1.06M
Category: medicinemedicine

Сальмонеллез

1.

Сальмонеллез– сальмонелла
бактерияларымен қоздырылатын,
фекальды-оральды механизммен
берілетін, жиі
гастроинтестинальды, сирек
жайылмалы түрлерінде өтетін
жедел зооантропонозды ауру.

2.

Этиологиясы
• Salmonellaлар
Enterobacteriacea
туыстығына жатады
• Salmonellaлар грам
теріс, спора түзбейтін,
майда таяқшалар.
• О-антигені соматикалық
ыстыққа төзімді
• Н-антигені талшықты
ыстыққа төзімсіз.

3.

Этиологиясы
• Соматикалық О-антигені бойынша
60-қа жуық түрге бөлінеді: А, В, С,
Д, Е және т.б.
• Талшықты Н-антигені бойынша
2000 нан астам сероварлары бар.
• Қазақстанда 500-ден аса
сероварлары кездеседі,
• 40-50% S. enteritidis және
S.
typhimurium құрайды.
• 20% сирек кездесетін сероварлар
құрайды S. anatum, S. Newport, S.
panama, S. London, S.Haifa,
• 60-75 % „декреттелген топ“
арасында кездеседі.

4.

Этиологиясы
Салмонеллалар қоршаған ортада өте төзімді:
– Суда 2-5 айға дейін,
– топырақта 4-6 айға дейін,
– бөлме шаңында 3 айға дейін,
– құрғақ нәжісте 2-4 жылға дейін сақталады.
• Ет пен шұжықта 2-4 ай, сары майда 4 ай,
сүтте 20 күн сақталады.
• Сүттен жасалған тағамдарда, етте, майда,
жұмыртқа ұнтағында жақсы сақталуымен
қатар өсіп-өнеді.

5.

Инфекция көзі
• Сальмонеллез
зооантропонозды
инфекция
• Негізгі инфекция көзі –
үй жануарлары мен үй
құстары: ұсақ және ірі
қара мал, шошқа, тауық,
қаз, үйрек.
• Науқас адам және
бактерия
тасымалдаушылар.

6.

Беріліс механизмі
• Жасырын кезең – 2-6 сағат – 2-3 күн
(орташа 12-14 сағат)
• Беріліс механизмі- нәжіс-ауыздық
механизм.
• Берілу жолдары:
– тағам,
– су
– тұрмыстық заттар
• Сальмонеллездің 45-70% алиментарлы
жолмен, әсіресе жануарлар және құс еттері

7.

Беріліс механизмі

8.

Негізгі таралу жолы –тағам арқылы
Әсіресе еттен жасалған тағамдар қауіпті
• фарш, котлет, ливер,
• шұжық, паштет, студень
• балықтан жасалған,
• жұмыртқа және жұмыртқадан жасалған
кремдік және кондитерлік тағамдар
• жартылай дайын тағамдарда, сорпада,
балаларға арналған тағамдарда жақсы
көбейіп, өсіп- өнеді.

9.

Тұрмыстық қатынас
• Тұрмыстық қатынас жолы арқылы көбіне
жас сәбилер арасында аурухана ішілік
инфекция түрінде таралады.
• Сальмонеллез нәрестелер бөлімшесінде,
жұқпалы аурулар ауруханасында және
жабық балалар үйлерінде жиі таралады.
• Негізгі таратушы факторлар күтім
жасаушы анасының және медицина
қызметкерлерінің ластанған қолы,
жаялықтар, сүлгі, төсінеш заттары,
ойыншық, горшок, соскалар

10.

11.

12.

Ауруханаішілік инфекция
• Аурухана ішінде сальмонеллез ауруын
көбіне S. typhimurium серовары
тудырады, оларды «аурухана
штамдары» - деп бөліп атайды.
• «Аурухана штамдары» көптеген
антибиотиктерге,арнайы
бактериофагтарға шыдамды
• Сондықтан, жылдам таралады, адамға
тез жұғады және ағымы ауыр түрде
өтеді.

13.

Клиникалық көріністері
• Сальмонеллез жедел басталады.
• Бастапқы кезеңде асқазан ішек жолдарының
зақымдалуы және интоксикация белгілері
байқалады.
• Интоксикация белгілері: жалпы әлсіздік,
бастың ауыруы, дене қызуының көтерілуі,
қалтырау.
• Дене қызуы 38-390С 2-4 күн созылады.
• Тұрақты белгілері – құсу, іштің ауыруы,
диарея.
• Пальпация кезінде құрылдау, эпигастрий
аймағында ауыру сезімі байқалады.

14.

Клиникалық жіктелуі
1. Гастроинтестиналды түрі:
А. Гастриттік
Б. Гастроэнтериттік
В. Гастроэнтероколиттік
2. Жайылмалы түрі:
А. Сүзек тәрізді
Б. Септикопиемиялық
3 . Бактериятасымалдаушылық
А. Жедел (15-күн – 3ай)
Б. Созылмалы (3 айдан астам)
В. Транзиторлы

15.

Сальмонеллез ауырлығы бойынша
• жеңіл,
• орташа ауыр
• ауыр ағымына бөлінеді.
• Ауырлығы сусыздану мен интоксикация
дәрежесіне байланысты анықталады.
• Гастриттік түрінде интоксикация белгілері,
жүректің айнуы, эпигастрий аймағында
ауыру сезімі, құсу.
• Іштің өтуі әдетте болмайды, іші өтсе жиілігі 5
реттен аспайды, нәжіс ботқа тәрізді.

16.

Гастроэнтерит түрі
• жүректің айнуы, қайталап құсу,
• іштің кіндік аймағында және мықын
аймағында ауыруы.
• Метеоризм, пальпация кезінде
эпигастрий аймағында ауыруы
байқалады.
• Нәжіс сұйық, көп мөлшерде, нашар иісті,
қоңыр, сары және жасыл түсті (батпақ
балдыры).
• Ауру жедел басталады, интоксикация
белгілері орташа деңгейде.

17.

Диагностика әдістері
1. Клиникалық белгілері мен
эпидемиологиялық анамнез.
2. Бактериологиялық әдіс: нәжіс,
құсық, асқазан шайынды сулары,
зәр, қан, өтті, күмәнді тағамдарды
зерттеу.
3. Серологиялық әдіс: РА, РПГА.

18.

Сальмонеллезге қарсы міндетті
бактериологиялық тексеру
• Ауруханаға түсетін 2 жасқа дейінгі
балалар;
• Ауруханаға жатқан баланы
күтушілер;
• Ауруханада ішек функциясы
бұзылғандар;
• Ошақта науқаспен қатынаста болған
“декреттелген” топ

19.

Емдеу
• Асқазанды температурасы 20-22 градус 10-12 литр
2% натрий бикарбонат, сумен таза шайынды су
шыққанға дейін жуу.
• №4 диета: суда пісірілген күріш пен сұлы ботқа,
буда пісірілген фарш, қайнатылған балық, кисель,
сүзбе, ірімшік. Қаймағы алынбаған сүт, майлар
мен көмірсулар шектеледі.
• Регидратациялық ем: глюкосалан, оралит,
регидрон, тұзды ерітінділер.
• Ішектің ас қорыту жеткіліксіздігімен күресу панкреатин, фестал, ораза, энзистал, мезим форте.
• Антибактериалды препараттар қолданылмайды.

20.

Мейіргер күтімі:
• Төсек тәртібі тек ауыр түрінде, диарея, интоксикация
айқын болғанда беріледі.
• № 4 диета сақтауын бақылау, іш өтуі тоқтаған соң № 12
диетаға ауыстыру.
• Нәжістің сипатына, түсіне, жиілігіне, құрамына (қан,
шырыш) назар аудару, бақылау парағына тіркеу.
• Құсу, диарея кезінде қажетті көмек көрсету, гигиеналық
өңдеу.
• Науқастың қан қысымын, пульсын, дене қызуын,
тыныс алу жиілігін тексеру.
• Ауыз арқылы тұзды ерітінділерді «Цитроглюкосолан»,
«Глюкосолан», «Регидрон», «Оралит» беру (1-1,5 лсағ)
• Диурезін бақылау (әр 2-4 сағатта)
• Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді беру
• Күнделікті дезинфекция жүргізу

21.

Асқазанды жуу алгоритмі
Жабдықталуы:
• залалсыздандырылған жуан асқазан зонды
• резеңке түтік (ұзындығы 70 см), зондты
жалғастыратын шыны түтік
• сыйымдылығы 0,5-1 л. оймыш (воронка),
• лотоктар, шылапшын, шелек
• бөлме температурасындағы (t-20-220С) 10-12 л
шелектегі таза су,
• сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыра немесе кружка
• резеңке қолғап, 2 клеенка алжапқышы,
• дәке салфеткалары, дез. ерітіндісі бар ыдыс
• сүлгі немесе ақ жайма,
• қақпағы бар таза құрғақ банка,
• зерттеуге жіберетін жолдама бланкісі

22.

Алдын алу шаралары
2018 ж. №126 бұйрығы “Инфекциялық
ауруларды алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы ісшараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар“
санитариялық қағидалары

23.

Алдын алу шаралары
• санитарлық-гигиеналық,
• ветеринарлық
• індетке қарсы іс-шаралар.
Эпидемияға қарсы шаралар:
• инфекция көзі анықтау
• берілу жолдарын анықтау,
• дезинфекция, дератизация
• күдікті тағамдарды жою

24.

Инфекция көзіне бағытталған шаралар
• Науқасты ауруханаға жатқызу
клиникалық және
эпидемиологиялық
көрсеткіштеріне байланысты
• Ауруханадан шығару клиникалық
толық емделгеннен кейін және
нәжісті бактериологиялық әдіспен
тексеру 2 рет теріс болғанда.

25.

Алдын алу шаралары
• Ошақта медициналық бақылау 6 күн.
• Науқас адаммен қарым- қатынаста болған
адамдарды бактериологиялық тексеру .
• Арнайы ем ретінде сальмонеллезге қарсы
бактериофаг аралығы 5 күнде 2-3 рет беріледі.
• Инфекцияның таралу себебін анықтау
мақсатында науқастан және онымен бірге
тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде
қандай тағамдарды жегендерін сұрау
• Тағамдарды қандай мөлшерде қабылдағанын
және қабылдау уақытын анықтау.
• Тамақтың дайындалу уақытын, қабылдау
уақытын, сақталу жағдайын анықтау арқылы
күдікті тағамды табу.

26.

• Тамақ өнімдерінің сақталу жағдайы, өңдеу,
дайындау әдістері, дайын тағамдардың сақталу
уақыты мен жағдайын анықтау.
• Қоздырғыштармен ластанған тағамдардың
органолептикалық қасиеттері бұзылмау
мүмкіндігін де ескеру.
• Күдікті, қауіпті деген тағамдардың сынамасы
бактериологиялық тексеруге алу.
• Ет және ет тағамдарының сынамалары әр
жерден алынады, лимфа түйіндерін, сүйек
кемігін және күдікті бөлшектерін міндетті түрде
зерттеуге алу.
• Май, қаймақ, маргарин, крем өнімдерінің
сынамалары 100-200 грамм мөлшерде
стерильді ыдысқа алынады.

27.

Диспансерлік бақылау
• Диспансерлік бақылауға тек “декреттелген”
топ алынады;
• Емдеу аяқталған соң сальмонелла бөлуші
“декреттелген” топ және бала бақша
балалары 15 күнге ұжымнан шеттетіледі, 3
рет бак. әдіспен тексеріледі;
• Оң нәтиже қайталанса тағы 15 күнге
шеттетіледі;
• 3 айдан астам уақыт жалғасса, созылмалы
бактерия бөлуші ретінде 12 айға мамандығы
бойынша жұмыстан шеттетіледі.

28.

Эпидемиологиялық мысал № 1
2 күн ішінде 3.06-4.06 заводтың емханасына
20 адам ауырып келген, олардың іштері
ауырған, іші жиі өткен, құсқан.
3.06 барлық ауырғандар заводтың
асханасында тамақтанған, түсте қаздың
жұмыртқасы бетіне құйылған, фарштан
жасалған макарон жеген.
Бұл тағамды 400 адам жеген. Ең соңғы
порциялар пештің үстінде тұрған, екінші
термиялық өңдеу жасалмаған.
• Аурудың себебін анықтау.
• Алдын алу шараларын жоспарлау

29.

Эпидемиологиялық мысал № 2
Жазда саяхатшылар лагерінде сальмонеллез
ауруының өршуі анықталған. Лагерде
барлығы 200 адам 8 топқа бөлінген, бір
асханада тамақтанған.
Тек бір топтың саяхатшылары түскі тамақтан 34 сағаттан кейін ауырған. Олар сол күні түскі
тамаққа кешігіп келген, сағат 13-те
тамақтанудың орнына 17-де тамақтанған.
Түскі тамақ асханада сақталған, топ келгенде
тек жылытып берілген.
• Өршудің себебін анықтау.
• Ошақты жою шараларын жоспарлау.
English     Русский Rules