АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДАН ШАҒЫМДАРЫН, АУРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫН, ӨМІР ТАРИХЫН СҰРАСТЫРУ.
Өңештің анато-миялық тарылу-лары
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ҚАРАУ. ІШТІҢ БЕТКЕЙ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ПАЛЬПАЦИЯСЫ.
Сарғаю
Асцит
“Медуза басы” белгісі
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ЛАБОРАТОРЛЫҚ-АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.
Эндоскопиялық зерттеу
Эзофагоскопияда өңештің төменгі үштен бірінде шамалы қабыну (терминальды эзофагит).
Ультрадыбыстық зерттеу
Асқазанның конрастты рентгенограммасы
1.33M
Category: medicinemedicine

Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардан шағымдарын, аурудың даму тарихын, өмір тарихын сұрастыру

1. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДАН ШАҒЫМДАРЫН, АУРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫН, ӨМІР ТАРИХЫН СҰРАСТЫРУ.

Лектор: доцент
Л.Т.Алимбекова

2.

Дәріс жоспары (1-ші сағаты)
Сұрастыру:
негізгі шағымдары
аурудың даму тарихы
аурудың өмір тарихы

3.

Негізгі шағымдары
жұтынудың бұзылуы – дисфагия
ауырсыну
лоқсу
құсу
кекіру
қыжыл
тәбеттің бұзылуы: жоғарылауы, төмендеуі, болмауы
ауызда жағымсыз дәм сезіну, сілекей бөлінуінің көбеюі
қан құсу
қан кету
метеоризм, іштің шұрылдап-құрылдауы
іш өту
іш қату
тері қышуы
сарғаю
Іштің ұлғаюы (асцит)

4.

Жұтынудың бұзылуы – дисфагия
Басты себебі: өңештің тарылуы, ол
органикалық тарылу және функциональды
тарылу түрінде болады.
Дисфагия сипатының ерекшеліктері:
Органикалық тарылуда әуелі құрғақ немесе
қою тағамның өтуі қиындайды, кейін сұйық
тағам өтуі қиындайды (тұрақты).
Функциональды тарылуда керісінше, сұйық
(әсіресе салқын) тағамның өтуі қиын, ал қою
тағамның өтуі жеңіл болады (тұрақсыз).

5. Өңештің анато-миялық тарылу-лары

Өңештің
анатомиялық
тарылулары

6.

Ауырсыну
Орны: ауырсынған жері;
Таралуы: берілетін аймағы;
Сипаты: кесіп, күйдіріп, сыздап, түйіліп, бүріп немесе толғақ
қысқандай және т.б.;
Пайда болуы: кенеттен, біртіндеп, алғаш рет немесе бұрын
болғандығы;
Тұрақтылығы: тұрақты немесе ұстамалы;
Ұзақтығы: неше уақытқа созылады;
Тамақ қабылдаумен байланысы: тамақ қабылдағаннан кейін
неше уақыттан соң п/б;
Жеңілдік әкелетін немесе керісінше күшейтетін факторлар

7.

Лоқсу
Лоқсу – (жүрек айну, жүрек көтерілуі)
құсқысы келгендей сезім. Лоқсыған кезде
науқастың беті бозарып, басы айналып,
сілекейі көбейіп, өзі әлсірейді. Лоқсу тек ас
қорыту жүйесі ауруларына ғана тән шағым
емес, ол қан қысымы көтерілгенде де, жүйке
күйзелісінде де, т.б. көптеген жағдайларда да
байқалады.

8.

Құсу
Гастрит, асқазанның жара, рак
ауруларында жиі байқалатын белгі.
Құсудың болатын уақытына (аш немесе
тоқ кезде, тамақ іше салысымен немесе
біраз
уақыт
өткен
соң,
қатты
ауырсынғанда пайда болуына көңіл
аудару
керек).
Лоқсумен,
сілекей
бөлінуімен байланысына, құсықтың
мөлшеріне (аз, көп), құрамына - тамақ,
өт, қан, т.б., түсіне - сүт қосқан кофе
түстес, алқызыл, т.б.) зер салу керек.

9.

Кекіру
Ауамен кекіру (аэрофагия), қышқылтым
дәммен кекіру, шіріген жұмыртқа иісімен кекіру
түрлері де болуы мүмкін. Бауыры мен өт
жолдары ауыратын науқастар кекіргенде
аузына ащы дәм келеді. Ал асқазан
қалтқысының тесігі тарылғанда немесе ас
қазан бұлшық еттері әлсіреп, тамақ әрі қарай
ішекке өтпей асқазанда тұрып қалуынан
шіриді, соның нәтижесінде түзілген күкіртсутегі
кекіргенде шіріген жұмыртқа иісін береді.
Асқазан мен тоқ ішек арасында жыланкөз
қалыптасқанда
кекіріктен
нәжістің
иісі
шығады.

10.

Қыжыл
Себебі өңеш пен асқазан арасындағы
сфинктердің әлсіреуінен гастроэзофагальды
рефлюкс дамиды, асқазан сөлінің өңешке
өтуіне байланысты төссүйегінің төменгі
жағында немесе семсер тәрізді өсіндінің
артқы жағында қыжыл сезімі пайда
болады,
ол
гиперацидті
гастритке,
асқазанның жара ауруына тән белгі.
Нәтижесінде өңештің кілегейлі қабаты
қышқылдардың әсерінен күйіп, қабынып –
эзофагит дамиды.

11.

Тәбеттің бұзылуы
Асқа тәбетінің төмендеуі – асқазаны,
ішегі немесе бауыры ауыратын науқастарда
жиі болады, тіпті асқа тәбеті жойылуы мүмкін
– анорексия деп аталады, әсіресе қатерлі
ісіктерде жиі кездеседі, науқас арықтапжүдеп, кахексияға ұшырауы мүмкін. Асқазан
рагімен ауырған науқастардың етке тәбеті
тартпауы мүмкін, ал жара ауруында
науқастың тәбеті бұзылмайды, тек тамақты
көп ішсе асқазаны ауыратындығынан, ол
асты аяншықтап, аз-аздан ішуге мәжбүр
болады.

12.

Тәбеттің шектен тыс жоғарылауы –
булимия деп аталады.
Тез тойыну - асқазанның сөлі
төмендегенде (гипоацидті гастритте),
бауыр-өт жолдарының ауруларында,
асқазан
рагімен
сырқаттарда,
аз
тамаққа тез арада тойынғандай, ішін
кернегендей сезім пайда болады.

13.

Ауызда жағымсыз дәм сезіну
Ауыз қуысында тістің, кілегей қабатының
тікелей өздерінің зақымдануымен қатар басқа
ағзалар
мен
жүйелердің
ауруларымен
байланысты
өзгерістер
де
байқалады.
Мысалы, қаназдықтың бір түрі - АддисонБирмер ауруында ауызда күйдіріп тұрғандай
сезім пайда болса, бауыр, асқазан, ішек
ауруларының кейбіреуінде ауыздан жағымсыз
иіс шығып немесе қышқылтым дәм сезінеді,
ал қантты диабетпен сырқат адамдардың
аузы құрғай береді.

14.

Қан құсу
Қан құсу (өңештен, асқазаннан қан
кеткенде). Құсық түсі қан кеткен жеріне,
құсу уақыты мен қан кету уақытына
байланысты.
Өңештен қан кеткенде түсі алқызыл,
асқазаннан қан кеткенде, егер де қан кете
салысымен құсса түсі алқызыл немес қанық
қызыл болады; егер қан кеткеннен уақыт
өткен соң, құсса қан асқазан сөлінің әсерінен
өзгеріп, түсі кофе қойыртпағына ұқсайды
(«кофе қойыртпағы» құсығы).

15.

Қан кету
Қан кету — melaena (қара түсті
нәжіс). Мұндай нәжіс аш ішектің
жоғарғы
бөліктерінен,
және
де
асқазаннан, өңештен қан кеткенде, тек
қана құсықпен шығып қоймай,
жұтуына байланысты ішекке де түседі.
Қан аз кеткен жағдайда қара түсті
нәжіс бомайды, қалыпты түс болады.
Мұндай
жағдайларда,
нәжісті
жасырын қан кетуге тексеру қажет.

16.

Метеоризм
Іш кебуі — желденуі. Ішектердегі газ
түзілуі күшейіп, сіңірілуінің төмендеуінен, іш
жүрмей қалуынан, өсімдік тектес тағамдарды
көп қолданудан, ауаны көп жұту себебінен
дамиды.
Анықтайтын жағдайлар: бүкіл ішке
тарала ма, белгілі бір бөлігіне беріле ме, үнемі
бір аймағында болады ма, құрыл-шұрыл
(ішек перистальтикасы күшеюінен) сезіне ме,
осыларды анықтау керек?

17.

Іш өту — диарея
Үлкен дәреттің сұйық болуы. Ішек
перистальтикасының күшеюінен, тамақ
қорытылмай және сіңірілмей сыртқа
шығады. Ішектің қабынуы, зақымдануы,
сіңірілудің реттелуі бұзылысынан су
алмасудың бұзылысы мен іш өту дамиды.
Үлкен дәреттің жиілігіне, ауырсынумен,
тамақ ішумен байланысына т.б. көңіл
аудару керек. Іш өткенде нәжістің
құрамына қан, кілегей, ірің, басқа заттар
араласса, оның түсі өзгереді. Өт шықпай
қалғанда нәжістің түсі ақ болады,
асқазаннан немесе он екі елі ішектен қан
кетсе, оның түсі көмірдей қара болады.

18.

Іш қату – обстипация
Іш қатуы — нәжістің ішекте ұзақ уақыт
(48 сағаттан көп) тұрып қалуы, соның
салдарынан нәжіс «қой құмалағы» тәрізді
болады.
Іштің
қатуы
органикалық
(тарылуы, ісік) және функциональды
(алиментарлық, неврогенді, қабыну, улану,
эндокриндік, гиподинамия, іш бұлшық еті
тонусының төмендігі) себептерден болады.
Анықтайтын жағдайлар: жоғарыда
келтірілген
себепші
болуы
мүмкін
факторларды анықтау керек?

19.

Тері қышуы: жиі бауырлық және бауыр
астылық сарғаю кезінде болады, бірақ
кейде онсыз да кездесуі мүмкін, кейде ол
бауыр ауруларының ерте белгісі болуы да
мүмкін.
Сарғаю - терінің және көрінетін кілегей
қабаттардың сарғыш түске боялуы, өт
пигменттерінің қанда және тіндерде
жиналуынан болады.
Іштің ұлғаюы (кейде тез ұлғаюы) ішектерден
қанның
қақпақты
вена
арқылы
өтуі
қиындағанда
асцитке
байланысты
болады,
метеоризм
күшейгенде немесе бауыр, көк бауыр
кенеттен үлкейгенде байқалады.

20.

Аурудың даму тарихы
Ас қорыту жүйесі ауруларының даму тарихын
сұрастырғанда мына мәселелерге: аурудың
басталған кезіне, алғашқы байқалған белгілеріне,
ауруының
ағымына,
дәрі-дәрмектің,
улы
заттардың әсеріне, тістің өзгерістеріне және жыл
мезгілімен,
бактериялық,
вирусты
немесе
созылмалы ағымды аурулармен байланысына,
бауыр ауруларына қатысты бұрын-соңды сарғаю
болған-болмағанын, бауырдың және өт қабының
жедел қабынуы (вирусты гепатит, жедел
холецистит, холангит), бауыр коликасының
ұстамасы, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюы
болған-болмағанын сұрастыру керек. Тексеру
нәтижелеріне, бұрын қолданылған емнің түріне
(хирургиялық, терапиялық), оның нәтижесіне
көңіл аударған жөн.

21.

Өмір тарихы
Еңбек, тұрмыс және жұмыс жағдайы, тамақтану
ерекшеліктері (ретсіз немесе үнемі ыстық, суық, ащы,
майлы, қуырған, құрғақ тамақ пайдалану), Бұрын
ауырған
аурулары,
анамнезінде
жүқпалы
аурулардың болуы (вирусты гепатит, лямблиоз, іш
сүзегі, безгек, мерез және т.б.), асқазан ішек
жолдарының аурулары (гастрит, колит), қанттық
диабет. Ауыр жарақаттар, осы ауруға себепші
болатын факторлар: майлы етті тағамдарға әуестік,
химиялық, дәрілік және өсімдік уларының әсері
(ауыр металл тұздары және т.б., жеуге жарамсыз
саңырауқұлақтар). Тұқым қуалаушылық аурулары,
зиянды әдеттер (спиртті ішімдік, темекі).

22. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ҚАРАУ. ІШТІҢ БЕТКЕЙ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ПАЛЬПАЦИЯСЫ.

Лектор: доцент
Л.Т.Алимбекова

23.

Дәріс жоспары (2-ші сағаты)
ішті қарап сипаттау
іштің беткей пальпациясы
іштің терең пальпациясы

24.

Қарау
Науқасты жатқызып, жағдайы келсе тұрғызып
қараған жөн. Бірінші ауыз қуысының кілегей
қабатын, тілін, тістерін қарау керек. Ішті
қарағанда іш жарығы (грыжа), іштің алдыңғы
іргесі веналарының кеңейгені, асцит болуы түрегеп
тұрғанда айқын көрініс береді: іштің бітіміне,
терісінің түсіне, шығыңқы жерлеріне, метеоризмге,
кіндіктің өзгерістеріне, көзге көрінетін қозғалыс
(перистальтика) бар-жоғына, тыныс
алуға
қатысуына зер салу керек.
Асқазан және он екі елі ішек ауруларында
науқастардың дене бітімі жиі астениялық типте
болады.

25.

Бауыр
және
өт
жолдарының
ауруларында
науқастардың
көбі
гиперстеник болып келеді (өтке тас
пайда болу ауруында). Науқастың өте
жүдеуі, кахексияға үшырауы бауыр
циррозында, бауыр мен өт жолдарының
қатерлі ісіктерінде болады.
Теріге қан құйылу, петехиялық
(нүктелі) бөртпе бауыр жетіспеушілігіне
тән. Теріде қасыған тырнақ іздері
болуы, тері сары түске өзгеруі мүмкін.

26. Сарғаю

27.

Көз ағының сарғаюы

28.

Механикалық
сарғаю
Терінің түсі
жасыл сары

29.

Паренхиматозды сарғаю. Тілдің
кілегей қабатының сарғаюы

30.

Ішті қарағанда (тікесінен және
шалқасынан) - асцитті анықтауға
болады
(цирроз
және
портальды
гипертензияда).
Асцит кезінде тікесінен тұрғызып
қарағанда іш төмен қарай салбырап
кетеді, өйткені жиналған сұйықтық
төмен қарай кетеді. Шалқасынан
жатқанда іштің екі бүйірі жайылып
кетеді. Мүндай пішіндегі ішті «бақа іші»
деп атайды.

31.

Асцит

32. Асцит

33.

Кахексия және асцит

34.

Бауыр ауруларының ұсақ белгілері:
Ксантоматоз
(ксантелазма)
қабақтың, (ксантома) алақанның,
шынтақтың, тізенің және табан
терісінің
(ксантома) сары түсті
холестерин кристалдарының түйме
болып жиналуы зат
алмасуда
холестерин алмасуының бұзылуынан
болады. Ксантоматоз қантты диабетте
және атеросклерозда да кездеседі.

35.

Ксантоматоз

36.

Кілегей қататтағы ксантелазма

37.

Қабақтағы ксантелазма

38.

Көздің кілегей қабатындағы ксантелазма

39.

«Тамыр жұлдызшалары» - тері
бетінен аздап көтеріліп пульсация
беріп тұратын ангиомалар. Олардан
айналасында күн сәулесі сияқты
тамыр тармақтары кетеді. «Тамыр
жүлдызшалары» көбіне мойында,
бетте, иықта, алақан сыртында,
арқада, сирегірек мұрын, ауыз,
жұтқыншақтың
кілегей
қабықтарында
болады.
Бауыр
қызметі жақсарғанда олар жойылып
кетеді, не азаяды.

40.

«Тамыр жұлдызшалары»

41.

«Бауыр
алақаны»
(пальмар
эритемасы) екі алақан мен екі
табанның,
әсіресе
тенар
мен
гипотенардың қызаруы.
Алқызыл түсті «таңқурай түсті» тіл,
беті
тегіс
болады,
ангулярлық
стоматит және ауыздық пайда болады
(В тобы гиповитаминозынан).

42.

«Бауыр алақаны»

43.

Таңқурай түсті тіл

44.

Ангулярлық стоматит және ауыздық

45.

Соңғы үш симптом
бауыр
тіні
ауыр зақымданғанда байқалады.
Зақымданған гепатоциттер қандағы
эстрогендерді толық ыдырата алмайды.
Ал, қанда концентрациясы көбейген
эстрогендер
тері
тамырларын
кеңейтеді.

46.

Эстрогендердің шектен тыс көбеюі
басқа да белгілердің пайда болуына
себеп болады. Мыс: ерлерде сүт бездері
үлкейеді (гинекомастия), сақал шығуы,
ерлерге тән түктенуі нашарлайды.
Әйелдерде
түктің
қалыңдауы
(қолтықта, қасағада) байқалады, сақалмұрт
шығады.
Бауыр
қызметі
дұрысталғанда,
ол
белгілер
де
жойылады.

47.

Цирроздан, ісіктен немесе ұлғайған
лимфа түйіндері қысып қалғанда, тағы
басқа себептерден бауырдың қақпақты
венасы жүйесінде қан айналымы бұзылса,
іштің
алдыңғы
жағындағы
вена
тармақтары кеңейіп, білеуленіп кетеді.
Сол кезде іште медуза басына ұқсайтын
бейнені көруге болады.
Бауырдың созылмалы ауруларында
саусақтардың
дабыл
таяқшаларына
ұқсауы, кейде тырнақтардың ақ түсті
болуы байқалады.

48. “Медуза басы” белгісі

49.

Іштің пальпациясы
В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі
бойынша іштің беткей болжамды және терең
әдістемелік сырғымалы пальпациясы арқылы
жасалады.
Беткей болжамды пальпация ауырсыну
бар-жоғын, іш құрсағының алдыңғы іргесінің
бұлшық еті кернеулігін, іш жарығын және
іштің тік бұлшық етінің ыдырауын анықтауға
негізделген. Бұл кезде саусақтарды терең
батырмай, жәй ғана сағат тілінің бағытымен
немесе оған қарсы немесе сол жақ мықын
маңайынан бастап екі жағына симметриялы
түрде беткей пальпация жасалады.

50. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ЛАБОРАТОРЛЫҚ-АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН
ЛАБОРАТОРЛЫҚАСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ
ӘДІСТЕРІ.
Лектор: доцент
Л.Т.Алимбекова

51.

Дәріс жоспары (3-ші сағаты)
лабортаторлық зерттеу әдістері
диагностикалық маңызы
аспаптық зерттеу әдістері
диагностикалық маңызы

52.

Лабораторлық зерттеу әдістері
1. Асқазан сөлін зерттеу:
Зондты:
а) жіңішке зондпен фракциялық зерттеу;
б) ерекше конструкциялы зондпен асқазанның
рН анықтаудың электрометрлік әдісі (рНметрия).
Зондсыз:
а) иондық-алмасушы шайырын (смола)
қолданып зерттеу (ацидотест, гастротест);
б) уропепсинді анықтау;
в) радиотелеметрия әдісі.

53.

2. Дуоденальды зондтау
3. Нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру
4. Нәжісті капрологиялық зерттеу
5.Қанды биохимиялық зерттеу (бауыр
сынамалары, ферменттер, көмірсу,
ақуыз, майлар)

54.

Дуоденальды сұйықтықты
макроскопиялық зерттеу
А және С порциясының түсі қалыпты
жағдайда алтын-сарғыш, В порциясы
күңгірт - зәйтүн түсті және билирубин
мен биливердиннің концентрациясына
тікелей тәуелді. Барлық үш порцияның
қалыпты жағдайда мөлдірлігі толық.
Қабыну процесі кезінде шырыш үлпегі
түсуі мүмкін. Өттің лайлануы асқазан
сөлі қоспасының болуына байланысты,
мүндай өтті зерттемейді. А және С
порциясының концентрациясы шамалы
тұтқыр, В порциясы - анағұрлым
тұтқыр болады.

55.

Өт мөлшері: А порциясында 20-40 мл,
бұл порцияда өт мөлшерінің көбеюі
холедохоэктомия кезінде байқалады.
В порциясында 40-60 мл, бұл порция
көлемінің көбеюі өт қабының үлкеюі
және атониясы бар холециститтерге, ал
өттің азаюы – калькулезді холецистит
кезінде механикалық кедергіден болады.
С порциясы: зонд екі елі ішекте
тұрғанда өт бөліне береді. Бөліну
жылдамдығы шамамен 1 минутта 1 мл
болады.

56.

А порциясының үлесті салмағы - 10071015;
В порциясында - 1016-1032;
С порциясында - 1007-1010;
А порциясының реакциясы әлсіз
сілтілі.
В және С порциясы сілтілі.

57.

Дуоденальды сұйықтықты
микроскопиялық зерттеу
Микроскопиясы:
Клеткалық элементтер
(лейкоциттер, эпителийлер).
Кристалды түзілістер (холестерин
кристалдары, микролиттер, май
қышқылдарының кристалдары).
Паразиттер.

58.

Холестерин кристалдары.
Холестерин
кристалдарының
анықталуы кейде іс жүзінде дені сау
адамда да кездеседі.
Дуоденальды сұйықтықта холестерин
кристалдарының көп мөлшерде болуы
өттің тас ауруын толық дәлелдемейді,
тек өт жолдарында тас түзілуіне қарсы
алдын-ала шаралар жүргізу керектігін
көрсетеді.

59.

Эпителиальды клеткалар
Өтке
цилиндрлік
эпителийдің
клеткалары
тән,
шырыш
үлпектерінде олар жеке-жеке немесе
қабат
кездеседі.
Эпителиальды
клеткалардың көп мөлшерде болуы
қабынудың бар екенін білдіреді.

60.

Микролитдер
(микроскопиялық
тастар).
Оларды
табудың
диагностикалық маңызы бар. Бұл
күңгірт түсті, көп қырлы түзілістер,
олар
әктен,
шырыштан
және
холестериннің
аз
мөлшерінен
тұрады.

61.

Паразиттер.
Дуоденальды сұйықтықта құрттардың
(аскарида, бауыр құрты, қосауызды
мысық құрты) жүмыртқаларын табуға
болады. Одан басқа, өттің барлық
порцияларында
лямблиялардың
вегетативті түрі, описторхиялар жиі
табылады.

62.

Дуоденальды сұйықтықты
биохимиялық зерттеу
Өт бөлінуінің өзгерісін бақылау үшін
және
жеке
жағдайларда
диагностикалық мақсатта қолданады.
Дуоденальды
сұйықтықта
билирубиннің,
холестериннің,
өт
қышқылының мөлшерін және оның
ферменттік активтілігін (амилаза,
липаза,
трипсин,
энтерокиназа)
анықтайды.

63.

Дуоденальды сұйықтықты
бактериологиялық зерттеу
Дені сау адамның өті залалсыз болады.
Он екі елі ішектің және өт жолдарының
қабыну процесі кезінде өттен әр түрлі
микрофлора
табуға
болады.
Бактериялық қабынудың анықтығы,
микрофлора өсуінің тұрақтылығы қайта
тексерулермен дәлелденуі қажет. Ем
жүргізу
үшін
микроорганизмдердің
антибиотиктерге
сезімталдығын
анықтайды.

64.

Аспаптық зерттеу әдістері
Эндоскопиялық зерттеу (ЭФГДС)
Ультрадыбыстық зерттеу
Рентгенологиялық
зерттеу
(холецистография,
эндоскопиялық
(ретроградты)
холангиопанкреатография, компьютерлік томография)
Радиоизотоптық зерттеу
Биопсия

65. Эндоскопиялық зерттеу

12 елі ішектің жара ауруы (жара фибринмен
қапталған және айналасы қабынған)

66. Эзофагоскопияда өңештің төменгі үштен бірінде шамалы қабыну (терминальды эзофагит).

67.

Асқазан жарасының жиі, қауіпті асқынуларының
бірі қан кету. Гастроскопия: асқазанның
зақымданған тамырынан қан атқылап тұр

68.

Гастроскопия:
асқазан
жарасының
шеттерінен
қан кету

69.

Гастроскопия: асқазан жарасының
шеттерінен қан кетуде

70.

Гастроскопия: асқазан жарасынан қан кетудің
тоқтау кезі

71.

Гастроскопия: ұзақ уақыт бойы жара ауруымен
ауырған науқас қалтқысының тарылуы

72.

Гастроскопия: асқазан жара ауруы кезіндегі
асқазанның пилорикалық бөлімінің деформациясы
және тарылуы

73. Ультрадыбыстық зерттеу

“S”- тәрізді өт қапшығы

74.

Өт қапшығының жедел қабынуы

75.

Өт іркілген қапшық

76.

Жедел холецистит кезінде лимфа бездерінің үлкеюі

77.

Ұйқы безі тінінің созылмалы қабынуынан
фиброзды өзгерісі

78.

Эндоскопиялық ультрасонограмма
Ұйқы безі паренхимасында кальцинат анықталады

79.

Жалпы шолу
рентгенограммасы
Ұйқы безінде
көптеген
кальцификаттар
кездеседі

80. Асқазанның конрастты рентгенограммасы

81.

Рентгенограмма
Іш қуысында
сұйықтық

82.

Компьютерлік томограммада созылмалы панкреатитте
атрофияланған паренхимасы және кеңейген өзегі көрінеді
English     Русский Rules