490.48K
Categories: economicseconomics ecologyecology

Табиғатты пайдалану экономикасы

1.

2.

«Табиғатты пайдалану экономикасы» пәні
5 – ші дәріс
Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-экономикалық
мәселелері.
Құрастырған: «ИМжК» кафедрасының аға оқытушысы Сатымова М.Е.

3.

5 – ші дәріс. Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-экономикалық
мәселелері.
Дәрістің мақсаты:
Табиғатты қорғау ісінің барлық деңгейіндегі бағдарламамен және
әдістемелік тәсілдерімен таныстыру
Дәрістің мазмұны:
1) Табиғатты қорғау жұмысының тиімділігі үшін жасалатын шаралар.
2) Атмосфераны ластаушы көздер және оларды жіктеу.
3) Атмосфераны қорғау шаралары

4.

Табиғатты қорғау ісінің барлық деңгейіндегі маңызды
бағыттардың бірі - кешенді түрде мақсатты бағдарламаны жасау
болып табылады. Кез – келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі
экологиялық жағдайдың талаптарына сай жұмыс істеуі керек. Осыған
байланысты қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді
пайдаланудың кешені бойынша бағдарлама жасалуы тиіс.
Табиғатты қорғау қорының негізгі қаржысын қалыптастыратын
көздер:
- табиғи ресурстар үшін төлемдер;
- кәсіпорын төлемдері;
- мөлшерден тыс тастаулар мен түрлі шығарындыларға айыппұл
төлемдері;

5.

- сот және әкімшілік жолымен өндіріліп алынатын айыппұлдар;
- лауазымды немесе жеке азаматтар табиғатты қорғау заңдарын
бұзғандары үшін айыппұлдар және т.б.
Табиғатты қорғау жұмысының тиімділігі үшін «Табиғатты
қорғау қорын құру туралы уақытша типтегі ереже» қолданылады.
Осы ережеге байланысты жергілікті өкімет орындарына қаржыны
үйлесімді пайдалануға кең өкілеттілік берілген. Бұл қаржылар
табиғатты қорғаудың жаңа техникалары мен технологиясын құруға,
мониторингтің автоматты жүйесіне, алдын - ала сақтандыратын
шараларға пайдаланылады.

6.

Қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық зиянды
анықтаудың негізгі принциптері:
1. Табиғатты пайдалануды ақылы етіп шешу кезінде ұтымды
пайдаланбаудан болатын экономикалық зиян көрсеткіштерінің
орнын және рөлін анықтау қажет;
2. Нормативті құжаттарға байланысты барлық кәсіпорындар
қоршаған ортаға тигізген жағымсыз әсерлері мен зияны үшін өтем
төлеп, орнын толтыруы тиіс.

7.

Экономикалық зиянды анықтау бойынша бірнеше бағыт бар:
- өнім құнының ысырабы бойынша бағалау;
- өтемақыға орташа және кадастрлік бағамен қосымша шығындар
бойынша;
- таза өнімнің ысырабы бойынша;
- ұлттық табыс пен дифференциалды рента бойынша.
Ластанудың шығыны екі бөлімнен тұрады:
1. табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру шығыны;
2. экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан болатын экономикалық
зиян.

8.

Атмосфераға зиянды заттектердің шығарындысы үшін төлем
жүйесін енгізу, экологиялық шығындардың орнын толтыру
мақсатымен жүзеге асырылады. Қаржыландыру көздерін тәртіпке
келтіріп, атмосфераны қорғауды ынталандырып, несие беру керек.
Атмосфераны негізгі ластаушы заттар:
- отын жаққанда шығарылатын газдар мен қосындылар;
- автокөліктер шығарылымдары және өнеркәсіптен шығарылатын
газдар мен химиялық элементтер, олардың қосындылары.
Қазіргі кезде ауаны ластаушы 400 астам химиялық элементтер мен
қосындылары белгілі.
Ауаның тазалығына оны ластаушы заттар әсер етеді.

9.

Ауаны
ластаушыларды
табиғи
-
жанартаулардың атқылауы;
орман және жер өрттері;
органикалық заттардың шіруі;
жер қойнауынан шығатын газдар;
ғарыш тозаңдары;
радиоактивті ластаулар, т.б.
антропогендік
адамның
өндірістік
байланысты.
шаруашылықәрекеттерімен

10.

Атмосфераны
ластау заттардың
әсеріне
масштабына
түрлеріне
мерзіміне

11.

Әсер ету механизмі бойынша:
- нақты әсер;
- жанама әсерлер.
Түрлері бойынша:
- натуралды;
- рухани-эстетикалық;
- әлеуметтік –экономикалық;
- құқықтық;
Уақыты бойынша:
- қазіргі кезде;
- болашақта.

12.

Масштабы бойынша:
- энергетикалық;
- аймақтық;
- құрылыстық және ғаламдық болады.
Экономикалық зиян - нақты, потенциалды, мүмкін, жойылған және
болдырмаған деп бөлінеді.
Зиянды әсерлерге байланысты әрекеттер:
1) зиянды ластаушыларды ауаға шығармау;
2) ластаулардың әсерінен қорғану;
3) ластау салдарын жою;
4) зиянның алдын алу, болдырмау.

13.

Атмосфера қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады:
1) Техникалық тазалық шаралар.
2) Технологиялық шаралар.
3) Ұйымдастыру шаралары.
4) Тыйым салу, бақылау шаралары.
Атмосфераның ластануынан болатын салдарын экологиялық,
әлеуметтік және экономикалық зияндар деп бөлуге болады. Зияндар
тіршіліктің, шаруашылықтың барлық салаларына келтіреді.

14.

Олардың ішінде экономикалық зияндарды біршама толық есептеуге
болады, қалғандары тек шартты бағаланады. Әдетте денсаулық
сақтау, өнеркәсіп, ауыл және орман шаруашылығына, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылыққа келетін зияндар есептеледі.
Атмосфераның ластануынан болатын зиянды есептеудің бірнеше
әдістері белгілі. Олар:
- тура есептеу;
- талдау;
- факторлар бойынша есептеу;
- тәжірибе негізінде болжау;
- сараптамалық бағалау және субъективті әдістер.

15.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Rules