Similar presentations:
«Linux операциялық жүйесі»
1.
«Linux операциялық жүйесі»2.
ОЖ – бұл компьютерде жұмыс істеп тұрған ең маңызды бадарламалықжасақтама. Ол жадыны, процесстерді, барлық бағдарламалық және
аппараттық жасақтамаларды басқарады. Яғни ОЖ – адам мен компьютер
арасындағы көпір деуге болады. Өйткені операциялық жүйесіз компьютердің
еш мәні жоқ.
3.
Linux — бастапқы коды ашық операциялық жүйелер жиыны. Бұлдегеніміз, олар модификациялана (өзгере) алады және кез келген
адам оны әлем бойынша тарата алады дегенді білдіреді. Бұл оны
Windows сияқты басқа ОЖ-ден қатты ерекшелейді. Өйткені Windowsті құрастырушысы ғана (Microsoft) өзгерте және тарата алады.
Линукстың артықшылығы, оның тегін екенінде және оның таңдауға
мүмкіндік болатын бірнеше нұсқасы болады. Әр нұсқаның сырт
бейнесі өзгеше болады, және олардың ең танымалы Ubuntu, Mint пен
Fedora.
Linux 1991 жылы Linux-тің негізін қалаған Линус Торвальдстің
құрметіне аталған.
StatCounter Global Stats жалпы статистикалар мәліметінше, 2014
жылдың қыркүйек айының дерегі бойынша, Linux қолданушылары
операциялық жүйелер нарығының 2%-ын құрайды. Алайда,
баптауларының жеңілдігі мен икемділігінің арқасында көптеген
серверлер Linux-та жұмыс істейді.
4.
ТарихыLinux 1991 жылы Linux-тің негізін
қалаған Линус Торвальдстің құрметіне
аталған.
StatCounter Global Stats жалпы
статистикалар мәліметінше, 2014
жылдың қыркүйек айының дерегі
бойынша, Linux қолданушылары
операциялық жүйелер нарығының 2%ын құрайды. Алайда, баптауларының
жеңілдігі мен икемділігінің арқасында
көптеген серверлер Linux-та жұмыс
істейді.
5.
Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң ЛинусТорвальдс жаңа оперaциялық жүйені таратты және басқаларды
Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux
операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының
программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген
Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі
күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.
Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол
Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген,
кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.
Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда.
Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып,
кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса,
қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күнненкүнге өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа операциялық
жүйелер туралы естімеген адамдар да бар. Осы мақалалар
сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше
терминдерді, дистрибутивті қалай таңдау, таңдалған
дистрибутивті қалай орнатып-баптауды, көмекті қайдан іздеу
және не оқу керек туралы біле аласыз.
6.
ОС Linux-тіңерекшеліктері
7.
Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері• Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір
мезгілде бірнеше жұмыстарда орындауда компьютердің
барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.
• Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің
бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады.
Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды
және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін
кіргізеді. Жүйеніңін бағдарламалармен дискінің жалпы
жадысы сипатталады.
• Операциялық жүйенің графиктік ортасы. X Window –
бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік
мүмкіндіктерді орындайды.
• Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен
бірге Интернет хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары
SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS,
WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына
жәрдемдеседі.
8.
Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатынпроцедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты
кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта
бағдарламаларға қосылады.
SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы.
Linux көбінесе стандарттарды қолданады.
Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты
саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір
адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.
Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.
Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке
арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы
операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды
Қолданылатын массивтің типіне байланысты мәліметпен тез
жұмыс істеуді және сенімділікті әртүрліше арттырады.
Мәліметтерді сақтаудың сенімділігін арттыру үшін
және/немесе мәліметті оқу мен жазудың жылдамдығын
арттыру үшін қолданылады.
9.
“Linux - тегін”– бұл Linux-тің әрбір түрі мен дистрибутивтерін таратушылардың негізгі
постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық сәйкестенушілікке байланысты
таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты қысқаша былайша беруге болады:
• Жүйе тегін таралады. Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін
мағлұматтарды сатуға дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға
құқығы бар.
• Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының қарсы
құқысы жоқ.
10. Linux операциялық жүйесінің негізгі түсініктері
Free Software – еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып және таратуға рұқсат ететін еркінлицензиялардың біреуі аясында таратылады.
Open Source – бастапқы кодтары ашық бағдарламалық қамтама не ашық бағдарламалық қамтама.
GNU/Linux – Linux ядросына негізделген операциялық жүйесінің атауы. Көбінесе осы сөз тіркесінің бірінші бөлігі
айтылмайды, тек Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы – ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық
қамтаманың жинағы.
Дистрибутив – бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық
жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu,
Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т.б.
Консоль (командалық жол) – негізі, ол – операциялық жүйенің мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізушығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның
графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады.
Root (суперпайдаланушы) – GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік құқығы бар пайдаланушысы.
GUI (ағылш. «graphical user interface») – пайдаланушының графикалық интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер,
батырмалар мен т.с.с.
Window Manager– терезелердің орналасуын мен олардың әрекеттерін басқарады. Мысалы, Compiz – графиалық
эффектілерді ұсынады.
11.
Desktop Environment– жұмыс үстелінің ортасы, негізгі үші түрі бар: KDE, GNOME,XFCE. Құрамында бағдарламалар жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік редактор
ретінде Gnome ішінде gedit, ал KDE ішінде Kwrite болып келеді.
Скрипт – командалық өңдеуіш орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы,
командалар тізімін қайта-қайта тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады
Десте – бағдарламалық қамтама файлы, құрамында бағдарламаның өзі, қосымша
мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты
болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Linux
әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен топқа бөлінеді.
Ең көп таралғандары deb және rpm дестелер түрлері.
Дестелер менеджері– БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама
дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т.с.с. әрекеттерді орындайды Мысалы:
dpkg, rpm. Archlinux үшін дестелер менеджері – pacman.
Репозиторий – БҚ дестелері орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті
компьютерде, не компакт-дисктерде орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер
менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп ала алады.
Бастапқы код– бағдарламаның «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде жазылған
код файлдары мен қосымша құрама (суреттер, құжаттама, т.с.с.). Бағдарлама осы
түрінде пайдасыз, қолдану үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс компиляция деп
аталады.
12.
Көптапсырмалы операциялық жүйеКөп қолданбалылықпен қатар Linux-тің көптапсырмалылық қасиеті бар.
Бір кездерде есептеу жүйелері Windows 3.1-ден Windows 95-ке ауысқанда, жаңа жүйенің көптапсырмалылығы
негізгі құндылығы болып саналды.
Жүйенің көп тапсырмалылығы — оның бірнеше операцияларды (үрдістерді) бір уақытта орындай алуы. Сонда
жалғыз процессордан құралған компьютер бірнеше операцияны параллель орындай алады. Әрине, шынын айтсақ
процессор бірнеше әрекетті бір уақытта орындай алмайды, көптапсырмалылық негізіне бір әрекеттен екіншіге
шапшаң ауысуы жатады.
Әрқашан да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық Windows жүйелеріндегіден гөрі жоғары деңгейде болды.
Linuх бірнеше әрекетті үлкен корпоративтік серверлер мен қуатты жұмыс станциялары үшін ерекше тәсілмен
орындайды. Қазіргі күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана дәл сондай көптапсырмалылықты
қамтамасыз ете алады. Бір кездерде керемет шу көтерген Windows 95-тің өзі бір уақытта орындалатын
әрекеттердің көп санын әрең орындап үлгереді.
Linux жүйесі, Windows NT мен Windows 2000 сияқты, Реntium II екілік жүйесі тәрізді көппроцессорлы
компьютерлерді қолдайды. Бұл компьютерлер шын мәнінде екі бір уақыттағы әрекетті орындайды.
Көппроцессорлық көптапсырмалылықпен бірге бір компьютерде орындалатын бір уақытта іске асатын
бағдарламалар санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.
13.
Көпқолданбалы операциялық жүйеWindows-тің барлық версиялары мен МасОS жүйелері бірқолданбалы (яғни бір
қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері
көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр уақыт мезетінде
жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада Windows NТ-ді
көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition
жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын.
Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын қамтамасыз етеді, бұл оның
көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде дамытуға
болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес компьютерлерінен
жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз компьютерінен емес, осы
серверден бағдармаларды жүктей алады.
14.
Linux-тің бағдарламаларыLinux архитектурасы әр түрлі көптеген процессорларымен жұмыс істейді x86,
x86-64, PowerPC, ARM, Alpha AXP, SPARC, Motorola 680x0, SuperH, IBM
System/390, MIPS, PA-RISC, AXIS CRIS, Renesas M32R, Atmel AVR32, Renesas
H8/300, NEC V850, Tensilica Xtensa сияқты және тб
15. Қорытынды
Linux операциялық жүйесіне бірінші назар тастап көрдік, оның басқажүйелерден артықшылығы(Linux жүйесінде вирустардан нұқсан
көрмейміз) болмаса, кемшлігі(жүйенің ілінуі дегенді ұмытасыз) жоқ.
Бірақ әр жүйенің өзіне тән ерекшеліктері, оны үйренуде қиыншылықтар
болады. Оның бәрін атап өту қиын мәселе. Біздер Windows-тан басқа да
жүйелер бар және Windows-тан жақсы екенін білдік.
Әлдеқашан мақұлдайтын уақыт келді, Windows бәріне жалғыз және
жақсы операциялық жүйе емес. Иә, онда әдемі программа орнатқышы
бар, жағымды және ыңғай интерфейс(GUI) бар, өте көп қолданбалы
бағдарламалары және өңдеу құралдары бар. Бірақ — сөйтсе де Windows
— жалғыз операциялық жүйе емес, және жақсы жүйе емес. Linux, BSD,
UNIX-тің басқада сыңарлары – бұлар тек өте жақсы серверлік жүйе
(бұған көпшіліктің көзі әлдеқашан жетті) емес, бұл жүйелер Microsoft
компаниясының Windows жүйесіне елеулі бәсекеші. Үміттенеміз бұл
бәсеке, біздердің бәріміздің, пайдаланушының пайдасына болады деп.
16.
Пайдаланған әдебиеттертізімі
1.
2.
3.
Эви Немет, Гарт Снайдер, Трент Хейн, Бэн Уэйли. Unix и Linux:
руководство системного администратора. Как установить и настроить
Unix и Linux = Unix and Linux System Administration Handbook. — 4-е
изд. — М.: Вильямс, 2012. — 1312 с. — ISBN 978-5-8459-1740-9.
Роберт Лав. Ядро Linux: описание процесса разработки = Linux Kernel
Development. — 3-е изд. — М.: Вильямс, 2012. — 496 с. — ISBN 978-58459-1779-9.
Ди-Анн Лелаан, Мелани Хауг, Эван Бломквист Linux для «Чайников»
Москва, Санкт-Петербург 2003
4.
Срайн Хатч, Джеймс Ли, Джордж Курц Секреты Хакеров Linux –
готовые решения Москва, Санкт –Петербург 2000