Ұлы есімдер
Альберт Эйнштейн (1879-1955)
Мария Склодовская -Кюри
Дмитрий Менделеев
372.54K
Category: biographybiography

Ұлы есімдер

1. Ұлы есімдер

2.

1- бөлім: Жұмбақтар
2- бөлім. Эйнштейн айтады...
Талқылау.
3 - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
4 - бөлім. Ойын «Пәндер
байланысы»
5-бөлім. Ұлы ғалымдар жайлы
қызықты мәліметтер

3.

Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай
құрылғыны?

4.

Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді.

5.

Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды

6.

Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық
үшін

7.

Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді

8.

Бар ма, жоқ па оны анық
білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп
жүрмейсің.

9.

•Логика сізді А пунктінен Б пунктіне алып келе алады, ал
елестете білу қайда болса да...
•Үстел үстіндегі ретсіздік сіздің басыңыздағы ретсіздікті
білдіретін болса, онда бос үстел нені білдіреді?
•Менің кабинетімде шкаф бар. Оның ішінде менен де
артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель
сыйлығын шкаф емес, мен алдым.
•Өмір жүріп бара жатқан велосипед сияқты, құлап қалмау
үшін айдау керек.
•Елестету білімнен маңызды, білім шектелген. Елестету
прогреске жол ашып, эволюция тудыра отырып, бүкіл
әлемді қамтиды.
•Қашан оқып үйренуді тоқтатсаңыз, сол уақытта өле
бастайсыз.
•Жеңу үшін алдымен ойнау керек.
Өмір сүрудің екі түрлі әдісі бар. Біріншісі-өмірде
ғажайыптар болмайды. Екіншісі- өмір тек ғажайыптардан
тұрады

10. Альберт Эйнштейн (1879-1955)


Эйнштейн Альберт, (14 наурыз 1879, Германия,
Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, НьюДжерси штаты, Принстон) –физик-теоретик,
қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.
Альберт Эйнштейн — теориялық
физиканың негіз қалаушылардың
бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері,
атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің
алдыңғы қатарлы 20-ға жуық
университеттерінің құрметті
профессоры, КСРО Ғылым Академиясының
шетелдік құрметті мүшесі.
Эйнштейннің басты еңбегі —
”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек
300-ден астам ғылыми еңбектердің,
тарих, ғылымдар
философиясы және публицистика саласындағы
150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де
танымал. Ол бiрнеше түбегейлi
физикалық теорияларды жасады:
Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).
Жылу
сыйымдылығының және фотоэффект квантты
қ теориясы
Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы.
Броун қозғалысының статистикалық теориясы,
флуктуациялардың теориясына негiзін салған.

11. Мария Склодовская -Кюри

Мария Склодовская-Кюри, (7.11.1867, Варшава —
4.7.1934, Франция, Жоғары Савойя
департаменті, Сансельмо) — физик және химик,
физика ғылымдарының докторы (1903),
профессор, КСРО ғылым академиясының құрметті
мүшесі (1926). 1895 ж. Париж университетін
бітірген соң француз физигі П.Кюримен тұрмыс
құрды. Склодовская-Кюри күйеуінің
лабораториясында алғашқы жұмыстарын
жүргізіп, 1906 ж. ол қайтыс болған соң кафедрасын
басқарды. Склодовская-Кюри Париж
университетінде профессор болып сайланған алғашқы
әйел адам. 1914 — 23 ж. Париждегі Радий
университетінде физика-химия бөлімін басқарды.
1923 жылдан Варшавадағы өзі. 1898 ж. ерлі-зайыпты
Кюрилер жаңа химия элемент полоний мен радий
элементін ашты. Олар радийдің сәуле шығару
сипатының күрделі екендігін анықтап, оның затқа
тигізетін әсерлерін зерттеді. Склодовская-Кюри 1902
ж. радийдің таза тұзын, 1910 ж. француз
химигі А.Дебьернмен (1874 — 1949) бірге металл
радийді алды. Сөйтіп ол радийдің атомдық
молекуласын екінші рет үлкен дәлдікпен анықтады.
Склодовская-Кюри Нобель сыйлығымен екі рет (1903
ж. физика, 1911 ж. химия салалары бойынша)
марапатталды.

12. Дмитрий Менделеев

Дмитрий Иванович Менделеев ( 27 қаңтар (8
ақпан) 1834, Тобольск — 20 қаңтар (2 ақпан) 1907, СанктПетербург) — орыс энциклопедист-ғалымы: химигі,
физигі, физикалық химигі, метролог, экономист, технолог,
геолог, метеоролог, педагог, мұнайшы, аэронавт. Петербург
Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876).
1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге
келген.Санкт-Петербург Бас педагогикалық
институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу
жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химия, химиялық
технология, физика, экономика, ауыл
шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған.
Ол изомерия құбылысын зерттеп (1854 — 56),
сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал –
ареометр құрастырды (1859). “Органикалық химия” деген
алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың
қайнауының абсолют температурасын (1860), гидраттық
теорияны . Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу
гипотезасын (1877), көмірді жер астында газға айналдыру
идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда
Санкт-Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне
жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық
элемент менделевий аталды.
English     Русский Rules