1.31M
Category: psychologypsychology

Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары

1.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Психология туралы
ілімнің Қазақстандағы даму жолдары
Қабылдаған: а.о.Бекжанова С. Ж
Орындағандар: Зинуллина З. Ж
Ибрашова А. О
Ізбасар А. Т

2.

Психология дегеніміз не?!
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім,
аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге
сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінезқұлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және
практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан
алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей
жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты —
психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен,
елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
2

3.

Жоспар:
Ежелгі түрік жазбаларындағы психологиялық ойлар.
15-18 ғғ. Қазақ зиялыларының психологиялық
көзқарастары
19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология
ғылымына қосқан үлесі
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуынан
бастап психологиядағы жетістері
Қазақстанда психология ғылымының дамуының
алғышарттары
3

4.

Өлкеміздегі психологиялық іргелі ғылыми зерттеулер тек Кеңес өкіметі
жылдарында өркен жайып дами бастады. Психология ғылымының дами
түсуіне Қазан төңкерілісіне дейінгі он төрт ғасырлы ұзақ мерзімде жасалған
ізгілікті алғышарттар басшылық етті. Қазақстандағы психологиялық ойпікірлердің тарихы Иоллыг – тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба
ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар
жырау, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
С.Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта
– аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді.
Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың
(«Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925.) бірінші болып қазақ жерінде жарық
көруі, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына
сол кездердің өзінде–ақ қалам тартуы – осы айтылғандардың жақсы айғағы.
4

5.


Қазақстандағы психологиялық ғылыми жұмыстар. Қазақстанда
психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі
қарқынмен дами бастады. Оған бірнеше сәтті жағдайлар себеп
болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология
оқытыла бастады. Осы кездері қазақ университетінде логика мен
психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды.
1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп
шықты. Олардың көпшілігі психологиядан мамандық алып,
республиканың жоғары және арнаулы оқу орындарына жолдама
алды. Кейбірі кейін психолог – ғалымдардың қатарына қосылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық
кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964)
еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші
жылдары Е.Суфиев, М.Мұқанов, Т.Темірбековтар диссертация
қорғады.
5

6.

Республикада алғаш рет диссертация қорғаған – Е.Суфиев болды. Ол 1952 жылы
Қазақ университетінің кеңесінде «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы
оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» деген тақырыпта диссертация
қорғады. Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілін меңгеруін, шәкірттердің
ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор
оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін орыс тіліндегі кейбір атауларына
тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағынан И.П. Павловтың жоғары жүйке қызметі
туралы іліміне негіздей түсіндіріледі, оқушылардың кейбір психикалық
функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау және т.б.) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін
жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс – кеңестер береді.
6

7.

М. Мұқанов «Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық
ерекшеліктері» (1953) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери –
архивтік материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар
көрсеткен ерлік істеріне психологиялық талдау жасады. 50-60 жылдары
республика тақырыбына арналған басқа да ондаған зерттеу жұмыстары
психологияның түрлі салалары бойынша (жалпы, жас, педагогикалық, заң-сот,
этникалық, спорт және т.б.) жүргізілді. Ұлттық тілде біраз еңбектер жарық
көрді.
7

8.

1946 жылы ҚазПи-де дербес психология кафедрасы құрылып, аспирантура ашылды. Көп ұзамай Қазақ
университетінде де психология мамандығы бойынша аспиранттар даярлана бастады. Республикада
психология ғылымының дами түсуіне 1973 жылығы Алматыда өткен «Ойлау және қарым-қатынас»
атты Бүкілодақтық симпозиумның, сондай-ақ Ақмоладағы республикалық конференция мен
Шортандыдағы (Көкшетаудағы) жас психолог ғалымдардың конференциясы, 1980 жылы Алматыда
ұйымдастырылған КСРО Психологтар қоғамы Орталық кеңесінің көшпелі сессиясының мәжілісі, 1990
жылы өткен республикалық «Қазақстандағы педагогика және психология ғылымдарының өміршең
мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция елеулі орын алды. Республикада 1958 жылдан
бастап Қазақ ССР-і Психологтер қоғамының, жастар мен мектеп оқушыларына кәсіби-бағдар беретін
(Алматы) «Отбас қызметі» атты консультациялық кабинет жұмыс істейді.Психологиялық
проблемаларды зерттеу ісімен педагогикалық институттар мен университтердің арнаулы кафедралары
аналысады. Үш жүзге жуық ғылыми қызметкер Қазақ ССР-і Психологтер қоғамына бірігіп отыр.
8

9.

Қазақстандағы психология ғылымының қазіргі жағдайы.
Соңғы кездері, қайта құру, жариялылық, демократиялық
бетбұрыстар кең өріс алған кезде психологиялық
зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, ұлт
өміріне байланысты соңғы ізденістер жүргізу колға алынды.
Ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық
мәселелерін, мал шаруашылығының түрлі салаларына қажетті
мамандықтың психологиялық ерекшеліктерін, жетімдер
үйлері мен мектеп-интернаттардағы, гимназия, лицей, медресе
оқушыларының, алыстағы мал жайылымдарындағы кешендік
мектептерде – тәрбиеленіп жатқан шәкірттерді, ақыл-есі
кежелеу дамыған балаларды оқыту және тәрбиелеу, ұлттық
мектептер бағыт-бағдарына өзгерістер енгізу, кешкі, сырттай
оқытатын орта мектептердің, кәсіптік-техникалық
училищелердің оқу мазмұнын анықтау, орта, арнаулы, жоғары
оқу орындарының көптеген психологиялық мәселелерін шешу
көзделуде.
9

10.

Пайдаланылған әдебиеттер:
https://ulagat.com/2020/06/24/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%
D2%9B%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%
D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B%D0%BD%D
1%8B%D2%A3%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%83%D0%BB%D1%96/
http://wikipedia-info.ru/tag/psixofarmakologiya-vikipediya/

11.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules