агрессивті түрі.
Тератома. Әдетте ісіктің аралас түрінде кездеседі. Бұл әдетте
жергілікті, бірақ жақын маңдағы лимфа түйіндеріне таралуы мүмкін.
Тератомалар химиотерапия мен сәулеленуге төзімді және хирургиялық
жолмен жақсы емделеді. Тератоманың үш түрі бар, соның ішінде піскен
тератомалар, жетілмеген тератомалар және соматикалық типті
қатерлі ісіктері бар тератомалар. Бұл үшінші түрі өте сирек кездеседі.
12.
Стромальды ісіктерСтромальды ісіктер аталық бездің қатерлі ісігінің 5 пайызынан азын
құрайды. Олар аталық бездердегі ұрық (көбею) жасушаларының
айналасындағы тіндерде дамиды. Көптеген стромальды ісіктердің
операциядан кейін жақсы болжамы бар.
13.
Аналық безінің ісіктеріАналық бездің қатерсіз ісіктерінің ішінде ең жиі кездесетіні эпителиальді ісіктер. Серозды
цистоаденома. Мезадермальді эпителийден дамиды, жиі 40-50жастағы әйелдерде
кездеседі. Диаметрі 12-см дейін болады, іші мөлдір сұйықтан тұрады, капсуласы қатты,
тамыр суреттері жақсы жетілгін. Ісікті сипап қарағанда қаттылау. 5-10% жағдайда
малигнизацияға ұшырайды
14.
Серозды-папиллярлы цистоаденома. Қатерлену дәрежесіне байланысты1-ші орында. Аналық без қатерлі ісігінің 70% малигнизацияға ұшыраған
каптллярлы цистоаденома. Ісік 50-60 жас шамасында кездеседі, жиі екі
жақты, орташа көлемді, домалақ,қатты, тегіс не кедір-бұдыр, ішінде
капиллярлы өсіндісі бар.
Муцинозды цистоаденома аналық бездің ең ірісі, кейде іш қуысын толық
алып жатады,салмағы 50-кг дейін жетеді. Беті кедір-бұдырлы, көп
камералы, қоймалжың шарана тәрізді, жиі бір жақты, 5% жағдайда
қатерлі ісікке айналады.
Гранулезді-клеткалы ісіктердің көбі бір жақты, көлемі әр түрлі, көбіне
менапаузадан кейін кездеседі, феминизация белгілерін туғызатын эстроген
гормондарын бөліп шығарады.
15.
Аналық бездің текаклеткалы ісігі (текома)-гранулезді-клеткалы ісікке қарағандажиі кездеседі, сонымен қатар феминизм туғызатын гормонды активтілік тән. Ол
аналық без пішінін қайталайды, үлкен емес өлшемді, ұстағанда қатты тиеді,
кесіндіде солидты құрылысты, сарғыштау түсті, ісікте микроскопиялық
текаклеткалар анықталынады. Текомалар жиі менопаузадан кейінгі кезеңде
кездеседі. 1-5%-тік жағдайда ісіктің малигнизациясы байқалады.
Аналық бездің фибромасы текома құрылысты текаклеткадан тұрады, бірақ оған
гормонды активтілік тән емес. Сирек жағдайда (1%-тік жағдайда) малигнизация
береді. Аналық бездің пішінін қайталайды, әр түрлі өлшемді (көбіне диаметрі 10-12
см-ге дейін), өте қатты, кесіндіде талшық құрылысты ақ түсті болады.
Андробластома (арренобластома) аналық бездің маскулинизмді ісігіне жатады,
андрогенді активтілік тән, тегіс, қоңыр ақшал түйінді, орташа диаметрі 10-12 смге тең келетін, жиі бір жақты болып келеді. Ісік ерлер жыныс безінің клеткасына
ұқсайтын клеткадан тұрады. Жиі жас кезде (25-35 жас) кездеседі. Көп жағдайда
қатерсіз ісікке жатады, кейде қатерлі түрлері де болады.
16.
Жетілген тератома (дермоидты киста)-әр түрлі консистенциялы(қатайған бөліктері бар қатты эластикалық), дөңгелек не овал пішінді,
жатырдың алдыңғы жағында орналасатын, бір жақты, орташа өлшемді
(диаметрі-10-12 см) ісік болып табылады. Кесіндіде тұкке, майға, сүйекке,
шеміршекке толы қуыс болып келеді. 20-40 жас аралығында жиі кездеседі.
Аналық бездің бар ісіктерінің 15%-ке жуығын құрайды және 1-1,5%-тік
жағдайда малигнизация береді. Дисгерминома барлық жағдайда қатерлі. Жиі
балалық шақта кездеседі. Ісіктің өлшемі әр түрлі, дөңгелек не кедір-бұдырлы
пішіндес, көбіне бір жақты ісік, косистенциясы қатты не қаттыэластикалық болады.
17.
ҚорытындыБүкiләлемдiк қатерлі ісікпен күресу күні қарсаңында елімізде
онкоаурудың алдын алу бойынша скрининг жүргiзiледi.
Қазақстанда жыл сайын 30 мыңға жуық адамға қатерлі ісік
диагнозы қойылады екен. Медиктер онкоауруды дер кезінде
анықтау үшiн скрининг тексеруден өтуге табанды кеңес
бередi.
Жыл сайын 4 ақпан - Бүкіләлемдік қатерлі ісік ауруына қарсы
күрес күні. Қазақстанда өлiм-жiтiм бойынша онкоауру жүректамыр ауруынан
кейін екiншi орында тұр. Медиктердің айтуы
бойынша, қатерлі ісік бастапқы кезеңінде толық емделеді. 10
жылдан бері республика бойынша онкоаурулардың алдын алу
бойынша түрлі шаралар жүргізіліп келеді.
Әлемде жыл сайын 12 миллионға жуық адам бұл қауіпті ауруға
шалдығады, олардың 7 миллионы осы дерттен көз жұмады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2020
жылы онкоаурумен аурып, қайтыс болу көрсеткіші екi есе
ұлғаяды. Қатерлі ісікті бастапқы кезеңінде анықтау аса
маңызды. Соған орай, елімізде 1 ақпаннан бастап 10 күн бойы
онкоауруларды анықтау бойынша профилактика декадасы
өтеді. Ендi кез келген адам өз мекен-жайы бойынша емханада
скрининг тексеруден тегiн өте ала алады.
18.
Пайдаланылған әдебиеттерwww.google.kz.
Интернет желісі
А.И.Струков, В.В.Серов Патологиялық
анатомия (Жалпы аурулар бөлімі)
Патологиялық анатомия. А.И. Струков, В.В.
Серов 2015
Нұрмұхамбетов А.Н. ‘‘Патофизиология’’
Алматы
Ахметов Ж.Б. ‘‘Патологиялық Анатомия’’
Алматы 2004