6.04M
Category: psychologypsychology

Психодиагностикан ың қалыптасу тарихы

1.

Психодиагностикан
ың қалыптасу
тарихы
Мақсотова Нұрай
Хусайнқызы

2.

Психодиагностика
Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуын көрнекті
ғалым С. М. Жақыповтың зерттеулерінде қарастырылған əлемдік
психологияның даму тарихының екі кезеңімен бөліп талдауға болады.
Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің
дəуірімізге дейінгі IV-V ғ.ғ. - XIX ғ-дың 60-шыжылдарықалыптасуы.
Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды. Философиялық ілім
тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348322) кеңінен қамтыды. Осынау сан ғасырлық ауқымды кезеңге əр
кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда, Герофил, Эразистарт,
Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза,
Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалардың адам жан
дүниесінің қыры мен сыры туралы небір сындарлы пікірлерін тарихи дерек көздеріндегі алғашқы еңбектерге жатқызуға болады.

3.

Ежелгі Грек философтары
психиканы түсіндіру
амалын отпен немесе бумен
салыстырудан іздеді. Мысалы,
Гераклиттің түсіндіруі бойынша
барлық əлем оттан пайда болады,
«жан» ылғалдан буланып шығады,
мұнда жанның құрғақ буы оның
даналылығын қамтамасыз етеді.
Ал ылғалдылық жанды
ауырлатып,
оның мерт болуы сұйыққа
айналдырады деп есептеді.

4.

Рене Декарт
Ал француз ғалымы Рене Декарт,
(1596-1650) жануар сыртқы
ортаның əсеріне рефлекс (жүйке
жүйесінің қызметі) арқылы енеді
десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667)
адамның еркі мен
эмоциясы(аффект, құмарлық жəне
т.б.) дене қызметімен тығыз
байланыста
болатындығы жайлы терең түйін
айтқан.
Бенедикт Спиноза

5.

Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде
XIX
ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін
қалыптасады.
1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып,
психикалық
құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың
көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның
дербес
эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты.

6.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты психолог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты
анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пəні бойынша
психикалық құбылыстардың тарихи даму кезеңдерін қарастырды.
Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт
кезеңге бөлуге болады:
1
2
3
44
Психология
жан туралы
ғылым
Сана
туралы
ғылым
Мінез
құлық
туралы
ғылым
Психика
туралы
ғылым

7.

Психодиагностиканың сандық
əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II
ширегінен санауға
болады. Сол кезде көрнекті неміс
психологы Вильгельм Вундтың
басшылығымен əлемде бірінші
эксперименталдық лаборатория құрылды.
Онда психологиялық зерттеуді нақты
ұйымдастыру
мақсатында техникалық жабдықтар мен
құралдар қолданыла бастады.

8.

Ф. Гальтон лабароториясында қолданылған тесттерді
ауқымды түрде құрастыра бастады. Мысалы, ұзындықты көзбен
айыруға арналған Гальтон сызғышы, дауыс биіктігін қабылдау
шегін анықтауға арналған Гальтон ысқырығы жəне сенсорлық
айырмашылықтар тестін адам интеллектісін бағалау құралы
ретінде қарайтын құралдар. Мұнда ол Локк ілімдері негізінде
идиопатия кезінде адамның жылы, суық, ауруды айыру қабілеті
бұзылатынын дəлелдеуге ұмтылды. Сонымен қатар, бақылауда
«интеллектуалды дарындыларда сенсорлық айыру қабілеті өте
жоғары болуы керектігіне» көз жеткізді. Гальтон бағалау шкаласын, сауалнама жүргізу, тəуелсіз ассоциациялар техникасы жəне
математикалық статистика əдісінде осы кезеңдерде алғаш
рет қолданған болатын. Ол математикалық дайындығы нашар
зерттелушілерге ақыл-ойды дамытушы тапсырмалар беру арқылы
қызығушылығын тудыра отырып, еркін орындау мүмкіндіктерін
берді. Сол кездері Гальтонның ассоциативті эксперименті
белгілі бола бастады. Тəжірибиенің мазмұны мен өткізілу барысына тоқталар болсақ, ол 75 сөзден тұратын тізімді құрады.
Зерттелуші секундомерге қарай отырып сөздерді бір қайтара
оқып шығып, оны жасыру арқылы сол сөздің мағынасына
келетін ассоциациялық сөздерді тізеді. Бұл зерттелушілердің
сөйлеу ассоциациясын шынайы түрде құруға мүмкіндік береді.

9.

Психдиагностика тарихындағы тесттің
дамуына ерекше үлес
қосқан американ психологы Джеймс Маккин
Кэттелдің «ақыл-ой
тесті» атты еңбегі болды. «Ақыл-ой тесті»
термині 1890 ж. Дж. Кэттел мақаласында
алғаш рет қолданысқа ие болды. Онда жыл
сайын колледж студенттерінің
интеллектуалды деңгейін анықтауға
арналған тест түрлері берілді. Тесттер
жеке түрде қолданылды жəне
онда бұлшықет күші, қозғалыс
жылдамдылығы, ауруды сезіну, көру
жəне есту тереңдігі, салмақ айырмашылығы,
əсер ету уақыты, ес
жəне т.б. өлшемдерді анықтауға
бағытталды

10.

Психодиагностика тарихында Торндайктың
ассоциация ұғымына
жан-жақты сипаттама беруде жануарларға
жүргізген тəжірибесі
ерекше орын алды. Көру, қате жəне кездейсоқ
жетістік формуласын зерттеп, ол жануарлар мен адамдар
мінезінің бітістері үшін
ерекшеліктері бірдей болады деген тұжырым
жасады
Дəрістері К.Л. Морган , ол 1896 жылы Гарвард
университетінде оқыған, «... Э. Торндайкты
жануарлардың рационалды белсенділігін зерттеуді
бастауға итермеледі. Бірде Морган Торндайкке оның иті
Тоби басын қоршаулардың арасына салып, бақша
қақпасын ашуды қалай үйренгенін айтып берді. Торндайк
бақыланатын зертханалық жағдайларда бұл бақылауды
қайталау жолдарын əзірледі. Оның эксперименттерінде
мысықтар, егеуқұйрықтар, иттер жəне басқа жануарлар
күрделі құлыптар мен клапандар ашты, күрделі
механизмдермен күресті, бірақ бұл механизмдердің өзі
көбінесе жануарды қабылдауға қол жетімсіз болды.

11.

Мысалы, мысық торға орналастырылды, ол есікті ашатын арқанды
тарту арқылы ғана шыға алады. Шығудың жолын іздестіру
əрекеттерінің нəтижесінде мысықбайқаусызда арқанды жұлып алып,
шығып кеткен. Осындай көптеген əрекеттерден кейін мысық торға
түскен бойда арқанды тартуды үйренді. Торндайк мұндай мінезқұлықты «өзін-өзі жаттықтыру» негізінде қалыптастыруға болады
деп есептеді, бірақ жалпы жағдайды түсіну жануарларға қол жетімді
емес. Торндайктың зерттеулері оның «Жануарлар туралы интеллект»
(1911) кітабында жинақталған жəне оның теориялары кем дегенде
жарты ғасыр бойы жануарлар мен білім беру психологиясында
үстемдік етті.

12.

Назарларыңызғ
а рахмет!
English     Русский Rules