113.03K
Category: lawlaw

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ

1.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ

2.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жоспар
1. Жер құқығының түсінігі
2. Жер құқығының пәні
3. Жер құқығының әдісі
4. Жер құқығының мақсаттары, міндеттері мен қағидалары
5. Жер құқығының қайнар көздері
6.Жер құқығы қатынастарының ұғымы
7.Жер құқығы қатынастарының объектілері
8.Жер құқығы қатынастарының субъектілері
9.Пайдаланылған әдебиеттер
10.Глоссарий

3.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Жер құқығы – ол жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде
пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық
нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасы құқығының
дербес саласы

4.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПӘНІ
Жер құқығының пәні болып жерге меншік құқығын орнықтыруға,
жерді басқаруға, пайдалануға және қорғауға байланысты пайда
болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін
қатынастар табылады.

5.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
ДИСПОЗИТИВТІК
1) Ұсынушы
2) Санкциялаушы
3) Құқық беруші
ИМПЕРАТИВТІК
1)Құқық
қатынастары
субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін орнықтырушы
2) Тыйым салушы
3) Экологиялық:
- жер құқықтық
- жер экологиялық

6.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
Жер қатынастарын реттеу жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды,
топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи
ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жүзеге асырылады

7.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
Жер теліміне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы
туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары
мен шектерін; жер телімдерінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ
құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны
сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер
қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын
тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды
тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын
мүлік нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында
заңдылықты нығайту болып табылады (ҚР Жер кодексының 5бабы).

8.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
1) ҚР аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және
бөлінбейтіндігі;
2) Жерді табиғи ресурс, ҚР-сы халқының өмірі мен қызметінің негізі
ретінде сақтау;
3) Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
4) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
5) Жерді нысаналы пайдалану;
6) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы;
7) Жердің жай-күйі және оған қолжетімдік туралы ақпаратпен
қамтамасыз ету;
8) Жерді падалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау;
9) Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10) Жерді ақылы пайдалану

9.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
1. Жер қатынастарын реттейтін немесе жеке жер-құқық нормаларынан тұратын
халықаралық-құқытық шарттар
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы
3. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары
4. Қазақстан Республикасының Заңдары (соның ішінде ҚР Жер кодексы)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары
6. Атқарушы билік органдарының заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілері:
а) ҚР Үкіметінің нормативтік актілері
б) салалық және салаарлық басқару органдардың
нормативтік актілері
7. Жергілікті өкілдік және атқару органдардың нормативтік актілері
8. Конституциялық Кеңеспен ҚР Жоғарғы Сотының норматитвтік-құқықтық актілері
9. Жер-құқықтық дәстүрлер
10. Жерді қорғау стандарттары мен нормативтары

10.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Бұл жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра
отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер
телімдерін бекітіп беруге байланысты жер пайдалану мен қорғау
жөніндегі құқықтық қатынастар .

11.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
АНЫҚТАМАСЫ:
Ол Қазақстан Республикасы аумағы шегіндегі бүкіл жер, онда не
орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп
берілуінің құқықтық негіздеріне қараған жекелеген жер телімдері,
сондай-ақ жер телімдері мен үлестеріне құқықтар болып табылады.
(ҚР ЖК 12-бабының 22-тармағы).

12.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
1. Жер қоры – бұл жер құқығы қатынастарының аса маңызды объектісі
2. Жерге меншік
3. Жер құқығы қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару
4. Жер пайдалану құқығы
5. Сервитут
6. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу

13.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТЛЕРІНІҢ
АНЫҚТАМАСЫ:
Ол жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын
және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында
міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ
мемлекеттер (ҚР ЖК 12-бабының 38-тармағы).

14.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
1. Жер қорының субъектілері
2. Меншік құқығының субъектілері
3. Жер қорын мемлекеттік басқару саласындағы субъектілер
4. Жер пайдалану саласындағы субъектілер
5. Сервитутқа қатысты жер құқық қатынастарының субъектілері
6. Жерді қорғау мен жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар
құқықтарын қорғаудағы субъектілер

15.

Жерді қорғау мен жерге меншік иелері мен жер
пайдаланушылар құқықтарын қорғаудағы
субъектілер:
-
Мемлекеттік бақылау органдары
-
Лауазымды тұлғалар
-
Құқық қорғау органдары

16.

СЕРВИТУТҚА ҚАТЫСТЫ ЖЕР ҚҰҚЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ:
Жер туралы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес, бөтен жер телімін
шектеулі
пайдаланудың
пайдаланушылары табылады
бөтен
меншік
иелері
мен
жер

17.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының жер кодексі
2.Еркинбаева,Айгаринова:Қазақстан
Республикасының жер құқығы
3.Wikipedia.org

18.

Глоссарий
1.Жер - Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі
аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез
келген еңбек процесінің аумақтық негізі;
2.Жер иелену құқығы - жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен
қамтамасыз етілген мүмкіндігі;
3.жер қатынастарының объектісі - Қазақстан Республикасы аумағының
шегіндегі бүкіл жер, онда орналасқанына және олардың жекелеген
субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан
жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне
құқықтар;
4.жер құқығы қатынастары - жерге меншік құқығын және өзге де
құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген
субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану
мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;

19.

5.жер құқығы қатынастарының субъектілері - жер құқығы қатынастарына
қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы
құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар,
сондай-ақ мемлекеттер;
6.жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін
өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер
пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану)
иелену және пайдалану құқығы;
7.жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да
қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет
процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер;
8.жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары
субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер
бөлігі;

20.

9.жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін
осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену,
пайдалану және оларға билік ету құқығы;
10.жер үлесі - жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа
тұлғалармен бірге қатысудың осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және
жағдайларда бөліп шығарылуы мүмкін сан жағынан айқындалған
үлесі;

21.

11.кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың)
ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншігінде (өзге
де құқықта) болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке
жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де оларға ортақ үлестік
меншік құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесілі болады және бөлек
(дербес) меншігіндегі (өзге де құқықтағы) жылжымайтын мүлік
бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды;
12.меншік құқығының объектілері - мемлекеттік және жеке меншіктегі
жер;
13.сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның
ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен
пайдалану, аңшылық және балық шаруашылықтары және өзге де
мұқтаждар үшін пайдалану құқығы;

22.

14.топырақ қабаты - жердің құрғақ үстіңгі қабаты, тек өзіне тән
құрылымы, құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім;
15.тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзімі
шектеусіз сипатта болатын тұлғалар;
16.уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгілі бір
мерзіммен шектелген тұлғалар;
17.шартты жер үлесі - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған
ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған
мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ
осы Кодексте аталған өзге де тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған
үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында
бұдан бұрын болған жер учаскелеріне құқықтар беру жүзеге асырылады
немесе осы Кодексте көзделген өзге де құқықтар іске асырылады;
English     Русский Rules