Similar presentations:
Дәнекер тіндері және олардың түрлері. Қаңқалық тіндер. Бұлшық ет тіндері
1. 4-тақырып Дәнекер тіндері және олардың түрлері. Қаңқалық тіндер. Бұлшық ет тіндері
2. Жоспар
• Дәнекер тіндері және олардыңтүрлері
• Қаңқалық тіндер
• Бұлшық ет тіндері
3. Дәнекер тіндері және олардың түрлері
Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus — ұлпа, connectivus — дәнекер) —адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін,
денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып,
организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы
жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде
жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық
заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен
жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер
ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері
басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек,
сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер
ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар
(эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа
жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан
жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық
заттардәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру
(трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға
қатысады.
4.
• Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекерұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды.
Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары
мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін
дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын
құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды,
дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық
еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын
түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез
қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы
жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы,
ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы,
тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады
5. Дәнекер тіндердің түрлері
Өзінің атына сәйкес барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады. Дәнекер
ұлпасына - сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфалар жатады. Дәнекер ұлпасы: Тығыз
талшықты дәнекер ұлпасы, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықтар, қан ұлпасы деп
бөлінеді.
1.Тығызталшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді жанасқан.
Жасушааралық заттар аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірдеі артериялық
қантамырлардың қабырғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі тығыз орналасып,
ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамассыз етеді.
2.Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады.
Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен - бірі байланысқан жері,
көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзілген.
Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты
болғанымен серпінділік қасиеті бар.
3. Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бірімен-бірі байланысқан сүйек
тақташаларынан түзіген.
4.Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары
тығыз орналасқан.
5.Қан - дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан,
қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.
6.
Дәнекер тіндері жасушалы дифферондардан және көптеген жасушааралық
заттан тұратын, ішкі ортаның гомеостазын сақтауға қатысатын және басқа
тіндерге қарағанда аэробты тотығу процесін аз пайдаланатын, мезенхиманың
туындылары. Адам денесі массасының 50 % - тен астамы осы дәнекер
тіндерінен тұрады. Дәнекер тін мүшелерінің стромасын, тіндер арасындағы
қабыршақ – перделерін, тері дермасы мен қанқаны түзеді.
4 Дәнекер тіндерінің қызметі. Ағзада дәнекер тіндері сан – алуан қызметтерді
атқарады: трофикалық, қорғаныс, тіректік ( биомеханикалық ), пластикалық,
морфогенетикалық. Трофикалық қызметіне айналасында орналасқан
құрылымдарды қоректік затпен қамтамасыз етіп, зат алмасу және ағзаның ішкі
ортасының тұрақтылығын да сақтайды. Бұл қызметті атқарудағы ең маңызды
құрылымы жасуша аралық заты. Сондықтан жасуша аралық зат интегративті –
буферлі орта болып табылады.
7. трофикалық
• Трофикалық қызметіне айналасындаорналасқан құрылымдарды қоректік затпен
қамтамасыз етіп, зат алмасу және ағзаның
ішкі ортасының тұрақтылығын да сақтайды.
Бұл қызметті атқарудағы ең маңызды
құрылымы жасуша аралық заты. Сондықтан
жасуша аралық зат интегративті – буферлі
орта болып табылады
8.
• Тіректік ( биомеханикалық ) қызметіпішін құрап көптеген мүшелердің негізін
түзеді. Бұл қызметі аталған тіннің
коллаген және эластин талшықтарына
тікелей байланысты.
9.
Қорғаныс қызметі – ағзаны механикалықәсерлерден қорғап ( сүйек пен
шеміршек тіндері ), мүшелерге сыртқы
ортадан бөтен текті заттардың енуінен
сақтап ( фагоцитоз ) жасушалық және
гуморальді иммунитетке қатысады
10. Регуляторлық және морфогенездік
• Пішінін қалыптастыру, көптегенжасушалық типтер, тіндер және ағзалар
үшін дәнекертінді қоршауы тек пассивті
тіректік роль ғана атқармайды, сонымен
бірге оның ұйымдастырушы және
информациялық да маңызы зор
(мысалы, пролиферация мен
дифференциялануға, бағытталған
миграцияға және т.б. әсері);
11.
Пластикалық қызметі – тіршілік ету жағдайларға байланысты,
сол ортаға бейімделуі немесе адаптация процессіне қатысып
мүшелердің дефектісін жойып, регенерациялық қызмет
атқарады. Морфологиялық қызметі – тіндердің комплексін
қалыптастыру, оның ішінде көптеген мүшелердің капсуласын,
мүшенің ішіндегі стромасы болып саналатын перделерін түзіп,
мүшелерге белгілі бір пішіні береді. Барлық осы жеке
функциялар гомеостазды-организм ішкі ортасының шартты
түрде динамикалық тұрақтылығын сүйемелдеуге бағытталған.
Оларды талшықты дәнекер тіннің нақтылы түрінің жасушалық
құрамы, жасушааралық затының физикалық-химиялық
қасиеттері анықтайды. Сондықтан бұл функциялар әр түрлі
дәнекер тіндерде әр түрлі дәрежеде дамиды.
12.
• Дәнекер тіндер түрлері бір-бірінен жасушалыққұрамы, жасушалық элементтері мен жасушааралық
затының физика-химиялық қасиеттері бойынша
айырмашылықта болады.
• 148 бетте, 14.1 –схемадан қарау.
13. Талшықты
• Борпылдақ-(тамырлар және нервтердіайнала, барлық мүшелердің тіндері
арасында нәзік қабатшалар, дерманың
бүртікті қабаты және т.б.
• Тығыз-а)пішінделмеген –(дерманың
торлы қабаты, мүшелердің
капсулалары);
б) пішінделген- (сіңірлер, фиброзды
мембараналар).
14. Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің жасушалары
Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің құрылысы (149 бетте 14.2 –сурет). Осысуреттен қараймыз.
Осы суретте: Жасушалар: фибробласттар, макрофагтар, толық жасушалар, май
жасушалары, плазмоциттер, пигментті жасушалар, лейкоциттер.
Талшықтар: коллагенді, эластикалық.
Негізгі аморфты заттан тұрады. Бұл жасушалардың барлығы мезенхиманың
туындылары.
Осыған сәйкес бұл тіннің жасушалары екі топқа бөлінеді:
1. Резиденттік (отырықшы) –мұнда тұрақты өмір сүретін жасушалар,
адвентициялық жасушалар, фибробласттар және май жасушалары
(адипоциттер) жатады;
2. Иммигрант (кезбе жасушалар) –яғни дәнекер тінге қан арнасынан түскен
жасушалар. Бұл топты лейкоциттердің барлық түрлері (гранулоциттер және
агранулоциттер) құрайды. Олар дәнекер тінде өтетін иммундық және қабыну
процестерге қатысады. (14 тарау.3.3).
15. Макрофагтар және толық жасушалар
Олар бір жағынан –отырықшыларға(дәнекер тінде пісіп жетіліп, осында
қызметтерін атқарады), екінші жағынанкелімсектерге (олар қан айналымының
ізашар жасушаларынан пайда болады)
жатқызуға болады.
16. Фибробласттар
Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің саны жағынан еңкөп және функциясы бойынша жетекші жасушасы.
Жетілу дәрежесі мен функциялық белсенділігі
бойынша олар әр түрлі болады: жас (камбиальды
немесе аз дифференцияланған) фибробласттар,
пісіп жетілген (дифференцияланған) фибробласттар
және фиброциттер (14.3-;14.4-сур).151 -154 бет.
17. Макрофагтар және макрофагальді жүйе
Макрофагтар (гр.markos-үлкен, fagosжалмауыз) борпылдақ дәнекер тінніңфагоцитозға қабілетті ерекше
жасушалары. (14.5-сурет, 154-156 бет)
18. Толық жасушалар
Тіндік базофилдер, лаброциттерморфологиясы жағынан қанныңбазофилдеріне ұқсас борпылдақ
талшықты дәнекер тіннің жасушалары.
(14.6-сур, 156-160 бет)
19. Плазматикалық жасушалар (плазмоциттер)
Организмге түскен антигендер әсеріненлимфоидты ағзаларда Влимфоциттерден дамитын антиденелер
түзетін жасушалар.
(14.9 –сур.160-161 б).
20. Май жасушалары (Липоциттер, адипоциттер)
Бұлар дәнекер тін жасушалары арасындағы еңірісі. Олар борпылдақ талшықты дәнекер
тінде қан тамырларын бойлап орналасқан
шағын топтар құрайды. Май жасушаларының
үлкен жиынтықтары организмнің кейбір
бөліктерінде (тері астында, жауырын
арасында, қарында, бөкседе, шарбы майда
орналасады және “май тіні” деп аталады.
14.10-сур. (161-162 б.).
21. Лейкоциттер
Борпылдақ талшықты дәнекер тіндеқалыпты жадайда аз мөлшерде
ұшырасады. 162 бет
22. Пигментті жасушалар (пигментоциттер, меланоциттер)
Саны біршама жағынан аз болса да, борпылдақталшықты дәнекер тін құрамына жатады.
Олардың саны дененің кейбір бөлікерінде
(емшек, ұма, перианалдық аймақ) терінің
дәнекер тініде, (дерма), көз алмасының
құбылмалы және тамырлы қабықтарында,
меңде, егде адамдардың бетінің және
арқасының пигментті дақтарында көтеріңкі
болады.
(14.11-сур. 162-163 б.).
23. Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің жасушааралық заты
1. Коллагенді2. Эластикалық
3. Ретикулярлы
14.1 –кесте, 14.12; 14.13; 14.14;14.15.,
14.16-сурет. 164-171 бет аралығы)
24. Дәнекер тіннің негізгі аморфты заты
• Жасушадан тыс матрикстің (жасушааралықзаттың) маңызды құрамдасы. Ол үш түрлі
макромолекулалардан тұрады.
Гликозамингликандар, протеогликандар,
гликопротеиндерден.
• Құрамында пептидтер, альбуминдер,
глобулиндер, минералды заттар және
басқалар да табылды.
(171-175 б., 14.17., 14.18.,14.19., 14.20).
25. Тығыз талшықты дәнекер тін
Олар дәл борпылдақ талшықты дәнекер тінді құрайтынқұрамдастардан тұрады, бірақ мұнда олардың сандық
арақатынасы өзгеше болады. Тығыз талшықты дәнекер тінде
талшықты құрылымдардың (көбінесе коллагенді талшықтар)
массасы және алатын көлемі жасушалар мен негізгі аморфты
заттан басым болады. (14.23 –сур). Коллагенді талшықтардың
реттелу дәрежесіне байланысты пішінделмеген және
пішінделген тығыз талшықты дәнекер тіндері ажыратылады.
(178-181бет)
26. Сіңірлер
Көлденең жолақты бұлшық еттердісүйектерге бекітетін, ұзынша цилиндр
немесе жалпақша пішінді созылмайтын
талшықты тәжілер (тартпалар). Олар
коллагенді талшықтарының жуан
будалары бір-біріне параллельді, өте
жақын орналасқан тығыз талшықты
пішінделген дәнекер тіннен тұрады.
(14.24-сур., А-В).
27. Байламдар, Фиброздық мембраналар
Байламдар-сүйектерді бір-біріменбайланыстыратын, сіңірлерге ұқсас
құрылған анатомиялық құрылымдар.
Фиброздық мембраналарға-фасциялар,
апоневроздар, диафрагма-көкеттің
сіңірлі орталығы, қатты ми қабығы, ақ
қабық-склера, шеміршек қабығы, аталық
және аналық жыныс бездерінің ақ
қабығы және т.б. жатады.
28. қаңқалық дәнекер тіндер
Шеміршек және сүйек тіндері бірігіп, ішкі ортатіндері жүйесіне жататын қаңқалық дәнекер
тіндер тобын құрайды.
Оларға тән жалпы белгілер: 1.мезенхимадан
дамуы; 2.Жасушааралық затының көп болуы;
3. Организмнің гомеостазын сүйемелдеу
функциясы.
Олардың тіректік және механикалық
функциялары жақсы дамыған.
29. Қаңқалық тіндердің функциялары
• Қорғаныш• Транспорттық
• Су-тұз алмасуға қатысады;
Осылардың барлығы бірігіп, организмнің
гомеостазын қамтамасыз етеді.
30. Шеміршек тіндері
Шеміршек тіндері дәнекер тіндерінің жоғарымаманданған тобын құрайды. Олар ауа тасымалдау
жолдары мүшелерінің (мұрын, көмей, кеңірдек,
бронхылар), құлақ жарғағының, буындардың,
омыртқааралық дискілердің құрамына кіреді, іштегі
нәресте скелетінің едәуір бөлігін құрайды
Функциялары: 1. іштегі нәрестеде-пішін
қалыптастырушы, яғни олар сүйек тіні дамуына негіз
болады;
2. Постнаталды кезеңде тіректік қызмет атқарады
(мысалы, қуысты ағзалар қабырғасының қаттылығын
қамтамасыз етеді).
31. Шеміршек тіндерінің жалпы сипаттамасы және классификациясы
1.
2.
3.
4.
Шеміршек тіндері шеміршек жасушаларынан (хондробласттар,
хондриоциттер, хондрокласттар) және жасушааралық затынан тұрады.
(16.1 –сурет). (192 - 203 б) аралығында
Шеміршек тіндері массасы 70-80 %ын су, 10-15% ын органикалық
заттар, 4-7 % ын минералды заттар құрайды.
Хондробластар (гр.chondros-шеміршек, blastos-өскін) –шеміршек
тінінің аз дифференцияланған, бөлінуге қабілетті және
хондриоциттерге дами алатын жасушалары.
Хондриоциттер-шеміршек тінінің пісіп жетілген, синтездік белсенділігі
төмендеген жасушалары.
Хондрокласттар (гр.chondros-шеміршек, klasis-бұзу) –шеміршек тінін
белсенді бұзатын жасушалар.
Жасушааралық зат немесе шеміршек матриксі-шеміршек тінінің
химиялық құрамы күрделі, функциялық тұрғыдан жетекші құрамдасы.
32. Шеміршек тіндерінің түрлері
Қалыптасу және қызмет ету кезіндегібиомеханикалық жағдайларына,
шеміршек матриксінің құрамы мен
құрылымына байланысты, үш түрі
болады: (193-203 бет
1. Гиалиндік 16.2; 16.3; 16.4 -сур
2. Эластикалық 16.5-сур.
3. Талшықты 16.6-сурет
33. Сүйек тіндері
Сүйек тіндері-жасушааралық заты жоғары дәрежедеминералдануымен сипатталатын дәнекер тіндердің
маманданған бір тобы. Сүйек тіндерінің
функциялары:
1. тіректік;
2. Қорғаныш
3. Локомоторлық
4. Минералдық
(203-204 б).
34. Сүйек тіндерінің жасушалары
Екі көзден: мезенхималық және қанның дің жасушаларынан дамиды.(16.8 –сурет) те
1. Мезенхималық жасушалар ---остеогендік жасушалар
(преостеобласттар)---остеобласттар------остеоциттер;
2. Қанның дің жасушалары-----моноциттер-----преостеокластар-------остеокласттар.
Сонымен функциялық тұрғыдан екі типті жасушалар дамиды.
а) сүйек тінін жасайтын (өндіретін) ----остеобласттар------остеоциттер;
Б) сүйек тіндерін бұзатын – остеокласттар.
(205-210 б.)
35. Сүйек тіндерінің жасушааралық заты (матриксі)
Олар өте тығыз және мөлшері көп бейорганикалық(65%), органикалық (25%) компоненттерінен, және
судан (10%) тұрады. Екі құрамдастардың
үйлесімділігі сүйек тінінің беріктігін және серпімділігін
анықтайды.
36. Сүйек тіндерінің классификациясы
Жасушааралық затының микроскопиялыққұрылымының ерекшеліктеріне, мысалы
коллагенді талшықтардың орналасу реттілігі
дәрежесіне сәйкес сүйек тіндерінің екі типін
ажратады.
1. Ретикулофиброзды (жуан талшықты немесе
біріншілік сүйек типі);
2. Пластинкалы (екіншілік сүйек тіні). Бұдан
басқа, сүйек тіндеріне тістің дентин және
цемент түрлері жатады.
37. Ретикулофиброзды (жуан талшықты) сүйек тіні)
Бұл іштегі нәрестенің сүйегін құрайтынэмбриондық сүйек тіні, кейін ол кемелденген
пластинкалық сүйек тініне ауыстырылады.
Ересек адамдарда ретикулофиброзды сүйек
тіні бұлшық ет сіңірлерінің сүйекке бекітілетін
жерлерінде, бас сүйек тігістерінде, тіс
альвеолдарында, ішкі құлақтың сүйек
лабиритінде және де сынған сүйектің
жазылып жатқан жерлерінде сақталады.
16.13 -сурет
38. Пластинкалы сүйек тіні
Бұл тін қаңқаның жалпақ және түтіктісүйектерінің көпшілігін құрайды.
Пластинкалы сүйек тінінің ең қарапайы
құрылымдық –функциялық бірлігі-сүйек
пластинкасы немесе табақшасы
(16.1.,16.14 сурет).
39. Сүйек ағза ретінде
Сүйек сыртынан қаптаған сүйек қабығынан, бірбіріне ауысатын тығыз және кемікзаттарынан, түтікті сүйектің диафизін қызыл
кемік орналасқан қуыс жағынан төсейтін
эндосттан құрылғаны көрінеді. (16.15-сур.).
Сүйектің құрамына басқа да тіндер кіреді:
тығыз және борпылдақ талшықты дәнекер,
май және нерв тіндері, бірақ функция
жағынан жетекші тін пластинкалы сүйек тіні.
40. Сүйек қабығы
• Ішкі• Сыртқы қабығы (16.15-сур. 214 бет)
Сүйек қабығының функциялары:
1. Трофикалық
2. Регенерациялық
3. Механикалық, тіректік
41. Кемік зат
Кемік зат сүйектің ішкі бөлігін құрайдыжәне құрылымдық-функциялық
бірліктерден –сүйек трабекулдарынан
тұрады.(16.1-сур.,16.17 сур.)
Эндост ішкі сүйек қабығы-сүйек кемігі
жағындағы периосқа ұқсас сүйектің жұқа
дәнекертінді қабығы. (16.15-сур).
42. Сүйек тіндерінің гистогенезі, өсуі, қайта құрылуы және регенерациясы
(217-233 бет, 16.18., 16.19.,16.20.,16.21.,16.22., 16.23.,16.24., 16.25суреттер).
43. Бұлшық ет тіндері
Барлық түрлеріне ортақ-жиырылғыштыққасиеті. Осы қасиетінің арқасында
қозғалысты қамтамасыз етеді. Оларда
актин және миозин ақуыздарының
болуына байланысты жиырылғыштық
жақсы дамыған.
44. Бұлшық ет тіндерінің морфофункциялары:
1. Оларды құрайтын гистологиялық элементтері-жасушалары менталшықтары ұзартылған пішінге ие. (17.1-сур).
2. Жасушалар мен талшықтарының цитоплазмасында ұзына
бойлы жолақтар айқындалады. Мұнда миофибрилл деп
аталатын органеллаларының болуы.
3. Миофибриллерінің арасында немесе ядросының жанында,
бұлшық ет жиырылуын қамтамасыз ететін митохондрияның көп
болуы.
4. Гистологиялық элементтерінде энергияның көзі трофикалық
қосындылары (май тамшылары, гликоген гранулдары) бар.
5. Бұлшық ет элементтерінің жиырылуына қажет Са иондарының
жылдам жиналуын және босатылуын қамтамасыз ететін
құрылымдары –саркоплазмалық тор, кавеолдар, көбікшелері
жақсы дамыған.
45. Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі
1. Көлденең жолақты бұлшық ет тіндері- жасушалары мен талшықтарыбойында қалыптасқан көлденең жолақтарымен сипатталады. Олардың
пайда болуы алдымен актин мен миозин миофиламенттерінің
миофибрилдердің құрамында, сонан соң миофибрилдердің жасушалар
мен талшықтардың құрамында дәлме дәл ретті орналасуына
байланысты. (17.1-сур.; 17-тарау. 3.2.1). Көлденең жолақты бұлшық ет
тіндеріне аңқалық немесе сомалық және жүрек бұлшық ет тіндерін
жатқызады.
2. Тегіс салалы бұлшық ет тіндері-миофиламенттері миофибрилдерді
құрамайтындықтан, гистологиялық элементтерінде (жасушаларында)
коллаген жолақтары болмайды. Сондықтан, жасушаларының
цитоплазмасы біркелкі немесе тегіс боялады. Тегіс салалы бұлшық ет
тіндеріне тамырлардың, қуысты ішкі ағзалардың және т.с.с.
қабырғаларының бұлшық еттерін жатқызады.
46. Көлденең жолақты қаңқалық бұлшық ет тіні
Ол скелеттік мускулатураның жетекші құрылымдық құрамдасы.Одан тағы тілдің, өңештің жоғары бөлігінің, және т.б. бұлшық
еттері құрылған.
қаңқалық бұлшық ет тінінің гистогенезі төрт сатыдан тұрады:
1. Миобласттық
2. Миосимпласттық
3. Бұлшық ет түтікшелер сатысы
4. Кемелденген бұлшық ет талшықтарының қалыптасу сатысы.
(17.2-сур. 238-240б).
47. Қаңқа бұлшық ет тінінің құрылысы
• (17.3-сурет, 240-241 б).48. Бұлшық ет талшығының жиырылғыш аппараты
Олар арнайы маңызды органеллалармиофибрилдерден тұрады.(17.5.,17.6.,-сур. 241-245б)
49. Бұлшық ет талшығының тіректік аппараты
• (17.6-сур.,245-247 б)50. Қозуды өткізу аппараты
• (17.6., 17.7-сур. 247-248 б)51. Бұлшық ет талшығының энергетикалық аппараты
• (17.6., 17.7 сур. 248-249б)52. Бұлшық ет жиырылуының механизмі
• (17.8 сур. 249-250 бет).53. Қаңқа бұлшық ет талшықтарының типтері
• (17.9-сур, 251-253 б)54. Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенераациясы
• (253-254 б., 17.2., 14.21 –сур).55. Қаңқа бұлшық етінің ағза ретіндегі құрылысы
• (254-257 б., 17.1.,-17.10-сур).56. Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі
• (256 - 257 б)57. Жүрек бұлшық ет тіні
Жүрек бұлшық ет тіні миокардты-жүректіңбұлшық ет қабығын құрайды, көлденең
жолақты бұлшық ет тіндеріне жатады,
себебі оның кардиомицит деп аталатын
жасушаларында көлденең сызылымды
миофибрилдері бар.
58. Жүрек бұлшық ет тінінің құрылысы
• 17.12 сур.Кардиомицеттер