1.26M
Category: life safetylife safety

Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1.

ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепгимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баланың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету
Мектеп психологы: Ғазез Ж.С

2.

Интернет оқу, демалу және достармен
араласу үшін тамаша құрал болуы мүмкін.
БІРАҚ! Шынайы өмір секілді,
ЖЕЛІ де қауіпті болуы
мүмкін!
-Физикалық;
-Психикалық;
-Рухани және адамгершілік.

3.

ИНТЕРНЕТ БАЛАЛАР ҮШІН
НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?
ҚАУІП ТҮРЛЕРІ :
Тыйым салынған заттар мен ұғымдар
туралы ақпарат тарататын сайттар (зорлықзомбылық, есірткі, тыйым салынған идеология
және көптеген т.б.);
Ойындар;
Зиянды тақырып сайттары;
Діни ағымдағы сайттар;
Интернетте алаяқтар, алдау сайттары;
18+

4.

КОМПЬЮТЕРГЕ
ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ.
Баланың түрлі компьютер
ойындарынан алуы мүмкін
қызықшылықтарға тоймауы.
Баланың қараусыздығы:
бала еркіндікте, себебі атаана өз проблемаларын
шешуден қолы босамайды.
Ата-анасымен,
сыныптастарымен,
құрдастарымен қарымқатынастың жетіспеушілігі.
Баланың өзін бағалауы
тым төмен немесе тым
жоғары – шынайы
өмірдегі сәтсіздіктер
виртуалды өмірге
сүңгуге түрткі болады.
Отбасындағы
ересектердің психоэмоционалдық шиеленіс
күйін тудыратын үнемі
болатын ұрыс-керістері,
олардан бала басқа жаққа
қашқысы келеді.

5.

КОМПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ
АЛДЫН АЛУ
Балаңызды компьютерде ұзақ уақыт отырудың оның
денсаулығына келтіретін зияндарымен таныстырыңыз
(көру қабілетіне зиян, омыртқада проблемалардың
пайда болуы т.б);
Балалардың пайдаланатын компьютерлік ойындарға,
бағдарламаларға цензура жүргізіңіз;
Балаларға интернетке бақылаусыз кіруге рұқсат бермеңіз. Онымен
бірге белгілі бір сайттарға кіруге тыйым салу жолдарын
ойластырыңыз;
Компьютерді танымдық және білім алу мақсаттарында пайдалану
туралы түсіндіріңіз;
Балаларға өзіңіз орнатқан ережелерді бұзбаңыз.

6.

ӨЗ БАЛАҢДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУ ҚАЖЕТ?
БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТОРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ
ӘСЕРІНЕН ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРУҒА БОЛАДЫ?
Ата-ана БЕС ЕРЕЖЕНІ
мұқият орындауы қажет :
БІРІНШІ ЕРЕЖЕ.
Балаларыңыз Интернетте
немен айналысатынынан
хабардар болыңыз.

7.

ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ.
Балалардың қандай чаттарға,
топтарға, хабарландыру
парақшаларына кіретінін және
кіммен араласатынын сұрап біліңіз.

8.

ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ.
Балаларыңызға Интернетте
қандай да бір адамға өзі
туралы ақпарат бермеуі
(мобильді телефон нөмірі, үй
мекенжайы, мектебінің атауы
мен нөмірі), сондай-ақ өзі мен
отбасының фотосуреттерін
орналастырмауы тиіс екенін
түсінуге көмектесіңіз.

9.

ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ.
Балаңызға Интернетте кей
адамдардың өтірік айтуы және
өзі көрсеткен адам болып
шықпауы мүмкін екенін түсінуге
көмектесіңіз. Сіздің балаңыз
ешқашан өз бетінше,
ересектерсіз шынайы өмірде
интернет-достармен кездеспеуі
керек.

10.

БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ
Балаларыңызды Интернетте
біреу ренжіткен немесе агрессивті
сөздерге, кінәлауға, балағаттауға
тап болған жағдайда, оларды
дұрыс әрекет етуге үйретіңіз.
Оларға бұндай жағдайларды
Сізге айтуы тиіс екенін және Сіз
міндетті түрде көмектесетініңізді
айтыңыз.

11.

Психолог сайты және сенім
телефоны
http://5e7dd238dd5f3.site123.me/
+7-(705) 426 -80- 82 - Ғазез Ж.С.
+7-(701) 331-13-60 - Жакаева А.К.

12.

Ата-ананың
өзін-өзі талдауы.
Әділдігі
Ата-анаға
қажетті 8 қасиет
Мұқияттылығы
Қамқорлығы
Ата-ана
Жауапкершілігі
Сыйластығы
Адамгершілігі
Мейірімділігі
Төзімділігі
English     Русский Rules