Кафедра:Дерматовенерология Тақырыбы:Қотыр
Жоспар:
АНЫҚТАМАСЫ
ЖІКТЕМЕСІ
ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР
ДИАГНОСТИКА
Физикалық тексеру:
Атипиялық формасы:
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
Емдеу тактикасы
Дəрі-дəрмектік ем:
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
ГОСПИТАЛИЗАЦИЯ
ПРОФИЛАКТИКА
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ
605.50K
Category: medicinemedicine

Қотыр

1. Кафедра:Дерматовенерология Тақырыбы:Қотыр

Орындаған:Меделхан А
Факультет:ЖМ
Топ:605-1

2. Жоспар:


Анықтамасы
Жіктемесі
Қауіп-қатерлі факторлар
Диагностика критерилері
Атипиялық формасы
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Емдеу тактикасы
Госпитализациялауға көрсетімдер
ПРОФИЛАКТИКА
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ

3. АНЫҚТАМАСЫ

• Қотыр – адамның теріішілік паразиті
болып табылатын Sarcoptes scabiei
hominis қышымалық кене туындатқан
терінің паразитарлық ауруы.

4. ЖІКТЕМЕСІ

• 1. Қарапайым.
• 2. Норвегиялық (əлсізденген
адамдарда).
• 3. Жалған қотыр (жануарлар мен
құстардың қотыры).
• 4. Дəндік (матрастық, ячмендік).
• 5. «Тазалардың» қотыры –
азсимптомды.

5. ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР

• сау адамның ауру адаммен тікелей
жанасуы (науқас пайдаланған
тұрмыстық заттар арқылы; жыныстық
қатынастар), тұрғындардың топтануы,
қанағаттанарлықсыз санитарлықгигиеналық жағдайлар, тұрғындардың
жеткіліксіз гигиеналық дағдылары,
тұрғындардың жоғары миграциясы.

6. ДИАГНОСТИКА

Шағымдар мен анамнез
• 1. Тиянақты жиналған жанұялық
эпидемиологиялық анамнез.
• 2. Әсіресе кешке жəне түнде өршитін
айқын терінің қышуы.

7. Физикалық тексеру:

1. Қотырлық жолдар – аздап көтерілген тура жəне
иілген, лас-сұр 1мм ден бірнеше сантиметрге дейін
тізбектер. Алдыңғы соңда (соқыр) жиі жағдайда
көпіршіктер көрінеді (бұл жерде қара нүкте түрінде
көрінетін кененің ұрғашысы бар). Қотырлық жолдар
білезік қол буындарының шеткі беттерінде, ерлердің
сыртқы жыныс мүшелерінде, əйелдерде емшекте
орналасады.

8.

• 2. Аяқ пен қолдың бүгу
беттеріндегі саусақ ұштарында,
денеде (көп жағдайда кеуде
клеткасының алдыңғы бетінде),
іш, белде байқалатын, ұсақ
папулалар, везикулалар,
нүктелік жəне тізбектік
экскориациялар.
• 3. Қотырлық кенелер мен
олардың личинкаларын
қырындыны микроскоптық
зерттеу кезінде табу.

9. Атипиялық формасы:

• 1. Қышудың болмауы, чешуй-қыртыстық қабаттардың
болуы, суланған жалақ жаралар, алақан мен өкше
кератодермиясы (норвегиялық қотыр кезінде).
• 2. Уртикарлық элементтердің везикуламен ортада
болуы, мойын мен денеде орналасу (дəнді қотырда).
• 3. Қотырлық жолдарсыз аса ашық папулавезикулдардың болуы (қышыма қотыр).

10. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:


1. Микрореакция.
2. Қанның жалпы анализі.
3. Зəрдің жалпы анализі.
Қосымша диагностикалық шаралар
тізімі: қотырлық кенені лабораторлық
табу.

11. Емдеу тактикасы

• Ем мақсаты: науқасты қышынудан
құтқару, аурудың қайта қайталануының
жəне таралуын алдын алу, тері
бөртпелерінің регрессі, тығыз
тұрмыстық жанасуды профилактикалық
емдеу.

12. Дəрі-дəрмектік ем:

• Ыстық ваннадан соң, «перметрин» кремімен өңдеу
жүргізуге болмайды. Әр мəжбүрлі қол жуудан кейін,
қайта өңдеу қажет.
• 1. Бүкіл денені, бас, бет, мойын жəне құлақ терілерін
5% «Перметрин» кремімен өңдеу. Перметриннің көз,
мұрын, ауыз қуысы сілемейлі қабығына түсуінен
аулақ болу қажет. Заттың сілемейлі қабыққа түскен
жағдайында оларды ағынды сумен шаю қажет. 8-12
сағаттан кейін препаратты шайып тастау керек. 7
күннен кейін қайталау (жиірек педикулезді емдеу
кезінде қолданылады).

13.


2. Бензилбензоаттың су-сабынды эмульсиясы (20%-ересектер үшін жəне 10%балалар үшін) жақсылап шайқағаннан соң, теріге мақта дəкелі тампонмен емнің
1-ші жəне 4-күндері 10 минуттан күніне 2 рет сүртеді. 2-ші жəне 3-ші
спецификалық ем жүргізілмейді.
Төсек жамылғыларын ауыстыру екі рет жүргізіледі: препаратты бірінші жəне
екінші сүрткеннен кейін. Науқас келесі үш күн ішінде жуынбайды, бірақ қол
ұштарына препаратты əр қол жуғаннан кейін жағады. Науқас 3 күннен кейін
ыстық сумен жуынады жəне төсекті тағы ауыстырады. Емшек жасындағы
балаларға тері жамылғысын түртпей, аталған ерітіндімен сулайды, ем курсын 34 күннен кейін қайталайды.
Бензилбензоатпен емдеу жүктілік пен сүттену кезінде қарсы көрсетілген.
3. 33% (ересектер үшін) жəне 20% (балалар үшін) күкірт мазі. Ем алдында
науқас сабынмен жуынады. Мазьді күн сайын 5-7 күн бойы жағады, əсіресе
қотыр кенесінің орналасу аумағына. Науқас 6-8 күннен кейін сабынмен жуынады
жəне төсек жамылғыларын ауыстырады.

14.

• 4. Эсдепалетрин аэрозолін бет пен бастың түкті
бөлігінен басқа жердің тері жамылғыларына жағады.
Теріге дене бетінен 20-30 см қашықтықта шашады,
препаратты теріде 12 сағатқа қалдырады (қол жуған
кезде препаратпен қайта өңдейді, жаялықты
ауыстыру кезінде балалардың құйрығына шашады). 5
жасқа дейінгі балалар терісін өңдеу кезінде, олардың
аузы мен мұрнын салфеткамен жабу қажет. Егер
қотыр белгілері көрініп тұрса, ерітіндіге батырылған
мақтамен өңдеу қажет.

15. Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

Негізгі жəне қосымша дəрідəрмектер тізімі
• Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
• 1. *Су-сабындық эмульсия,
бензилбензоат жақпамайы (20% ересектер үшін жəне 10% - балалар
үшін).
• 2. *Күкірт жақпамайы 33% (ересектер
үшін) жəне 20% (балалар үшін) 50-100 г.

16.


Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Эсдепалетрин аэрозолі, 152 г.
2. Перметрин 5% кремі.
Ем тиімділігінің индикаторлары
Тиімді ем кезінде: емнен кейін 3 күн ішінде жəне 1,5
ай бойы əр 10 күнде науқасты бақылаулық қадағалау
(ҚР ДСМ 26.01.2004 жылғы бұйрығы).
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне
кіретін препараттар

17. ГОСПИТАЛИЗАЦИЯ

Госпитализациялауға көрсетімдер:
• - айқын қабынулық құбылыстар
(таралған экзематоздық процесс,
аллергизация);
• - екіншілік инфекцияның қосылуы;
• - жүргізіліп жатқан терапия тиімсіздігі.

18. ПРОФИЛАКТИКА

• Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
• Жиһаздарды, сыртқы киім, кілем, матрас, балалар
ойыншықтарын дезинфекциялау үшін аэрозольді
қораптағы инсектицидті (А-ПАР) пайдаланады,
оларды өңдегеннен кейін қосымша жумауға да
болады. Төсек жабдықтарын залалсыздандыру жай
кір жуғыш ұнтақпен 10 минут бойы қайнату жолымен
жүргізіледі.

19. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ


Аурулардың диагностикасы жəне емдеу хаттамалары (Приказы №764 2007, №165 - 2012)
Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.
Walker G.A., Johnstone P.W. Interventions for treating scabies. In: The
Cochrane Library, Issue 3, 2001. 2. Association for Genitourinary Medicine
(AGUM), Medical Society for the Study of Veneral Disease (MSSVD). 2002
national guideline on the management of scabies. London:Association for
Genitourinary Medicine (AGUM), Medical Society for the Study of Veneral
Disease (MSSVD); 2002. 3. Кожные и венерические болезни.
Руководство для врачей. В двух томах. Под редакцией Ю.К.Скрипкина,
В.Н.Мордовцева.- М., Медицина, 1999. 4. Справочник Видаль-2005.
Лекарственные препараты в Казахстане. 5. Кожные и венерические
болезни. Руководство для врачей. Под редакцией Ю.С. Бутова. 6.
«Комплексная терапия чесотки». Московская Медицинская Академия
им. Сеченова, Е.Б.Марьева.
English     Русский Rules