Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жоспары:
Кіріспе
Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері
Сәулелік диагностика әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тыңдағандарынызға рахмет!!!
19.02M
Category: medicinemedicine

Жүйке жүйесі ауруларының семиотикасы және диагностикасы.Жоғарғы ми қызметі және оның бұзылыстары

1. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ИӨЖ
Тақырыбы:Жүйке жүйесі ауруларының
семиотикасы және
диагностикасы.Жоғарғы ми қызметі және
оның бұзылыстары.
Орындаған:Әмірхан А.А.
Тобы:ЖТД-636
Қабылдаған:Есен Ләззат Мельдебековна.

2. Жоспары:

• Кіріспе
• Жүйке жүйесі ауруларының семиотикасы
және диагностикасы.
• Негізгі бөлім
• Жоғарғы ми қызметі және оның
бұзылыстары.
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер

3. Кіріспе

Жүйке жүйесі-адам организмін қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе.Жүйке жүйесі ішкі
және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды,талдайды,өңдейді,организм қызметін реттеп
үйлестіреді.Семиотика дегеніміз – синдромдардың жиынтығы, аурулардың белгілері, ағымы,
дәрігердің осы ауруға байланысты диагностика жүргізу, симптомдарды жинақтай отырып,
емдеу жоспарын құру туралы медицинадағы зерттеу салаты.

4. Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері


Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру.
Шағымдарын анықтау: бас ауру, бас айналу, жүрек айну, құсумен бірге жүретін бас айналу,
омыртқа бағанасы бойынша ауру сезімі, көрудің нашарлауы, көрудегі көріністің қосарлануы,
жадының, қимыл-қозғалыс пен сезінудің, сөйлеу қабілетінің бұзылысы;
Осы дерттің даму тарихын ( дерттің анамнезі) анықтау — Дерттің басталу ерекшеліктері
(себебі, қандай шағымнан), қалай (кенеттен, бірте-бірте), әрі қарай ағымы (шағымдар даму
реттілігі, бәсеңсуі, өршуі) оның айқын көрінісіне дейін нақтыланады. Сонымен қатар
жасалған емдік шаралар — өздігінше, дәрігер көмегі, оның тиімділігі
Өмір тарихы –негізгі алынатын мәліметтер — өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар
мен дерттері туралы мәлімет
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы:
Тағамдану жағдайы:
Жұмыс жағдайы: қызметінің түрі, жұмыс уақытының тәртібі, кәсіпшілік зиянды жайттар.
Зиянды әдеттері:
Болған деттер — балалық және ересек кезінде кезінде. Оталар, жарақаттар. Қан және оның
қоспаларын құю. Аллергиялық әсерленулер – тағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге,
вакциналарға, қан сарысуына.
Науқасты жалпы қарау. Есін анықтау — ең басты іс әрекеттері: 1- хабары бар мәліметтер
туралы сұрау;
Бассүйек нервтер қызметін бағалау;
Қимыл-қозғалыс үйлесімі мен кеңістіктегі дене тепе-теңдігі тұрақтылығын зерттеу:
Менингиальдық белгілерді анықтау.
Сезімталдықты зерттеу тәсілдері

5. Сәулелік диагностика әдістері

1. Компьютерная томография
2. Экстракраниальдық тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы
3. Эхо-энцефалография
4. Электроэнцефалография (ЭЭГ)
5. Бас миының потенциалдерын шақыру
6. Транскраниальдық магнитная стимуляция
7. Магнитно-резонанстық томография (МРТ)

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

Үлкен ми мидың ең үлкен бөлімі және бассүйек қуысының көп бөлігін толтырып
тұрады.Бойлық саңылау мидың күмбезді бетінен өтіп,үлкен миды оң және сол екі
ми сыңарларына бөледі.Бас ми сыңары 4 үлкен үлеске бөлінеді:маңдай үлесі,төбе
үлесі,самай үлесі,шүйде үлесі
Жоғарғы ми қызметі-үлкен ми сыңарлары,ми қыртысы және қыртыс асты
бөліктері арқылы атқарылатын адамның күрделі іс-әрекеті мен міңезқұлқының,танымдық іс-әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін
қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі.
Жоғарғы ми қызметтері:ағзаның тіршілігін реттеп отыру,міңез-құлықтың
күрделі формаларын қалыптастыру,нерв-психикалық қызметтердің қайта
қалыптастыру,барлық
проприоцептивті,интероцептивті,экстероцептивті,вестибулярлы,есту,көру
және басқа да импульстердің анализі мен синтезі,
Жоғарғы ми қызметтерін зерттеу әдістері:импрессивтік сөйлеу,экспрессивтік
сөйлеу,таныс заттардың атын сұрау,жазуын тексеру,оқуын тексеру,түйсінді
тексеру,мақсатты іс-қимылдарды тексеру

14.

15.

16.

17.

18.

• Жоғарғы ми қызметі және оның бұзылыстары
• Жоғарғы ми қызметтеріне:ойлау,сөйлеу,гнозис,праксис,көңілкүй,сана,таным т.б.
• Сөйлеудің бұзылуы:афазия,дизартрия,алалия,мутизм,жалпы сөйлеудің
дамымауы.
• Афазия – дамыған сөйлеудің орталықтан бұзылуы.Афазия түрлері –
моторлы, сенсорлы, амнестикалық. Моторлы афазия – өздігімен сөйлей
алмайды. Науқас өзінің есінде қалған жеке сөздермен буындарды
қайталайды. Сенсорлы афазия – науқас өзінің және басқалардың да
сөйлегенін түсінбейді.Науқас сөйлеуді шу ретінде немесе өзіне
түсініксіз тілде сөйлеп тұрғандай сезінеді. Амнестикалық афазия – төбе
мен самай бөлігінің төменгі және артқы бөліктері зақымдалған кезде
дамиды және науқастың заттардың атын ұмытуымен сипатталады.
Мутизм – сөйлеу аппаратының жұмысы бұзылмаған кездегі науқастың
сөйлемеуі. Көбіне реактивті неврозда, истерияда, психикалық ауруларда
(шизофрения) кездеседі. Алалия – үш жасқа дейінгі қыртысты сөйлеу
зоналарының зақымдалуы кезіндегі жүйелі түрде сөйлеудің дамымауы.
Алалия афазия сияқты моторлы және сенсорлы деп бөлінеді.

19.


Дизартрия - артикуляцияның бұзылуы, ол орталық (екі жақты зақымдалуы
кезінде ) болуы мүмкін және перифериялық (сөйлеуге қатысатын
бұлшықеттер параличі кезінде) немесе мишық зақымдалғанда,
стриопаллидарлы жүйе зақымдалған кезде кездеседі.
Гнозис (греч. gnosis — білу, білім) — бұл заттарды сезім мүшелері арқылы
қабылдап, тану. Оның бұзылысы– агнозия деп аталады. Көбінесе, екіншілік
зоналар деңгейіндегі қандайда бір анализатордың зақымдалуы кезінде пайда
болады.
Көру агнозиясы шүйде бөлігінің сыртқы аймақтары зақымдалған кезде пайда
болады. Науқас заттарды танымайды, тек олардың кейбір қасиеттерін ғана
көреді, соған байланысты сол зат туралы мағлумат жинайды.
Есту агнозиясы заттарды көрмеу, оларға тән дыбыстар арқылы заттарды
ажырата алмау. Бұл кезде есте анализаторы зақымдалмаған. Есту агнозиясы
доминатты жарты шардағы самай бөлігіндегі екіншілік зоналар зақымдалған
кезде дамиды.
Сенситивті агнозия (астереогноз) – көзді жауып тұрып заттарды ұстау арқылы
ажырата білу. Орталық артқы иірімнен кейнгі төбе бөлігіндегі екінші зона
зақымдалған кезде пайда болады.
Иіс және дәм сезу агнозиясы сирек кездеседі жәнеде көбіне аносмиямен
агевзиядан айыру өте қиын.

20.

• Праксис ( греч. praxis — қимыл) – жоспар бойынша рет-ретімен мақсатты
қимыл қозғалыс.
• Идеаторлы апраксия жоспар жоқтығынан күрделі қимыл қозғалыстарды
жасай алмау, бұл кезде қимылдардың реттілігі бұзылады (Мысалы, науқасқа
темекіні тұтатып көрсетуді сұраған кезде, ол темекімен сіріңке қорабын
тұтатады, сондан кейін сіріңкені алып аузына салады). Доминантты жарты
шардағы (оңанақайларда сол жақ) төбе бөлігіндегі қыр үсті иірім ( gyrus
supramarginalis) зақымдалған кезде дамиды және әрдайым екіжақты болады.
• Моторлы апраксия бұл кезде қимылдың тек қана аяқасты еріксіз қозғалысы
ғана емес, сонымен қоса бұйрықты орындаумен қайталауы бұзылады.
Көбінесе біржақты (мысалы, сүйелді дене зақымдалған кезде тек қана сол
жақ қолда).

21.


Бас миы жеке бөліктерінің зақымдалу симптомдары
Маңдай бөлік симптомдары
Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық
алды иірім зақымдалған кезде)
Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)
Паркинсонизм, сирек гиперкинездер
Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені
Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі
Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)
Моторлы афазия (Брок зонасы)
«Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі)
Апатико-абулиялық синдром, маңдай юморы (мория) эйфория

22.


Маңдай бөлігі тітіркену синдромдары:
Джексонның тартылу ұстамалары – тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)
Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)
Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )
Маңдай автоматизм ұстамасы – күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар,
тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл
қозғалыстар жасайды (өртеу, өлім).
Кіші эпилепсиялық ұстамалар – лезде, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап,
қолынан заттары құлап, көрініс беретін ұстама

23.


Төбе бөлік симптомдары:
Анестезия
Астереогноз
Апраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивті
Аутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап
қабылдау, сол мен оңды айыра алмау
Төменгіквадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңінде
Псевдополимелия
Анозогнозия
Төбе бөлік тітіркену симптомдары:
Соматосенсорлы джексон ұстамасы

24.


Самай бөлік симптомдары:
Есту агнозиясы
Жүйелі бас айналу ұстамасы
Контралатеральды астазия-абазия
Жоғарыквадратты гемианопсия – самай бөлік тереңінде
Сенсорлы афазия
Амнестикалық афазия
Самай бөлік тітіркену симптомдары:
Галлюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге:
Иіс сезу (Гешле иірімі)
Дәм сезу (аралша бөлігі)
есту (жоғарғы самай иірімі)
вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жері
висцеральды (медиобазальды бөлім)
Түс көрген тәрізді жағдай– ешқашан көрмеген, ешқашан естімеген
Самай автоматизмі – ориентировканың бұзылуы – өз үйін танымайды, мақсатсыз
қимылдар жасайды
Кейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы мүмкін.

25.


Шүйде бөлік симптомдары:
Жоғары квадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі
бөлігі)
Төменгі квадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)
Көру агнозия (сыртқы бөлімі)
Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында
Акалькулия (санаудың бұзылу)
Контралатеральды атаксия
Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау– микропсия, макропсия)
Шүйде бөлік тітіркену симптомдары:
Фотомдар – шүйде бөліктің ішкі беткейінің тітіркенуі
Кинофильмдер, мультиктер, кадрлар – шүйде бөліктің сыртқы беткейінің
тітіркенуі кезінде

26. Қорытынды

Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты
бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-өрекеті мен мінезқұлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін
қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі
өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп
отырады.

27. Пайдаланылған әдебиеттер


1. С. Қайшыбаев “Неврология” 2 кітап, Алматы 2015ж.
2. Богородинский Д.К., СкоромеңА.А., Шварев А.И.Руководство к практическим занятиям по нервным болезням. М., 1977.
3.Вейн А.М.Вегетативные расстройства. М.: Медицинское информационное
агентство, 1998.
4.Гусев Е.И., Гречко В.Е., Бурд Г.С.Нервные болезни. М.: Медицина, 1988.
5.Дрогичина Э.А.Профессиональные болезни нервной системы. Л.:
Медицина, 1968

28. Тыңдағандарынызға рахмет!!!

English     Русский Rules