Similar presentations:
Қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдері
1. ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ Тақырыбы: Қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдері
Орындаған:Сапарова М.Ғ.,112гр.,ЖМФ
Тексерген:Есильбаева Б.Т.
ҚАРАҒАНДЫ 2009 ЖЫЛ
2. Жоспар:
1.Ағзаның қартаю құбылыстары жәнегеронтология мәселелері
2.Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы
3.Қартаюдың негізгі теориялары
4.Адам өмірінің ұзақтығы
5.Өлім – жеке дамудың (онтогенездің)
қорытындысы
3.
1.1. Қартаю барлық ағзаларға тән жалпыбиологиялық құбылыс болып саналады.Қартаю –
онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше
құрылымдық, қызметтік және биохимиялық
өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын
құбылыс.
Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды
геронтология (гр.geron – шал) деп атайды.
Геронтология қартаю құбылысының негізгі
заңдылықтарын молекулалық және жасушалық
деңгейден бастап тұтас ағза деңгейінде
анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу
және аурудың алдын алу проблемаларын
зерттейді.
4.
1.2.Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелерібарлық уақытта ғалымдарды ойландырып
келген мәселе.Ол әсіресе ХХ ғасырда халық
құрамында терең демографиялық
өзгерістердің белең алуына байланысты белең
алып отыр, себебі көптеген экономикалық
дамыған елдерде кәрі адамдар саны өсуде.
Геронтология міндеті тек қана адам өмірін
ұзарту емес, сол сияқты, кәрі адамдардың
қоғамдық өмірге және еңбек қатынастарына
белсенді араласуына көмектесу, яғни оларды
белсенді және толыққанды өмір сүру
мүмкіншіліктерін ұзарту болып табылады.
5.
2.1.Қартаю – жастық өзгерістердің заңдықұбылысы болып табылады. Қартаю
құбылыстары ертеден басталады және ағзаның
қызмет ету мүмкіншілігін бірте – бірте
қысқартады.
Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі
құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық,
жасушалық, ұлпалық және жүйелік. Ағзалық
деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы
белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы
өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады,
түседі; терінің созылғыштық қасиеті жоғалып,
әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту
қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді.
6.
2.2.Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлықмүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай
өзгерістер байқалады.
50 жастан кейін адам терісінде тұрақты
өзгерістер – тыртықтар, меңдер, сүйелдер,
әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы
кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып
жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның
иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Ас қорыту жүйесінде мынадай өзгерістер
байқалады – тістер босап қаусап түсе бастайды,
ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды.
40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы
жоғарылайды, қан қысымы қабырғасына
холестерин сіңіп жинақталып, оның икемділігі
төмендейді.
7.
2.3.Кәрілік кезеңде бүйректің фильтрациялауқарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін
өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды.
Бұлшықеттер босап оның тіршілік күші
төмендейді, осының нәтижесінде адам тез
шаршайтын болады.
Ішкі секреция бездерінің қызметінде де
айтарлықтай өзгерістер байқалады – кейбір
бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз
мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс
бездері, қалқанша безі, бүрек үсті безі, ал
кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды,
мысалы гипофиз.
Кәрілік сатыда адмдардың барлық сезім
мүшелерінің қызметтері төмендейді.
8.
2.4.Ағзаның қартаю кезінде тұқымқуалаушылық ақпараттың құрылысында да ,
қызметінде де өзгерістер болатыны
анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері
азаяды, хроматин ақуызының физикалық –
химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды
ақуыздардың ДНҚ молекуласымен
байланысы қатая түседі, ал бұл көптеген
гендерді активсіз күйге көшіреді, себебі олар
транскрипциялана алмайды. Жасушаның
негізгі молекулалық – генетикалық
механизмдері транскрипция, трансляция;,
ДНҚ репликациясы және репарациясы
бұзылады
9.
2.5.Ұзақ уақыт бойы геронтологияда манадайпікір айтылып келген: қартаю кезінде ағзаның
кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады.
Ағзаның әр түрлі мүшелері мен мүшелер
жүйесінде жастық өзгерістер онтогенездің әр
түрлі кезеңдерінде бір мезгілде байқалмайды –
оны гетерохрониялық қабілеті деп атайды.
Мысалы тимустың семуі 13 – 15 жаста басталса,
аналық бездің қызметінің тоқталуы 48 – 52 жаста
байқалады.
Жастық өзгерістер бір мүшенің әр түрлі
құрамдық бөлімдерінде бола бермейді, мысалы
мидың әр түрлі бөлімдерінде қартаю
құбылыстары бірдей болмайды – оны
гетеротопия құбылысы деп атайды.
10.
3.1.Адам ағзасының қартаю себептерітуралы 300- ге жуық болжамдар айтылған.
Олардың көбінің тек тарихи тұрғыдан ғана
маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен
М.Рубнердің (1908) “қуаттық қартаю
теориясын” атауға болады. Бұл теория
бойынша әрбір ағзаның қуат қоры болады.
Қуат қоры таусылса, сағаттың серіппесі
босағандай, тіршілік те баяулап, дүние салуға
алып келеді. Ағзаның қуат қорын жұмсамауы
дененің сыртқы мөлшеріне тәуелді болады,
яғни ағза дене сыртына жылуды қанша көп
шығарса, соншалықты энергия алмасуы
белсенді түрде болып, оның қоры тез
таусылады және ондай ағзалар көп өмір
сүрмейді.
11.
3.2.И.И.Мечниковтың интоксикациялық(улану) теориясы бойынша қартаю құбылысы
тек қана биологиялық факторға–
физиологиялық, патологиялық т.с.с. тәуелді
болмай, сол сияқты әлеуметтік факторларға
тәуелді болады.
Бұл теория бойынша улы ыдырау өнімдері
кейбір мүшелер мен ұлпаларды көбірек
улайды, мысалы бауыр, ми жасушаларын, ал
дәнекер ұлпа жасушасы керісінше көбейеді.
3.3.Академик А.А.Богомольц (1922) қартаю
себептері ағзадағы ұлпааралық
қатынастардың бұзылуы деп болжамдаған. Ол
жасушалар мен ұлпалардың қоректенуін
қамтамасыз ететін және реттейтін дәнекер
ұлпалардың қартаю құбылысындағы маңызы
ерекше деп түсінген.
12.
3.4.Қартаю құбылыстарын түсіну үшінИ.П.Павлов (1912) ілімінің де маңызы зор, себебі
орталық жүйке жүйесі ағзаның барлық мүшелері
мен мүшелер жүйесінің қызметін реттеуші,
басқарушы орталық болып табылады. Әр түрлі
тәжірибелер нәтижесінде ғалым жүйке күйзелісі
мен ұзақ уақыт жүйкенің шаршауы ерте
қартаюды тудыратын фактор екенін анықтаған.
3.5.Қартаюдың негізгі теориялары бойынша
қартаю жасушаның генетикалық аппаратының
бұзылуы салдарынан болады. Онтогенез
барысында нуклеопротеид кешенінің сандық
және сапалық өзгерістері байқалады, ал ол
тіршіліктің түпкілікті қасиеттерінің бірі - өзін-өзі
жаңарту, ақуыз синтезі сияқты құбылыстардың
өзгеруіне алып келеді.
13.
3.6.ХХ ғасырдың 90 жылдары америкағалымдары адам ағзасының “кәрілік” генін тауып
оны “клото” гені деп атаған. Бұл ген адамзаттың
шамамен 25 пайызында кездеседі. Ол ағзада екі
не одан да көп дана күйінде кездесуі мүмкін және
геномда оның саны неғұрлым көп болса,
адамдар соғұрлым ерте қартайып дүние салады.
“Клото” генінің екі данасы жаңадан туылған
нәрестелердің 3 пайызында кездессе, 65
жастағы адамдардың тек 1,1 пайызында ғана
кездескен. Демек, осыншама “клото” гені бар
адамдар ерте кезде, яғни 65 жасқа жетпей дүние
салған.
“Клото” генімен ағзаның ерте қартаюы
арасында тікелей байланыс болатындығына
ғалымдар әлі де күмандануда, әйтсе де, осы
геннің адамдардың тіршілік ұзақтығын реттеуге
қатынасатындығы сөзсіз.
14.
3.7.Адамдарда ерте қартаю белгісі – прогериядейтін ауру екні белгілі. Бұл аурумен ауыратын
адамдарда балалық шақтан бастап (мүмкін
жыныстық жетілу шақта – 13-15 жаста)
жасушаларда жедел қартаю құбылыстары
байқалады.
Олардың терісінде қыртыстар пайда болып,
шаштары ағарады, көздері нашар көреді,
тамырлардың атероскелерозасы т.б. Дамиды,
яғни 20 жасқа жетпей-ақ нағыз кәрі адамдарға
тән қартаю құбылыстары дамиды.Тап осындай
құбылыс 2001 жылы Атырау облысының тұрғыны
9-10 жастағы Нұржан атты балада байқалған.
Сонымен, қартаюдың нақтылы бір себептерін
(механизмдерін) бөле-жала қарастыруға
болмайды және ағзаның кәрілік өзгерістері бір
мүшеде жайлап басталып, әрі қарай тасқындап
үдеп дамып көптеген мүшелер мен мүшелер
жүйесін қамтиды.
15.
4.1.Адам өмірінің орташа ұзақтығықұбылмалы болатындығы белгілі. Ерте заманда
адам өмірінің орташа ұзақтығы қазіргі
кездегіден әлдеқайда қысқа болған. Мысалы,
неандерталецтердің қазба күінде табылған
қаңқаларын зерттегенде, олардың 40 пайызы 14
жас шамасында дүние салғанын, 15 пайызы –
15-20 жас арасында , тек 15 пайызы 40 жастан
көбірек өмір сүргенін көреміз. Тас дәуірі
адамдарының 50 жасқа дейін өмір сүргендері
жеке сирек. Мыңдаған жылдар бойына адамдар
қартаю жасына жетпей өлген.
Адамдардың орташа жасы Еуропада ХVІ
ғасырда – 21, ХVІІ ғасырда – 26, ХІІІ ғасырда –
34, ХХ ғасырдың басында – 50, ХХ ғасырдың
аяғында – 60-65 жас шамасында болған.
16.
4.2.Адамдардың өмір сүруінің биологиялықмүмкіншіліктері 120 – 150 жыл, дегенмен осы
жасқа дейін өмір сүрушілер саны өте көп емес.
Жалпы 90 жастан көп өмір сүретін адамдарды
ұзақ өмір сүрушілер деп атайды.Олар барлық
елдерде де,барлық ұлттарда да кездеседі,сол
сияқты Қазақстанда да, Ұлы Жамбылдың 100
жыл өмір сүргені бәрімізге аян. Жүзді алқымдап
қалған немесе 100-ден асып кеткен қариялар
Қазақстанның түпкір – түпкірінен көптеп
кездеседі. Дегенмен,ұзақ өмір сүрушілер, әсіресе
Абхазияда,Аджарияда,Грузияда,Әзірбайжанда,
Солтүстік Кавказда,Таулы Алтайда жиі кездеседі.
4.3.Дүниеде ең ұзақ өмір сүрген, Гиннес
рекордтар кітабына енген адам – Шерәлі
Мүслімов (әзірбайжан) болған. Ол 168 жыл, ал
әкесі 110, анасы 90 жыл өмір сүрген.
17.
5.1.Әрбір ағзаның жеке тіршілігінің ақырғыфазасын - өлім деп атайды. “Өмір барда, өлім
бар” деп халық бекер айтпаған, өлімнен ешбір
пенде құтыла алмаған, құтыла алмайды да.
Ағзаның зат алмасу құбылысы және сыртқы
ортамен қарым қатынасы бұзылған кезде оның
өлімі басталады. Ағза өлімінің табиғи себептері
болып қартаю құбылыстарының тереңдеп үдей
түсуі, патологиялық құбылыстар, сыртқы орта
факторларының зиянды әсерлері болуы мүмкін.
5.2.Жоғары сатылы жануарлардажәне
адамдарда өлімнің 2 түрін ажыратады:
физиологиялық және патологиялық .
Физиологиялық өлім – табиғи өлім, қартаю
құбылыстары нәтижесінде пайда болады;
патологиялық өлім – мезгілсіз өлім, адам
ағзасының ұзақ сырқаттану салдарынан
мүшелерінің қажып, қызмет ете алмау
жағдайларында пайда болады.
18.
5.3.Жоғары сатылы көп жасушалы ағзалардаөлім клиникалық өлім және биологиялық өлім
болып бөлінеді.
Тіршіліктің негізгі қызметтерінің тоқталуы
клиникалық өлімге жатады.Ол 5 - 6 минутқа
созылады.Бұл кезде көптеген жасушалар мен
мүшелер өзінің тіршілік қабілетін әлі толық жоя
қоймағандықтан олар өзін-өзі жаңарту
құбылыстарын жалғастыра береді, метаболизм
жалғасады, бас миы өз қызметін әлі толық
жоғалтпаған. Сондықтан да осы өлім жайындағы
адамды қайта тірілтуге болады.Оны
реанимация деп атайды.
Тыныс алудың және қан айналымның ұзақ
уақытқа (10-15 минут) тоқтатылуы үлкен ми
сыңарларының жасушаларында кері қайтпайтын
өзгерістер пайда етеді,ол өз қызметтерін түгел
жояды.Оны қайта тірілту мүмкін емес.Өлімнің
мұндай түрін биологиялық өлім деп атайды.
19.
ҚорытындыЕрте кездегі герантологтердің пікірінше
қартаю - емдеуге болатын ауру. Бірақ қартаю ауру емес, ол – онтогенездің заңды нәтижесі
екенін естен шығармауымыз қажет.
Ғылымның негізгі мақсаты биологиялық
құбылыстарды кері қайтару емес, ол мүмкін де
емес. Қартаю құбылыстарын зерттеудің негізгі
мақсаты – ерте қартаюдың алдын алу,
болдырмау, адамдарға физиологиялық қартаюға
дейінгі толыққанды , белсенді өмір сүруге
мүмкіндіктер жасау болып табылады.
20.
Пайдаланылған әдебиеттер:1.“Медициналық биология және генетика”
Е.Ө.Қуандықов, С.Ә.Әбіләев ,
Алматы, 2006 жыл
2. “Генетика”
С.Ж.Стамбеков ,
Новосибирск, 2002 жыл
3. “Генетика”
Р.І.Берсімбаев, К.Қ.Мұхамбетжанов ,
Алматы, 2002 жыл
4. “Патофизиология”
Ә.Нұрмұхамбетұлы ,
Алматы, 2007 жыл