232.76K
Category: economicseconomics

Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Дәріс 1

1.

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік
негіздері
Дәріс жоспары:
1.
Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті
қажеттілігі.
2.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және
құралдары.
3.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері ,
мақсаттары және қызметтері.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық
жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені
өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар
мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын
заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып
табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде
шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде
экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі.
Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады,
өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен
капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен
бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың
арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда
болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық
кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген,
бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай
тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен ісәрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы
күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен
қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII
ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған
экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы
үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық өатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы
мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне
кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың
баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм
идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген
жақтаушылары болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке
мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл
мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік
реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея

2.

болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық
еркіндік беру қажет,- деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз
етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық
тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы
әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның
ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда
бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды
толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің
қолдануы өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың
маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен
байланысты. «Кейнсиан революциясы » барысында алға қойылған идеялар,
экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін,
мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін,
жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай
тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді.
Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің
көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы
және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік
ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің ) объективті
мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен
капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс
қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда
ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар
экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу,
салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу,
экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің
көлемінің
нақты
нысаны
қоғам
дамуындағы
әр
сатыдағы
сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен
анықталады.
ЭМР-дің объектілері – бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе
алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін
немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың
аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып
тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты
дамуы үшін қажетті.
ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін,
секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау
жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын; төлем
балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын;
әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта
дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды
жатқызады.

3.

Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды жинақтау
болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең
мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика
көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы
қатнастарды қалыпты қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті
тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге
деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың
арасындағы қатынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін
еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз
етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге,
тұтынушы сұранысының , салық түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға
салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі
бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық
валюта бағамының көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау),
халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның
серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге
сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының
жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен,
салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты
айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
ЭМР-дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру
үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет
өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу
саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық
және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық
құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте
болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни
экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың
салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне
аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол
жеткізу мүмкін емес.
ЭМР құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және
экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық
ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен
байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат
беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын
салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия
беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік

4.

Дәріс 2. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен
оның шетелдік тәжірибесі
Қазіргі кезеңнің тұрақты түрде қызу пікірталас туындататын қағидатты
мәселелерінің бірі – рыноктық күштер мен мемлекеттік реттеудің
арақатынасы туралы болып отыр. XXI ғасырдың бастапқы кезеңінде ол, тіпті
орнықты рыноктық құрылымы, жеке меншіктің мызғымас институттары,
сондай-ақ мемлекеттік реттеудің дамыған жүйесі бар елдер үшін де өзекті
мәселеге айналды.
Қазіргі кезде қоғамды ұйымдастырудың шведтік моделі ең алдымен
рыноктық экономикасы бар мемлекеттер үшін қолайлы деген пікірлер көптеп
кездеседі. Аталмыш моделдің мән, мағынасы неде?
Қазақстан, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде мемлекеттік
сектор үлкен рөл атқарады. Дәл осыны экономиканы басқару мен халықты
әлуеметтік қорғаудағы мемлекеттің ролі туралы да айтуға болады.
Есте ұстайтын бір жайт, шведтік модель рыноктық экономика негізінде
жұмыс істейді. Бұл елдегі кәсіпорындардың 95% жеке меншікте және аталған
сектор Швецияның экономикалық дамуының кепілі болып табылады.
Дегенмен, Швецияның өзіндік монополистері де баршылық. Оларға электр
желілерінің біртұтас мемлекеттік жүйелері, темір жолдар, ядролық
энергетика, телекоммуникация және т.б.жатады.
Мемлекеттің билігіндегі ірі сектор - әлеуметтік қамсыздандыру,
денсаулық сақтау және білім беру. Мұның барлығы ірі бюджеттік
шығындарды талап етеді, сондықтан салықтар мен әлеуметтік төлемдер
едәуір жоғары шамамен жалпы ішкі өнімнің 60% құрайды. Жақын
уақыттарға дейін денсаулық сақтау мен білім беру абсолютті тегін болып
келді. Қазіргі кезде білім беру, жоғары білімді қосқанда сол қалпында қалды
да медицина жарым – жартылай ақылы қызмет корсетуге көшті.
Шведтік модельдің бастауларын
1929-1933 ж.ж. әлемдік
экономикалық дағдарыстан кейін билікке келген социал – демократтық
үкіметтің іс-қимылдарынан іздеу керек. Сол кездердің өзінде үкімет
қоғамдық өндірістің үздіксіз үдерісін қалыптастыру үшін шаруа
(крестьянский) партиясымен экономиканы мемлекеттік реттеу туралы
келісімге келген болатын. Бұл шешімнің негізгі мақсаты – тиімді сұранысты
қолдау және халықты жұмыспен қамту еді.
Шведтік модельдің маңызды элементі – еңбек рыногындағы саясат.
Оны жүргізудің жалпы жауапкершілігі парламент пен үкіметке артылған,
атап айтқанда еңбек министрлігі бұл іске тікелей жауапты. Бұл жүйеде 400-ге
жуық жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет көрсетулер жүзеге
асырылады. Дегенмен, соңғы кездерде жұмысқа орналастырудың жеке
меншік агенттіктеріне де рұқсат берілген. Бірақ, заң бойынша жұмыс
берушілер пайда болған вакансияларды жұмыспен қамтудың мемлекеттік
мекемелерінде тіркеуге міндеттелген.
Шведтік қоғамда экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің
негізгі әдістері – құқықтық және экономикалық. Мемлекет қандай болмасын
саланың дамуына көмектесетін қажетті заңнамалық нормаларды талдап

5.

жасайды, перспективалық бағыттарға жеңілдіктер береді. Ал мұндай
саясатты жүргізудің басты құралы болып мемлекеттік бюджет саналады.
Құрамында ұлттық үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары
бар мемлекеттік сектордың өкілеттік шеңбері айтарлықтай кеңейтілген. Оған
білім беру, жұмысқа орналастыру және өнеркәсіп саясаты, әлеуметтік
қамсыздандыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б. қамтылған. Аталмыш
өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар жалпы ұлттық
ресурстардың бір бөлігін қажетсінеді. Олар салық түрінде жинақталады.
Алайда жиналған қаражаттың негізгі бөлігі салық төлеушілерге әр түрлі
төлемдер және қызмет көрсетулер түрінде қайтарылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі – еңбек
рыногы үшін әр түрлі бағдарламаларды талдап жасап, жүзеге асыру болып
табылады. Айталық, жұмыспен қамтуды және жұмысшы күшіне сұранысты
ынталандыру үшін жасалған бағдарламалардың өзі оннан асады. Мақсат
еңбекке сұранысты оның құлдырау шағында ынталандыру болып табылады.
Бұдан басқа, бағдарлама жұмыссыздарға өндірістік өтіл (стаж) жинақтауға
мүмкіндік береді. Мұның өзі ашық еңбек рыногынан өз орнын табуды
жеңілдетеді, сондай-ақ жаңа кәсіпті таңдау негізін қалайды.
Әлемде тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың шведтік моделі
кеңінен танымал. Оның негізгі белгісі - әмбебаптығы, яғни әлеуметтік
сақтандыру орбитасына кәсібінен, жалақы алуы – алмауынан тәуелсіз елдің
әрбір тұрғыны тартылады. Бұл, Швецияда әмбебап (универсалды) әлеуметтік
саясат деп аталады.
Швеция экономикасын басқару механизміндегі маңызды өзгерістер
өткен ғасырдың 80-шы жылдары басталды. Сарапшылардың анықтауы
бойынша сол кездегі экономикалық өсудің бәсеңдеуі прогрессивті салық деп
аталатын салық салу әдісінің кемшіліктеріне байланысты болған, себебі
жұмыскерлердің жоғары жалақыға ұмтылысы пайдасыз болып қалған,
өйткені төмен табыстардан салық 20% көлемінде, ал жоғары табыстардан 86% көлемінде алынған.
Қазіргі кезде жеке тұлғалар табыс салығын 25% көлемінде төлейтін
болса, заңды тұлғалардың салық төлеу деңгейі 28%-дан аспайды. Үкімет пен
парламент салықтық ауыртпалықты жеңілдетуге арналған жаңа заңнаманы
талдап жасау үстінде. Басты мәселенің бірі елден жеңіл кетіп қалуға
мүмкіндіктері бар капиталға салық қойылымдарын түзету болып отыр.
Қытай экономикасын реформалау мен дамытудағы мемлекеттік реттеудің
рөлі. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңынан бастап Қытай өзінің
шаруашылық жүйесін рыноктық бағытта реформалауға кірісті. Соңғы
онжылдықта жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 10%-ға жетіп,
мемлекеттің қуаты, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі едәуір күшейіп,
өсті. Бұл жетістіктердің негізінде экономиканы мемлекеттік реттеудің зор
үлесі жатыр.
Қытайдағы шаруашылық жүргізудің социалистік рыноктық жүйесінде
мемлекеттік функциялар макроэкономикалық реттеу саясатынан көрінеді.
Бұның бірқатар себептері де бар.

6.

Біріншіден, рыноктың әлсіздіктері мен кемшіліктерінің орнын толтыру
қажеттілігі. Капитализм жағдайында сияқты социализм жағдайында да
көптеген өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде рынок ешқашан бесаспап
бола алмайды. Атап айтсақ, экологияға, әлеуметтік әділеттілікке, білім
беруге жеке тұлғаның жан-жақты дамуына келгенде рынок әлсіздік
танытады. Себебі, аталмыш сфералардағы жетістіктер жалпықоғамдық
мүдделерге қызмет етеді, сондықтан жеке тұлға немесе кәсіпорын бұл
мүдделерді қамтамасыздандыруда шарасыздық көрсетеді. Бұдан басқа,
экономиканың қарқынды дамуы мен құрылымын бағалар арқылы рыноктық
реттеу әдетте баяу және стихиялы түрде жүзеге асады. Оның үстіне
кәсіпорын мен жеке тұлға көбінесе толық ақпаратқа ие болмауы нәтижесінде
микроэкономикалық саясат белгілі бір деңгейде жоспарсыздығымен
ерекшеленеді. Бұл, әсіресе өндірістік циклы ұзақ салаларда ерекше көрінеді
(ауылшарушылығы, тау-кен және т.б. салалар). Сондықтан байлықты тиімді
бөлумен қатар сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін ұстап тұру және
орнықты өсуді қамтамасыз етуде қиыншылықтар туындайды. Тек қана
рыноктық механизмдерге сүйену арқылы табысты әділетті бөлуге қол
жеткізу мүмкін емес. Рыноктық айырбас эквиваленттік (сәйкестік) принципі
бойынша жүргенімен адамдардың мүмкіндіктері әр түрлі, сондықтан
олардың табысы да едәуір ерекшеленеді. Рыноктық механизмдердің шексіз
әрекеті әлеуметтік алшақтауға, жұмыссыздыққа және әлеуметтік
шиеленістерге бастайды.
Екішіден, макро және микроэкономика, бүтін мен бөлшек, орталық пен
жергілікті мүдделер арасындағы қатынастарды реттеу қажеттілігі. Жекелеген
кәсіпорынның, саланың немесе аймақтың экономикалық қызметі
жауапкершілікті бөліп беру, шаруашылық жүргізудегі дербестік және өзін өзі
өтеу қағидасы бойынша жүргізіледі. Әрбір кәсіпорын, сала және аймақтың
өзіндік, нақты мүдделері бар, сондықтан олардың іс-әрекеті белгілі бір
дәрежеде стихиялық, эгоистік сипатта болады және қысқа мерзімді нәтижеге
қол жеткізуді мақсат тұтады. Сонымен бірге кәсіпорындар бәсекелік
қатынастарда болады, ал кәсіпорын мен мемлекет арасында бүтін мен
бөлшек мүдделерінің қарама-қайшылығы орын алады.
Ұлттық экономика көпдеңгейлі,көпмақсатты және көпқызметті
организм болып табылады, ондағы әр түрлы салалар, аймақтар және
кәсіпорындардың өзіндік ерекшеліктері бар. Тек қана рыноктық механизмдер
арқылы олардың дамуын ортақ мақсатқа бағыттау мүмкін емес.
Үшіншіден, өтпелі типтегі экономикаға макроэкономикалық
бақылауды күшейту қажеттілігі. Жоспарлы шаруашылықтан рыноктық
экономикаға өту кезінде Қытай экономикасында келесі белгілер білінді:
Жаңа және ескі экономикалық жүйелердің қатар өмірі;
Экономиканың жедел өсуімен инфляцияның бірге өршуі;
Циклдық тербелістердің жалғасуы;
Даму қарқыны жедел, бірақ экономикалық тиімділіктің салыстырмалы
төмендеуі;

7.

Дәріс 3. Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары, өсу факторлары
және оны реттеу
Жоспарлы, аралас және өтпелі экономика жағдайларындағы
мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі арқилы болып келеді. Директивті
жоспарлар, индикативті (нұсқаулық) жоспарлау, болжау, бағдарлау
функциялары экономикалық жүйенің объективті қалыптасқан қажеттіліктері
талабы үдесінен шыға білуі керек.
Өтпелі кезеңдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу рөлінің күшейе
түсуінің бірқатар объективті себептері бар. әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей
дамудың күрделі кезеңдерінде, әсіресе қоғам мен экономиканың әлеуметтікэкономикалық, технологиялық жаңғыруы кезеңінде мемлекеттің белсенді
ұйымдастырушылық әрекетінің қажеттілігі арта түседі.
Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің рөлі аса зор мәнге ие болатындығын да
дүниежүзілік практика көрсетіп отыр. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын
едәуір кеміту ісінде, егер мемлекет жаңа өміршең формалардың
бастамашысы және тірегі бола білсе елеулі нәтижелерге жету ықтималдығы
да жоғарылайды.
Қазақстанда рыноктық қатынастарға өту кезіндегі мемлекеттік
функциялардың қысқаруы рыноктық ортаның өзін-өзі ұйымдастыруын
қалыптастыру әрекеттерімен толықтырылмады. Ал, мұның өзі рыноктық
экономикасы бар елдердің практикасында бар жағдайға қарама-қайшы келді.
Өтпелі кезең жағдайында қалыптаса бастаған еркін рынок мемлекеттің
реттеуші ықпалынсыз монополизацияланған ел экономикасын әлеуметтік
бағдарланған рыноктық экономикаға айналдыру ісінде көптеген
қиыншылықтарға тап келді. Бір жағынан ескі әміршіл-әкімшіл, жоғарыдан
төменге дейін жоспарға бағындырылған жүйе жойыла бастады да, орнына
жаңа экономикалық жүйе келе бастады. Көпукладты экономика негіздері
туындап, бәсекеге, сұраныс пен ұсынысқа бағдарланған экономиканың
алғышарттары күнделікті өмірге ене бастады. Екінші жағынан, өтпелі
кезеңде мемлекет шешуі тиіс басты проблемалар қараусыз қалып шиеленісті.
Соның салдарынан рыноктық реформалардың бастапқы кезеңінде
бірқатар кемшіліктерге жол берілді олар:
Меншікті жекешелендіру көбінесе өз бизнесін тиімді атқаратын
меншік иелерін тауып, қалыптастыра алмады;
Меншікті иемденіп алған шектеулі адамдар тобы табыстарының
шексіз өсуі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке алып келді;
Рыноктық жаңартулар мен жаңғыруларда әлеуметтік тұрғыдан
едәуір кемшіліктер жіберілді.
Кәсіпкерліктің мәні мен сипатында алып-сатарлық және
қылмыстық әсерлер көптеп кездесті.
Біртұтас бәсекелік күрес ережелері талдап жасала қоймағандықтан
мемлекеттің «ойын ережесін» қадағалау мүмкіндіктері шектеулі қалпында
қалып, маңызды салаларға инвестиция тарту, орташа тапты қолдау
мәселелері ұмыт қалды. Ұлттық экономиканы сауықтырып, жандандырудың

8.

құрылымдық өзгерістері сияқты маңызды шаралары қабылданбастан
кешеуілдей берді.
Өтпелі кезең тәжірибесі көрсеткеніндей қандай болмасын дамудың
қайсыбір дайын теориялық моделін таңдап алып, соның қағидаларын
бұлжытпай орындау мақсатқа жетудің ең қолайлы жолы емес, керісінше,
барынша нақты, сонымен бірге жеткілікті мөлшерде синтезделген
конструкцияны пайдалану көздеген нәтижеге жетудің ең ықтимал бағыты
болмақ. Белгілі теориялық мектептердің әрқайсысы өзінің идеялары мен
қолданатын құралдары арқылы өзекті практикалық қажеттіліктердің біреуін
ғана қарастырады. Мемлекеттің алдында бірқатар мәселелер мен
міндеттердің үлкен шоғыры тұратындықтан экономиканы дамыту туралы
және оны мемлекеттік реттеу жөніндегі түсінік-пайымдарды синтездеп,
жергілікті болмысқа бейімделген даму моделін таңдаған дұрыс деп саналады.
Сонымен бірге, теорияда сыннан өткен, рыноктық экономика
дамуының нақты кезеңін сипаттайтын жалпы ұсыныс-нұсқаулар баршылық.
Айталық, тұрақтандыру мен өсудің алғышарттарын жасау қажеттілігі
туындағанда институционализм идеяларын пайдаланған абзал (егер
трансформациялық кезеңдегі мемлекеттің ерекше рөлін ескеретін болсақ).
Өрлеу жағдайында интитуционализмді, тепе-теңдік элементтері бар
неоклассикалық конструкцияларды, сондай-ақ монетаризмнің тиісті
ұстанымдары негізіндегі
экономикалық саясаттың комбинациясын
қолдануға болады. Даму үстіндегі экономика үшін тұрлаулы даму
теориясының идеялары мен принциптерін қолданған тиімді болмақ. Мұның
барлығы да ұлттық ерекшелік және елдің әлеуметтік-экономикалық
жағдайымен тығыз байланыста жүзеге асырылуы қажет.
Өзінің объективті мәні бойынша өтпелі кезең түп-түзу даңғыл жол
емес, керісінше қарама-қайшылықты, тепе-теңдіктен ада, өзінің нақты
формаларын, әдістері мен жүзеге асыру механизмдерін тұрақты түрде
өзгертіп отыратын процесс болып табылады.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезеңінде ТМД елдерінің барлығында дерлік
басты реттеуші ретінде өзін-өзі реттейтін рыноктық механизм болады деген
қағида басымдыққа ие болды. Соған сәйкес негізгі күш мемлекеттің
шаруашылық рөлін кемітуге, оны либерализациялау арқылы реттегіш қуатын
әлсіретуге бағытталды. Мұндай саясат өз жемісін берді де. Мемлекеттің
қатаң басқаруындағы орталықтандырылған экономика күйреді, өндірістікэкономикалық байланыстар үзілді, экономиканың көптеген салалары мен
сфералары толықтай күйзеліске ұшырады.

9.

Дәріс 4. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз
етудегі мемлекеттік шаралар
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты ұлттық шаруашылық қызметінің
жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарылату екендігі
белгілі мәселе. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық
дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал, бұл болса халықтың әлауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың
бірден-бір кепілі болып табылады.
Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйенің өміршеңдігі өндіріс және
тұтыну құрылымына, ресурстық қамтамасыздандырылуына, іс-әрекет
нәтижелілігіне байланысты.
Егер мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатының өсуіне қол
жеткізу болса, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты тиімді
экономикалық өсуге жетудің алғышарттарын жасап, соның негізінде елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейін жоғарылату болып табылады.
Экономикалық өсу деп жалпы ұлттық өнім, жалпы жиынтық өнім,
ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер
динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық
дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.
«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы категория болып
табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу
қарқыны және жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың өткен жылғы
салыстырмалы көрсеткіштері алынады.
Ал, «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық
тұрғыдан сипаттап оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен
анықтайды.
Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның
салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады.
Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес
факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес
факторларға әскери-саяси, географиялық-климаттық, ұлттық-демографиялық,
мәдени және т.б. факторлар жатады.
Қандай болмасын экономикалық емес фактордың әсері әртүрлі болып
келеді және уақыт бойынша өзгерістерге ұшырайды. Айталық, климатқа,
географияға байланысты экономикалық емес факторлардың әсері XXғасырда едәуір кеміген болса, әскери-саяси және ұлттық факторлардың әсері
арта түсті. Мұндағы анығы экономикалық емес факторлардың әсері тек қана
теріс мәнге ие болып қоймайды, олар өндіріс тиімділігін жоғарылататын
оңды әсерлер де болуы мүмкін. Дегенмен экономикалық өсу факторларын
таза экономикалық және экономикалық емес факторларға бөліп қарастыру
шартты нәрсе және оның өзін сандық жағынан ажырату оңай емес. Кез
келген экономикалық өсу факторы ішінде экономикалық емес фактор жүреді
және керісінше де бола береді.

10.

Өткен ғасырдың 80-жылдары шетелдік және кеңестік экономикалық
әдебиеттерде экономикалық өсудің көп факторлы моделдері молынан пайда
бола бастады.
Көпфакторлы моделдер авторларының басым көпшілігі экономикалық
өсуге сапалық факторлар әсерінің сандық өлшемін беруге ұмтылады.
Экономикалық өсуді анықтайтын шығынды сипаттағы барлық
факторлардың аражігін тәптіштей ашып, нәтижесінде олар экономикалық өсу
тиімділігі деп бағаланатын «қалдық» санын шығарады.
Дегенмен, экономикалық өсуді еңбек және капитал арқылы немесе
материалдық өндірісте қамтылғандардың еңбек өнімділігі арқылы дәстүрлі
сараптаудың өзі осы екі фактордың әрқайсысының ұлттық табыс өсімділігі
«салмағын» сандық тұрғыдан анықтау кезінде қиыншылықтар кездеседі.
Мұның өзі өндірілген ұлттық табыс, жұмысшы күші және өндіріс құралжабдықтары өзара әрекетінің аса күрделі екендігінің белгісі болса керек.
Сондықтан әрбір факторды жекелей отырып, оның маңыздылығын сандық
тұрғыдан анықтау шартты сипатта жүретіндігі де құпия емес.
Қоғамдық өндірістің дамуы және әлеуметтік прогресс экономикалық
өсудің жекелеген факторларының мән-маңызын өзгерістерге ұшыратады.
Өнеркәсіп өндірісінің дамуы мен экономикалық өсуге әсер еткен, сонымен
бірге атқарған рөлі мен алған орны бойынша басым сипатқа ие болған
факторлар тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Сонымен тарихи ұзақ мерзім бойына экономикалық өсуді
қамтамасыздандыруда шешуші рөлді табиғи факторлар-шикізаттар, еңбек
ресурстарының сандық параметрлері атқарды. Тек XVIII-ғасырдың соңына
қарай негізгі бағыт техникалық прогреске қарай ауыса бастады. Нәтижесінде
экономикалық өсуге «технократтық» көзқарас қалыптасып, күшейе түсті.
Экономикалық өсудің сипатына сәйкес экстенсивті және интенсивті
факторларды бөліп қарастыруға болады. Айта кететін бір жәйт
экономикалық дамудың аталған факторлары қазіргі кезде таза түрінде
кездесе қоймайды. Дегенмен, экономикалық өсудің экстенсивті типі
факторлардың сапалық жағынан өзгермей сандық тұрғыдан өсуін көрсетсе,
өсудің интенсивті типі өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшінің
сапалық дамуын айғақтайды және сонысымен өндіріс факторларының
тиімділігін жоғарылатады.
Экономикалық өсудің сыртқы және ішкі факторларына келетін болсақ,
онда көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ және т.б.) әлемдік бағалардың
өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді
қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, конъюнктуралық фактор болып
табылады.
Экономикалық өсу негізінен ішкі факторлармен анықталуы тиіс. Олар:
еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын кеміту, жалпы айтқанда
экономиканың нақты секторының пайдалылығын жоғарылату. Бұл бағытта
ҚР үкіметі бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында кластерлік
жүйелер жасап, технопарктер құрып едәуір жетістіктерге қол жеткізіп
отырғанын айта кету керек.

11.

Дәріс 5. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты
сатысы - әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау
Жоспарлау, болжау– бұл ЭМР-дің құралдары
Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың
мүмкіндігі жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық
саясаттың басымдылығын және стратегииялық өсуді жоспарлауды мемлекет
өзіне алады.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде
жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және
мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын
қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару
шешімін көрсетеді.
Жоспарлау жасалу нысаны бойынша директивті, индикативті және
стратегиялық болады.
Директивті жоспарлау зандық күші бар жоспарлауды өңдеу процесін
және олардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кенінен
көрсетеді. Директивті жоспарлау барлық орындаушылар үшін міндетті, ал
қызметті
тұлғалар
жоспарлы
тапсырмалардың
орындалмауына
жауапкершілік алады. Директивті жоспарлаудың жекеленген элементтерімен
бірге нақты жағдайларда тек мемлекет пен ғана емес, Бизнес сферасында да
қолданылатын, нарық жүйесінің элементтер құрамына кіреді. Бірақта әрбір
нақты жағдайда директивті жоспарлау масштабы, объектілері және қолдану
сферасы алдын-ала келісіп шектелуі тиіс.
Стратегиялық жоспарлау (басшылық өнері; жұмысты жүргізудің
жалпы жоспары) мемлекеттің әлеуметті-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын анықтайтын, ұзақ мерзімді перспективаға жасалынады.
Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны
ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері
үшін оның негізін қамтамасыз етеді.
Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта
компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет)
саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең
көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек
әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да
кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде
қалыптасты.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі
бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы
тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін
бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол
жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.
Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен
бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет
болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде
икемді болуы тиіс.

12.

Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты
білдіреді. Стратегиялық жоспарлау – бұл бірінші кезекте жоғары буын
жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті
Идикативті жоспарлау – бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал
етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын
жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін,
экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін
қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың
тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала
қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және
т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.
Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік
реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып
табылады.
Болжау – әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми
алдын-ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.
Болжау – обьектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.
Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы
кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері
және жоспарлы ғылыми базасы.
Ұлттық болжаудың мақсаты мыналар:
Экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми
алғышарты құру;
Қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда
тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы;
Қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;
Басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және
ғылыми-техникалық даму бағытын негіздеу.

13.

Дәріс 6. Инновациялық қызмет және оны жеделдетудегі
мемлекеттің рөлі
Қазіргі әлемде кез келген мемлекет өндірістің ғылыми-техникалық және
технологиялық деңгейін жоғарылату проблемасымен бетпе-бет келуі айдан
анық. Елдің ғылыми-техникалық әлеуеті оның өндірістік-экономикалық
әлеуетінің сипатты көрсеткіші болып табылады.
Сондықтан, мемлекет инновация деп аталатын ғылыми зерттеулер мен
ізденістерге, оларды өндіріске енгізуге технологиялық жаңалықтарды
игеруге тұрақты түрде назар аударуы тиіс.
Инновациялық ғылыми зерттеулердің білім беру мен іргелі ғылымды
дамытумен байланысты жақтарын реттеуде мемлекеттің рөлі ерекше.
Экономикасы дамыған елдерде іргелі ғылыми зерттеулердің 50%-дан
астамын мемлекет қаржыландырады.
Инновациялық қызметтің капитал сыйымдылығының өте жоғары болу
себептері:
1) ғылыми зерттеулер мен ізденістер және олардың нәтижелері
арасында, яғни экономикада пайдалану арақашықтығы едәуір уақыт кезеңін
алады, жылдармен есептелуі мүмкін;
2) инновациялық
қызмет
зерттеушілердің,
жобалаушылардың,
конструкторлардың, технологтардың еңбекақысына, сондай-ақ қымбат
ғылыми аппаратураға, эксперименттік жабдықтарға едәуір шығындарды
талап етеді;
3) инновациялық жобалар тәуекелі жоғары категорияға жатады, себебі
жобаға алдын-ала артылған үміт ақталмауы мүмкін, есептеулер бойынша
әзірлемелердің үштен екі бөлігі практикада қолданыс таппай жатады. Оның
үстіне кемшіліктерді кеміту үшін қатарлас ізденістер жүргізуге тура келеді.
Инновациялық қызметті жүргізу үшін едәуір инвестициялардың
қажеттілігі оны инновациялық-инвестициялық қызметке айналдырады, яғни
өзінің мәні бойынша кез келген инновациялық жоба сонымен бірге
инвестициялық болып шығады.
Рыноктық экономикасы бар елдерде инновациялық-инвестициялық
қызмет жартылай мемлекеттік қызмет, өйткені оны мемлекет реттейді,
қаржыландырады және оған тапсырыс береді. Егер ғылыми зерттеу, ізденіс
жұмыстарына мемлекеттің қатысуы әжептәуір болса, ғылыми жетістіктерді
қолдануда, олардың рынокқа енуінде мемлекет тікелейден гөрі жанама әсер
етеді.
Ғылым-техника-өндіріс тізбегін толықтай өз қарамағына алуға
мемлекеттік ресурстар жетіспейді. Дегенмен, мемлекеттің инновациялықинвестициялық қызметті заңнамалық, құқықтық реттеуге толық мүмкіндігі
бар. Ол техникалық-технологиялық прогрестің алдыңғы шебіндегі салаларға
«белсенді патронаж» деп аталатын формада жүзеге асады.
Кеңейтілген мағынасында айтқанда, әңгіме экономикада инновациялық
факторларды пайдалануды қолдауда мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат
жүргізу туралы болып отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты елдің
инновациялық әлеуетін қалыптастыру, қолдау және дамыту болып табылады.

14.

Шетелдік озат тәжірибеден үйрену, прогрессивті технологияны қайталау,
лицензияларды сатып алу - бұлар әлсіз ғылыми-техникалық стратегия. Ал,
белсенді
стратегия
өзіндік
ғылыми-техникалық
әлеуетке,
«өсу
нүктелеріндегі» серпіліске, ғылыми-техникалық ұмтылысқа негізделеді.
Өзінің нақты мағынасында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат
жекелеген мақсатты бағдарламалар мен инновациялық жобаларды діттейді.
Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі
әдістері келесідей:
- іргелі ғылыми зерттеулерге шығынды бюджеттік қаржыландыру және
ғылыми-техникалық прогресті қолдау;
- ғылыми-техникалық өнімді мемлекеттік сатып алу;
- мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын ұстап тұру;
- ғылыми кадрларды даярлауға мемлекеттік қолдау;
- инновациялық-инвестициялық қызметке қатысушыларға салықтық
жеңілдіктер беру;
- халықаралық ғылыми-техникалық алмасуларды қолдау;
- зияткерлік меншікті, жаңалықтарды, өнертабыстарын, патенттерді
мемлекеттік қорғау;
- қолданбалы зерттеулерді коммерциализациялауға мемлекеттік
жәрдем беру;
- отандық инновацияларды әлемдік рынокқа өткізуге көмектесу;
- ғалымдардың еңбегін, қызметін қолдау, насихаттау арқылы
танымалдығын арттыру.
Рыноктық реформаларды жүргізу кезінде-ақ Қазақстан 2003-2015 жж.
арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын қабылдаған
болатын. Стратегия 2015 жылға дейінгі Қазақстанның мемлекеттік
экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын
диверсификациялау және дамудың шикізаттық бағытынан арылу жолымен ел
дамуын орнықтыруды көздейді.
Мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты заттық
белгісі бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өңдеуші өнеркәсіптік
тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді өндіру болып табылады.
Әлемдік
экономиканың
жаһандануы
жағдайында
Қазақстан
экономикасы бірқатар проблемалармен бетпе-бет келді. Оның негізгілері:
шикізаттық бағдарлану, әлемдік экономикамен шамалы ғана интеграция, ел
ішілік, салааралық, өңіраралық әлсіз экономикалық интеграция, ішкі
рыноктағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге тұтынушылық сұраныстың
төмендігі (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның
нашар дамуы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық
артта қалуы, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың болмауы, ғылымизерттеу және ізденіс-тәжірибелік жұмыстарға қаржы-қаражаттың жетіспеуі,
менеджменттің экономиканың жаһандануы үдерісіне және сервистіктехнологиялық шаруашылыққа өтуіне сәйкессіздігі болып табылады.
Стратегия бойынша белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық
саясат жүргізілуі тиіс. Ғылым мен инновацияны ынталандыру үшін қаржы

15.

рыногын
одан
әрі
дамытып,
фискалдық,
антимонополдық,
инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру қажет. Стандарттау саясаты
шеңберінде экономиканың барлық салаларында және басқаруда әлемдік
стандарттарға көшу іс-қимылдары көзделген.
Стратегияны ойдағыдай жүзеге асыру ел экономикасы құрылымдарын
сапалық өзгерістерге әкеліп, оның адами өндіргіш және табиғи капиталын
тиімді пайдалану негізінде Қазақстанды әлеуметтік даму мен қоғам
құрылысының жаңа деңгейіне шығарады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмін жетілдіру
бойынша жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін стратегияның тиісті
бөлімдерінде импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған саясатты
жүзеге асыру туралы шетелдік тәжірибе келтірілген, сондай-ақ әлемдік
рынокта бәсекелік артықшылықтарға жетуге көмектесетін экспорттық
саясаттың бірқатар түрлері мен кезеңдері көрсетілген.
Толықтай алғанда, стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде 2015жылға
қарай Қазақстан экономикасы сервистік-технологиялық даму жолына түсуге
әзір болуы тиіс.

16.

Дәріс 6. Материалдық өндіріс сферасы және оны дамуын
мемлекеттік реттеу
Материалдық өндіріс сферасы – мемлекеттік реттеудің маңызды
объектісі болып табылады. Материалдық өндірісті мемлекеттік реттеу ірі
салалар, оның бөлімшелері, кәсіпорындар, салааралық кешендер, сондай-ақ
өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші салалары шеңберінде жүзеге асады.
Материалдық өндіріс сферасын мемлекеттік реттеудің негізгі
міндеттері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, сыртқы экономикалық
байланыстар мен әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерді, мемлекеттік
реттеудің басты мақсаттарын ескере отырып кезең-кезеңімен дәлдеп,
нақтылау болып табылады. Қазіргі рыноктық экономика жағдайында өндіріс
құрал-жабдықтары мен тұтыну тауарларын өндіруді мемлекеттік реттеудің
негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1.
Материалдық өндіріс салалары дамуының негізгі көрсеткіштерін
тұрақтандыру;
2.
Өндіруші және өңдеуші салалар арақатынасын өзгерту, ғылыми
сыйымды өндірістердің рөлін арттыру арқылы материалдық өндіріс
сферасының құрылымын прогрессивті жолмен қайта құру.
3.
Материалдық
өндіріс
салаларын
техникалық
қайта
жарақтандыру;
4.
Дамыған әлем елдерімен тең құқылы әріптес ретінде әлемдік
экономикаға өзара пайдалы интеграциялану
5.
Өнеркәсіптің өңдеуші салаларының экспорттағы үлесін көбейту
арқылы қазақстандық өндірушілердің шикізаттық бағытын бәсеңдету;
6.
Ішкі және сыртқы рыноктардағы отандық өнімнің сапасы мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
7.
Материалдық өндіріс субъектілерін ел өңірлері бойынша ұтымды
орналастыру;
8.
Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Материалдық өндіріс сферасын реттеуде мемлекеттің бақылаушы
функциялары мен реттегіш тетіктерін сақтап қалудың негізі оның өндірістің
материалдық факторларына иелік етуімен тікелей байланысты. Сондықтан,
жер, су, орман, жер қойнауы, өндірістік инфрақұрылым мемлекеттің
меншігінде болғаны жөн. Мемлекет елдің бүкіл шикізат кешеніне әсер ететін
маңызды тетіктерді де өз қолынан шығармайды. Сонымен бірге мемлекет
шикізаттық салаларға инвесторларды (жер қойнауы мен ресурстарды
пайдаланушыларды) тартуға да мүдделі болса керек. Өнімді бөлісу шарты
негізінде пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелері мемлекеттің
заңдарымен бекітіледі. Өнімді бөлісу туралы келісім тендерде немесе
аукционда жеңіске жеткен инвестормен жасалады. Өнімді бөлісу келісімі
негізіндегі жер қойнауы учаскесін пайдалану құқығы тек қана лицензиялау
жолымен беріледі.
Келісімге сәйкес өндірілген өнім мемлекет және инвестор арасында
бөлініске түседі. Келісімде келесі шарттар қарастырылады:
Өндірілген өнімнің жалпы көлемі мен құнын анықтау;

17.

Келісім бойынша атқарылған жұмысқа жұмсалған инвестор
шығындарының орнын толтыру үшін берілетін өнім көлемін анықтау;
Пайда әкелетін өнімді мемлекет пен инвестор арасында бөлу.
Пайда әкелетін өнім дегеніміз жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлем және
компенсациялық өнімді алып тастағандағы шығарылған өнім көлемі;
Өндірілген өнімнің тиісті бөлігін немесе оның құндық
эквивалентін мемлекетке өткізу;
Өндірілген өнімнің тиісті бөлігін келісімге сәйкес инвестордың
иелігіне беру.
Материалдық өндіріс сферасына мемлекеттік әсерлер түрлерінің біріне
мемлекеттік тапсырыс жүйесі жатады. Мемлекеттік тапсырыс – рыноктық
экономиканы реттеудің маңызды құралдарының бірегейі болып табылады.
Мемлекет өнімге, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс
беруші рыноктық субъект ретінде өндірісті мейлінше жандандыру бағытында
мультипликативтік сұранысты туындататын нақты күшке айналады.
Мемлекеттік тапсырыстың отандық тауар өндірушілерді қолдаудағы рөлі
тіпті ерекше. Сондықтан түпкі сұранысты анықтауда мемлекеттік
тапсырыстың үлесі айтарлықтай жоғары межені көрсетеді. Дамыған
елдердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі жалпы ішкі өнімнің (ж.і.ө.) 20-30%
құрайды. Мемлекеттік тапсырыстың үлесі, әсіресе әскери-өндірістік
кешендерде жоғары болады 50%-дан астам болып келеді.
Мемлекеттік реттеудің тағы бір объектісіне кәсіпорынның жағдайы
(төлем қабілеттілігі) және оған банкроттық процедурасын қолдану мәселесі
жатады. Қазіргі кезде барлық меншік формасындағы кәсіпорындар күрделі
жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр: сұраныстың әрқилылығы, дебиторлық және
кредиторлық қарыздар, энергия және көлік тарифтерінің жоғарылығы, салық
салудың тәркілеуге ұқсастығы т.с.с. Бұл жағдайларда кәсіпорындар үлкен
қаржылық
қиыншылықтарға
тап
болады.
Сондықтан,
мемлекет
кәсіпорындардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмауға, оларды
банкроттыққа жібермей, өндірісті жандандыруға әрекет етеді. Өндірістік
қорларының көлемі және шығаратын өніміне сұраныс деңгейіне сәйкес
кәсіпорындар төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтағы кәсіпорындар (тозу
деңгейі салалық деңгейден төмен, өніміне жоғары, тұрақты сұраныс)
мемлекеттік қолдауға бірінші кезекте үміткер бола алмайды. Екінші және
үшінші топқа жататын кәсіпорындарда өндірісті диверсификациялау
(сұранысқа байланысты әртараптандыру) мүмкін және мақсатқа сай
болғанда, басқарудың жаңа әдістерін енгізуге тиімді жағдайлар туындағанда
өздерінің қаржылық қабілетін қалпына келтіру үшін мемлекеттің қаржылай
көмегіне үкіметтенуіне сенім арта түседі. Төртінші топтың кәсіпорындары
(тозу деңгейі орташа салалық деңгейден жоғары, сұраныс төмен) қайта
құруға жатқызылады немесе тиімділіг төмендігіне байланысты іс-әрекеттегі
кәсіпорындар қатарынан шығарылады.
Барлық елдерде банкроттық үдеріс, яғни кәсіпорынды төлем қабілеті
жоқ деп тану заңнамалық тұрғыдан реттеледі. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайының қанағаттанарлықсыз екендігін анықтау және банкроттық

18.

белгілерін айқындау үшін бірқатар көрсеткіштер есептеледі. Олардың
негізгілері:
Ағымдағы өтімділік коэффициенті – айналмалы активтердің
(болашақтағы шығындарды шегергендегі) мерзімді міндеттемелер сомасына
қатынасы;
Өзіндік қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті –
өзіндік айналмалы қаражаттар мөлшерінің запастар құнына қатынасы.
Егер көрсетілген есептік коэффициенттер белгіленген (нормативті)
коэффициенттерден төмен болса кәсіпорын банкроттық туралы заң әрекеті
шеңберіне түседі.

19.

Дәріс 7. Халықты жұмыспен ұтымды қамту мен әлеуметтік
қорғауды мемлекеттік реттеу
Экономикалық үдерістер жүйесін мемлекеттік реттеуде өзінің
маңыздылығы бойынша еңбек үдерістерін реттеудің орны ерекше болып
табылады. Еңбек өндірістің анықтаушы факторы болғандықтан мемлекет
оның өнімділігіне, қайтарымдылығына мүдделі, өйткені аталмыш
көрсеткіштер өндірілген жалпы ішкі өнім шамасына тікелей әсер етеді.
Мемлекет жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүдделі және
жұмыссыздықты жоюға ынталы. Сондықтан, мемлекет еңбек рыногын
реттеуі жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысқа әсер етуі, еңбекақы төлеу
проблемасын көз алдында ұстауы тиіс.
Жұмыспен қамтудың заманауи концепциясы келесі факторлардан
құралады, олар: қамтылу еркіндігі, еңбек рыногының икемділігі және
жұмысшы күшінің мобильділігі (жинақылығы), «табиғи» жұмыссыздықтың
болуы, әлеуметтік әріптестіктің қажеттілігі, еңбек рыногының реттелуі.
Мемлекет еңбек рыногын тікелей және жанама әдістерді пайдалану
арқылы реттейді, соның ішінде нормативтік-заңнамалық, салықтық,
кредиттік, бюджеттік әдістер бар. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеудің ең
маңызды принциптері:
әлеуметтік еңбек қатынастары сипатының экономика дамуы
қажеттіліктері мен тиімділіктің артуына сәйкестігі;
технологиялық, ақпараттық жүйелер прогресі талаптарына сай
жұмысшы күшінің сапалық сипаттарының өзгеруі;
жұмыскерлердің
ең
әлжуаз,
бәсекеге
қабілеті
әлсіз
категорияларын әлеуметтік қорғау;
еңбек пен жұмыспен қамтудың орталықтандырылған салалық
және аймақтық бағдарламаларын сәйкестендіру, жұмыс орындарын ашу және
жабу;
еңбек рыногын реттеу арқылы экономикалық, әлеуметтік және
саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Еңбек рыногы рыноктық экономикадағы ең күрделі элементтердің бірі
болып табылады. Еңбек рыногын жұмысшы күшін меншіктеушілер мен
өндіріс құрал-жабдықтарын иемденушілер арасында жұмысшы күшін
қоғамдық өндіріске тартуға байланысты туындайтын әлеуметтікэкономикалық қатынастар жүйесі деп анықтауға болады. Бұл рынок жұмыс
берушілердің
жұмыс
орындарын
ұсынуы
мен
жұмыс
күшін
меншіктеушілердің жұмыс орындарына сұрануын бір уақытта, қатар
жүргізеді.
Жұмыспен қамту концепциясы келесі принциптерге негізделеді:
1.
Өндіргіш, шығармашылық еңбекке қабілеттілік құқықтарын
азаматтардың ерікті пайдалануы.
2.
Азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асыруға мемлекеттің
жауапкершілігі және қолдауы.
Әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі мемлекеттің рөлі ұжымдық
келісімдерге қол қою ережелерін жасап, олардың жүзеге асуын қадағалау

20.

болып табылады. Мемлекеттік билік органдары келіссөздер үдерісінде
туындайтын қайшылықтарды басып, реттейді. Қазақстан мемлекетінің
әлеуметтік әріптестік жүйесіне қатысуы белгілі бір дәрежеде
жұмысшылардың мүддесін қорғаушы кәсіподақтар қауқарсыздығының
орнын толтырады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі – ол
халықты (жұртшылықты) әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады.
Оның мәнісі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бірінші кезектегі басымдық
ретіндегі міндеті табысы төмен, қамсыздануы кемшін, әлеуметтік жағынан
әлжуаз тұрғындардың проблемаларын шешуде болса керек. Әлеуметтік
реттеудің басты мақсаты әлеуметтік дағдарыстардың ошағы болып
табылатын кедейшілік пен әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу.
Елдің экономикалық жағдайы ауырлаған сайын халықты әлеуметтік
қорғауға үндеулер көбейе түседі. Өндіріс өспей, ішкі жалпы өнім төмендеп
мемлекеттің экономикалық жағдайы қиындай түскенде халықты әлеуметтік
қорғауға қосымша қаражат бөлу қиын, тіпті мүмкін болмай қалады.
Ел экономикасында игіліктер мен қызметтер өндірісі жеткіліксіз
жағдайларда, қажетті өнімдерді импорт бойынша сатып алудың қаржылық
мүмкіндіктері шектеулі кезеңде мемлекет өмір сүрудің, игіліктер мен қызмет
көрсетулерді тұтынудың күтілген деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Әрине,
осылайша қалыптасқан жағдайларда бүкіл халықты толықтай әлеуметтік
қорғаудың өзі де мүмкін емес.
Сондықтан үкімет те жұртшылық та барша халықты түгелдей
мемлекеттік әлеуметтік қорғау мүмкін болмайтындығына түсіністікпен
қарауы тиіс. Мұндағы дұрысы мен шынайысы халықтың ең мұқтаж топтарын
әлеуметтік қолдау туралы болса керек. Тұрғындардың аталмыш
категорияларын әлеуметтік әлжуаз топтар деп атайды. Әлеуметтік әлжуаздар
тобына, ең алдымен дербес, өз күшімен әл-ауқатын жақсарта алу
мүмкіндіктері жоқ немесе шектеулілерді, өмір сүрудің қажетті шарттарын
жүзеге асыра алмайтындарды қосады.
Сөздің кең мағынасында әлеуметтік әлжуаз адамдарға табысы күнкөріс
деңгейінен төмен азаматтарды жатқызады.
Әлеуметтік қолдау әртүрлі формада көрініс табады: ақшалай көмек,
материалдық игіліктер, тегін тамақ, түнейтін орын, баспана беру түрінде,
медициналық, құқықтық, психологиялық жәрдем ретінде жебеуші,
қамқоршы, асырап алушы формаларында болуы мүмкін.
Әлеуметтік көмекті кімге, қандай түрде және формада, қаншалықты
көлемде көрсету мәселесі әлеуметтік экономиканың ең күрделі сұрақтары
болып
табылады.
Мұндайда
бірқатар
экономистер
мен
әлеуметтанушылардың (социологтардың) пікірінше: «Кімде кімнің өзіне-өзі
көмектесуге мүмкіндігі жоқ, соған көмектесу қажет».
Рыноктық қатынастар қалыптасуы кезеңінде халықты бағалардың өсуі
(инфляция) мен жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау мәселесі өткір болады.
Тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасының өсуі тұтынуды апатты жағдайға
дейін төмендетпеуі үшін ішінара табыстарды индексациялау әдісі

21.

қолданылады, яғни жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, табыстардың басқа да
түрлері бөлшек бағалар өсуіне сәйкес көбейтіледі.
Жасқа, мүгедектікке, шектеулі еңбек жарамдылығына байланысты
заңнама негізінде ұзақ мерзімді немесе тұрақты түрде көмекке құқығы бар
тұрғындар категориясына әлеуметтік қамсыздандыру деп аталатын
экономиканың әлеуметтік саласының қаражаттарынан мемлекет қаржылық
қолдау тағайындайды.
Әлеуметтік қамсыздандырудың көп тараған түріне мемлекеттік
зейнетақымен қамтамасыз ету жатады.
Рыноктық экономика жағдайында азаматтар
мемлекеттік емес
зейнетақы қорлары арқылы жеке-дара әлеуметтік сақтандыру мүмкіндігін
алады да, өз уақытында мемлекеттік зейнетақыға салмақ жеңілдейді.
Мемлекеттік және жергілікті бюджет қаражатынан зейнетақыдан басқа
халықтың мұқтаж категорияларына әртүрлі жәрдемақылар мен төлемдер
беріледі. Олар тұрақты, ұзақ мерзімді және уақытша, сондай-ақ бір реттік
сипатта болуы мүмкін. Жәрдемақы негізінен балаларды, ауру адамдарды,
қарттарды, жұмыссыздарды қолдау үшін тағайындалады.

22.

Дәріс 8. Кәсіпкерлік қызмет және оның дамуын мемлекеттік
реттеу мен қолдау шаралары
Кәсіпкерлік қызмет:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- кеңестер беру болып бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
- өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
- ақпараттарды өңдеу және жинау;
- рухани құндылықтарды игеру;
- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен
сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен
қызмет көрсетуді қайта сататын орын.
Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім
өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Мұндағы ең басты мәселер:
- "нені сатып алу керек";
- "нені сату керек";
- "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу."
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала
бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары:
ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни
ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық
қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз
нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
- коммерциялық банктер;
- қор биржалары;
- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін
құнды қағаз нарығы мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды.
Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін
табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны — меншіктік акцияға,
облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша
міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.
Кеңес беру қызметіне;
- жалпы басқару;
- әкімшіліктік басқару;
- қаржылық қолдау;
- маркетинг;
- ақпаратты технология; - арнайы қызметтер жатады.

23.

Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп,
қызметтер көрсетіледі.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-ылдардың басында, қайта құрылудың
басталуымен айтыла басталды. Бұл кезде былайша айтқанда «комсомолдық
кәсіпкерлік» басталды.
Көптеген
белсенді жас адамдар, негізінен
комсомол жетекшілері жастардың
шығармашылық ғылыми-техникалық
орталықтары негізінде кооперативтер
құра бастады. Несиелеудің жеңілдік
жағдайлары жасалды. Мұның үстінде
өспелі инфляция жағдайына дәл
осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ
«қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы
қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заң» алғаш
рет ресмилендірілді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды.
Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен
нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз
бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары «Жалға
беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар»
экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда негізгі
меншік мемлекеттікі болғанымен жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар
біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы
1991
жылы
тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік
белсенділікті қолдауға байланысты
бірқатар заңдар қабылданды.
Қазақстанда
кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда
кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметінің еркіндігі туралы заң»
(1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы заң» (1992) сияқты
заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7
мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті.
01.10.1998 жылы шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 307 мыңды құрады.
Оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің
негізгі үш саласының ішінен
бірінші орынға өндіріс те
емес,
тұтынушылар мен тауар өндірушілер
арасындағы делдалдық та емес
сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы
Президентінің 1997
жылғы 6-наурыздағы
№3398
«Шағын кәсіпкерлікті дамытуды
белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және
1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік
қызмет еркіндігіне деген құқығын орғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің
дамуына жаңа күш берді. Осы
жарлыққа орай Қазақстанда шағын
бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы
арнайы орган ретінде Сауда
және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастырылу ұйғарылды.
Экономиканың тұрақты болуы және ның бәсекелік сипатын қалыптаст
ырудың
басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті
жетілдіру болып табылады.

24.

Жалпы кәсіпкерлікті дамыту
үшін
бірнеше белгілі шарттар орындалуы
қажет.
1. Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы
болуы қажет. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда
бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге
баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
2. Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге
тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік
болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің болмағаны;
3. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар
ұстауы экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты,
яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтікэкономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кісіпкерлік
меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес, бұл тағы да белгілі
стиль және тәртіптің типі. Жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс
шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең
алдымен кәсіпорын.

25.

Дәріс 9. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен
оны жүзеге асыру механизмдері
Инвестициялық саясат – инвестиция көздерін іздестіріп, оларды
пайдаланудың ұтымды бағыттарын табу.
Инвестициялық
саясат – инвестициялардың неғұрлым
басым
бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі; өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту,
пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық
жүргізуші субъектінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.),
аймақтың, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат
(инвестиция) салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін
шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай
жолдармен жүзеге асырылады:
мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;
салық жеңілдіктерін
беру;
демеуқаражат,
жәрдемқаражат,
бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру;
тиісті несие саясатын, баға белгіленімін;
амортизациялық саясат жүргізу;
нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті
түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау.
Қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың арқасында:
жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды енгізу;
ішкі
рынокты жоғары сапалы тауарлармен және қызмет
көрсетулермен молықтыру;
отандық
тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және
ынталандыру;
Қазақстан Республикасының шикізат базасын ұтымды әрі кешенді
пайдалану;
менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу; жаңа жұмыс
орындарын ашу;
жергілікті кадрларды оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік
деңгейін көтеру;
өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;
қоршаған табиғи ортаны жақсарту міндеттері шешіледі
Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі,
сонымен қатар, мемлекеттің экономикасына,шаруашылық субъектілерінің
кəсіпкерлік қызметіне əсер етуші құрал болып табылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл инвестициялық қызметті
жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігін арттыру, əлеуметтік
мəселелерді шешу жəне басқа да əр түрлі жағдайларды жасау бойынша
шаралар жиынтығы.
Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты – отандық экономи каның
өсуіне жəне қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған
инвестициялық қызметті белсендендіру болып табылады.
Инвестициялық саясаттың міндеттері:

26.

• қаржы-несие саласын түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды
жүзеге асыру жəне төлемсіздік дағдарысын шешу;
• жекешелендіруді аяқтау жəне бəсекелі экономикалық ортаны құру;
• құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру, тиімді ұлттық экономиканы
құру;
• жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті жетілдіру;• нарық
инфрақұрылымының дамуы, институционалдық түрлен діру;• инвестициялық
климатты жақсарту жəне қор нарығын дамыту мақсатында заң шығаруды
жетілдіру;
• салық жүйесін, несиелерді, кеден, баж салықтарын пайдалана отырып,
инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа жəне нарықтық
əдістерін енгізу.
Мемлекеттік инвестициялық саясатының стратегиялық мақсаты
экономикалық өсудің нақты, тұрақты жəне үдемелі қарқынын, прогрессивті
құрылымдық жылжуды, өндірістің мо- дернизациясын қамтамасыз ете
алатын, əлеуметтік мəселелерді жəне елдің экономикалық қауіпсіздігі
мəселесін шеше алатын инвестициялық ресурстарды құру мен тиімді
пайдалану үшін ұйымдастыру шылық-экономикалық жəне нормативтікқұқықтық/жағдай туғызу болып табылады.
Инвестициялық саясаттың құрылымы келесілерден тұрады:
• салықтар жəне салықтық жеңілдіктер;
• несие саясаты• кəсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық
қызметін реттеу нысандары мен құралдарын таңдаудағы банктің
функцияларын кеңейту;• амортизациялық саясат;
• монополияға қарсы шаралар;
• инвестициялармен танысу;
• орталықтандырылған инвестициялау;
• жер мен жер қойнауы ресурстарын пайдалану шарттары;• бағалы
қағаздар шығару жəне олардың айналымы.
Инвестициялық саясаттың тиімділігі – инвестициялық климатты
жағымды жағына қарай өзгерту дəрежесімен анықталады.

27.

Дәріс 10. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік
шаралар жүйесі
Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» кітабының «Жер мәселесінің
эволюциясы» атты тарауында «Реформаны әзірлей отырып, біз кеңестік Жер
кодексі қоғамның жер қатынастары жөніндегі қажетін қанағаттандырмайды
деген қорытындыға келдік. 1991 жылы маусым айында қабылданған «Жер
реформасы туралы» заң жердегі әртүрлі шаруашылық формаларының тиімді
қызметі үшін құқықтық және экономикалық шарттарды қалыптастыруға
арналған еді. Сонымен бірге, бұл заң жеке меншік институтын енгізген жоқ.
Ол тек аграрлық сектордағы дағдарысты жағдайларды еңсеру шартын ғана
туғызды. Бұл заңның өтпелі кезеңдік сипаты болғандығын бәрі де түсінді»,
— деп мәселенің пісіп-жетілу сипатын атап көрсетті.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның және
оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретi.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның
жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретiне мыналар жатады:
1) жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында
бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
2) жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
3) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзудi
ұйымдастыру;
4) жерге
орналастыруды
республикалық
деңгейде
жүргізуді
ұйымдастыру;
5) жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау;
6) жердi аймақтарға бөлу негiзiнде оның пайдаланылуын жоспарлау мен
болжамдауды ұйымдастыру, жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу;
7) жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзудi лицензиялау;
8) мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн
нақты жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау;
9) жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар беру;
10)
жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды әдiстемелiк
қамтамасыз ету;
11)
жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
12)
пайдаланылмай жатқан жердi және Қазақстан Республикасының
заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жердi анықтау;
13)
Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушылықты жою
жөнiнде шаралар қолдану;
14)
жердi
пайдалану
мен
қорғау
мәселелерiне
қатысты
республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен
жобаларға сараптама жүргiзу;
15)
егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу,
объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар
Қазақстан Республикасының жер заңдарын, жердi пайдаланудың
белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл

28.

жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған
жобалар бойынша жүргiзiлсе, оларды тоқтата тұру;
16)
Қазақстан Республикасының жер заңдарын анықталған
бұзушылықтарды жою жөнiнде орындалуы мiндеттi нұсқамалар беру;
17)
Қазақстан Республикасының жер заңдары саласындағы әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
18)
Жер туралы кодексте және Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде олардың құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер.
…Жер кодексінің қабылдануы жер қатынастары реформасының
аяқталғандығын білдірмейді. Өйткені, эволюциялық үдеріс дегеніміз
шексіз. Демек, біз болашақты бірігіп ойлауымыз керек», деп атап
көрсеттіЕлбасы.
Бұдан туатын қорытынды Қазақстанда жер қатынастарын
жетілдіріп, дамытудың негізгі жолдары белгіленді. Елімізде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бағыт сараланды. Ендігі мәселе,
Елбасының жоғарыда айтылған қағидалық сөздеріне және қазіргі
қалыптасқан
мемлекеттік
идеологияға
сүйене
отырып
ауыл
шаруашылығы
мақсатындағы
жеріміздің
игерілуіне
бизнес
қауымдастығы, халық болып үлес қосу. Жерді игеру, күтіп ұстау, ауыл
шаруашылығын дамыту мәселесіне бизнес неғұрлым сергек қараса, жер
қадірі де арта түскен болар еді. Міне, осыны мемлекеттік қызметкерлер,
кәсіпкерлер, ғалымдар, шаруалар болып бірлесіп ойластырып, жер
мәселесіндегі заңдылықтарды талапқа сай жетілдіріп, жаңа технологиялардың, білікті, іскер кадрлардың келуіне жол ашуымыз керек.
Екіншіден, мемлекет адамдардың жермен жұмыс істеуіне еркіндік бере
отырып, осы бағыттағы заңдылықтардың дұрыс орындалуын қатаң
қадағалап отыруы қажет. Сонда ғана халықтың жерге қатысты
мемлекеттік саясат туралы түсінігі дұрыс қалыптасатын болады.

29.

Дәріс 11. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген
қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі
болып табылады.
Экономиканы
реттеу
әдетте
екі
нысанда
- өзін-өзі
реттеу және мемлекеттік
реттеу нысанында
жүргізіледі.
Біріншісі
қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың
шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын
әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне
мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық
тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның
үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады,
айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық,
өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық
тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде
оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды
шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық
жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары
мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады.
Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің
дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен
анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге
асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін
есепке алу. Қаржылық реттеу үдерісі қаржылық саясаттың субъективті
түрде белгіленген бағыты және оны шаруашылықтық практикаға асыру
механизмі бойынша өтетіндіктен, экономикалық заңдар мен оларға сәйкес
келетін экономикалық категорияларда бейнелеп көрсетілген шаруашылық
жүргізуші субъектілердің мүдделері неғұрлым толығырақ ескерілсе, бұл
саясат пен механизмнің шаралары соғұрлым шынайы әрі практика
талаптарына жауап беретін болады. Ал олай болмаған күнде нақтылы
экономикалық өмірде қаржылық механизмнің нысандары мен әдістерін
күшпен алу реакциясы пайда бола бастайды.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік
актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде
анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық
сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және
халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін
еркін
білдірудің
мүмкіндіктеріне
арналған

30.

олардың демократиялық институттарының
болуы.
Басқарманың автократиялық нысаны шешімдердің валютаризмін, оларды
қоғамның қабылдамауын және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын,
мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының төмен тиімділігін: игіліктің
сырт көрінісі кезінде қоғам тоқырауға ұшырайды, әлеуметтікэкономикалық мешеулікті және азғындауды тудырады.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі
айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық,
жүйенің болуы. Сөздің кең мағынасында заңнамалық жүйе әсері оның
заңнамада келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететін
нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының
жауапкершіліктері үшін қоғамда «өнегелі климатты» қалыптастыруға
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару саласы, құзырлылық және
басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымындағы тәртіп ұйғарылады. Бұл
қағиданы 3 тармақтағы тұжырымдалған алғышарттың әрекетінсіз жүзеге
асыру мүмкін емес. Аталған алғышарттардың 3,4 тармақтары жалпы
азаматтық қоғамның, яғни қоғамның барлық мүшелеріне арналған
тіршілік әрекеті үшін тен мүмкіндіктер жасайтын, олардың мүдделері мен
әлеуетін ескеретін, бірдей құқықтық қорғалуы мен жауапкершілігін
қамтамасыз ететін өркениетті қоғамдық құрылыстың болуын көрсетеді.
Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы
қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде
қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:
а) технологиялық қайта бөлістер бойынша өндірістердің мүмкін болатын
үлкен жинақталымын біртіндеп дамыта отырып, экономиканы
құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық
нысандарында шаруашылық үдерістер мен
құрылымдарды монополиясыздандыру;
б) рыноктық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы
ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін
барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл
нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде
бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту:
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де,
халықаралық кооперация мен енбек бөлінісінің артықшылығынан
шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа
бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де
салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі
факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің,
технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін
кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

31.

Дәріс 12. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын
мемлекеттік реттеу
Аумақтық әлеуметтік-экономикалық басқарудың маңызды құрамдас
бөлігі ретінде аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу өндіргіш күштерді
дамыту және орналастырудың арнайы заңдылықтарына негізделеді. Атап
айтқанда, өндіргіш күштерді орналастырудың заңдылықтары өндіргіш
күштер мен аумақтардың арасындағы мейлінше ортақ қатынастарды
анықтайды.
Аумақтық даму мен орналастырудың аймақтарды кешенді дамыту,
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңдестіру,
өздерінің аумақтық шектерінде аймақаралық ұтымды еңбек бөлінісін жүзеге
асыру сияқты заңдылықтары ерекше үлкен рөл атқарады.
Аталмыш
заңдылықтардың
мән-мағынасын
ашып
көрсететін
экономикалық аудандардың шаруашылығын кешенді дамыту – бұл
жалпықазақстандық маңызы бар рынок жағдайындағы салаларды аумақ
бойынша кешенді толықтыратын салалармен және инфрақұрылыммен
үйлестіру. Мұндағы реттеу міндеті салалардың барлық үш тобының
пропорционалды дамуын қамтамасыздандыру, олардың өзара байланысын
нығайту арқылы әрбір аймақтың аумақтық-өндірістік кешен болып
қалыптасуына қол жеткізіп, оларды дамыту барысында аймақ халқын
тауарлар және қызмет көрсетулермен мүмкіндігінше толық қамту.
Аймақтардың әлеуметтік және экономикалық даму деңгейлерін
теңдестіру аумақтық дамуды мемлекеттік реттеудің тұрақты және
перспективалық міндеті болып табылады.
Қазақстанда рыноктық қатынастарды нығайту және экономикалық
реформаларды жемісті жүргізу мәселелері жекелеген аймақтардың
проблемаларын шешу бойынша басқару органдарының нақты іс-әрекеттеріне
тәуелді. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу аймақтарға унификацияланған
(бірізді) тәсілдерді қолдану жарамсыз, аймақтық саясат икемділікті, сонымен
бірге бүкіл ел аумағындағы рыноктық қызметтердің жалпы қағидаларының
біртұтастығын қалайды.
Аумақтық дамуды реттеудің тетіктеріне бюджеттік және бюджеттік емес
қаржыландыру, мемлекеттік, жекеше, шетелдік инвестициялар, аймақтық
жеңілдіктер мен дотациялар жатады. Мемлекеттік реттеу республикалық
бюджеттен және басқа да көздерден келіп түсетін қаражаттарды қатаң
бақылауды қажетсінеді.
Басқарудың аймақтық органдары алдында келесідей міндеттер тұрады:
аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасын
талдап жасап, жүзеге асыру;
бағдарламалар мен бюджетті атқару үшін табыс көздерін
анықтау;
қаржылық және инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын
талдап жасап, қолданысқа енгізу;
аймақ халқының әл-ауқатын жақсарту шараларын талдап жасап,
қабылдау;

32.

өндіргіш
күштерді
ұтымды
және
пропорционалды
орналастыруды қамтамасыз ету.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатқа сай кешенді
бағдар-бағыттары көрсетіледі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
орта мерзімді перспективасы келесі көрсеткіштерді қамтуы тиіс:
Қазақстанның өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы
қорытындыларын сараптау;
Қазақстанның орта мерзімді перспективада әлеуметтікэкономикалық дамуы бағдарламасының концепциясы;
Макроэкономикалық саясат;
Институционалдық жаңғыртулар;
Инвестициялық және құрылымдық саясат;
Аграрлық саясат;
Экологиялық саясат;
Әлеуметтік саясат;
Өңірлік саясат;
Сыртқы экономикалық саясат;
Орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік мақсатты
бағдарламалар тізбесі, атқаруға қабылданған мақсатты бағдарламалардың
негізгі міндеттері, атқарылу мерзімдері, бекітілген уақыты және мемлекеттік
тапсырыс берушілер.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің екінші негізгі құрамдас
бөлігі экономикалық реттеу болып табылады. Экономикалық реттеу бірінші
кезекте өндіргіш күштерді орналастыру және өңірлік дамуды қамтуы тиіс.
Экономикалық реттегіштер төрт принципке жауап беруі қажет.
Бірінші принцип бойынша реттеуші жүйе шаруашылық қызметтің
барлық субъектілеріне түгелдей таратылуы тиіс, маңызды деген бірнеше
субъектілерге ерекше жағдай жасалып, олар өз кезегінде басқаларына ықпал
етуі қажет.
Екінші принцип экономикалық реттегіштер жүйесінің
ынталандырушы сипатта болуын қарастырады.
Үшінші принциптің мәні аймақтық дамуды реттеу жүйесі
мерзімдік шеңбер шектерінде, әсіресе дотациялар мен жеңілдіктерге
қатысты, қатаң шектерде болуында жатыр.
Төртінші принцип бойынша аймақтық дамуды мемлекеттік
реттеуде аумақтық ерекшеліктер ескеріліп, есептелуі тиіс.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін біртұтас
басқару жүйесі қалыптастырылуы қажет. Бұл үшін жалпыға бірдей
нормативтік-құқықтық жүйе жасалып, онда бір жағынан конституциялық
нормалар мен жалпымемлекеттік заңнама талаптары ескерілетін болса,
екінші жағынан республика субъектілерінің құқықтары есепке алынуы тиіс.
Дәріс 13. Мемлекеттің табиғат қорғау және сыртқы экономикалық
қызметін реттеу

33.

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ,
болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз
уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды
пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған
мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік,
экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи
ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының
Мәжілісі және
Үкіметінде
табиғатты
қорғауды
күшейтуге,
республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған
бірқатар заңнамалық
актілерқабылданып,
пайдаланылуда.
Әрбір
облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы
мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол
Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын
қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған,
олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен
аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған.
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды
мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып
табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың,
жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған
табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және
салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен
денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын
органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті,
Ораталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау
саласындағы
атқаратын
қызметіне
жататындар:
• мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі
стратегиялық
және
тактикалық
шараларды
әзірлейді;
• табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік)
экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы
Президентінің
бекітуіне
ұсынады;
• қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де
қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін
белгілейді;
• міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін
белгілейді;
• табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану
түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді;
• қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мотарингінің
құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді;
• қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада
мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті

34.

органдардың
тізбесін
айқындайды;
халықаралық
ынтымақтастықты
жүзеге
асырады
т.б.
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстарды министірлігінің,
сондай-ақ оны жергілікті органдардың (облыстық, қалалық және аудандар)
атқаратын
қызметтеріне
мына
төмендегілер
жатады:
• қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғитты пайдалануды басқарудың
экономикалық
тетігін
іске
асыру;
• қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік ғылымитехникалық
саясат
жүргізу;
• мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
Сыртқы экономикалық қызмет - мемлекеттік түрлі меншіктегі
субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары
тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің
артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін саудаэкономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі
нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Сыртқы экономикалық қызмет
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің аясы болып табылады және ол
кәсіпорынын өнім немесе қызметтер экспорты және/немесе импорты арқылы
халықаралық кооперацияға енуіне байланысты. Қазіргі әлемдік нарықтың
дамуы барысында ғылыми-технологиялық алмасудын түрлі нысандары,
зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша күкыктарымен сауда жасау
кеңінен таралуда, тұрақты өндірістік-технологиялық секторға, ең алдымен
жоғары технологиялар секторына қызмет көрсететін тауар айналымының
үлесі арта түсуде. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мақсатымен
мемлекет экспорттық
бажды енгізеді,
экспорттық
тауарларға лицензия береді, шекара арқылы жеткізілетін тауарлардың
кедендік бақылауын қамтамасыз етеді
Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және
сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы
экономиканың басты көздерінің бірі — сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда
саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы
сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық
шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық
құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы –
сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге
асырылады.
Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден
қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс
орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске
асыру жөніндегі саясатты айтамыз.
Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды
реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын
оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде
бағытталған іс-әрекеті.
Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

35.


сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат
кіреді)

шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал
салымдарын реттеу саласындағы саясат.

Валюталық саясат.
English     Русский Rules