206.20K
Category: medicinemedicine

Дислалия, кемістікке сипаттама

1.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Орталық Қазақстан Академиясы
«Әлеуметтік-педагогикалық» факультеті
«Дефектология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы
Тақырыбы: Дислалия, кемістікке сипаттама.
Орындаған: Дф 17-02 Алдаберген Г.А
Тексерген: п.ғ.м.аға оқытушы Аринова К.Н

2.

Дислалия – дыбыстардың
айтылуының бұзылулары, ол
негізгі нейро – динамикалық
процестердің әлсіздігіне, немесе
тіл құрылысының артикуляциялық
бөлімінің анатомиялық
құрылысының бұзылуына
негізделеді.
Павлов И.П. екінші сигнал жүйесінің
қалыптасуында кинестикалық сезімдерге
үлкен мән беріп және оларды базальді
компоненттер деп атады. Дыбыс шығаруды
қалыптастыруда осы кинестикалық сезімдер
үлкен роль атқарады.
Дислалияда дыбыс не айтылмайды, не бұзылып
айтылады, не мүлдем болмайды. Егер 1-4
дыбыстың айтылуы бұзылса қарапайым дислалия
деп аталады, егер 5 немесе одан көп болса күрделі
дислалия деп аталады. 10-16 дыбысты кемістікпен
айтқанда қарым – қатынас нашарлайды, мұның өзі
ауызша және жазбаша тілдің бұзылуына әкеп
соғуы мүмкін. Мұндай күрделенудің механизмі
былайша түсіндіріледі. Тіл дыбыстарын айтқанда
артикуляция мүшелерінің қозғалысынан
кинестикалық сезім пайда болады.

3.

Дислалия
Дыбыс айтылу бұзылғанда толыққанды базальды
компонент болмайды, соның салдарынан дыбыстардың
шығуы дамымайды. Балалар акустикалық және
артикуляциялық ұқсас дыбыстарды сатыламайды, қиын
айырылатын дыбыстары бар сөздер меңгерілмейді.
Балалардың сөздік қоры қалыптан қалыңқы болады да, ол
тілдің грамматикалық құрылысына әсер етеді. (жұрнақ,
жалғаулар меңгерілмейді( Сөйтіп, дислалияның күрделі
формалары тілдің жалпы дамымай қалушылығына әкеледі.

4.

«Дислалия» терминің бірінші рет швецариялық
дәрігер Шультес Р ХІХ жүзжылдықтың 30
жылдарында енгізді және берілген бұзылуға
«артикуляциялық мүшелердің кемістігіне
негізделген, дыбыс айтылудағы бұзылулар» деген
анықтама берді. Вильнюс университетінің
профессоры Франк И 1827 ж. дислалияға дыбыс
айтылуындағы барлық бұзылулардың түрлерін
жатқызды.
ХХ ғ. 60-жылдарында Ляпидевский С.С., Б.М. Грингшпунаның
жұмыстарында жекеленген тіл бұзылулары ринолалия, дизартрия,
дизартрияның өшкен формалары деп бөлінді.
Қазіргі уақытта дислалия деп есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі
аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі
дыбыстардың айтылуының бұзылуын айтады.
Дислалияның теориялық және практикалық
проблемаларына қатысты, алдыңғы қатарлы
логопед-дефектологтардың бірнеше жұмыстары
бар: Правдина О.В., Рау Ф.Ф., Фомичева М.Ф.,
Хватцев М.Е. және т.б.

5.

Дислалияның таралуы және себептері.
Рау Ф.Ф. деректері
бойынша дислалия типі
бойынша дыбыс
айтудағы бұзылулар
мектеп жасына
дейінгілердің 15-25 %,
оқушылардың 5-7 %
кездеседі.
Беккер Р. Германия
мәліметтері бойынша
дислалия 5-6 жастағы
балалардың 34%
байқалады.
Онезорг К. Чехославакия
мәліметтері бойынша 18,5 %
дислалия жалпы білім беруші
мектеп оқушыларында.
Александрова М.А.
мәліметтері бойынша «Р»
дыбысы - 20%, «Л» - 10%,
ысқырып шығатын - 22%,
жіңішке дыбыс кемістіктері
4,5%, тіл арты дыбыстары - 1
%. «Й» - 1,5 % айтылуының
бұзылулары байқалады.
Омельченко Г.Г. мәліметтері
бойынша дислалия мектеп
жасына дейінгі балаларда жай
болады, қыздарға қарағанда
үлдарда жиі болады.
Балаларда дислалияның болуы
артикуляциялық аппараттың
перифериялық бөлімінің
құрылысына әсер етуші
факторлармен – механикалық
дислалия және әлеуметтік психологиялық негіздегі
факторлар – функционалды
дислалиямен түсіндіріледі.

6.

Органикалық дислалияның себептері жатады:
Тістердің құрылысының
дұрыс еместігі
Тіл астындағы сіңірдің
қысқалығы
Еріндердің дұрыс
орналаспауы
Таңдай,тіл,құрылысының
ақаулары
Жақ сүйектері
құрылысының ақаулары

7.

Соматикалық әлсіздену
Психикалық дамудың тежелуі
Педагогикалық босаңдық
Функционалды дислалия
себептеріне жатады:
Жағымсыз әлеуметтік орта
Жанұядағы екітілділік
Фонематикалық
есту қабілетінің
дамымай
қалуынан.

8.

Дислалияның негізгі түрлері.
І. Механизмнің зақымдану негізінде Беккер К.П.,
Совак М.,Правдина О.Н. сенсорлық және моторлық
дислалияны ерекшелеуі. Сенсорлық дислалияның
негізінде тіл есту зоналары қызметінің бұзылуы
жатыр, моторлы дислалия негізінде тіл қозғаушы
аймақтың қызметінің бұзылуы.
Егер дыбыс бұзылып айтылса, кемістікке атты берілген
топтастыру бойынша беріледі, егер тіл жүйесінде бар
дыбыс басқамен алмастырылса, кемістіктің атының алдына
«пара» қосылып айтылады.
Тілдік картада келесідей тілдік қорытынды жасалуы
мүмкін: «Дислалия типі бойынша дыбыс айтудың бұзылуы,
дыбыстардың тобында(артикуляциялық топ көрсетіледі,
мысалы - үнді). Бұзылу сипаты, мысалы – ротацизм.
ІІ. Кемістіктің дыбыс айту белгілеріне қарай
дислалияның келесі түрлерін даралайды:
1. ысқырық сигматизмі: ысқырып айтылатын
дыбыстардың айтылуының бұзылуы;
2. ызың
сигматизмі:
ызың
дыбыстардың
айтылуының бұзылуы;
3. ротацизм: «Р» дыбысының айтылуы мен оның
жіңішке нұсқасының бұзылуы;
4. Ламбдацизм. «Л» дыбысының айтылуы мен оның
жіңішке нұсқасының бұзылуы;
5. Таңдаймен айтылатын дыбыстардың кемістігі;
6. Жіңішке дыбыс айтудағы кемістік;
7. Ұяң дыбыстар мүкістігі;

9.

ІІІ. Егер топтастыру негізіне
бұзылу сипатын ескеретін
түзету жұмыстарының
бағыттарының негізі
алынса, онда дислалияның
келесі түрлерін даралайды:
1.акустика – фонематикалық: фонематикалық
есту қабілетінің қалыптаспауы салдарынан пайда
болады. Кемістік ретінде акустикалық топтың
(ысқырық дыбыстар) айтылуы мен қабылдануы
жатады.
2.Артикулярлы – фонематикалық: бас ми қабығының
моторлы бөлігіндегі артикуляцияның тіл мүшелерінің
қажетті қимылдардың қалыптасуына негізделген, есту
бойынша бала барлық дыбыстарды айырады, ал жоқ
дыбыстың
орнына
айтылуы,
оңаймен
алмастырылады. Мұндай дыбысты субстит дейді.
3.Артикулярлы – фонетикалық:
тілдің дыбыстық көркемделуінің
қателігіне негізделген.Дыбыс тіл
жүйесіндегідей айтылмайды
және аллофон деп аталады.

10.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1,9,18,29,31,35,39,41,45,46,48,49,50,51.
Қосымша:1,2,3,4,5,6.
English     Русский Rules