Similar presentations:
Сабынның алынуы
1.
Сабынның алынуы2.
3.
4.
Мұнай өнімдерінен сабын алу жолдары.Мұнай-көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын,
немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында
орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері
құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:
2С36Н74 + 5O2 → 4С17Н35СООН + 2Н2O
Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады [7-8]
С17Н35СООН + NaOH → C17H35COONa + Н2O (қатты сабын)
С17Н35СООН + Na2CO3 → C17H35COONa + Н2O + СO2
Карбон қышқылы тұздарының (сабынның) гидролизі кезінде сілті түзіледі:
С17Н35СОО- + Na+ + НОН → С17Н35СООН + Na++ ОНСілті майлы заттарды ыдыратады, ал карбон қышқылы — беттік белсенді зат (ББЗ) . Ол екі сұйықтың немесе
сұйық пен газ шекарасында беттік керілуді төмендететін зат. ББЗ болу үшін оның құрамындағы топтар әр
түрлі затпен әрекеттесуі керек. Карбон қышқылы молекуласының беттік белсенді заты су мен органикалық
сұйықтық шекарасында. Карбон қышқылында гидрофобты (гр. hydro -су және phobos — қорқады) көміртек
қалдығы және гидрофильді (гр. hydro -су және рһіlіо-сүйеді, ұнатады) карбоксил тобы бар.
5.
Сабын молекуласы екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал—COONa+ тобы судаболады.Сабындардың жуғыш қасиеті-жуылатын беткейлердегі жабысқан кір бөлшектерін эмульсия,
суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігіне байланысты. Синтетикалық қышқылдардан алынатын
сабындар химиялық табиғаты жағынан кәдімгі сабындарға ұқсас бола тұра, кемшіліктері де бар, мысалы
кермек суда кір ашпайды. Сондықтан қазір жуғыш заттардың басқа түрлерін өндіру әдістері дамуда.
Сондықтан жуғыш заттар жасағанда олардың жоғары жуғыштық қасиеттерін ғана қамтамасыз етіп
қоймай, ол заттардың биологиялық ыдырағыштығына да - тіршілік әрекеті процесінде
микроорганизмдердің кейбір түрлерінің оларды соңынан жою мүмкіндігіне басты назар аударса,
қоршаған ортамызда таза ұстауда өз үлесін қосар еді.
6.
Майдан сабын алуМайлар дегеніміз- триглицеридтер- органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май
қышқылдарының күрделі эфирлері; глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирлері
липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал
қанықпаған май қышқылдары олеин,линол,линолен қышқылдарынан тұрады. Табиғи майлар жануар және
өсімдік майлары болып екіге бөлінеді.
Майдың құрамын француз ғалымдары М.Шеврель мен М.Бертло анықтады. XIX ғасырдың басында Шеврель
майға су қосып, сілті қатысында қыздырғанда(стеарин және олеин) түзілетінін тапты. Ал Бертло кері реакция
жүргізді(1854ж). Глицерин мен карбон қышқылдарының қоспасын қыздырып, майларға ұқсас зат алды.
Сабын және басқа заттар алу үшін көбінесе қатты майлар керек. Ал қатты майлар- өте бағалы азық-түлік.
Сондықтан да қатты майлардан арзанырақ келетін өсімдік майларын қатты майларға айналдырып, содан
кейін оларды қайтадан қандай да бір техникалық өңдеу арқылы алады. Сұйық майлардың қатты майлардан
ерекшелігі құрамының қанықпағандығы- көмірсутек радикалдарына қос байланыстың болуы. Қанықпаған
сұйық қышқылдардың құрамына сутегін қосып, қатты қышқылдарға айналдыруға болатыны тәрізді, сұйық
майлардың да құрамына сутегін енгізіп, оларды қатты майға айналдыруға болады. Гидрленген май - сабын
өндірісіндегі бағалы өнім. Күрделі эфир болғандықтан, майлар - минералды қышқылдар,сілті қатысында
қыздырғанда гидролизденеді.Реакция нәтижесінде глицерин мен карбон қышқылы түзіледі:
Күрделі эфир + су = глицерин + карбон қышқылы
7.
Сілті қатысында гидролиздегенде, глицерин мен карбон қышқылдарының тұзы (сабын) түзіледі. Бұлреакция майдың сабындану реакциясы деп аталады.
Май + сілті = глицерин + сабын
Егер майларды сода немесе сілті қосып қыздырса, сабын түзіледі. Сабынды бөлу үшін натрий
хлоридін (ас тұзын) қосады. Сабын алу үшін қатты майлар қолданылады. Қатты майлар бағалы
тамақ өнімдері, сондықтан құрамында қанықпаған қышқылдары бар сұйық майларды қатты
майларға айналдырады