Similar presentations:
Қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қыздарды тәрбиелеу
1. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қыздарды тәрбиелеу »
Орындаған : АлександроваАнастасия
9- сынып оқушысы
жетекшісі : Доспаева Багдат
Мантеновна
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Теміртау 2017
2. Мақсатты
Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойынасіңіре отырып,қыз балаға келешекте қоғамның, елдің, ұлттың тыныстіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын
сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,адамгершілігі мол, білімді, жанжақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
3. Міндеттері
1.Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне байланысты салтдәстүрлерімен танысу ;2. Салт-дәстүрлерді саралап, негізгі тәрбиелік бағыттарын,
тәрбиелік мәнін анықтау ;
3.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін талдау арқылы оқушылардың
бойына сіңіріп, жауапкершілікті сезіндіре отырып, моральдық
қасиеттерді алуға баулу.
4. Қазақ халқының қыз бала тәрбиелеудегі рухани –мәдени
құндылықтарды жас ұрпақтың бойына дарыту ,адамгершілік
идеяларын таныту.
4. Өзектілігі
Қазіргі таңда қыз балаларды тәрбиелеуде ,оның ішінде өзге ұлтөкілдерін қазақ халқының салт-дәстүрлерін үлгі-өнеге ету
Қазақ халқының қыз бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлеріндегі
өсиеттерді жастарға үлгі-өнеге ету
5. Ғылыми жобамыздың жаңашылығы:
Қазіргі заманғы өзге ұлт құрбыларымның қазақ халқының үздіксалт –дәстүрлерін ,тәрбиелі қыз тәрбиелеуде, қазігі заманда оларды
орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Қазақ халқының
қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерін үлгі етуге, құрметтеуге
шақырамын.
6. Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақтың қыз тәрбиесіне байланыстысалт-дәстүрлері әлі де үздік тәрбиенің символы ретінде
есептелетініне көз жеткіздім. Сонымен қатар құрбыларымның қыз
тәрбиесі бойынша салт-дәстүрлер жайлы ойлары белгілі болды.
7. Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайытүзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық
түзелмейді», - деген.
8. Қыз бала тәрбиесі
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.
Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел
адам.
Қазақ халқының мақсаты — әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз
баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ
босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру,
әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке,
төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
9. Қыз Тәрбиесіне туралы мақалдар:
«Жақсы қыз - жағадағы құндыз,Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
Жыршы қызға – сыршы күйеу.
Қыз назы қырық кісіні мас қылады.»
«Қыздың қабағында құт бар.
Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.»
«Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.»
«Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
Қыздың ұяты шешеге.»
«Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.»
«Астың дәмін келтірген тұз әулие
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.»
«Қыз бала кісінің кісісі.»
10. Бала тәрбиесі туралы өлең:
Қыз баланың сұлулығыҚыз баланың сұлулығы иманында,
Бойына жақсы қасиет жыйғанында,
Анасының атына кір келтірмей,
Тәрбиемен ортаға сыйғанында.
Қыз баланың сұлулығы, жүргенінде,
Әдеппенен жымиып күлгенінде,
Өсек аяң, әңгімеден аулақ болып,
Орынын қай жерде де білгенінде.
Қыз баланың сұлулығы адалдығы,
Жан-жағына тимесе жамандығы,
Байқалмаса шық бермес сараңдығы,
Ең бастысы кішіпейіл адамдығы.
Авторы: Самал Балтабаев Таңбайұлы
11.
Қазіргі таңда қыздардың арақішіп, шылым шегіп, түнгі
клубтардың есігін баққанын
көргенде жаның түршігіп, жүрегің
ауырады. Осындай жеңіл жүріс
әрекеттердің салдарынан қыздар
жүкті болып қалады
2015 жылдың 1 шілдесіндегі
деректерге сүйенсек 15-18 жас
аралығындағы 2420 қыз баланың
жүкті екені анықталған.
12. «Қызға қырық үйден тыю»
«Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілдікесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланыңжағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек.
Отбасы дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.
Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты
баулып,тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген
тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару
қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп
отыруымыз керек.
Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге,
құрметтеуге үйрету.
Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұ«Отан отбасынан
басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел
адам.
13.
Үлкендерді сыйлауға қатысты:Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп
өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.
Үлкендер алдында жарыса
сөйлеуге тыйым.
Үлкендердің атын атауға тыйым.
Дастарқан басында,мінез құлқы:
Дастарқан үстінде әдемі отыр,
әдепті сөйле.
Орынсыз сөзден тыйым.
Аш болсаң да, тоқ болсаң да
құдайынды ұмытпа.
Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі
алдындағы қол созба.
Ерлерге қатысты:
Ерді қорлауға, зорлауға
тыйым.Көрсеқызарлыққа,
нәпсіқұмарлыққа тыйым.
• Ер адамға әйел киімі
жараспайтыны сияқты әйелдер
мен қыздарға ер киімі де
қонымсыз әрі тәңірінің
бұйрығында да жоқ нәрсе.
Келбеті,мәнерлер:
Қызыл іңірде жатып, түске дейін
ұйықтауға тыйым.
Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.
Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға
тыйым.
Ішімдік-шегімдікке тыйым.
Беттен алып, төске шабуға тыйым.
Діни:
Үйге, мешітке, қасиетті орындарға
оң аяқпен кіру керек.
Құран, намаз оқылып жатқанда
сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.
Бүйірін, жағын таяну тыйым.
Қоғамда өзін-өзі ұстау:
Талтайып отыруға тыйым.
Шалқайып жатуға тыйым.
Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға
жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.
Орынсыз іске ұрынудан тыйым.
Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды
тыңдама.
Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.
Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.
Ұрыс-керіске тыйым.
Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.
Қызғаншақ күншілдік тыйым.
14. Тыйым сөздердің мағынасы:
Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелікмәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Халық
өзін осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс
жолға салған, қателігін бетіне басқан.
15. Әлеуметтік сауалнама
Әлеуметтік сауалмада 105 адам қатысты.Сауалнама № 11-ші ортамектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Екінші сұрақ
Бірінші сұрақ
6%
иә
31%
94%
Үшінші сұрақ
иә
69%
жоқ
31%
иә
69%
жоқ
жоқ
16. Сауалнама сұрақтары:
1.2.
3.
Қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі салт-дәстүрлерді
білесіздер ме?
Қыз бала тәрбиесінің отанымыз үшін рөлі бар ма?
Сіздің ойынша қазақ халқының қыз бала тәрбилеудегі салтдәстүрлері тиімді ме?
17. Қорытынды
«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзатқыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал
ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ
өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлеріндегі бар жақсы қасиеттерді,
салт-санасын,тәрбиенің негізі ретінде үлгі етіп алайық.
Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің
ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер.