Similar presentations:
Миокард инфарктісі
1.
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫКАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Мелдебек Гүлбану
Тобы:001-2к
Тексерген:Мырзабаева Г.Б
Алматы 2016
2.
1. Жүрек-қан тамыр ауруларына жалпыанықтама, зерттеу әдістері
2. Зерттеу әдістерінің артықшылықтары
3. Зерттеу әдістеріне қарсы көрсетілімдер
4. Зерттеу әдістерін жүргізу ережелері.
5. Қорытынды
3.
Жалпы анықтама:. Жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде қоға-
1
мымызда ең жиі кездесетін түрі – жүрек қыспасы
(стенокардия). Басты себеп – жүректі
қоректендіретін күре тамырдағы қан айналымының
бұзылуы. Жүрек қыспасының салдарынан қан
тамырлары тарылады. Тамыр тарылған соң жүрек
өзіне қажетті қоректік заттар мен оттегі ала алмай
зардап шегеді. Мұндайда адамның кеуде сырты
немесе жүрек тұсы күйдірген тәрізді ауырады,
қысады немесе кеудені басып тұрғандай сезінеді.
Оның әсері сол қолға, мойынға, арқа тұсына
беріледі. Кейде ауру белгісі басқаша болып келеді.
Іштің жоғарғы жағы ауырады, адамның жүрегі
айнып, құсқысы келеді. Кейбіреулер мұны асқазан
ауруы деп түсініп, басқа ем алуы мүмкін.
4.
Миокард инфарктісі – жүрек бұлшық етініңжансыздануы. Кенеттен болған физикалық,
психикалық жүктеме әсер етеді. Миокард
инфарктісі – кенеттен пайда болған, ұзақ уақытқа
созылған миокард ишемиясының салдарынан
оның өлеттенуі. Әдетте миокард инфаркты
кезінде тамырдың қысылған жерінде жедел қан
ұйып қалады. Миокардтың кенеттен өлеттенуі
адамның кеуде тұсын қатты ауыртады. Науқас
мазасызданады, суық тер шығады, өңі бозарып,
еріндері көгереді. Миокард инфарктысы жүрек
етінің жыртылып кетуіне соқтыруы мүмкін.
Сондықтан инфаркт алған адам өзін-өзі міндетті
түрде күтуі керек. Біріншіден, арнайы тәртіпті
қатаң сақтауы, денеге ауыртпалық түсіруден абай
болу, сол сияқты жүйке жүйесін де бірқалыпты
сақтауға тырысу керек. Екіншіден, диетаға
отыруы, қауіпті факторлардан арылуы, үнемі
кардиолог дәрігердің бақылауында болып,
кеңесін бұлжытпай орындауы тиіс.
5.
Эхокардиография (ЭхоКг):Эхокардиография (ЭхоКг) — бұл қазіргі заманғы жоғары информативті
инвазивті емес ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің
диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады.
Жүргізу әдісі: Эхокардиография ЭхоКг өткізу техникасы: Зерттеу
техникасы өте қарапайым, бірақ бұл зерттеуді арнайы
дайындалған маман жүргізуі шарт. Осымен қатар бір полюсті
әкетпедегі ЭКГ тіркемесімен бірге жазылады. Зерттеу кезінде
науқас сол жақ қырында немесе арқасында жатады. Датчикті
әртүрлі позиция бойынша дәрігер өзі таңдап орнатады.
6.
Эхокардиография (ЭхоКг)қарсы көрсеткіштері:
Кеуде клеткасының күйіктері
Жарақаттары
Кеуде деформациялары.
7.
Компьютерлік томография:Инвазивтік емес КТ-коронарографияны. КТ-коронарография
тамыр артерияларының өткізгішін бағалауға, тарылу деңгейін
анықтауға, коронарлық артериялардың анатомиялық
ерекшіліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
жүрек қуыстарының және миокард жағдайын бағалауға, қеуде
қолқасының өрлемелі бөлігінің, өкпе артерияларының және
тамырлардың ақауын жоққа шығаруға. КТ-коронарографияның
артықшылығы хирургиялық кірісуден кейін асқыну болмайды,
кеуде қуысының ағзаларының коронарлық емес ауытқуларын
бағалауға, сонымен қоса коронарлық артерияларының
үшбөлімді (3D) реконструкцияларын алуға мүмкіндік береді.
8.
Компьютерлік томографияКТ ангиографияның негізінде барлық ағзалардың қызметін көзбен
шалуға болады, бұл қан тамырларының толық суретін алуға
мүмкіндік береді. Қан тамырларын рентген сәулелері арқылы
компьютерлік томографиямен зерттегенде және ақпаратты
өңдегенде тіндердің топты көрінісі құрылады.
* Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кешенді диагностиканы
жүргізу, оның ішінде кеудесі қатты ауырып тұрған пациенттерді
зерттеу.
Жүрек-қантамыр ақауларын зерттеуге қажетті контраст жоғары
жылдамдықпен инжектор арқылы еңгізіледі. Зерттеу жүргізген
кезде контраст тамырдың тарылуын, окклюзиясын, жүрек
ақауларын бағалауға мүмкіндік береді.
9.
Магниттік-резонанстытомография
Магниттік-резонансты томографияның практикалық медицинада
қолданылатын магнитті өрісінің қуаттылық диапазоны емделуші
үшін ешқандай зияны жоқ. Сондықтан, диагностикамен қатар,
ауруды емдеу барысында динамикалық бақылау үшін де жиі
қолданылады.
МРТ әдістерінің артықшылықтары және мүмкіндіктері
МРТ – бас және жұлын миы, омыртқа, буындар, іш қуысы
(асқазан және ішекті қоспағанда) және кіші жамбас бөлігі
ауруларын диагностикалауда ең тиімді әдістердің бірі. МРТ көп
жағдайда,
диагностиканың
нақтылау
әдістері
ретінде
қолданылады.
МРТ-ның басты артықшылығы – жоғары деңгейлі жұмсақ тінді
контрасттың болуы (қарама-қарсы заттардың енгізілуінсіз түрлі
жұмсақ тіндердің сапалы медициналық суреттерін алуға жағдай
жасайтын) және сәулелік қуаттың болмауы. Алайда, МРТ өкпе,
асқазан, ішек және сүйекті түсіруде қолданылмайды.
МРТ өткізуге қарсы көрсеткіштер: