Similar presentations:
Скрининг әдістерге қойылатын талаптар
1.
L/O/G/O2.
Жоспар•Кіріспе. Скрининг туралы түсінік.
•Неггізгі бөлім
•Скрининг әдістерге қойылатын талаптар
•ЖҚХ-, ГСХ- және СФМ- скрининг әдістерінің қолданылу
спектрі
•ЖҚХ-, ГСХ- және СФМ- скрининг әдістеріне сипаттама
•Қорытынды
•Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Белгісіз дәрілік затты зерттеуде скрининг әдістері.Қазіргі кезде аналитикалық практикада токсикалық заттарды анықтауда
көптеген әдістер қолданылады. Токсикалық заттардың скринингінде
аналитикалық әдістерді таңдауда мынадай мақсаттарды алға қою керек:
•Аз уақыт ішінде кері нәтижелерді минимум ал оң нәтижелерді максимум
дәрежеде алу;
•Жоғарғы сезімталдық;
•Спецификалық.
Скрининг (ағыл. Screening - елеу, сүзу, іріктеу) – бұл белгісіз уды іздеудің
ғылыми негізделген жүйесі, кезектес операцияларда сатылап затың бөлек
топтары немесе жеке қосылыстарды анықтау. Скрининг көп компонентті
қоспалардың бағытталмаған талдауында белгісіз заттарды және заттар тобын
талдауда қолданылады.
4. Скрининг әдістерге қойылатын талаптар:
12
3
Әмбебаптылық (заттардың көп тобына
зерттеу жүргізу мүмкіндігі)
Жеткілікті мамандандырылған
(өзгешеліктері)
Жоғары сезімталдық
4
Экспрестілік
5
Дәлдік
5.
Жалпы скрининг- түрлі фармакологиялық топқа жататын құрылысы жөніненайырмашылықтары бар заттарды химиялық зерттеуді қарастырады көбіне топың
өзі екендігін анықтайды
Жеке скрининг- топтың ішіндегі заттарға зерттеу жүргізуге және оның
туындыларының өзі екендігін анықтайды
Мақсатына қарай талдаулар бөлінеді:
• Бағытталған скрининг, белгілі химиялық топтардан токсиканттарды анықтау.
• Бағытталмаған скрининг, химиялық токсиканттар тобынан нағыз улы заттарды
табу.
Бағытталмаған талдауда қолданылатын негізгі скринингтік әдістер:
•Иммунохиялық (иммуноферменттік талдау – ИФТ, поляризацияланған
флуроиммундық талдау – ПФИТ, иммунохроматографиялық талдау –ИХТ).
•Оптикалық (УК аймақтағы спектроскопия).
•Хроматографиялық (Жұқа қабатты хроматография – ЖҚХ, газ–сұйықты
хроматография – ГСХ).
6.
Қазіргі кездегі химия–токсикологиялық талдаудағы токсикалықзаттардың скрининктік зерттеулерінде ИХТ, ПФИТ және ИФТ
әдістері қолданылады. Заманауи иммунохимиялық әдістер
жоғарғы сезімталдылығымен, қарапайымдылығы мен
экспресстілігімен, бір уақытта көп сынаманы талдау
мумкіндігімен, сынаманы қосымша және арнайы тазалауды және
концентрациясын талап етпеуімен скринингтік диагностикада
ерекешеленеді.
Оптикалық әдістер, ерітіндінің табиғатының спектральды
қасиетіне, рН ортансына және де басқа факторларға тәуелді УФ
спектрофотометрия әдісі қолданылады.
Соңғы жылдар ағымында токсикалық заттардың анықтау шы
скринингтік әдісі ретінде қолданылып келе жатқан өте жоғарғы
эффективтілікті әдіс жұқа қабатты хроматография әдісі. Бұл
техникалық жабдықталуы қарапайым, жұмыс жасауға
реактивтердің қажеттілігі аз дәрежеде. Скринингте ЖҚХ–мен
қатар ГСХ және ЖЭСХ да қолданылады.
7. ЖҚХ-, ГСХ- және СФМ- скрининг әдістерінің қолданылу спектрі.
• химия–токсикологиялық талдау (өткірулануларды жылдам талдау, наркотикалық
заттарды диагностикалық зерттеулерінде);
• сот–химялық зерттеулерде;
• медико–криминалистік зерттеулерде.
8.
ЖҚХ-, ГСХ- және СФМ- скрининг әдістерініңобъектілері:
биологиялық сұйықтықтар (қан, несеп, өт
сұйықтығы, жұлын сұйықтығы, асқазанның
жуынды сулары, )
биологиялық материалдар (ішкі органдар
және тіндер);
айғақты заттар: ұнтақ, таблетка, ампула,
капсула және басқа дәрілік заттар
қалдықтары, шприцтер, азық-түлік және
т.б. заттар.
9.
Жұқа қабатты хроматография әдісі.Жұқа қабатты хроматография – токсикалық заттарды сапалық және
сандық анықтауда қолданылатын бірден–бір скринингтік әдіс. Бұл әдісті
Кеңес Одағы ғалымдары Н.А. Измайлов және М.С. Шрайбер 1938 жылы
ашқан. Қазіргі кезде өзінің ХТТ–да қарапайымдылығымен, экспресстілігімен,
оңай басқарылу және талдаудың арзандылығымен ерекшеленетін әдіс болып
табылады.
Жұқа қабатты хроматография әдісін жүргізетін құрылғы
10.
Сорбенттер.Әдетте ЖҚХ әдісінде метал, шыны немесе пластинка бетінде сорбен қабаты
болады. Сорбент қабаты ретінде қазіргі кезде сликагель немесе хроматография
түріне байланысты өңделген немесе өңделмеген сорбенттер және де целлюлоза,
алюминий окисьі, кизельгель, сафадекс, полиамид және басқа да материалдар
қолданылуда.
ЖҚХ-да қолданылатын бірқатар сорбенттердің тізімі:
Сорбент
Қолданылуы
Сликагель
Негізгі құрамнан полярсыз заттарды бөлуде
Алюминий окисьі
Әлсіз полярлы заттарды бөлуде
Модифицирленген сликагель
Полярлы заттарды бөлуде
Полиамид
Амид тобымен сутекті байланыс түзетін заттарды бөлуде
11.
Газ сұйық хроматография.ГСХ – сот-химиялық талдауларда биологиялық объектілерден наркотикалық
және дәрілік заттарды анықтауда өте көп қолданылатын және кеңінен таралған
сезімтал әдіс болып табылады. ГСХ теориялық негізін 1941 жылы Мартин мен
Синджен жасады. 1952 жылдан бастап аналитикалық мақсатта қолданыла
бастады. Ал химия–токсикологиялық талдауда 1968 жылдан бастап В.Ф.
Пономарев бір атомды спирттерді (С1 – C5) анықтауда қолданылған. Қазіргі
кездегі практикада ГСХ қан мен несептегі этил спиртінінің мөлшерін анықтауда
көптеп қолданылуда. ГСХ «ұшқыш уларды» (спирттер–метил, этил, пропил,
бутил, амил спирттері және олардың изометрлерін: хлорорганикалық
туындыларды, ароматты көміртектерді, альдегидтер және кетондық топтар,
көмірсутектер, бензин және керосн құрамына кіреттін заттар) анықтауда әмбебап
әдіс болып табылады. ГСХ зерттеулер «Цвет-560» хроматографта, жалында
ионизациялау детекторы арқылы жүргізіледі. Буландырғыштың температурасы
– 1500C, газ тасымалдаушының жылдамдығы – 30-40мл\мин.
12.
Газ–сұйық хроматографияның артықшылықтары.Әмбебап әдіс. Ұшқыш және термотұрақты кезкелген байланысты
анықтауға мүмкіндік береді;
Бөлгіштік қасиетінің жоғарылығы. Күрделі көп компанентті
қоспаларды анықтау мүмкіндігі;
Бір сынамада сандық және сапалық анықтау жүргізу мүмкіндігі;
Жоғарғы сезімталдық. (10-5 – 10-9г, организмге түскен этанолдың
толық мөлшерін көрсетуі );
Талдауды аз көлемді сынама арқылы жүргізу мүмкіндігі;
Әдістің дәлдігі. (қателік 1-2% көп емес);
Экспресстілік. (анықтау уақыты 3-5 мин).
Әдістің қарапайымдылығы және орындалуының жеңілдігі.
Хроматограмма түрінде шыққан нәтиже сот–химиялық
талдауда акт ретінде қолданылуы.
13.
Газ хроматографиясының схемасыҚазіргі кезде іс жүзінде жиі қолданылып, кең таралған газ
хроматографиясының негізгі бөліктері мен тораптарының схемасы
15.3-суретте көрсетілген. Мұнан басқа да ғылыми зерттеу бағытында және
сериялы талдауда арналған газ хроматографиясының негізгі тораптарының
түрлері көп. Балоннан шыққан газ тасымалдауыш тұрақты жылдамдықпен
хроматографиялық жүйе арқылы өтеді. Сынаманы хроматографияланатын
заттың толық булануына қажет болатын температураға дейін қыздырылған
буландырғышқа енгізеді. Талданатын қоспа буын газ-тасымалдаушы
ағашымен ілестіре кетіп, оны термостат әдістеме бойынша қажет
температурадағы термостатқа орнатылған бағана жеткізеді. Бағанадағы
талданатын қоспа құрамдас бөліктерге жіктелінеді де, олардың әрқайсысы
жеке-жеке детекторға енеді. Детектордың сигналы әуелі тіркеліп,
интегратормен не микропроцессормен өңделінеді.
14.
15.
БағаналарАналитикалық газ хроматографиясына арналған хроматографиялық бағаналарды
ішкі диаметрі 1-6 мм, өлшемі 300x0.3 болатын металлдан шиыршықталған немесе
тағаша иілген болат, мыс, жез, шыны не кварц түтікшелерінен әзірлейді болады.
Бағананың температурасы –700C. Диаметрі 1-3 мм, ұзындығы 1-3 м бағаналар жиі
колданылады. Қозғалыссыз сұйық фаза үшін жіңішке өзекшенің ішкі
қабырғасының беткі ауданы төсеніш міндетін атқаратын капилляр бағаналар жиі
қолданылады. Мұндай капиллярдың типтік өлшемі ішкі диаметрі 0,2 мм, ал
ұзындығы 50 м-ден 100 м-ге дейін болады. Бұлардың тиімділігі өте жоғары,
мысалы, ВТТ бір миллиметр шамасында, ал теориялық табақшалар саны
стандартты бағаналар үшін 5 мың болса, осы түтікшелер үшін бес жүз мыңға
жетеді.
16.
Детекторлар.Талданатын газдардың кез келген қасиеттерін өлшеуге арналған. Екі
топқа бөпінген ондаған детектор сипатталған. Бірінші топқа сигналы
сынаманың тек концентрациясына тәуелді, ал газдың жылдамдығына
тәуелсіз болатын детекторлар жатады. Екінші топка тиісті сигнал
сынаманы сезімтал жүйеге жеткізген жылдамдыққа тәуелді болады,
алайда бұл жағдайда газтасымалдау араласуының мәні болмайды. Жиі
қолданатын мұндай аспаптардың кейбір түрлері кестеде келтірілген.
Детектордын жылу өткізгіштігі бойынша дифференциалды түрлері кең
таралған, оларды кейде катарометр деп те атайды. Олар негізінен
ортасынан жіңішке платина не вольфрам сымы тартылған, екі не төрт
цилиндрлі, құдық сияқты қуыс металл торабынан тұрады.
17.
Қозғалмайтын сұйық фаза материалдарыныңбасым көпшілігі трикрезилфосфат, реоплекс–400,
сквалан, ПЭГ–600, SE-30, OY-225, OY-17, ПЭГ-20М,
SP-2100 және (3-5%, 10-15%) силанизирленген
инертті газдар тасымалдаушы ретінде қолданылады.
балауыз, каучук немесе шыны сияқты масса болып
келеді де, ГСХ-бағаналардың да температурасы
кезінде сұйытылады. Оларды полюстік дәрежесі мен
шекті жұмысшы температурасы бойынша
ажыратады.
18.
Хроматограмма.Спектрофотометрия
Спектрофотометрия зат молекуласының монохроматты сәуле толқынын жұтуын
негізге алып, оның құрамы мен құрылымын анықтауға пайдаланады.
Спектрофотометрия-монохроматты жарықты жұтуға негізделген.
Спектрофотометр аппаратының құрылыс бөлшектері
•Жарық көзі
•Монохроматтар
•Светофильтр
•Кюветалық бөлік
•Фотоэлемент
19.
Спектрофотометрдің түрлері.•Спектрофотометр кюветасыз, 8-каналдық
•Спектрофотометр UV-1800
•Спектрофотометр UNICO S2100+
•Спектрофотометр UNICO 2800
Атомды-абсорбциондық спектрометр
20.
Лабораторияда дайын өнім байқауларын өткізі үшінқолданылады , дәрілік өсімдікті Улы элементтердің
қауіпсіздік - ұстауын көрсеткіштерді анықталады (
қорғасын , кадмий , сынап , мышьяк ) сонымен қатар
сапалы
көрсеткіштер ( селен , мырыш , марганец ,
Сандық
кальций
, магний , күміс , хром , никель , калий , натрий ,
анықтау
темір , мыс және д т). толық автоматтандырылған жүйе
мүмкіндік беретін анықтау 20 элемент үлгілердің
талданатын сериялары . Көп өзекті құрал келеді , не бір
уақытта бірнеше элементтің анықтауға рұқсат етеді .
21.
Қорыта айтқанда, скрининг белгісіз уды іздеудің ғылыми негізделген жүйесі жәнекезектес операцияларда сатылап затың бөлек топтары немесе жеке қосылыстарды анықтау
болып табылады. Белгісіз уларды анықтау кезінде оларды дәл табу үшін өте сезімтал,
ыңғайлы, қолайлы әдістерді пайдаланған жөн. Себебі, улы заттар өте аз мөлшерде болуы
мүмкін және де уақыт үнемдеу зерттеуді жылдамдатуға көмектеседі. Скриингтік әдістерге
қойылатын өзіндік талаптар да бар. Скрингтік талдаулар бағытталмаған және бағыттаған
болып екіге бөлінеді.
Скринингтік талдауда көбінесе ГСХ, СФМ, ЖҚХ әдістері қолданылады. Бұл әдістердің
өздеріне тән басқа әдістерге қарағанда артықшылықтары бар, мысалы биологиялық
объектідегі удың өте аз мөлшерін анықтай алуы, белгісіз уларда шыңдар арқылы қандай зат
екендігін анықтай алуы, бір уақытта сандық та сапалық та анықтау жүргізе алуы және т.с.с.
Бұл жерде спектрофотометрия-монохроматты жарықты жұтуға, газ сұйық хроматография
ұшқыш уларды анықтауға, жұқа қабатты хрматография әдісі сәйкес сорбент арқылы
зерттелетін затты анықтауға негізделген.
Қорытынды
22.
Пайдаланылған әдебиеттер.•Токсикологическая химия: учебник / Под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое
изд. – М., 2008.
•Т.Байзолданов, Ш.Т.Байзолданова. Руководство по токсикологической
химии ядовитых веществ, изолируемых методом экстракции: Алматы:Б.и.,2003.
•Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное
пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008.
•Лужников Е.А. Клиническая токсикология / -М.,"Медицина", 1994.
•Основы аналитической токсикологии/ ВОЗ.- Женева:ВОЗ,1997.
•Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия - Киев, «Высшая школа», 1989.
•Швайкова М.Д. Токсикологическая химия- М., «Медицина», 1975.
23. Назарларыңызға рахмет!
L/O/G/OНазарларыңызға рахмет!