459.50K
Category: sportsport

Қымбатты дос!

1.

2.

Қымбатты дос!
Шахмат ойнау саған математикадан есептерді тез
шығаруға, тақпақтарды оңай есте сақтауға, тіпті,
диктант жазғанда қатені аз жіберуге қалай оңды
ықпал ететінін көп ұзамай-ақ сезінетін боласың.
Өйткені шахмат ойыны адамның ақыл-ойын
дамытып, есте сақтау қабілетін күшейтеді. Ол ол
ма, тіпті, өзгелердің ойын оқуға rөмектеседі,
өйткені сен ойын үстінде өз қарсыласыңның
қандай жүріс жүретінін алдын ала біліп отырасың
ғой. Қарсыластарың неғұрлым жақсы ойнаған сайын, сенің ақыл-ойың соғұрлым күшейе түседі.
Сондықтан жеңіліп қалады екенмін деп жүрексінбе
және ойын туралы мұғаліміңмен, достарыңмен ой
бөлісуден ұялма. Өйткені барлығымыз бірге
ойларымызды бөлісер болсақ бұл әрі жеңіл, әрі
көңілдірек болады.
Бір қарағанда, шахмат ойнау қиын да
түсініксіз болып көрінуі мүмкін, бірақ
алғашқы бірнеше сабақтан кейін-ақ бұл
ойынның аса қиын еместігіне көзің
жетеді. Сен шахмат тастарының
қозғалысын үйреніп, оларды өз
қалауың бойынша жүргізе бастайсың.

3.

Шахматпен танысу
Шахмат – арнаулы тастары бар, 64 тік
төртбұрышқа бөлінген тақтада екі
қарсыластың арасында ойналатын
логикалық ойын.
Ойын белгілі бір қатаң ережелерге
бағынады.
Жер бетінде шахматты миллиондаған
адамдар ойнайды. Шахмат тек уақыт
өткізу үшін ойлап тапқан ойын емес,
пайдалы ойын. Ол адамның есте сақтау
қабілетін, зейінін, ақыл-ойын дамытып,
дұрыс шешім қабылдауға , уақытты тиімді
пайдалануға үйретеді.

4.

Шахмат тастарымен
танысу
Шахматты шахмат тастарымен ойнайды.
Олардың сыртқы пішіні бір-бірінен өзгеше
болады. Шахмат ойынында ұрысқа екі
әскер қатысады: ақ және қара әскерлер.
Оларды қарапайым түрде ақтар және қаралар деп те атайды. Әрбір әскерде түсі
бірдей он алты тас болады. Бұл тастар да
бір-бірінен сыртқы түрі мен мүмкіндіктері
жағынан әртүрлі болады. Зерттеушілердің
көбі шахмат ойынының негізінде ертедегі
мемлекеттердің арасындағы соғыс
оқиғалары жатыр деп есептейді.
Сондықтан шахмат ойынына шақатысатын
тастардың бәрі ертедегі әскерлердің жауынгерлерін елестетеді. Мұнда жаяу
әскерлер де, атты әскерлер де, қамалқорғандар да кездеседі.
Әрбір тастар саны жағынан да бірдей емес.
Әр әскерде: 1 Король, 1 Ферзь, 2 Тура, 2 Ат,
2 Піл, 8 пешка болады.

5.

Қайталауға арналған
сұрақтар:
Сен қандай ойындарды жақсы
көресің?
Шахмат қандай ойындардың
қатарына жатады?
Шахматты неше адам
ойнайды?
Шахматта неше тас бар?
Неше шаршы бар?
Неше фигура бар?
Неше пешка бар?
Фигураларды атайық: Әр
әскерде 2 піл, .....
English     Русский Rules