845.60K
Category: medicinemedicine

Донорлады есепке алу және қабылдау

1.

Донорлады есепке алу және қабылдау.
Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды
медициналық зерттеп-қарау және сәйкестендіру.
Ақпараттандырылған келісімді алу Ережесі

2.

Тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы айғақтары жоқ, медициналық
мақсатта қан мен оның компоненттерінің донациясын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет
білдірген он сегіз жасқа толған жеке тұлға донор болып табылады.
1.
2. Донорды қан қызметі ұйымдарында қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар
немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери билет негізінде жүргізіледі.
3. Көзделген құжаттарды көрсеткеннен кейін донорға өз бетінше немесе медициналық
тіркеушінің қатысуымен, толтырылатын сауалнама, сондай-ақ осы ақпараттандыру
парағы беріледі.
4. Донордың төлқұжатын донорлар және донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы
электрондық дерекқор мәліметтерімен салыстырып тексереді
5. Донорды есепке алу бастапқы медициналық құжаттар бойынша жүзеге асырылады, оның
негізінде донорлар туралы электрондық дерекқор құрылады.

3.

Донорлық қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы шешім
қабылдау үшін мынадай мәліметтер негіз болады:
1) қан мен оның компоненттерінің донорлығына жатпайтын
донорлар мен тұлғалар туралы электрондық дерекқор;
2) қан және оның компоненттері донорының сауалнамасы;
3) алдын-ала зертханалық тексеру;
4) дәрігерлік қарау.

4.

Қан мен оның компоненттерінің донорлығына жатпайтын
донорлар мен тұлғалар туралы электрондық дерекқор
Донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы электрондық дерекқор мәліметтері:
ЖИТС-ке қарсы күрес және профилактикалау орталығынан (бұдан әрі – ЖИТС орталығы);
1.
туберкулезге қарсы ауруханалардан (диспансерлер);
2.
наркологиялық ауруханалардан (диспансерлер);
3.
тері-венерологиялық ауруханалардан (диспансерлер);
4.
5.
психиатриялық ауруханаларынан (диспансерлер);
тиісті аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы мемлекеттік
органның аумақтық бөлімшелерінен алынатын ақпарат;
6.
қан және оның компоненттерін донациялау үшін қан қызметі ұйымдарына жүгінген тұлғаларды
трансфузиялық инфекцияларға тексеру нәтижесі бойынша қалыптасады (Республика бойынша
барлық қан орталықтарынан).
7.

5.

Қан және оның компоненттері донорының
сауалнамасы
1. Денсаулығының жалпы жай-күйі және эпидемиологиялық орта;
2. Сіз.... сияқты қандай да бір қатерлі аурумен ауырдыңыз ба?
3. Сіз жақында немесе бұрын...? (Соңғы 3 жылда шетелге шықтыңыз ба? Елді
атаңыз, Бұрын-соңды донор ретінде қан тапсырдыңыз ба?, Қанды
донациялаудан шеттетілдіңіз бе )............
4. Әйелдер үшін қосымша;
5. Өзін-өзі бағалау үшін қосымша
6 Донорға арнай хабарлама

6.

Алдын-ала зертханалық тексеру
Донорға әрбір қан мен оның компоненттерін донациялау алдында қан тобы және
резус меншігі, KELLантиген, гемоглобин (гематокрит) деңгейін, АлАт деңгейін
анықтау жүргізіледі.
Плазма донорында әрбір донациялау алдында қан сарысуындағы жалпы
ақуыз құрамы қосымша анықталады.
Тромбоциттер донорында әрбір донациялау алдында тромбоциттер деңгейі
қосымша анықталады.
Егер қан компоненттерін автоматты сепараторларды пайдалана отырып
дайындау тағайындалса, әрбір донациялау алдында қанның ұйыту уақыты
қосымша анықталады.
Донордың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға тестілеу үшін іріктеу
қан және оның компоненттерінің донациясы кезінде жүзеге асырылады

7.

Дәрігерлік қарау
Донорды медициналық зерттеп-қарау мыналарды қамтиды:
1) алдын-ала зертханалық зерттеу мәліметтерінің талдау;
2) қан және оның компоненттері донорынының сауалнамасын талдау, анамнезді
жинау және донорлармен тәуекел факторларын анықтау мақсатында құпия әңгіме жүргізу
(сауалнама ақпараты сұхбаттасу процесінде берілген жауаптармен толықтырылуы
мүмкін);
3) ағымдағы хал-жағдайын әңгіме жүргізу және физикалық бақылаудың белгілі
әдістері (дене қызуын, бойын және салмағын, қан қысымын, тамыр соғу ырғағы мен
жиілігін өлшеу) арқылы бағалау.
4) гемотрансмиссивтік инфекцияларды жұқтыруға әкелетін қауіп-қатер
факторларының болуына күдік болғанда, сондай-ақ өзге аурулардың белгілері бар болған
кезде медициналық тексерудің көлемі донациялауға жіберуді, жүзеге асыратын дәрігердің
шешімімен ұлғайтылады және физикалық бақылаудың (терінің сыртқы қабын және көзге
көрінетін шырышты қабықтарды қарау, аускультация, перкуссия, пальпация),
зертханалық зерттеудің қосымша әдістері немесе маманның консультациясы
тағайындалады.

8.

1. Медициналық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде зертханалық зерттеулердің
көрсеткіштер нормаларын және қан мен оның компоненттерінің
донорлығынан тұрақты және уақытша бас тарту өлшемдерін басшылыққа
алады.
2. Зертханалық зерттеулер көрсеткіштері нормалардан ауытқулар бар болғанда
донор қан мен оның компоненттерін донациялаудан көзделген өлшемдерге
сәйкес шеттеледі.
3. Қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, донорға қан мен оның компоненттері
донациясынан шеттету себебі түсіндіреді және тиісті медициналық ұйымдарда
қосымша тексерілуден өту ұсынылады.
4. Шеттету себебі донорлар мен қан донорлығына жатпайтын донорлардың
электрондық дерекқорында және донордың картасында тіркеледі.

9.

Донорлыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде, қан мен оның
компоненттерін донациялаудың түрі мен көлемі белгіленеді, бұл ретте
мынадай өлшемдер басшылыққа алынады
1) медициналық ұйымдардың қан компоненттеріне қажеттілігі;
2) донордың қан мен оның компоненттерін донациялауға ерікті ақпараттандырылған келісімі;
3) қан мен оның компоненттерін донациялаудың түрлері арасындағы ең аз интервалдары;
4) қан мен оның компоненттерін донациялаудың барынша мүмкін мөлшерін:
қан үшін:
салмағы 50 кг артық және бойы 150 см биік донорлардан 450 миллилитр (бұдан әрі - мл) ± 10% көлеміндегі
жаңа алынған қан алынады, 30-35 мл қан зертханалық зерттеулер, сондай-ақ донор қанының үлгісі ретінде сақтау
үшін қосымша жинақталады.
салмағы 50 кг кем және бойы 150 см төмен донорлардан дене салмағының килограмына шаққанда 4-6 мл, бірақ
нормасында дене салмағының 6,5-7% құрайтын таралатын қанның жалпы көлемінен (бұдан әрі - ТҚК) 13%
артық емес мөлшерде алынады.
плазма үшін: салмағы 50 кг артық және бойы 150 см биік донорлардан 600-800 мл көлемде, бірақ 16%
ТҚК артық емес көлемдегі алу жүргізіледі;
салмағы 50 кг кем және бойы 150 см төмен донорлар плазма донациясына қатыстырылмайды.

10.

Қан және оның компоненттерінің тұрақты донорларына қосымша медициналық
зерттеп-қарау жылына кемінде 1 рет донация алдында жүргізіледі
көкрек қуысын флюорографиялық тексеру;
1.
40 жастан асқан донорлар үшін электрокардиограмма.
2.
Плазма және қан жасушаларын тапсырушы тұрақты донорды бақылауыш зертханалық
зерттеу 4 айда кемінде 1 рет,
қан донорларында жылына кемінде бір рет жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
1) перифериялық қаннның құрамы (гемоглобин (гемтокрит), эритроциттер, лейкоциттер,
тромбоциттер, эритроциттердің шөгу жылдамдығы және лейкоциттік формула);
2) жалпы ақуыз және ақуыз фракциялары;
3) жалпы несеп талдауы.
донорлықтан шеттетілген донорға және тапсырған донорға «Денсаулық сақтау ұйымдарының
бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907
бұйрығымен бекітілген № 402/е нысаны бойынша анықтама беріледі.

11.

Тапсыру қалай жүргізіледі

12.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules